Мотивациялық қозғаушылық | Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Жылулық шеңбер. - Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы. -Балалар, мынау ненің суреті? (күннің) - Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. - Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. -Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!! -Қайырлытаң құлақтарым, сендер ояныңдар!!! -Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!! Көздерін, құлақтарын уқалайды. Шапалақтайды.- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық. | Сәлеметсіз бе! Здраствуите! Hello- деп балалар үш тілде амандасады. Балалар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап шеңберге тұрады. Тәрбиеші апаймен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Балалар қимыл іс-әрекетпен қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. | Негізгі бөлім:Балалар, бізге қонаққа Жайна қуыршақ келеді, Жайнаның бізге сыйлықтары бар екен, ол сыйлықты алғыларын келедіме?(Жайнаның сөзі: мен сендерге құр қол келген жоқпын мына шарларды ала келдім) - Бір жылда неше мезгіл бар?Кәне,атап шығайық... Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. -Мына шардың түсі қандай?- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?. Қыста жер қандай болады (Сары шарды көрсету Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз) - Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды. Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. -Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.. Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем) Қызыл шарды көрсету. - Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз) (Жайна қуыршақ балаларға тапсырма береді)Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз 1 - тапсырма. 1 - ден 5 - кедейін тура және кері санау. Үш тілде санау. 2 - тапсырма. Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан». (1 - ден 5 – ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.) 3 - тапсырма. Логикалық есептер – Менін қолымда 2доп бар, оның біреуін Әлмансұрға бердім. Менде неше доп қалды? (1) – Қоян да неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету) Мынау ненің суреті? – Қолда қанша саусақ бар? Сергіту сәті:«Бала, бала, балапан» әні:Мынау түрлі - түсті пішіндерді қараңдаршы. Оларды қалай атаймыз. : Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек) Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға) Үлестірме материалдармен жұмыс. Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық! Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек) |
Йә қонақ келсінші, біз қонақты жақсы көреміз.
Бір жылда 4мезжгіл бар. Балалар, тәрбиешімен бірге қайталап шығады.Балалар шарлардың түстерін айтады.
Балалар қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап береді.
Балалар, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиешімен бірге қимыл іс-әрекеттерді қайталайды.
Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы деп білдгендеоін айтады. |
Қорытынды | Геометриялық пішіндерді кілемшеге орналастырдық. 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санадық. Балалар, келесі оқу іс - әрекетінде осы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз. Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық
| Балаларды мақтап, мадақтап келген қонақтарға сау болыңыздар деп шығарып салу. |