ҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА
№10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі
Тақырыбы: «Білгірлер сайысы: «Ғажайып математика»
Мақсаты: Ойын арқылы математикалық білім дағдыларын
шыңдау. Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім
деңгейін байқау, нәтижесін көрсету. Баланың тілін, сөздік қорын,
ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда «Монополия» ойын
ережесіне сүйене отырып, сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын
арттыру, достыққа, топтасып тапсырманы орындауға, жеңіске деген
ұмтылысқа тәрбиелеу.
1-10 дейінгі сандарды тура және кері санау.
Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін
бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну,
сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың
білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа
тәрбиелеу.
Әдіс -
тәсілдер: Жұмбақ шешу, санамақтар, ойын,
сұрақтар.
Сөздік жұмыс: банк - «Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен, құнды қағаздармен, ақшамен сауда жасайтын мекеме.
Билингвалды сыңары: төртбұрыш-квадрат, тіктөртбұрыш-прямоугольник, үшбұрыш-треугольник, шеңбер-круг.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ойынға арналған екі текше (нүктесі және геометриялық пішіндері бар текшелер), «Танграмм» ойыны, көрнекіліктер, оқу құралдары, «Жұбын тап» ойынының құралдары, тақта
Оқу барысы:
I Ұйымдастырушы қозғаушы:
Тәрбиеші балаларды ортаға шақырып, «Ғажайып математика» білгірлер сайысы өтетінін хабарлап, сайыс ұранын айтуды ұсынады.
Білгірлер сайысының ұраны:
Арманың барда
Шаршама талма
Жасқанып қалма
Жүре бер тек алға!
ІІ Ұйымдастырушылық –ізденістік:
-
Жарайсыңдар, балалар! Осы ұранмен бүгінгі сайысымызды бастайық! Олай болса екі банк ұжымы («Каспи банк» және «Халық банк») өз орындарына отырсын, ал бас банкирлер қалсын. (балалар «Каспи банк» пен «Халық банк» атты екі командаға бөлінеді (мойындарында банк галстуктері).
-
Бас банкирлер қол алысып, бір біріне сәттілік тілеңдер! (балалар қол алысып сәттілік тілейді)
-
Ал енді ойынға арналған нүктелері бар текшені лақтырып, қай банк бірінші бастайтынын анықтайық. (Банкирлер текшені лақтырады: балалар текшедегі нүктелерді санайды. Санау және салыстыру: аз-көп)
-
Тамаша, балалар! Жақсы санап және салыстыра алады екенсіндер! «Монополия» ойынының ережесін түсіндіріп өтейін. Сендер «Каспи банк» және «Халық банк» болып екі командаға бөліндіңдер.

«Банк» деген сөздің мағынасын түсіндік, ендеше балалар, сендер бүгін өз банктеріне тауар сатып аласыңдар! Бәсекелестікке шыққан тауарлар: «Chevron» мұнай компаниясы, Халықаралық Алматы әуежайы, «Кazenergy» электр станциясы, «Бөген» су қоймасы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы, АО «КазТрансГаз Аймақ», «Қазақтелеком» компаниясы және «Astana Motors» компаниясы. Тапсырманы бірінші орындаған команда, өз банкіне аталған компанияны сатып ала алады.
Бірінші бастаған банк командасы келесі геометриялық пішіндері бар текшені лақтырады және тапсырманы орындайды (бәсекелестікке тігілген компаниялар геометриялық пішінде орналасқан).
1 тапсырма «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, зейінін дамыту. Басы-соңы, бұрын-кейін, үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа ұғымдарын бекіту.
Сұрақтар:
-
Жыл басына қанша хайуанат таласты?
-
Жыл басында қай жануар тұрды?
-
Жыл соңында қай жануар тұрды?
-
Иттің алдында қай жануар тұрды?
-
Жыланың артында қай жануар тұрды?
-
Тышқан мен сиырды салыстыр? (үлкен-кіші)
-
Жылан мен ұлуды салыстыр? (ұзын-қысқа)
2 тапсырма «Санамақ»
Мақсаты: сандарды бекіту, сөздік қорын молайту, сөйлеуды дамыту. Тура-кері санауды, аз-көп, үлкен-кіші, ауыр-жеңіл ұғымдарын бекіту.
-
1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам! -
Тура және кері санау
-
Қайталанған санды тап
-
8-ден үлкен санды тап
-
3-тен кіші санды тап
-
Д/о: «Салмағын анықта» (1 алма 5 алмадан жеңіл)
-
Д/о: «Аз ба - көп пе, барлығы қанша?» (2 күшік пен 6 күшікті салыстыр)
3 тапсырма «Танграмм»
Мақсаты: Пішіндер туралы білімдерін бекіту, шығармашылық қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту.
-
Күшіктерге үйшік сал
![]()
-
Үйшікті қанша бөлшектен салдың?
-
Қандай пішіндер қолдандың?
-
Күшік туралы тақпақ айт
Күшік
Күшігім менің,
күшігім,
Үй күзетер
пысығым.
Үргені де
шамалы,
Тамақ берсең
болғаны.
Күшігім менің саққұлақ,
Келеді әне шапқылап,
Сақтығыңды көрейін,
Қойшы атайға берейін....

4 тапсырма «Жауабын тап»
Мақсаты: жұмбақты шешу барысында балалардың ойлау қабілеттерін, зейінін арттыру.
-
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(қарындаш ) -
Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi.
(сызғыш)
-
Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
(тақта)
-
Сансыз ойлар бетiнде,
Сайрап жатыр бар тiлде.
Қажетпiн мен әр күнде,
Өшпейдi бiр әрпiм де.
(қағаз)
-
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн.
(Кiтап)
-
Осы тапқан жұмбақ жауаптары нені білдіреді? (оқу құралдары)
-
Олар не үшін қажет?
Сергіту сәті «Пішіндер»
5 тапсырма «Орнын тап»
Мақсаты: кеңістікті бағдарлау, оң-сол, жоғары-төмен ұғымдарын бекіту. Зейіні мен ойлау қабілеттерін арттыру.
-
Оқу құралдарын (суреті) кілемшенің бетіндегі атаған қалташаларға салу (жоғарыда оң жақта, жоғарыда сол жақта, ортада, төмендегі оң жақтағы қалташа, төмендегі сол жақтағы қалташа).
-
Қалташаның бетіндегі алманың суреті қай пішінге ұқсайды? Алма жеміс пе, көкөніс пе?
-
Қалташаның бетіндегі сәбіздің суреті қай пішінге ұқсайды? Көкөніс пе, жеміс пе?
-
Қалташаның бетіндегі қиярдың суреті қай пішінге ұқсайды? Көкөніс пе, жеміс пе?
-
Қалташаның бетіндегі ұшақ қай көлік түріне жатады?
-
Қалташаның бетіндегі кеме қай көлік түріне жатады?
6 тапсырма «Қай кезде болады?»
Мақсаты: балалардың жыл мезгілдері, тәулік уақыты туралы білімдерін бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Қанша жыл мезгілін білесің? Атап шық
-
Бір жылда неше ай бар? Атап шық
-
Бір аптада неше күн бар? Атап шық
-
Интерактивті тақтамен жұмыс (мнемокесте) Мысалы:

***

***

7 тапсырма Ойын «Жұбын тап» (екі команда да қатысады)
Мақсаты: жеңімпаз команданы анықтау. Балалардың жылдамдығын, байқағыштық, зейін және ойлау қабілеттерін дамыту. Достыққ тәрбиелеу, ұжыммен жұмыс жасауға үйрету.
Шарты: екі командаға аяқ киім сүреттері (түрлі-түсті, түрлі суреттері бар, түрлі өлшемде, т.б) беріледі. Берілген аяқ киімдердің жұбын тауып, оң қою керек. Жұбын жылдам, дұрыс тауып, аяқ киімдерді оң қаратып қойған команда жеңімпаз аталады.
ІІІ. Қорытындылау
Жеңімпаз команданы анықтау. Мадақтау.
Флешмоб «Достық биі»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз