ҒАЖАЙЫП ЖОЛМЕН ЖҮРЕМІЗ, ЕРТЕГІ ӘЛЕМІН СҮЙЕМІЗ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҒАЖАЙЫП ЖОЛМЕН ЖҮРЕМІЗ, ЕРТЕГІ ӘЛЕМІН СҮЙЕМІЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҒАЖАЙЫП ЖОЛМЕН ЖҮРЕМІЗ, ЕРТЕГІ ӘЛЕМІН СҮЙЕМІЗ


Ермекбаева Гүлбану Бахытжановна

14 «Жарқынай» б/б тәрбиешісі


Тақырыбы: «Ғажайып жолмен жүреміз, ертегі әлемін сүйеміз»

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. «Ғажайып жолдармен» жүру арқылы жалпы моториканы, тапсырмаларды орындау арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалды.

Инновациялық технология: Ойын технологиясы, интеграция.

Әдіс – тәсілдері: ойын, тапсырма орындау, сұрақ – жауап.
Құрал – жабдықтар: ертегі атрибуттары, денсаулық жолдары, түрлі-түсті доптар.


ҰІӘ барысы:

«Ертегілер, ертегілер...» әуені ойнайды, топ іші ертегіге сай әсемделген, түрлі-түсті жарық шашатын шар айналып топтың ішін ғажайып күйге бөлейді. Шардың жәнінде үлкен кітап жатады. Топқа кіретін есікте жаңа жылдық «Дождик» мишурасы ілініп, топ іші сыртқа көрінбейді. Балалар топқа әсемделген есік арқылы кіріп, топ ішін көріп аң-таң болады. Тәрбиеші балалардың назарын «светошарға» аударып жәніне барады. Шардың жәніндегі кітапты көріп балалардан:

  • Не кітап екен, қалай ойлайсындар? – деп сұрайды. Балалар қызығушылықпен кітапты қарап, ертегі кітабы екенін айтып, тәрбиеші ертегі оқып берейін деп кітапты ашады. Алайда кітап беттері тап-таза, бірде-бір ертегі жазылмағанына көз жеткізеді.

Жағдаят:

Ертегі үйшік ішінен жылаған дауыс естіледі. Тәрбиеші балалармен үйшік терезесінен ішіне қараса, ішінде Маша жылап отыр екен. Есігін ұрып, Машаны сыртқа шығарады. неліктен жылағанын сұрағанда, Маша Жалмауыз кемпірдің барлық ертегілерді сиқырлап қара орманның ішіне тығып қойғанын айтады. Аю ертегілерді құтқаруға жалғыз өзі кетіп, оралмағанына жылап отырғанын айтады.

- Егерде Аю жалғыз бармай, достарын ертіп апарғанында, Жалмауыз кемпірді жеңіп, ертегілерді құтқарар еді, өйткені «Достық пен мейірімділік» бәрін жеңеді,- деп айтады.

Педагог: - Біздің балалар да өте мейірімді, бір-бірімен ұрыспай ойнайды, барлығы дос. Маша, мүмкін біз саған көмектесерміз?

Маша қуанып, балалармен бірге Аюды құтқарайын деп келіседі.

Психологиялық сәт «Біз біргеміз!» (тәрбиелік жұмыс)

Тәрбиеші жолға шықпас бұрын,

- Ынтымақтың түбі - игілік, тірлік түбі – бірлік,- деп, шыбықтың біреуін сындырып және көп шыбық бумасын сындыра алмағанын көрсетіп, балаларға бірліктің мәнін түсіндіреді. Балалармен қол алысып, құшақ жайып, ұрыспауға, бір-біріне әрқашан көмек беруге, дос болуға, бірлікке шақырады.

Сұрақ-жауап:

  • Қандай ертегілерді білесіңдер?

  • Ең жақсы көретін ертегі кейіпкері қандай? (барлық баланы қамту керек).


І ойын «Аю ізімен жүрейік»

Мақсаты: Балалардың жалпы моторикасын дамыту, ептілікке баулу.

Шарты: Тәрбиеші Аю іздеріне назар аударып, сол іздермен жүруге ұсынады. Алайда Аю дәәәу және оның қадамы да алшақ екенін айтып, балаларға сол іздермен секіріп баруға ұсыныс тастайды.


ІІ ойын «Бауырсақты құтқару»

Мақсаты: шапшандыққа, жылдамдыққа, бірігіп ұжыммен жұмыс жасауға үйрету. Түстерді бекіту.

Шарты: Тәрбиеші ортаға 1 қатар орындық қойып шығады. қатар басында себетте екі түсті доптар салынған (қызыл және сары). Тәрбиеші Бауырсақтың түсі қандай екенін сұрап, тек сары түсті «Баурсақтарды» таңдау керектігін түсіндіреді. Балалар орындықтың екі жағынан бір-біріне қолдарын созып сары допты ұстап, қатар соңындағы себетке түсірмей жинап шығады.











ІІІ ойын «Шұбар тауық» ертегісін құтқару

Мақсаты: ұсақ қол моториканы дамыта отырып, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Созылу арқылы бұлшық еттерін дамыту.

Шарты: қабырғаға баланың бойынан кішкене жоғары асырып, түрлі пішіндегі стикерлер жабыстырылады (үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, шеңбер). Сопақша стикер міндетті түрде алтын түсті болу керек. Тәрбиеші балаларға ата мен әже Шұбар тауық сыйлаған алтын жұмыртқасын таба алмай жүргенін айтып, тек сопақша стикерлерді жинауды тапсырады.









Сергіту сәті «Шөжелер биі»

Шұбар тауық топқа кіріп, қуанғанынан балалармен «Шөжелерім» биіне билеуді ұсынады.


VІ ойын «Үш аю» ертегісін құтқару

Мақсаты: ұсақ қол моториканы дамыта отырып, заттың көлемін бекіту.

Шарты: үш аюдың шатасқан ыдыстарын, орындықтарын, кереуеттерін реттеу (д/о).


V ойын «Жеті лақ» ертегісін құтқару (шығармашылық жұмыс)

Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін, қол моторикасын дамыту.

Шарты: берілген лақтар суретіне поп-корн жабыстыру.


Ғажайып сәт «Аю мен Машаның қауышуы»

Топқа Аю кіріп Маша екеуі қуанып құшақ жая амандасады. Аю балаларға алғысын білдіріп, кітапқа ертегілер оралғанын тексеруге ұсыныс жасайды. Тәрбиеші ҰІӘ басындағы таза кітапты балаларға білдіртпей ертегі кітабына алмастырып қояды. кітапты ашса, ертегілер кітапқа оралғанын байқап, барлығы қуанады.


Қорытындылау:

Аю мен Маша балаларға сыйға тәтті бәліш «Барни» салынған себетті ұсынып, қоштасады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2023
134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі