Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғаламтор тілінің мәдеиеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алға ауданы
Қарақұдық орта мектебі
«Жас ойшылдар» оқушылар ғылыми қоғамы
Бакиткерей Диас Маратұлы
7-класс
Тақырыбы:
«Ғаламтор тілінің мәдениеті»
Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті
Секциясы: тіл білімі
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылмдар магистрі
Тонтова Г.М.
Ақтөбе-2014
КІРІСПЕ
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
-
тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
-
этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
-
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде тіл мәдениеті дамиды.
Зерттеудің өзектілігі. Ғаламды торлап жатқан ғаламторды пайдаланбайтын адамдар аз-ақ. Шетелдік лингвистердің орташа есебімен, әлемде әрбір адам күніне 2 сағат шынайы әлемде тілдік қарым-қатынас жасаса, әлеуметтік желілерде (фейсбук, в контакте, майл.ру т.б.) 5 сағатқа жуық тілдеседі екен. Бұл статистикалардан шошынып, ғаламтордың дамуына тосық қойып жатқан талай елдер болды. Өкінішке орай, ғаламтордың дамуын ешкім де
тежей алар емес. Мамандар оның психологиялық, физиологиялық, тілдік зияндықтарын айтты. Әлеуметтік желілердің зияндығы жайлы талай мақалалар баспасөзде талай рет көтерілді. Ешкім де ешқандай нәтижеге жетпеді. Тіпті, ғаламтордың бұл зияндығын білсе де оны пайдаланатын адамдар соңғы жылда тым көп белең алды. Әсіресе, ғаламтор тілінің мәдениеті ерекше назарға алынуда. Сауатсыз сөздер мен нормалардан ауытқыған сөздерді көріп, көзің сүрінеді. Сөздердің дұрыс жазылуында орфографиялық, фонетикалық, лексикалық қағидаттар мен нормалар басшылықққа алынуы тиіс.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Ғаламтордағы сауатсыздықтардың басты факторларын анықтай отырып, мемлекеттік тілдің артуына аз да болса үлес қосу.
-
Тіл мәдениетінің басты талаптарын анықтау;
-
Компьютер сленгтерін айқындау;
-
Орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс;
-
Өз құрбы-құрдастары арасында ғаламтор арқылы жүргізілген диалогтарды сараптау.
Зерттеудің әдістері. Салыстырмалы әдіс, сөздіктермен жұмыс әдістері қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғаламтордағы түрлі блоктарда жазылған диалогтарды саралай отырып, онда кездесетін жаргон сөздер мен сленгтерге талдау жасау арқылы сауатсыз жазылған сөздерді анықтау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2 Ғаламтор тілінің мәдениеті
2.1 Ғаламтор тіліндегі жаргон сөздер
Қазіргі заманғы байланыс түрлері пайда болғанға дейін адамдар ақпарат алмасу үшін отты, түтінді, желкендік рәміздерді, белгі беретін жалаулардың түсін, диірмен қанаттарын, ысқырықты, құбырлардың, барабандардың немесе ұңғыланған піл азуларының дыбыстарын пайдаланған ғой. Ал сіз адамзат баласы онлайн-байланысты ойлап тапқанға дейін талай тығырыққа тіреліп, мыңдаған-миллиондаған жылдарды артқа тастағаны туралы ойланып көрдіңіз бе?
Ұялы байланысты былай қойғанда, адамдардың агентсіз де өмір сүрген кездері болған. Қысқасы, барлық кезде алыстан араласудың жолдарын тауып отырған. Ендеше, адамзат баласының ең ұлы жаңалығының бірі де осы – ғаламторлық байланыс. Айшылық алыс жерде отырған адаммен бір түйменің көмегімен сөйлесуге де, дидарласуға да болады. Америкада отырып та skype көмегімен бала-шағаны көріп, не ішіп, не киіп жүргенін бақылай аласың. Ғажап! Алайда, адамзат баласының өзі ойлап тапқан ұлы жаңалығы өзін кейін қарай сүйреп бара жатқаны өкінтеді-ау.
Ұялы телефон ұстап туған қазіргі ұрпақ бір күн де агентсіз өмір сүре алмайды. Қолындағы телефонын тартып алсаң, жан-жағына алақтап, түсінен шошып оянғандай, уақыттың қай мезгілі болғанын ажырата алмай, айналасына таңғала қарайтын адамдардың түрлері пайда болды. Ұялы телефонға агент «ұя салғалы» мына өмірді ұмытып, виртуалды әлемнен шырмалып шыға алмай жүргендер шаш-етектен. Үйде де, түзде де, автобус пен троллейбуста бір бір телефонға телміріп отырған адамдар. Амандасқаныңды естімейді, жымиғаныңды байқамайды.
Қасына қария емес, ата-бабасы түгел тіріліп келсе де көрмейді. «Алысқа шырқап кеткендері» өз аялдамасынан асып, біраз жерге барып-қайтып жатады. Сабақта да солай. Осылайша «онлайн» болып отырып, не ішіп, не жеп отырғанын ұмытқан ұрпақ көзі ұйқыға кеткенше қолдарындағы титтей телефонға тәуелді. Басқа әлемге кіріп кеткен бала әке-шешеге көмектесуді былай қойғанда, көзіндегі кірбіңді байқамайды, шаршағанын сұрамайды. Қабаққа қарайтын қағілездік жоқ. Агентке тәуелді адамдардың ағайын-туыспен де шаруасы болмай барады. Сондықтан, ақпараттық технологиялары дами келе оған оның кері әсерін көре бастаған бірқатар елдер арнайы заң шығарып, өсіп келе жатқан ұрпақтарын интернетте ұзақ отырмауын мемлекеттік деңгейде қадағалауға мәжбүр бола бастады. Бұл – бөлек мәселе.
Әрине, виртуалды әлемде қазір жас та, жасамыс та өмір сүреді. Компьютердің, титтей ғана ұялы телефонның денсаулыққа зиян екені, көзді құртып, саусақтарды семдіретіні, есте сақтау қабілетін нашарлатып, жүйкеге кері әсер ететіні – ол да өзінше бір бөлек әңгіме.
Бәрінен де бұрын, зая кеткен алтын уақытты айтсаңшы. Керекті де керексіз ақпараттар тасқыны. Мобильді агентке лек-легімен келіп жатқан хаттар мен хабарламалар басқаға қарайлата ма?! Бірақ, ең сорақысы да бұл емес!
О сы материалды жазуға отырарда «адамзаттың баласы» деп әңгімені алыстан орағыта бастап едік қой. Ең сорақысы – агент пен SMS алып келген – сауатсыздық.
Алла Адам Ата мен Хауа Ананы жерге түсіргеннен бастап дейміз бе, жоқ әлде құдайсыз Дарвин секілді еңбектің арқасында маймылдан адамға айналдық дейміз бе, әйтеуір, әлмисақтан адам баласының іздегені – ілім мен білім. ХХІ ғасырдың шаужайына жармасқанға дейін кез келген халық қаншама қиындықтарды бастан өткерсе де сауаттылығын жоғалтпауға, ұрпағына білім беруге ұмтылды. Қаншама жазықсыз жандардың көз жасын көлдей төгіп, атып-асып, тірілей көміп, итжеккенге айдаған Кеңес өкіметінің өзі де еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сауатты болғанын қалады.
Халық сауатты еді. Әскердегі жігіт ата-анасына, ұнататын бойжеткенге, замандас-құрбыларына хат жазғанда үтіріне дейін орнына қойып, көркемдеп жазып, көк конвертке салып жіберетіні кеше ғана. Адамдардың сәлем-сағыныштарын алып ұшқан хаттар – сауаттылығымыздың айнасы іспеттес болатын. Жігіт көлдей хаттың ішінде бір сөзден сүрініп, жалғыз қатесімен хат жіберсе де оны алып тұрған қыз құрбыларының алдында қарадай қысылып, қызаратын. Сықылықтаған олар тағы да қарап тұрмай мұндай «сауатсыз» жігітке жабылып күлетін. Әрине, ол кеше ғана мектеп бітіріп, әскерде мұрты тебіндеген бозбала-тын [1,5].
Жаргон дегеніміз – өзіне ғана тән лексикасы және фразеологиясымен, сөз орамдарының экспрессивтілігімен және сөзжасамдық тәсілдердің ерекше қолданысымен жалпы ауызекі тілден ажыратылатын, алайда өзінің фонетикалық және грамматикалық жүйесі болмайтын тілдік құбылыс болып табылады. Жаргон лексикасының тек бір бөлігі тек бір ғана әлеуметтік топтың ғана емес, бірнеше топтың иелігіне де жатқызыла береді.
Жаргон лексикасының негізгі қызметі ерекше сөздер, тұлғалар мен сөз орамдарын қолдану арқылы белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығын көрсету болып табылады. Қазіргі тілде жаргон, әсіресе жастар тілінде (жастар сленгі) кеңінен қолданыс тапты. Бұдан басқа «кәсіби жаргон» термині де қолданылады. Кәсіби жаргон дегеніміз – белгілі бір іс, жұмыс, кәсіппен т.б. айналысатын адамдар тобы жиі қолданатын ұғымдар мен терминдердің (әдетте, жалпы қабылданған терминдер өте күрделі және ауызекі сөйлеу тілінде қолданысы қолайсыз болып келеді) қарапайым сөздер арқылы беру негізінде қалыптасқан тілдік бірліктер жиынтығы болып саналады.
Осы салаға аранлған лингвистикалық әдебиеттерде жаргонның мынадай түрлері бар: әскекри жаргон, журналистік жаргон, компьютерлік сленг, ойын жаргоны,сауда (сетевой) жаргон,жастар сленгі, қылмыстық жаргон және т.б.
Жаргон сөздер – белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі. Сленг деп – белгілі бір ортада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздерді атайды. Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды түрлі себептерге байланысты қолданылады:
-
Әсер қалдыруы үшін;
-
Елден ерекше болу;
-
Өзгелер түсінбеу үшін;
-
Белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығын көрсету үшін;
-
Әзіл ретінде де қолданылады.
Соңғы уақытта жастар компьютер алдында көп әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да компьютерлік сленгтердің пайда болуына әкелді. Жастардың күнделікті қолданылып жүрген сленгтерінде орыс сөздерінің көптеген компоненттері кездеседі. Мысалы, «тормозы ұстап қалды» - бір жағдайдың шешімін таба алмай қалды, осыған синонимдес «зависать етіп қалды» деген бар, «блотной болу», «типаж болу» - менменсу тіркесімен байланысты. «Құлаққа лапша ілу» - өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» - қысқа қоңырау шалу. Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлылығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Оған өздерінше «жаргон ғой» деп, айдар тағып әлдеқандай болатынын қайтесіз?
Жаргон сөздер мен компьютерлік сленгтердің ана тіліндегі баламалары
Жындыларский зат – үйлесімсіз зат
Базар жоқ – сенімді
Косякқа кіру – ыңғайсыздыққа тап болу
Капустаға қарау – материалдық жағдайын ескеру
Сасымашы – босқа сөйлемеу
Крышасы бар, танкасы бар – қолдау көрсететін адамы бар
Миді шіріту – кп сөйлеу
Картопты жарып айтты – барлығын аузына қаратты
Сағызша шайналды – жауап таппай дал болды
Хавчик – тамақ
Инет – ғаламтор
Потеря болу – әбігер болу, қобалжу
Еееее,мае – мәссаған, пай-пай
Ботан – зерделі адам
Тормозы ұстап қалды – бөгеліп қалу
Толпамен келу – көпшілікпен келу
Типаж болу, блотной болу – менменсу
Құлаққа лапша ілу – өтірік айту
Маяк тастау, скидовать ету – қысқа қоңырау шалу
Шпоры жасау – жауап парағын дайындау
Ауру – адамға маза бермейтін адам
Қуғынбай – артық сөйлеп кеткен адам, мылжың
Зубрить ету – жаттандыны тақылдап айту
Қырқу – тығырықтан шыға білу
Ала көзімен стрелять ету – бір адамға қадала қарау
Мамка-батя – ата-ана
Босс, шеф – басшы
Читалка – оқу залы
Препод – мұғалім, ұстаз
Общяга – жатақхана
Маршруткаға міну – қоғамдық көлікке міну
Аташка – ата
Ажека – әже [2,4]
Ал бүгінгі жастардың, жоғары білімді адамдардың, қолында дипломы бар мамандардың, ең беделді университеттерде білім алып жатқан студенттердің агентте бір-біріне жазған амандық-саулығын оқығанда төбе шашың тік тұрады. Мысалды алыстан іздемей-ақ, мектепте оқитын ұлыңның, студент қызыңның агентіне көз қиығыңды тастасаң да жеткілікті. Мұндай «диалогтарда» бас әріп, үтір, нүкте дегендер болмайды. Қараңыз:
– слм (сәлем)
– прива. кк дел (Привет! Как дела?)
– ЖЖ-мен (Жаңа Жылыңмен!)
– спс (Спасибо!)
– нестеватсын
– кино көріватрм
– келшиш («келсеңші» дегені)
– Кошиш (қойшы) кеше тырындыклапсындар го… (кеше әбден тойлатыпсыңдар ғой)
– х фактор болыватыр
– раха
– Кай канал табалмайатырм [3, 237]
Міне, осылай. Бұл – алты айдан кейін қолдарына диплом алып, жоғары білімді қызметкер атанғалы отырған екі студенттің «сұхбаты».
Қысқасы, бұл – бүгін біз ашып тұрған жаңалық емес. Бұл қазір көптеген мемлекеттерде бар мәселе. Өкінішке қарай, мұндай жаппай сауатсыз жазу – интернеттің арқасында барлық елге, барлық ұлтқа түгел жұқты. Кеше ғана Тургенев пен Достоевскийлерін төбесіне көтеріп, Куприннің кестелі тілімен сусындаған орыс халқының өзі бұл дерттен енді қалай арылмақ? Технологиялары қарыштап дамыған жапондардың сленгтерден құтылуға ақылдары жете ме? Аузын айға білеген, компьютерлік бағдарлама жасағыш көшбасшы корпорациялар енді осы аурудан жазылудың қандай жолдарын ұсынады?
Мәселен, қазір көзіміз үйрене бастаған агент-сауатсыздық үшін біз осы уақытқа дейін «рунет» контентін құрайтын mail.ru-да қазақша әріптердің жоқтығын, тағысын-тағыларды, ұялы телефондар шығаратын әйгілі маркалар ұялы телефон мәзіріне қазақша қаріптер салмайтынын сылтау етіп келіппіз.
Енді жұрт ұялы телефон емес, Iphone, Ipad, Мacbook ұстаған заманда оның қазақша қаріптері жоқ деп айта алмайды. Технологиялар жетілді, ал бірақ адамдар неге кері кетіп барады?
Онсыз да толғауы тоқсан түрлі болған тіліміздің тағдыры баршамызға аян емес пе еді?! Біз есімізді жинап болғанша, тіпті, мобильді агенттің әліпбиі пайда болып, өзінің «тілі» қалыптасып келеді. Мысалдардың көптігі соншалықты, ақыл-есі бүтін адамның ашу-ызасын туғызуға тиісті сленгтерге ешкім де селт етпейтін болды. Қазіргі жастар – елдің келешек тізгін ұстарлары «қалайсың» дегенді – «каксың», «не жаналық» – «не жана» я болмаса, «не жнлк» болып, рақмет сөзін «раха» деп жаза береді.
2.2 Ғаламтор тілінің мәдениеті туралы сауалнамалар нәтижесі
Бүгінде жұртшылықтың біраз бөлігі сан қилы ақпаратты көз алдыңызға жіліктеп беретін ғаламтор желісін шемішкеше шағатын жағдайға жетті. Алайда, өзіміздің де, өзгенің де тарапынан өгейлікке ұшыраған қазақ тілінің ғаламтордағы халі мақтанарлық жағдайда емес.
Жаһандық ақпарат қайнарында қазақ тілді сайттардың саны өзге тілдермен салыстырғанда теңіздегі тамшыдай ғана екендігі белгілі. Ал онсыз аз сайтты тұтынушылардың қатары мүлде мардымсыз болып тұрғаны көңілді қынжылтады. Басқа кедергіні айтпағанда, жиырма бірінші ғасырда адамзаттың көзі мен құлағына һәм тіліне айналып келе жатқан ғаламтор желісінің өзі қазақ тілін тобықтан қағып жатқан жайы бар. Ресми мәліметтерге көз жүгірткеннен кейін осыны еріксіз мойындауға тура келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан көлемінде 500-ге тарта интернет сайт ең көп қолданысқа ие болса, соның бар болғаны 53-і ғана қазақ тілінде ақпарат таратады. Осы орайда, интернетті пайдаланушылардың 94 пайыздан астамы, негізінен, орыс тіліндегі сайттарға үңіледі екен. Олардың бар болғаны 4,5 пайызы ғана виртуалды кеңістікте қазақ тіліндегі ақпарат көздеріне жүгінеді. Халықтың ағылшын тіліндегі сайттарға шолу жасайтын бөлігі 1,1 пайызды құрайды [4, 7].
Бастапқыда агенттегі қате хат жазысуларды ерсі көретін адамдардың өзі бүгінде «нестеватсын?» деп амандық-саулықты бастайды. Осы үрдіске кеше ғана намыстанып жүрген әріптестеріміздің де оған еті үйрене бастаған. Бұл жаппай сауатсыздыққа көнгеніміз бе, әлде жеңілгеніміз бе?
Осы сауалды Қарақұдық елді мекенінің әкімі Татеров Мирасбек Тайшыбайұлына қойғанда былай деп жауап берді:
– Қазір әлеуметтік желілердегі қате сөздер мен орашолақ сөйлемдердің мәселесі, тіпті, өзекті болып отыр. Оған тосқауыл қоюға ұлтжанды азаматтар өздері ұйытқы болмаса бұл індетті ауыздықтау мүмкін емес сияқты. Сол себепті енді өзін тілдің жанашыры санайтын әр азаматқа өзіңді құрметтесең, тіліңді түзе деп ұран тастаудан басқа амал қалмады. Егер әр азамат әр сөзіне жауапкершілікпен қарап, мұқияттылық көрсетсе сауатсыздықпен күрес нәтижесін берері күмәнсіз.
Осыдан бірер жыл бұрын мақтаулы Еуропа елдерінің бірінде үкіметтегі жоғары лауазымды шенеунік көбейту кестесін білмейтінін айтып, жұртты таңғалдырған еді. Соңғы жылдары өз ойын жеткізуде сауатты сөйлейтін, жазатын адамдардың саны күн өткен сайын ортамызда азайып келе жатқаны анық байқалады. Оны телеарналардағы сауалнамалар мен әлеуметтік желілердегі хабарламалардан баршамыз күнделікті көріп, оқып жүрміз. Алайда, оған мән беріп жатқандар некен-саяқ. Кейде, тіпті, оны қалыпты жағдай деп қабылдай бастадық. «Салем», «привет», «ok» дейтін сөздерді үлкен де, кіші де жаппай қолданатын болды.
Телеарналардың жаңалықтар қызметінде қазір журналистердің материалдарының әдеби нормаға сәйкестігін тексеретін тіл мамандарының сарапшылық қызметі мүлде жойылған. Сондықтан мерзімді басылымдарды оқып, радио тыңдап, телеарна көріп отырған кезде, өзінің жіберген қатесін келесі жолы түзетіп, одан сабақ алып жатқан тілшілерді көру мұң боп қалды. Егер ақпараттың көру, тыңдау және оқу арқылы қабылданатынын ескерсек, бұқаралық ақпарат құралдарының өз міндетін толық атқара алмай отырғанын мойындау керек.
Сауалымызды Қарақұдық орта мектебінің информатика пән