жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғабит Мүсірепов. "Ананың әдемілігі - мейірімді жүзінде"
Сабақтың тақырыбы: «Ананың әдемілігі – мейірімді жүзінде»
Ғабит Мүсірепов.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды көркем әңгімелер оқу арқылы ғылыми ізденіске баули отырып, ананың адам өміріндегі орны, ананың құдіреті, мейірімділігі жөнінде түсінік қалыптастыру. -
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Төлеген Айбергенов «Ана». Өлеңді мәнерлеп оқитын Азамат Асланбек.
Кіріспе сөз.
1-оқушы Дильназ. Қазақтың прозасының айрықша бояуын, ерекше стилін танытқан прозашы, көсемсөз зергері, жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов биыл 2017 жылдың 22 наурызында 115 жасқа толады.
Мұғалім сөзі: Әдебиеттің өзі жасөспірім балғынды, ойы кемелденген ересектерді, жүзін кәрілік басқанмен көңілінде әлі де болса жастықтың оты бар қарияларды өзгеше әлемге елітетін ғажайып өнер. Әдебиеттің тұнығынан дәм татқан адам өмір бойы ауызында батасы, тілінде тәлімі, ойында орамды сөздері жүретін қазынаға айналады. Бүгінгі тақырыбымызға тұздық болған Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармалары. Сондай-ақ, жас буынға көркем әңгімелер негізінде ғылыми жұмыстармен айналысу мақсатында бүгінгі шарамызды «Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы аналар, әйелдер тақырыбы» атты ғылыми жобаның бастамасы деп қабылдаңыздар.
2-оқушы Дария: Ғабит Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауылда дүниеге келді. Қазақтың көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ғылым Академиясының академигі, ҚР халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, МСоциалистік Еңбек Ері, ҚР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты. Ғ.Мүсірепов 1928-1932жж Қазақстан мемлекеттік баспасының бас редакторы болып істеді. 1933 жылы Қазақ АСССр Оқу халық комиссиариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-1936 жж «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы, 1936 жылы ВК(б) Қазақстан Өлкелік Комитетінің баспасөз бөлім меңгерушісі орынбасары, 1937-1938 жж Қазақстан Компартиясы ОК-нің саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1956-1957 жж «Ара-Шмель» журналының бас редакторы, 1956-1962, 1964-1966 жж қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші секретары міндетін атқарды.
3-оқушы Алтынай: «Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ; ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы» депті өзінің күнделігінде. Жазса жазғандай, қазақтың маңдайына біткен ұлы ойлары ғасырдан ғасырға көшіпи келеді. Ұлыларын ардақтаған елде музей ашу дәстүрі бар. Республикамызда әдеби, мемориалдық музей-үйлердің саны да жыл санап көбейе түсуде. Жидебайдағы Абайдың, Семейде, Ф.М.Достоевскийдің, Астанада-Сәкеннің, Талдықорғанда Ілиястың, Қарасазда Мұқағалидың , Алматыда Мұхтардың,, Сәбиттің, Ғабитің және Ахмет Байтұрсынұлының т.б дегендей. Осылардың ішінен 100 жылға толған шағында ЮНЕСКО шешімі, Үкімет Қаулысы шыққан – қазақ әдебиетінің классигі, Еңбек Ері, академик-жазушы Ғабит Мүсіреповке Алматыдан музей ашылды. Ғабит Мүсіреповтің Алматыдағы 1968-1985 жж тұрған үйінде музей ашу ісі 1986-1987 жж қолға алынып, 1991 жылдан бастап көп қабатты тұрғын үйдегі музей-пәтер Қазақстан Орталық музейінің бөлімі ретінде халыққа қызмет көрсете бастаған. Музейдің алғашқы ұйымдастырушылары қатарында Нәзира Қжахметқызы Дәулетова мен Энгелина Мүсіреповалар болды.
4-оқушы Дильназ. Мүсірепов қазақ әдебиетіндегі жырының өркендеуіне көп үлес қосқан қаламгер. «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла» сияқты алғашқы әңгімелерінің өзі-ақ сөз өнеріндегі хас жүйріктің қалам шеберлігінің сымбатты көріністерінің айқын дәлелі. Жазушының әр тұста жазған ана тақырыбындағы шоғыр әңгімелері әдебиетінің көкжиегін кеңткен кезеңді еңбектер. Ол «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» атты белгілі әңгімелерімен қазақ әдебиетіне жаңа леп, көркемдік өрнек әкелді. Жазушының осы шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде бұрын-соңды ұшырамаған адам мінезінің тың қырлары жарқырап көзге түсе бастады.
5-оқушы Айсара: Ана өмірі бүкіл әдебиет атаулының мәңгілік тақырыбы. Бұл тақырыпты жырлауда Ғабит Мүсірепов өзге суреткерлерді қайталамай, өзіндік үн, мәндермен жарқырап көзге түседі. Жазушы шығармаларындағы Қапия, Нағима, Наталья, Ақлима, Әмина, Ұлпан, Майра сияқты ана образдары бірін-бірі толықтырып, аяулы ананың әр алуан асыл қасиеттерін аша түсетін сом тұлғалар. Жазушы бейнелеген аналар адамгершілік сезімі терең, жандүниесі жомарт, өжер, өр, қайратты, парасатты, отты қаһармандар. Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармаларының тәрбиелік те, эстетикалық та маңызы орасан зор.
6-оқушы Айнара: Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М.Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушыны М.Горкийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горькийдің «адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақұлима» атты әңгімелерін жазды.
Көрініс. «Өлімді жеңген ана»
Автор: Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те!Әйел-ана! Дүниедегі жалғыз күш қой. Оның алдында Азияның айбарлы, арыстаны Тесір де, Темірді жеңген өлім де басын иеді.
Әмір-Темір: -Уа, Кермене! Егер мені сата салса, сен қанша беріп алар едің?
Кермене: -Жиырме бес әскер берер едім.
Әмір-Темір:- Е, жиырма бес әскер менің белбеуімнің ғанат құны емес пе?
Кермене: - Жиырма бес әскерді сол белбеуің үшін ғана берем! Белбеуге ғана. Әйтпесе сенің өзің қара күрешке керегің жоқ адам емессің бе?
Автор: Ақын Кермене патшалардың патшасы саналған жер жүзіне өлім, өлімтік орған Темірге осылай деген жауыздықтың, өлімнің қауіп-қатердің түпсіз бұлағы темірден тайсалмағаны ғой, шіркіннің! Мақтайық та, құрметтейік те осындай шындықтың досы болған ақынды! Бұлар қашан да Әмңр Темірден жоғары.
Ана: - Жіберіңдер! Жіберіңдер деймін!
Әмір-Темір: - Даусында өлім көлеңкесі елестеген неткен адам? Шақырыңдаршы!
Нөкер: - Қайдан екені белгісіз бір әйел пайда болды. Үш арысты билеп тұрған арыстан сізді көрем деп бой бермей тұр.
Нөкер: - Арабша сөйлейді. Үсті-басы кір шаң. Өзі есалаң болса керек.
Әмір-Темір: Әкеліңдер!
Ана: Баязит сұлтанды жеңген сен бе?
Әмір-Темір: -Иә, мен. Мен талайды жеңдім. Жеңгенімнің ішінде ол да бар. Жеңуден әлі шаршағаным да жоқ. Сен келген жұмысың не еді, соны сөйле!
Ана:- Тыңда! Сен не істесең де адам ғанасың. Ал енді мен ана. Сен өлімге қызмет етесің, мен өмірге қызмет етемін. Сен өлім шашасың, мен өмір шашамын. Дүниеге адам әкелем, білдің бе? Сондықтан мен сені адамға санамаймын да.
Әмір-Темір: -Мен ешкімнің саналуымен есептесіп көрген де емеспін, есептесе алмаймын да. Жұмысыңды айт, әйел!
Ана: - Тыңда! Өлімнің егіншісі Темір! Сен менің алдымда кінәлісің. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәңды жусын деп келдім. Сенің бағынғаның «Күш-әділдікте!» деген ұран дегенді айтты. Мен бұған иланбаймын. Бірақ сен маған еріксіз әділ боласың. Өйткені мен –ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем. Сондықтан сен маған әділ бола аласың. Мен Салерно деген жерден келдім. Ол алыс жер. Италияда. Сен білмейсің. Сенің қанды тұяғың ол жерге жеткен жоқ. Бірақ онда да сен секілді өлім егуші толып жатыр. Жалғыз бір ұлым бар еді. Ол жер бетіндегі адамның ақылдысы, сұлуы болатын еді.
Әмір-Темір: -Менің Жәңгірімдей екен ғой.
Ана: Жоқ, Жоқ. Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді. Сенен туған бала, адам баласының өкінішін ақтай алатын ба еді.! Теңіздің жағасында отырған бізге жаушылар келгенде ұлым алыт-ақ жаста еді. Талаушылар әкемді де, күйеуімді де, ұлымды да тартып әкетті. Міне, енді сол ұлымды жер бетін шарлап, іздеп жүргеніме төрт жыл болды. Ұлым қазір сенде екен, оны анық блдім. Баязитті сен жеңіп алдың да, қолында барын түгел тартып алдың ғой. Соның ішінде менің ұлым да бар. Ұлымның қазір қайда екенін сен білесің. Өзіме қайтарып беруге міндеттісің.
Нөкер: - Байғұс жынды екен! Есінен таңған ғой.
Кермене: - Бұл ана болғанда да ақылдан танғандай ана екен! Болсаң бол.
Әмір-Темір: -Әйел! Сен мен білмейтін елден неғып келдің? Арада тау бар, тас бар, өзен бар, ит мұрны өтпейтін қалың орман бар, олардан қалай өттің? Жүгірген аң, ұшқан құс саған қалай тимеді?
Ана:Мен бір-ақ теңізге ұшырадым. Онда арал көп екен. Адамды айуандай сорған сен секілді патшалардан қашқан адам тамағын теңізден тауып жүр. Сүйген ұлыңды іздесең, жел артыңнан шығады, теңізден қайықпен өттім. Теңіз жағасында өскен анағы өзеннен өту қиын ба? Тау дейсің ғой? Тауды мен елең қылғаным жоқ.
Кермене: Мұндай анаға тау деген жазық болыпи кетпей тұра ала ма?
Ана: Аю, қабылан, арыстан, басын жерге салбыратқан тағы өгіздер көп ұшырады. Көзі сенің көзіңе ұқсап өлім шашып тұрған барыс та екі рет маған қарап тұрды. Бірақ әрбір аңның жүрегі бар емес пе? Олар да менің ана екенімді біліп, иланды. Ауыр күрсініп, мені аяп жөндеріне жүре берді. Аңның да өз баласын сүйетінін сен білмейтін бе едің?
Темір: Солай, әйел! Аңдар адамнан гөрі де өз баласын артық сүйеді. Ең қатты жауыздық адам баласынан шығады деген қорытындыға мен де келдім.
Ана: Бер баламды өзіме қайтарып! Өйткені мен анамын, баламды сүйемін.
Темір: Мен Тәңірі құлы Темірмін! Тиісті сөзді ғана айтамын. Мен көп жасқа келдім. Менің табанымда қара жер ыңырсиды. Сына қолыммен өлім құрбандығын баудай түсіріп жүргеніме отыз жылдан асты. Патшаның патшалығы неғұрлым кең болса, соғұрлым өзі де ұлы патша. Менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менімен адамша сөйлесіп отыр, өтінбейді, бұйырады. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді.
Мен Тәңірі құлы Темірмін! Үш жүз салт әскер қазір жердің төрт бұрышын аралауға аттансын. Тапсын олар мына әйелдің ұлын. Кімде кім мұның ұлын атқа мінгізіп әкелсе, ол шын бақыттың дәмін татады. Солай ғой әйел?
Ана: Солай, осыны істе!
Керемене: Гүл мен жұлдыз жайындағы өлеңнің бәрі сүю жайындағы өлең болады. Майдың айын , көктегі күнді айтсаң, бұл да сүю жайындағы өлең болады. Бірақ адамның анасы жайындағы өлең әлі айтылған жоқ.
Темір: Кермене, солай!
Автор: Барлық байбатшалар жаңа сықақатап күлген әйелге қарап «ана» деп таңданып қалды.
Дильназ: Ғабит Мүсіреповті қазақ әдебиетінде қазақ әйелдерінің, соның ішінде ана образдарын берудегі шебер суреткер деп айтуға болады. Оның ана тақырыбындағы шығармалары бір ғана кезеңді емес, бірнеше заманның кейіпкерлерін бөлекше суреттеген.
Көрініс. «Ақлима»
Автор: Ұлы Отан соғысының бітуге таянған шағы. Ақлима үзілуге айналған үмітін қайта бір жалғап жіберу үшін келген хатты қолына алғанда «балаңнан» деген басқасын естіген жоқ. Өз баласы Қасым туралы келген қара қағаз сандық түбінде жатса да үміт шіркін көңіл түкпірінде ағараңдайды.
Ақлима: Нұркешжан, бері келші.
Нұрила: Әу, апа?
Ақлима: Мына хатты...(кемсеңдей бастады)
Нұрила: Қуаныш үстінде жылайтын болсаңыз, оқымаймын.
Хат... «Апа, сені Қарағандыдан тапқаныма қуандым, әрі қиналдым. «Ақадырдан» кездестіргім келіп, әуелгі хатымды сонда жіберіп едім, Қарағандыдан қозғалмаған екенсің»
Ақлима: «Ақадыры» несі?
Нұрила: Мен соғыста жүргенімде сен қырық тоғызға толдың. Сол күніңе арнап жазған хатым төс қалтамда жүретін. Бірақ ол хатты сен де алған жоқсың, өзімде де жоқ.
Ақлима: Байғұс бала менің қырық төртке толатынымды ұмытқан ау.
Автор: Ұлының анасына жазған хатында оның қасындағы солдаттармен қарым қатынас жасағаны, немістермен соғысқан ұрыстары, тау мен тасты жаяу күн түн демей кешкені, бәрі бәрі баяндалған еді. Сөйтіп жүріп жау минасының аяғын жұлып әкеткені, тізесінен төмен қарай кесілгені туралы айта келіп:
Нұрила: Апа, хаттың өзі кқңіл көтерері аздау болып шықты білем. Бірақ қу толағай мүгедек екен деп қалмаңыз. Екі көзім айқындалып келеді дедім ғой. Екі қолым сау.
Қазір, апа, курорттамын. Аяқ жасату үшін кесілген сүйектерді шынықтыруға балшыққа түсіріп жатырмын. Қай күні хатың келсе, сол күні ұшамын. Көріскенше асыпы құшағыңды сағынған балаң, Сапар!
Ақлима: Сапар? Сапар деп пе? Түу, жүрегім орнына жаңа түсті ғой. Өзі бір шешесімен сырласып өскен, шешесіне жан теңемейтін жан екен.
Автор: Нұрила Алматыда оқуын бітіріп Қарағандыға келгенде алғаш кездестірген адамы Сапар еді. Қазір тұрып жатырған бөлмесінің көршілес бөлмесінде Ұлбала апа ұлы Сапармен тұратын. Ұлбала апа дүниеден өткенде Сапар майдан шебінде еді. Анасының қайтыс болғаны туралы оған хабар берілген жоқ ты. Сөйтіп оның орнына Ақлима апа көшіп келген. Сапардың атын естігенде Нұриланың бетінде қызыл пайда болып, жүрегінің түкпіріндегі жылылықты сезді.
Ақлима: Нұркеш, шешең мен деп шақырсам кейін өз шешесі табылып қалып жүрер ме екен? Енді ұл тауып алсам, айырылғым келмейтінін түсінуің керек. Болмашы бір үміт қой. Әйтпесе Қасымжанымның тірі еместігін білмейді деймісің?
Автор: Нұрила өзі білетін жайларды айтты. Ақлиманың бар ұққаны сонша ерлік істген адамның шеше сағынып келе жатқандығы еді.
Ақлима; Жүр, Сапаржаным келеді. Жүрші телеграмма салайық. КЕлсін, қарсы алам балапанымды.
Нұрила: Жүріңіз, апа...
Дильназ: Мүсіреповтің шығармашылық жолындағы белесті туындылардың қатарына қосылған оның «Ұлпан» романы еді. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби образ. Романдағы Ұлпан бейнесін суреттеуге Мүсірепов өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны мәлім. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік тарихи өмірін жан жақты зерттей келіп, жазушы тарихи деректерді, өмірде шын болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, ол сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасап берді.
Айсара: Ғабит Мүсірепов қазақ әйелінің алуан қырлы образдарын сомдауға ұзақ ғұмырын арнаған жазушы. Ана туралы әңгімелерінен басталып ақыры «Ұлпан» романымен асқақтап сомдалған әйел ана бейнесіне дейінгі аралықта қаншама образдар галереясы жатыр десеңізші. «Ұлпан менің Мона Лизам» деген Ғабит өзінің мынадай ғажап ойларын жазып қалдырыпты. «Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Қандай байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бір де бірінде ондай күш жоқ. 337 қойын дәртерден»
Дильназ: Мүсірепов қазақ әдебиетінің барлық жырларын дамытуға көп еңбек сіңірген көркем сөздің майталман шебері, ұлы суреткер. Оның шығармаларысан рет көптеген халықтардың тілдеріне аударылды. Мүсірепов бүкіл дүние жүзіне кең таралған классик жазушы.
М.Мұқағалиев «Ғабаңа»
Мәнерлеп оқитын
Қуанышқалиева Нұрайна.
Ғабеке,
Анда-санда сізді
көрем,
Сізді көрсем жомарт бір күзді
көрем,
Еліктеп өзіңізге есім
кетіп,
Көгендеп ақ қағазға тіздім
өлең.
Мейіріммен қарайтын Сізді
көрем,
Басқалар үміттерін үзді
менен.
Зәһәрмен жібітем деп қу
таңдайды,
Сеземін өзін-өзі жұрт
алдайды.
Жібітсем кейде мен де қу
таңдайды,
Басымнан Алатаудың бұлты
аунайды,
Біреулер келекелеп,
жыртаңдайды,
Түбінде құртса мені, құртар
қайғы,
Алайда жырларымды жырта
алмайды!!!
Менен де үміт күтіп туған
елім!
Мен-дағы үмітпенен туған
едім.
Mac болғап өлеңіне бір жан
едім.
Ғабеке!
Айтсаңызшы
мыналарға,
Мен кімнің қазынасын ұрлап
едім!
Ән: «Ана туралы жыр»
Орындайтын Дарбаева Индира.
М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Сабақтың тақырыбы:
«Ананың әдемілігі – мейірімді жүзінде»
Ғабит Мүсірепов.
Өткізген:
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мулдашева Г.Б.
2016-2017 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген