
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша 2-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Бөлім «Қоршаған орта»
Сабақтың нөмірі: № 2 (79- сабақ)
Сабақтың
тақырыбы:
Құрметтейік, Жер-Ананы.
Мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралды (теңеуді) таба аласың
Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсініп оқимын
Мәтіндегі теңеу сөздерді табамын
Өзім де теңеу сөздерді қолданамын
Ресурстар: «Әдебиеттік оқу» 2-бөлім Атамұра 2017ж
73-74- бет BilimLand.kz
Сабақ барысы: - Жомарт жерді кімге немесе неге теңер едің? Неліктен?
(Осы сұрақтардың жауабын іштей ойлап көр)
- Жазушы Ғабит Мүсірепов жерді анаға теңеп, «Жер-Ана» деп атады.
Адамзатты асыраған Жердің анадай мейірбан , әр баласы үшін
қолындағы барын беретін жомарт екенін өз шығармаларында көрсетті.
«Құрметтейік, Жер-Ананы» деген шығармасында адам баласының анасы-
Хауа ана мен адамзаттың бесігі болған Жер-ана туралы айтады.
- Жазушы Ғабит Мүсірепов атамыз жайлы мәліметті төмендегі
сілтеме арқылы көре аласың.
{HYPERLINK "https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/habit-
musirepov-zhanga-dostar"}
Теңеу- бір затты немесе құбылысты екінші бір затқа, құбылысқа
ұқсатып бейнелеу. Теңеу көбінесе -дай/-дей, -тай/-тей, -ша/-ше
жұрнақтары арқылы немесе секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен
жасалады.
Тапсырмалар: «Әдебиеттік оқу» 2- сыныпқа арналған оқулығының 73-бетіндегі Ғабит
Мүсіреповтың «Құрметтейік, Жер -Ананы» деген аңызынан үзіндіні
төмендегі сұрақтарға жауап іздей отырып оқы. Сұрақтардың жауабын
дәптеріңе жазып ал.
Сұрақтар:
1. Барлық адам баласының анасы кім?
2. Адам баласының бесігі не?
3. Жазушы Жерді кімге теңейді?
4. Ол қандай құрметке лайық?
1- тапсырма: Мәтіндегі теңеу сөздерді тауып, түсіндір.
Дескрипторы:
1. Мәтінді мұқият оқы.
2. Теңеу сөздерді тауып, неліктен соған теңегенін түсіндір.
2- тапсырма: «Боямақ» әдісі.
«Жер- Ананы құрметтеу дегенді қалай түсінесің?» деген сұрақ бойынша
ойыңды жинақтап, қорытындыла.
(қосымша №1)
Өз ойыңды жазып, суретті боя. Ол үшін түрлі -
түсті қарындаштар, қаламдар қолдануыңа болады.
Дескрипторы:
1. Жер- Ананы құрметтеу дегенді қалай түсінесің? 3
түрлі пікір айт.
2. Суреттегі жер шарын, жапырақтарды, топырақ пен
аялы алақандарды боя.

Кері байланыс: «Менің теңеуім » әдісі бойынша адам баласының ортақ бесігі – Жерді
неге теңейтініңді дәлелдеп жаз
.
Әзірлеуші: Сейсенбаева К.Н., №142 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.
Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен
ұсынылып отыр.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғабит Мүсірепов . Құрметтейік, - Жер-Ананы.
Ғабит Мүсірепов . Құрметтейік, - Жер-Ананы.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша 2-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Бөлім «Қоршаған орта»
Сабақтың нөмірі: № 2 (79- сабақ)
Сабақтың
тақырыбы:
Құрметтейік, Жер-Ананы.
Мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралды (теңеуді) таба аласың
Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсініп оқимын
Мәтіндегі теңеу сөздерді табамын
Өзім де теңеу сөздерді қолданамын
Ресурстар: «Әдебиеттік оқу» 2-бөлім Атамұра 2017ж
73-74- бет BilimLand.kz
Сабақ барысы: - Жомарт жерді кімге немесе неге теңер едің? Неліктен?
(Осы сұрақтардың жауабын іштей ойлап көр)
- Жазушы Ғабит Мүсірепов жерді анаға теңеп, «Жер-Ана» деп атады.
Адамзатты асыраған Жердің анадай мейірбан , әр баласы үшін
қолындағы барын беретін жомарт екенін өз шығармаларында көрсетті.
«Құрметтейік, Жер-Ананы» деген шығармасында адам баласының анасы-
Хауа ана мен адамзаттың бесігі болған Жер-ана туралы айтады.
- Жазушы Ғабит Мүсірепов атамыз жайлы мәліметті төмендегі
сілтеме арқылы көре аласың.
{HYPERLINK "https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/5-synyp/lesson/habit-
musirepov-zhanga-dostar"}
Теңеу- бір затты немесе құбылысты екінші бір затқа, құбылысқа
ұқсатып бейнелеу. Теңеу көбінесе -дай/-дей, -тай/-тей, -ша/-ше
жұрнақтары арқылы немесе секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен
жасалады.
Тапсырмалар: «Әдебиеттік оқу» 2- сыныпқа арналған оқулығының 73-бетіндегі Ғабит
Мүсіреповтың «Құрметтейік, Жер -Ананы» деген аңызынан үзіндіні
төмендегі сұрақтарға жауап іздей отырып оқы. Сұрақтардың жауабын
дәптеріңе жазып ал.
Сұрақтар:
1. Барлық адам баласының анасы кім?
2. Адам баласының бесігі не?
3. Жазушы Жерді кімге теңейді?
4. Ол қандай құрметке лайық?
1- тапсырма: Мәтіндегі теңеу сөздерді тауып, түсіндір.
Дескрипторы:
1. Мәтінді мұқият оқы.
2. Теңеу сөздерді тауып, неліктен соған теңегенін түсіндір.
2- тапсырма: «Боямақ» әдісі.
«Жер- Ананы құрметтеу дегенді қалай түсінесің?» деген сұрақ бойынша
ойыңды жинақтап, қорытындыла.
(қосымша №1)
Өз ойыңды жазып, суретті боя. Ол үшін түрлі -
түсті қарындаштар, қаламдар қолдануыңа болады.
Дескрипторы:
1. Жер- Ананы құрметтеу дегенді қалай түсінесің? 3
түрлі пікір айт.
2. Суреттегі жер шарын, жапырақтарды, топырақ пен
аялы алақандарды боя.

Кері байланыс: «Менің теңеуім » әдісі бойынша адам баласының ортақ бесігі – Жерді
неге теңейтініңді дәлелдеп жаз
.
Әзірлеуші: Сейсенбаева К.Н., №142 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі.
Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен
ұсынылып отыр.

шағым қалдыра аласыз













