«Ғаламат әдемі гүлдер гүлденді»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ғаламат әдемі гүлдер гүлденді»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне ашық сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ғаламат әдемі гүлдер гүлденді»


Тапсырмалар:

  • Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдеріне үйрету

  • Балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту

  • Алған дағдылары мен білімдерін бекіту

  • Қол жетімді бейнелеу құралдарын қолдану ұсталығын өндіру

  • Эстетикалық талғамын және табиғатқа деген оң қарым-қатынасын өндіру.

Құрал-жабдықтар: щеңбер формасындағы реңді қағаз, қиылып, екіге бүктелген көбелек контуры, гүл трафареті. Екі түрлі қылқалам, сөрелер, майлықтар, гуашь бояулары, мольберт.

Барысы: Балалар ішке кіріп, қонақтармен амандасып, тәрбиешінің шақырылуымен алаңқайларымен үстел басына жақындайды.

Тәрбиеші: Балалар, қанекей, қолдарымыздан ұстап, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық. Ал енді өлең жолдарын тыңдайық:

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...

Міне, алдарыңда көктемгі жасыл алаңқайлар, бірақ менімше, бір нәрсе дұрыс емес сияқты... Не жетпей тұр...

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл алайқайларда не дұрыс емес? (Балалар жауабы: 1. Түстер жоқ, 2. Көбелектер боялмаған).

  • Түссіз, көбелексіз алаңқай көңіл-күйі қандай болады? (Көңілсіз, мұңды...).

  • Міне, бүгін біз ашық түстер арқылы жақсы көңіл-күйді жеткізіп көруге тырысамыз. Гүлдерді салып, көбелектерді бояймыз.

  • Бір-бір алаңқайдан алып, орындарыңа отырыңдар. Тіке отырып, арқаларыңды тіке ұстап, мені мұқият тыңдаңдар! Егер сендер түрлі-түсті бояулармен салсаңдар, алаңқай да түрлі-түсті болуы мүмкін.

  • Алаңқайды бір түсті етіп салуға болады, оны бір түсті бояумен боясақ. Сендердің гүлдеріңнің қандай түс болатынын өздерің шешесіңдер.

  • Ал енді мен сендерге бүгінгі тапсырманы қай тәртіпте, қандай тәсілмен орындау керек екенін түсіндіремін.

  • Бірінші кезең алаңқайға түстерді жағу. Үстел үстінде трафареттер жатыр. Трафаретті алып, қағаз үстіне қойып, саусақтарымызды бояуға батырып, кесілген кеңістікті бояймыз. Егер барлық гүлдер бір түсті болса, бір трафаретті барлық гүлдерді салуда қолдануға болады. Егер гүлдер түрлі түсті болса, онда басқа түсті гүлдерге таза трафарет ұолдану керек. Саусақтарыңды алдымен сулы майлықпен, содан соң құрғақ майлықпен сүртуді ұмытпаңдар. Алаңқай дайын болған кезде, біз қылқалам көмегімен гүлдердің орталарын, жасыл түсті бояумен жапырақтарын, бұйрагүлдерін және сабақтарын бояймыз. Алаңқайда аяқталмаған бөлшек бар. Біз не жасамадық? Әрине, көбелекті бояу керек. Көбелекті қандай тәсілмен бояу керек екенін кім біледі? Оны қалай жасайды, айтыңдаршы? (Балалар жауабы).

  • Иә. Қылқаламмен бояуды қағаздың бір жақ бетіне саламыз да, оған екінші бетін қоямыз. Ашамыз. Міне, қандай керемет көбелек! Жұмыс уақытында сендер жалпақ және жіңішке қылқаламдарды қолдана аласыңдар. Жіңішке – ұсақ бөлшектерін салу үшін, ал жалпақ – үлкен бөлшектерін салу үшін.

  • Ал, жұмысты неден бастаймыз? (Гүлдерден). Содан кейін? (Жапырағы мен бұйрагүлі). Соңғы кезең? (Көбелекті бояу).

  • Тапсырманы орындар алдында саусақтарымызбен жұмыс жасайық:

Гүлденеді гүлдер

Күнге тартып жапырағын

Бізге санау керек емес пе

Бір, екі, үш, төрт, беске!!!

(Екі рет қайталаймыз).

Ал енді барлығымыз тіке отырып, арқаларымызды тіке ұстап, тапсырмаларды орындаймыз! (Жай әуен ойнайды) (арқасын тіке ұстауды бақылау, жеке жұмыс).

Балалар, аяқтаймыз.... Жұмыстарыңды тапсырып, үстел басына жақындаймыз. Тапсырма алдында алаңқайдағы көңіл-күй қандай болғанын естеріңе алыңдаршы? (Көңілсіз). Алаңқайда өандай өзгеріс бар? (Барлығы көңілді болды). Неліктен? (Гүлдерді салып, көбелектерді боядық). Жұмыстарымыз қандай әдемі, ал көбелектер көңілді болып шыға келді. Ал қанекей, билеп, өзімізді көктемгі алаңқайда айналып жүрген көбелектер секілді елестетіп көрейік! Би! Жарайсыңдар, балалар, мына алаңқайларыңды ата-аналарыңа сыйлай отырып, оларға жақсы көңіл-күй тілеңдер. Сабақ аяқталды, қонақтармен қаштасыңдар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2018
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі