ҒАЛАМТОРДЫҢ ҒАЖАБЫ МЕН
АЗАБЫ
Бүгінде адам өмірінің ең
қажетті, ең негізгі бөлігі – ғаламтор екені даусыз. Бірақ кез
келген нәрсенің жағымды және жағымсыз жақтары болатыны да белгілі.
Бүгінгі мақаланың басты тақырыбы да осы
болмақ.
Алдымен ғаламтордың адам өмірі
үшін пайдалы тұстарын қарастырсақ.
Біріншісі, ақпараттың көптігі. Бүгінгі
таңда интернет желісіне қосылған кез келген құрылғы арқылы
(компьютер, ноутбук,
планшет, смартфон) өзіңізге қажетті ақпаратты
жылдам табуға болады. Мысалы, белгілі бір мемлекеттің тарихы туралы
немесе белгілі бір жазушының өмірбаяны туралы
ақпаратты Wikipedia арқылы білуге болады.
(Уикипедия - уики технологиясының негізінде
жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді,
онлайн энциклопедия).
Екіншісі, онлайн сатып алу немесе сату
мүмкіндігі. Яғни, кез келген адам өзіне ұнаған кез келген затты
сатып ала алады, сәйкесінше сата алады. Онлайн-сауда — әлемдік
экономикадағы жаңа тренд. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017
жылы әлемдік онлайн сатылымдар 2,3 трлн долларды құрады. Ал, 2020
жылы 3,2 трлн долларды көрсетті. Электронды коммерция саласы
бойынша дамыған 10 ірі мемлекет тізіміне: Қытай, АҚШ, Ұлыбритания,
Жапония, Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Канада, Ресей, Бразилия
енеді.Аталған алпауыт мемлекеттерде жаһандық деңгейдегі үлкен
интернет-дүкендер орналасқан. Бұлар өз кезегінде е-сommerce дамуына
айтарлықтай үлес қосып жатыр. Мәселен, Қытайлық компания
AliExpress, АҚШ мемлекетіне тиесілі Zappos, Ebay, Amazon мен Itunes
және т.б.
Үшіншісі, онлайн жұмыс жасау
және онлайн білім беру мүмкіндігі. Әлемді шарпыған пандемияның
бастапқы кезінде әлемдегі ірі компаниялардың біразы онлайн форматта
жұмыс жасады. Сәйкесінше, бұл үрдіс біздің елді де айналып өткен
жоқ. Қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында еліміздегі ірі
кәсіпорындардың барлығы қашықтан жұмыс жасады. Бұл жерде де
ғаламтордың пайдасы тигені даусыз. Ендігі кезекте, білім беру
саласындағы ғаламтордың әсеріне тоқталып өтсек. Қазіргі таңда
қашықтан білім беру қарқынды дамып келеді. Карантин кезінде Zoom,
Micrasoft teems қосымшалары, WhatsApp, Telegram мессенджерлері
арқылы сабақтар өтіле бастады. Өз кезегінде, еліміздің бас мұғалімі
Асхат Аймағанбетов қашықтан білім беру технологиясының
жетілдіріліп, болашақта пайдаға асатынына сенім
білдірді.
Төртіншісі, әлемнің кез келген
түкпірінен дос табу мүмкіндігі. Яғни, кез келген адам ғаламтор
арқылы өзіне дос таба алады.
Өкінішке орай, жоғарыда
айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары
да көп болып шықты. Енді ғаламтордың зиянды тұстарына назар
аударайық.
Біріншіден, ғаламторға деген
тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның
кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады.
Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып
бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды,
табиғи қатынастан қалып барамыз.
Ғаламтордың келесі зиянды тұсы
- адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы
да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел,
арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.
Одан бөлек, қазіргі таңда
ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған
абзал.
