Ғажайып математика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғажайып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобы: Ересек «Балдырған» тобы

Білім беру  саласы:  Таным

ҰОҚ: Математика негіздері
Тақырыбы:  «Ғажайып математика»
Мақсаты:5 көлемінде сандық есептеуге үйрету.Сандарды тура және кері санау,балалардың тілдерін дамыту жұмыстарын жалғастыру,іс-әрекет дағдыларын меңгерту,әлемнің тұтас бейнесін түсініп,ойлауға ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап,түстерді ажыратуға,қарым-қатынас,көмек көрсету,сыйластықты қалыптастыру.Балаларды тапқырлыққа,іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,сергіту сәті, «Қай сан жоғалды?»,дидактикалық ойын, жұмбақтар.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар; көрнекіліктер дайындау,суреттер,геометриялық пішіндер

Оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Сәлем саған жер Ана!

Сәлем саған нұрлы күн

Аман-есен болайық

Бейбітшілік құрайық

Ұйымдастыру кезеңі: Ал қане балалар орнымызға отырайық.
– Балалалар мен сендерге құр қол келген жоқпын.Мына шарларды ала келдім.

-Бір жылда неше мезгіл бар?
– Төрт мезгіл бар,қане атап шығайық: қыс,көктем,күз,жаз

-Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

-Мына шардың түсі қандай? (ақ)

-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

-Қыс, қыста жер қандай боладық)

-Ал мына шардың түсі қандай?

-Сары, бұл түс қай жыл мезгілін көрсетеді?

-Күз өйткені ағаштардың жапырақтары сары түске боялады екен.

-Жасыл шар,бұл түс шөптердің түсі сияқты.

-Табиғат көктемде оянып,жер беті жасыл шөпке толады.

-Қызыл шар,қай жыл мезгілін білдіреді?

-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?

-Жаз мезгілі.

-Балалар түстерді білдік,енді сиқырлы шардың ішіндене бар екенін білгілерің келеме? Қане шарды жарып көрейік.

-Ой балалар бұл шардың ішінде бізге берілген тапсырмалар бар екен

1-тапсырма:

1 -ден 5 –ке дейін тура және кері санау ,екі тілдесанау

2-тапсырма

Дидактикалық ойын: «Жоғалған сан» сандардың көршісін табу.

3-тапсырма

-Дүкенен анам 2 допты алып келді,оның біреуін ініме бердім,менде неше доп қалды?

-Қоянда неше құлақ бар? Мынау ненің суреті?

-Қолда қанша саусақ бар? Қане сана?!

Сергіту сәті:

Бала,бала,балапан,қане қайсы алақан

Саусақтарың әйбат,былай-былай ойнат

Топ-топ,топ-топ басайық,жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса алтын күн,жаса-жаса жарқын күн

4-тапсырма

Үлгі бойынша құрастыру «Ракета,кеме,поезд»

Балалар мына түрлі-түсті пішіндерге қараңдаршы? Үлгі сурет бойынша осы суреттерді құрастырайық.

5-тапсырма

Воскобович технологиясын қолдану арқылы геоконттан фигуралар құрастыру.

6-тапсырма

«Таяқшалармен пішіндер құрастыр»

Балалар сендер берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Енді балалар пішіндерден әдемі кілемше құрастырып жапсырайық.Қараңдаршы балалар,қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар.Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек)

Қорытынды:

Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық

1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық

Балалар,келесі оқу іс-әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.

-Жарайсыңдар,балалар,бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2021
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі