400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғаламшар таза болу үшін біз не істеуміз қажет

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

8 сабақ.

Бөлім:

6.4А Экология және тұрақты даму

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғаламшар таза болу үшін біз не істеуміз қажет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынуды үйренеді.

Құндылықтарға баулу:

Елін,жерін қорғауға, жауапкершілікке баулу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі


1. Гидросфераның

ластануы дегеніміз не?

2. Су мен энергияны қалай үнемдеуге болады?

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.


1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады


1. «Таза энергиясы бар 10 елдер тобы» №5 ақпараттық графикасын оқиды.

«Таза энергетика» сөз тіркесін қалай түсінесің? Қалай ойлайсың, таза

энергияны қалай алуға болады? Қандай ел осы бағытта 1-орын алады?

Бұл ақпараттық графикада біздің ел бар ма? Қалай ойлайсың, неліктен?

Дескриптор:

Жалпы – 3 балл.

-Сурақтарға жауап береді


Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.



2-тапсырма

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Сенің мектебіңде ескі қағаздарды жинау акциясы өткізіле ме? Бұл не

үшін қажет деп ойлайсың (№8 ақпараттық графика)?

Дескриптор:

Жалпы – 4 балл.

- №8 ақпараттық графикамен жұмыс жасайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері



3-тапсырма.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Тұрмыстық қоқысты қалай іріктейтінін түсінідіреді.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

- Тапсырманы түсіндіреді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
29.04.2024
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі