400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ғажайып физика» интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық, тәжірибелік қабылеттерін арттыру. 2. Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, оқушылардың интеллектісін байыту, ой-өрісін кеңейту; 3. Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету; 4. Әр түрлі мәселелер бойынша ақпарат алмасу және ғылыми-ізденіс жұмыстарының тәжірибелерімен алмасу;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ тақырыбы: «Ғажайып физика»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын  дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық,  тәжірибелік қабылеттерін арттыру.

  2. Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, оқушылардың интеллектісін байыту, ой-өрісін кеңейту;

  3. Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету;

  4. Әр түрлі мәселелер бойынша ақпарат алмасу және ғылыми-ізденіс жұмыстарының тәжірибелерімен алмасу;

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. (топқа бөлу)

ІІ.«Сәлем – сөздің анасы».(топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі).

ІІІ.«Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)

1.Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп;

Ол шама векторлық емес, скаляр шама;

Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады;

(жауабы: масса)

2.Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта;

Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана;

Оны сағатпен өлшейді;

(жауабы: уақыт)

3.Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп;

Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;

Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек;

(жауабы: күш)

4.Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады;

Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз;

Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз;

(жауабы: үйкеліс)

5.Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді:

Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді;

Жердегі ең ақылды кім?

( жауабы: адам)

6.Адам организмінде бар зат;

Заттың үш күйінің біреуі;

Жерде онсыз өмір жоқ.

(жауабы: су)

ІV. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)











ТАБИҒАТ

10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия)

20–Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп)

30–Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық)

40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз)


ТЕХНИКА

10 –Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (3 кг)

20–Ең алғаш рет қыздыру шамын 1872 ж. Санкт-Петербургте кім ойлап тапты. (А.Лодыгин)

30 –Оқушы рюкзагының белбеуі неге жалпақ? (Жалпақ белбеу денеге қысымды аз түсіреді)

40 –Оттағы шәйнек неге ызылдап әндетеді? (ауа көпіршіктерінің су жылығанда ұлғайып, түбінен қопарылып жоғары көтеріле бастаған қозғалысынан ызыл туады)


ҚҰБЫЛЫС

10 –Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебін түсіндіріңдер (сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады, сондықтан ұстап тұру қиын)

20 –Бейнероликте қандай физикалық құбылыс көрсетілген? (конвекция)

30 – Судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма? (таяз жерінде ауырдады, терең суда тас ауыртпайды себебі суда адамды көтеру оңай. Архимед күші әсер етеді)

40 – Бейнероликтегі тәжірибе қандай физикалық заңға негізделген? (Паскаль заңы)

V. Қорытынды. «Әділқазылар шешімі»






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18.12.2017
967
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі