Ғажайып пішіндер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Пішіндер туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Математика негіздері, Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы түсінігін кеңейту. Флипчарт әдісі арқылы күз мезгілі жайлы әңгімелеуге. Голлограмманы пайдалану балаларға дөңгелек пішінге ұқсас затты көрсете отырып,ойларын толық дамыту. Ұйымшылдыққа, зеректікке баулу, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: бейнетаспа, фэлипчарт қағаз,интерактивті тақта, үнтаспа
Қостілділік компонент: Пішін-фигура, шеңбер-круг, үшбұрыш-треугольник
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, салыстыру,әңгімелеу, сұрақ- жауап, көрсету, талқылау.


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар шаттық шеңберіне тұрып

«Қайырлы таң» әнін орындайды.

-Балалар,қазір жылдың күз мезгілі екенін бәрің білесіңдер ия?

Күз мезгіліде ауа-райы құбылмалы болғандықтан жаңбыр жауып кетуі мүмкін.

-Жаңбыр жауғанда қолымызға не ұстаймыз ?

-Дұрыс айтасыңдар,қолшатыр ұстаймыз.

(жаңбыр дыбысы шығады)

-Балалар, міне айтқандай жаңбыр жауып кетті, жылдам мұндағы өздеріңе ұнаған түстерді алып,

қағазға түстес қолшатырдың астына орналасып отырыңдар.

-Балалар енді сендермен бірге топпен жұмыс жүргізетін боламыз.

Балалармен флипчарт қағазды қолдану арқылы күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы айту.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын қайталап айтады



Балалардың жауабы

Ұйымдастыру-іздену

Кіріспе әңгіме.

Балалар, бүгін біз пішіндер және оның түстері жайлы айтамыз

Слайд арқылы «Ғажайып пішіндермен» таныстыру

-Мынау қандай пішін?

-Дұрыс айтасыңдар,бұл үшбұрыш.

-Үшбұрыш неге ұқсайды?

-Түсі қандай?

-Үшбұрыш-треугольник

-Ал мына пішін қалай деп аталады?

-Дұрыс айтасың төртбұрыш.

-Төртбұрыш неге ұқсайды? (теледидарға,кубикке,столға т.б)

-Түсі қандай?

-Төртбұрыш-квадрат

-Келесі пішініміз шеңбер деп аталады екен.

-Шеңбер-круг

Ол допқа, күнге және біздің планетамыз жерге ұқсайды екен. Енді сендерге көз алдарыңа елестету емес, голлограмма арқылы көрсеткім келіп отыр.

(балаларды шеңберге тұрғызу арқылы голлограммамен күн мен жердің дөңгелек пішіндес екен көрсету )

Қостілділік компонент: Пішін-фигура, шеңбер-круг, үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш- квадрат


-Балалар,сендерге пішіндер жайлы түсінікті болса,білімдерімізді мына сағат арқылы тексерейік.

Шарты: сағат тіліне қарама-қарсы пішінді өз орындарына қою.


-Жарайсыңдар балалар, тапсырманы барлықтарың бұлжытпай орындадыңдар.

-Енді бойымызды бір сергітіп алайық.

(Бейнежазбадан сергіту орындау).

-Балалар,қанекей бойымызды сергітіп алдық, енді бір ойын ойнайық

Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр!»

Алдарыңа қағаз берілген сол қағазда бейнеленген суретке қажетті пішіндерді орналастыруды тапсырамын.

Слайд арқылы түсіндіру.



Балалар слайдқа назарларын аударады



Үшбұрыш

сәукелеге

сары


төртбұрыш




қызыл



















Мұқият тыңдайды, тапсырмаларды орындайды








Сергіту сәтін орындайды.






Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті

түзету

Қандай пішіндермен таныстық?
– Олар неге ұқсайды екен?

Қандай ойындар ойнадық?
-Ойындар сендерге ұнады ма?


– Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
– Маған да ұнады, сендер өте жақсы ойын ойнадыңдар.

Балаларды мақтау, мадақтау.

Коп рахмет балалар!







Балалар сұрақтарға толық жауап береді.



Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Балалар пішіндерді, түр-түсін атай біледі.
Баланың меңгеруі: Тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындауды меңгереді
Баланың жасай алуы: Пішіндерді ажырата біледі және тапсырманы жасай алады.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2021
371
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі