Материалдар / "Ғажайып алаң" Робототехника әлемінде

"Ғажайып алаң" Робототехника әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Роботтардың шығу тарихы есте қалдыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2021
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қарамеңді батыр ауылының

негізгі орта мектебі







Жаратылыстану бағыты

пәндер апталығы




ҒАЖАЙЫП АЛАҢ

«Робототехника әлемінде»







Өткізген: Г.М.Ахметова

2020-2021 оқу жылы



Ғажайып алаң.


Тақырыбы: «Робототехника әлемінде»


5-6сыныптар арасындағы капитал – шоу.

Мақсыты: Оқушылардың білімін ойын-сайыспен ұштастырып, олардың ойлау қабілетін ояту.

Көрнекі – құралдар:

  1. Ойын алаңы.

  2. Интербелсенді тақта

  3. Табло

  4. Айналдырғыш барабан.

  5. Екі шкатулька.

  6. Слайдтар.

  7. Жеңімпаздарға сыйлық.


Ойын жоспары:

  1. Жүргізушінің сөзі.

  2. Поле чудес ойынының шартымен таныстыру.

  3. Әр турдың үштік ойыншыларымен таныстырып, олардың ішінен тапқырларды табу.

  4. Ол тапқырлардың ішінен финалда жеңімпазды таңдау, онмен супер ойынды ойнау.

Жүргізуші: Осымен біз капитал – шоу «Ғажайп алаңды» бастағалы отырмыз. Тақырыбы Робототехника әлемінде. Құрметті көрермендер, алдымызға 5-6 сыныптар оқушыларын шақырамыз.

Ойынның шартымен танысып алайық:

  1. Әділ қазы алқасын сайлаймыз.


  1. Бір – бірлеріңе көмектесуге болмайды.


  1. Ұпайларыңды әділ қазы алқасы санап отырады.

  2. Барабанды айналдырып, айтқан әріп дәл келмесе, онда ойын қасыңдағы келесі ойыншыға беріледі.


  1. Барабанды тек, 1 рет қана айналдырамыз.


  1. «П» ПРИЗ-СЫЙЛЫҚ – ойыншы сыйлықты таңдауына

болады, не ойынды жалғастыруына болады. Сыйлықты таңдаса, ол қара жәшікте жасырылған. Жүргізуші ойыншымен саудаласады сыйлық үшін, жәшіктің ішінде сыйлық болады.


  1. «+» ПЛЮС-ҚОСУ – ойыншы тордағы любой әріпті аша алады, егер оның айтқан әріпі болса және ол әріп, осы сөзде бірненше кездесе бәрін ашады.


  1. «Б» БАНКРОТ – ойыншының барлық жинаған ұпайлары жанып кетеді, ал ойын келесі ойыншыға өтеді. Егер ойыншы екі рет БАНКРОТқа түссе , онда оған жұбату сыйлығы беріледі.


  1. «О» НОЛЬ – онда ойыншының ұпайлары жанбайды, тек

ойын кезегі келесі ойыншыға келеді.


  1. Х2 – ойыншының алған ұпайлары екі еселенеді, егер айтқан әріпі осы таблода болса. Екі әріп болса 3 есе өседі, үш әріп болса, 4 есе өседі.


  1. 100 ұпай не 0 – ойыншы әріпті дәл тапса, онда 100 ұпай алады.


  1. Ойын 3 турдан тұрады, оның ішінен 3 тапқырды шығады, ол 3 тапқырдың ішінен 1 жеңімпазды финалға және сурпер ойынға шақырамыз.


Жүргізуші:


Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортағы.


Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.


1 тур. Бірінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.


Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.


Бірінші үштікке сұрақ:

  • Ол-роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым. ОЛ ҚАНДАЙ ҒАЛЫМ?


  • 1642 жылы француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Оның машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.


Жауабы: Робототехника


2 тур. Екінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.


Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.

«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі 2 турымызды бастайық.

Ойнайық, ойлайықта ойнайық!

Қатардан артта қылып қоймайық,

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен текке жоймайық!


Екінші үштікке сұрақ:


Ол – бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады.

БҰЛ ҚАНДАЙ ҚҰРЫЛҒЫ?


Жауабы: АРДУИНО

3 тур.Үшінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.



Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

Үшінші үштікке сұрақ:

Қазақстандық инженер әлемдегі ең бірінші альпинист-роботты ойлап тапты . Ол КІМ?

Жауабы: Азамат Ешмұхамбетов

Жүргізуші: Финалға үш турдан жеңіп шыққан 3 жеңімпазымыз шықырамыз.

ФИНАЛ


«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»


Сұрақ: Hanson Robotics компаниясы құрастырып шығарған

жер бетіндегі алғашқы робот-әйелдің есімі КІМ ?

Жауабы: София


Жүргізуші: Финалда 3 жеңімпаздың 1 – еуі ғана жеңіп шығады. Ал қасындағы 2 кісіге сыйлық беріп, сахнадан шығарып саламыз. Финалды ұтып алған оқушы екі жол беріледі.

  1. Супер ойынға қатысу.

  2. Немесе жинаған ұпайына сыйлық алып, ойыннан шығып кету.

СУПЕР ИГРА

Супер ойын келесі түрде өтеді:

Жүргізуші сұрақ қояды соны 1 минут ішінде дұрыс жауабын айту керек, тапса ұпайы екі есе көбейеді. Егер оны 1 минут ішінде таба алмаса, алдындағыдай барабанды айналдырып әріптер айтады.Таба алмаған жағдайда ұпайлары күйіп кетеді.


ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында швейцариялық ...... ..... .... өзінің сағат брендін жарнамалау үшін сол кездегі ең керемет роботтар бірнеше «автоматтарды» жасады.

ОЛ КІМ?

Ең күрделі автомат «Каллиграф» 6000 бөліктен тұрды және қаз қаламымен ұзындығы 40 әріпке дейін сөз тіркесін жаза білді, оны сия құюға батырды. Оның үстіне фразаның мәтінін арнайы дөңгелекке ерікті түрде қоюға болады.



Жауабы: Пьер Джакует-Дроз





Бүгінгі сайыстың жеңімпазы_____________________________________болады.

Жеңімпазға сыйлық беріледі.

Бүгінгі көріп тамашалаған «Ғажайып алаң» атты сабақтан тыс іс шарамыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Қош, сау болыңыздар!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.









7



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ