Материалдар / Ғажайып ғарыш

Ғажайып ғарыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру,білімдерін одан әрі кеңейту.Сыйластыққа тәрбиелеу. Балалар ғарышкерлер туралы ақпаратты тыңдады. Балалар белсенді қатысып,фотоға түсіп, марапаттау алғыс хатымен табысталды.Балаларға «Алтын тобылғы» атты оқулықтар таратылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2022
295
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәуір айы бойынша балалармен ойын : Ғажайып ғарыш

Жауапты:Зиядина А.С.

Тақырыбы:Ғажайып ғарыш

Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Әдіс - тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.
Жүру барысы: Шаттық шеңбер:
Сәлем саған жер анам,
Сәлем саған алтын күн.
Сәлеметсіздер ме балалар
Сіздерді көргеніме қуанамын
Айнұр С: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
\ғарышкер\

Ғарыштық кемелердің қонған жерлерінде өз уақытында мемориалдық іргетастар тұрғызылған. Ғарышкер жер есімдері Қарағанды қаласының құрметті азаматтарының кітабына енген. Ғарышкерлерге арнап Қарағандыда «Қарағанды - космос гавань» атты дөңгелек үстел медалы әзірленген. Олардың есімдері біздің облыстың қалаларының көшесі мен алаңдарына берілген Қарағандыда бірінші ғарышкер Ю.Гагариннің есімінде алаң және В. Терешкова атындағы көше бар.

Қазақстанның тұңғыш ғарышкер-ұшкышы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.

Т. Әубәкіров ең алғашқы ғарышкер қазақ. Ол 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» траспорттық кемесінде, «Мир» станциясында, кеңестік-австриялық экипаж құрамында кеме командирі, полковник А. Волков пен Австрия өкілі зерттеуші-ғарышкер Франк Фибек ұшқан. Т.О. Т.О. Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, М. Мамыраев атындағы ауылда дүниеге келген.[1]

60-шы жылдардан бері біздің аймақ ғарышкерлердің  құт мекеніне айналды. Себебі, олар Байқоңырдан аттанып, Сарыарқа төскейіне қонып, Қарағандыда аялдайтын. Араға екі жыл салып Юрий Гагариннан кейін ғарышқа алғашқы рет әйел аттанды. 1963 жылы Валентина Терешкова басқарған  «Восток-6» ғарыш кемесі Қарағандыға жақын аймаққа түскен болатын. Бұл оқиғаны тұтас Кеңестер елі ерекше құрметпен атап өткен мерекеге ұласты.

Ал, 1991 жылдың 2 қазан күні ел тарихына алтын әріптермен тізбектелді. Ғарыш кеңстігіне тұңғышы рет қазақ азаматы аттанды. Жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтың жасаған бұл қадамы Қазақстан косманавтикасының жаңа кезеңіне жол ашып берді.


Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
1)( аспан әлемі смайлик тапсырмасы балаларға қолдарына таратамын.)
Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
Юри Гагарин (Сурет)
Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (суреттер).
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады?
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны зерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Б. ж.
Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып маған қарап менімен қатар би билеп алайық.
(Әуен арқылы би)
Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Зымыранды құрастыр»
Мына жерде бөліктер бар оны құрастырып шығару үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек, әр бөліктің артында сұрақтар берілген.
1. Ғарышкер сөзіне сөйлем құрастыр.
2. Зымыран сөзіне өз ойыңды жаз
3. Аспан планеталарын ата
4. Апта күндерін ата.
5. Бір жылда неше ай бар?

Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, білімімізді тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбыз ба?
Көзімізді ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз, енді би билейік
экранға қарап би билейік балалар....

(Музыка чударики сомолет )




Балалар қараңдаршы глобус дөңгелек, әр түрлі планеталар бар, білесіңдер ме аспаннан жерге қарағанда жеріміз доп сияқты дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.

Мен ғарышкер боламын караоке экранға қарап барлығымыз ән айтайық

Қорытынды:
Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?
Кімдер ұшты?
Балалар сендерге көп рахмет, бүгінгі ойынымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар !Енді экскурсия әлеміне менімен бірге жүріңдер..... Мұқият тыңдағандарыңызға рахмет!

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ