«Ғажайып фикустар әлемі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ғажайып фикустар әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ғажайып фикустар әлемі»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Бөлме гүлдеріне қамқорлық көрсетуге , әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Есте сақтау, қиялын, ойлау қабілетін дамыту.

Білімділік: Фикус гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру. Гүлдердің құрылысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылау. Бөлме гүлдеріне қамқорлық.

Әдіс –тәсілдері: ойын, сұрақ –жауап, әңгіме, сахналау.

Керекті құралдар: Тілшінің, Жас экологтің, фикустің, араның, көбелектің, құмырсқаның костюмін киген балалар, интерактивті тақта, слайд, видео.

Тілші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Балапан телеарнасының тілшісі - Даулетбай Карина Нұрланқызы.

Бүгін бізде қонақта №5 «Ақбота» балабақшасының жас экологі-Қадырбек Диас Мейржанұлы.

Тілші: 1-сұрақ: «Күншуақ» тобы ЭКО-зертханалық жұмысымен айналысуда, осы жолы нені зерттеудесіздер?

Жас эколог: Қазір фикус гүлін зерттеудеміз.

Тілші: 2-сұрақ: Фикус гүлінің пайдасы туралы айта кетсеңіз?

Жас эколог: Фикус ең көп тараған бөлме гүлі. Ол көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөледі. Бөлме ішін ылғалдандырып, улы заттардан тазартады.

Тілші: 3-сұрақ: Фикус гүлінің ерекшелігі қандай?

Жас эколог: Фикус гүлінің 2000-ға жуық түрі бар. Қалың жапырақты, қанық жасыл түсімен, өсу белсенділігімен ерекшеленеді.

Тілші: 4-сұрақ: Фикус гүлінің шығу тарихын айта кетсеңіз?

Жас эколог: Фикус гүлі... (эколог терең ойға шомылады) слайд Ерте, ерте, ертеде Зерттейтін бір әлемде, Табиғаттың бөлігі. Алыс сонау Үндістан елінде, Фикус гүлдері өсіпті.



(Музыкамен фикус гүлі билеп шығады, көрініс) 1-фикус: Гүл дегенің жүрегі ғой даланың, Ислам Сұлулығы туған жердің, қаланың, Жан тербейтін нәзік сұлу гүлдерді, Күтіп-баптап аялаңдар, біздерді.

2-фикус: Фикус атты гүл боламын, Салтанат Шаң тозаңды тазартамын. Жыл мезгілінің бәрінде де, Әдемілігімді жоғалтпаймын.

3-фикус: Гүлсіз бұлбұл сайрамас, Ярослав Гүлсіз дала жайнамас Күн нұрын шашады Тербелеміз жайқала. (аралар келеді ыз-ызылдап)

1-ара: Жомарт мынау табиғат Әлім Өсіргендей бізге арнап Күндей жайнап құлпырып, Әдемі боп, өсе бер.

2-ара: Гүлдерден бал жинаймын, Алижан Терлеп жанымды қинаймын. Өзіме жинаған балымды, Адамдарға сыйлаймын.

3-ара: Тіршілікте біте қайнасқан, Ануар Қайда біздің достарымыз. Құмырсқалар келіңдер Бізге көмек беріңдер. (қол бұлғап құмырсқаларды шақырады, құмырсқалар құрал-саймандарын арқалап жұмыстарына кіріседі)

1-құмырсқа: Мен еңбекқор құмырсқамын, Нұрбек Шебер-ақпын жұмысқа. Азық жинап қуысқа, Қол жаймаймын «туысқа».







2-құмырсқа: Кетпен шауып өлгем жоқ, Салимжан Кемтаршылық көргем жоқ. Таңмен таласа тұрғанның Талай ісі бітеді. Тал түске дейін жатқанның Талай ісі кетеді?

3-құмырсқа: Еңбек ет те мақтан, Назар Ойнап-күл де шаттан. (көбелектер әндетіп, қалықтап ұшып гүлдердің шаңын сүртеді.)

1-көбелек: Қалықтап біз ұшамыз, Ақниет Шаң-тозаңды қуамыз. Қай уақытта да достарға, Көмекке тез жетеміз.

2-көбелек: Көбелектер дос болайық Альбина Көңілдірек қанекей. Бақта бізде гүлдер бар, Қане, ұшамыз бәріміз. Егер жаңбыр жауа қалса, Тығыламыз бәріміз.

3-көбелек: Ақ қанатты көбелек, Нармин Қызыл қанат көбелек. Көбелектер көп келсін. Бақшамыздан кетпесін. Гүлдер, гүлдер көктесін.

Ұжымдық жұмыс: «Табиғатқа көрік берген гүлдер»

Фикустар: Рахмет сіздерге достарым,

Жас эколог: Фикус атты гүл ектік, Диас Баптап, күтіп, түрленттік. Қалмасын деп қурап, Апта сайын суардық, Гүлдендіріп даланы, Далада гүл қаулады Фикус гүлі қазірде, Үй гүліне айналды.

Би: «Достар» Тілші көрермендерге: Бүгінгі «Ғажайып фикустар әлемінен» алған әсеріңіз қандай?

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: жалпы гүл туралы мәліметтерді .

Игерді: Фикус гүлдерінің түрлерін.

Меңгерді: Фикус гүлін тәжірибе түрінде меңгеру.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі