Материалдар / "Ғажайып білім әлемі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ғажайып білім әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге ашық сабақтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2020
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтын тақырыбы: «Сиқырлы математика еліне саяхат».

Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту.

Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру. Көршісін атауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.

Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Қостілділік сыңары: Бір-один-one, екі-два-two, үш-три-tree,төрт-четыре-four, бес-пять-five.

Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, мнемокесте, ноутбук, проектор.

Әдіс тәсілдері: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, пішіндер туралы тақпақтар, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: пішіндер, сандар, тапсырмалар

Алдын-ала жұмыс: пішіндер туралы тақпақтарын жаттату.

Тәрбиеші

іс - әрекеті

Балалар

іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы



Шаттық шеңбер: Амандасу

Дөңгелене тұрайық

Достық үйін құрайық

Математикамен дос болып

Біз көңілді болайық

Шеңберге тұралды

Амандасады

Айтады, қимыл жасайды



Ұйымдастыру – іздену


Сұрақ – жауап өткізу:

- Жылдың қай мезгілі?

- Көктем айларын атаймыз?

- Қазір қай ай?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін қай күн?

(бұрышта қызыл қорап тұрады, оның ішінде сиқырлы математика әлемінің ханшайымы отырады)

- Қараңдаршы қандай әдемі қорапша, балалар. Ішінде не бар екен? Қарайықшы.

(хлопушка атылады, ханшайым шығады)

Ханшайым сөзі:

Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен сиқырлы математика әлемінен келдім. Мен сендерді өз еліме қонаққа шақырамын. Онда түрлі қызықты ойындар мен саяхаттар күтіп тұр.

Ал, балалар, математика әлеміне қандай көлікпен баруға болады?

Ал, біздің ханшайымыз бізге сиқырлы шарлар әдемі шарлар әкеліпті.

Балалар, біз бүгін мына сиқырлы әуе шарларымен саяхатқа барамыз. Ортаға тұрамыз, бір бірден аламыз.

Ортақ білім шапағат

Жүрсін бізге жол бастап

Сиқырлы шарларды қосайық

Математика әлеміне саяхатқа барайық. Математика әлемінде түрлі геометриялық пішіндер, сандар бар екен.

Балалар мына экранға қараймыз.

Пішіндерді атайық


Балалар, орындарға отырамыз.

Ханшайымның бізге деген тапсырмаларын орындайық. Ал тапсырмалар оның қобдишасында екен. Ал ол қобдишаны ашу үшін мына тапсырманы орындау керек. Мына жерде құлыптардың кілттерін табу керек.


Шеңбер бойымен құлыптар тұрады. Музыка ойнағанда балалар құлыптарды айнала жүреді, қолдарына кілттер – пішіндерді алады, музыка тоқтағанда әр құлыптың кілтін жанына қояды.



Қобдишамыз ашылды, енді ішін қарап көрейік. Мұнда мынадай тапсырма:

Араласып қалған сандарды ретімен қою керек. Тура және кері санау.


1 2 3 4 5


Кері, тура санау

Орысша, ағылшын тілінде санау

Көршісін тап,


түсіп қалған санды орнына қой


Ал енді сергіп алайық

Стоп – аэробика

1, 2, 3 – тақтайға шығамыз, түсеміз

4, 5 – тақтайды айналып жүреміз

1, 2, 3 – тақтайға тұрамыз

4, 5 – қолымызды көтереміз


Балалар келесі тапсырманы орындауда кедергілерден өтуіміз керек.

Жердегі кілемшедегі сандарды ретімен басып өтіп, геометриялық пішіндерден қақпа құрамыз.

Үшбұрыш және төртбұрыш туралы тақпақтар


Балалар қобдишамыздың ішінде тағы бір тапсырма бар екен. Кәне қарастырайық.

Мұнда заттарға сәйкесті пішінді орналастыр.


Көктем

Наурыз, сәуір, мамыр

Мамыр

7 күн бар

Дүйсенбі

Ұшақпен, қайықпен, машиналармен

Бір бірден алады

Сөздерін қайталайды

Үшбұрыш, шеңбер, тік төртбұрыш, шаршы, сопақша

Балалар шеңбер бойымен жүріп, әр құлыптың кілтін табады және гелметриялық пішіндерді атайды


Бір бала тақтада орындайды, қалғандары үстел үстінде алдарында орындайды


Тура, кері санайды


? 3 ? 5


1 4


Қайталап айтады, қимылдар жасайды


Сандарды ретімен басып өтеді, қақпа құрады

Тақпақтарын айтады

Мен үшбұрышпын, үшбұрышпын

Үш қабырғам бар бұрышпын

Төртбқрыштан аз болсам да

Орны бөлек бұрышпын


Төртбұрышпын, төртбұрышпын

Төрт қабырғасы бар бұрышпын

Қай жағынан қарасам да

Төрт қабырғам тең бұрышпын


Тапсырмамен танысып, пішіндерді орналастырып атайды:

Шеңбер, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш

Рефлексиялық – коррекциялау

Мнемотаблица.


  1. Кім келді қонаққа? Немен саяхатқа бардық?

  2. Экранда көрінген нелерді атадық?

  3. Қандай ойын ойнадық?

  4. Нелерді санадық?

  5. Нені құрдық?


  1. Сәйкес нелерді таптық?


Балалар, бүгінгі саяхатымызды қорытайық. Ұшып келген шарларымызды қолға алайық, тобымызға қайтайық.

Ханшайым, шарлармен

Геометриялық пішіндерді

Құлыптың кілтін табу

Сандарды тура, кері

Геометриялық пішіндерден қақпа құрдық

Заттарға сәйкес пішіндерді таптық



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!