Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдері пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімнің атауы:

6-бөлім: Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Мектеп: №5 орта мектеп

Күні: 23.01.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Нұралиева А.Е.

Сынып: 7

Пәні: Қазақ тілі

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Әлеуметтік желіні пайдаланамын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т\А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып , оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.4.4.1.Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік,шақ,рай түрлерін тілдесім барысында қолдану

7.Ж3.Мәтін құрылымын ( кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін ( шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік,шақ,рай түрлерін меңгереді, ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мысал келтіре алады, сөйлем құрайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік,шақ,рай түрлерін қатыстыра отырып, шығармашылық жұмыстар орындай алады.

Бағалау критерийі


* Сурет бойынша жүйелі, жинақы, тілдің көркемдік құралдарын пайдаланып, әңгіме құрайды.

*Сурет бойынша құраған мәтіндеріне интерпретация (талдайды,салыстырады,бағалайды) жасайды.

*Ережені меңгереді.

*Мысал келтіреді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Біріккен, кіріккен, тіркескен, қысқарған

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Біз мынадай дәлелдер келтіреміз... Оның себебін... деп түсіндіреміз. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым жүргізу арқылы жазылым алды дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Жазылым алды сұрақтары:

*Сөз таптары дегеніміз не ?

* Есімше мен көсемшеге мысал келтір.

* Етістіктің шақтары қалай жасалады? Мысал келтір.

Құндылықтарға баулу

  • Азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух – берілген суреттерге байланысты әңгіме құрау үшін ұсынылған тірек сөздер көрініс тауып, әңгіме құрау барысында ашылады. ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау

  • Жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, музыка

Алдыңғы білім

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

3 мин


Қызығушылықты ояту.

«Шаттық шеңбері» тренингі

Оқушылар шеңберге тұрады, бәрінің арқасына А4 форматты қағаз жапсырылады. Бәрі оңға бұрылады, арқасын беріп тұрған оқушының парағына өзінің тілегін сурет арқылы білдіреді.




А4 қағазы, фломастер


Сабақтың ортасы
























































































Топтық – 7 минут





Сұрақтар:

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір.

  3. Есімше қалай жасалады тұр?

  4. Көсемшенің жұрнақтарын ата.

  5. Алған, көрген, барғалы, келгелі айтқалы сөздері қалай жасалған?

Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістіктің түбіріне-ды,-ді,-ты,-ті,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пак,-пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді.

Нақ осы шақ отыр,тұр,жүр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы және негізгі етістіктің -ып,-іп,

-п,-а,-е,-й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген көмекші етістіктердің тіркесуінен жасалады.

Ауыспалы осы шақ -а, - е,-й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.

Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып бөлінеді.


І-деңгей

Тест

  1. Есімше деген не?

  1. Жұрнақ арқылы жасалған сөз

  2. Екі түбірден құралған сөз

  3. Сөйлемде екі түрлі мәнде , екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі

  4. Бір түбірден тараған сөздер

  1. Қайсысы есімшенің жұрнақтары емес?

  1. -атын , -етін, -йтын,-йтін

  2. -а,-е,-й

  3. -ғалы, -гелі ,-қалы, - келі

  4. -ып,-іп,-п

  1. Келер шақтың неше түрі бар?

  1. 5

  2. 4

  3. 3

  4. 2

  1. Жедел өткен шақты табыңыз.

  1. Тарс-тұрс

  2. Ары-бері

  3. баяндады

  4. Қолма-қол

  1. Бұрынғы өткен шақты жасайтын жұрнақтар қайсы?

  1. - ды,-ді,-ты,-ті

  2. -а,-е,-й

  3. -мақ, -мек, -бақ,-бек

  4. - қан,-кен, -ған,-ген

  1. Нақ осы шақтағы сөздерді табыңыз.

  1. отыр, тұр, жатыр, жүр

  2. хабарласатын, келетін

  3. баяндады

  4. Қара торы

  1. Ауыспалы өткен шақты табыңыз.

  1. Хабарласатын, келетін

  2. Япыр-ай

  3. Баяндады

  4. Ұш-ақ


ІІ-деңгей


Кестедегі етістіктерге келер шақ жұрнақтарын жалғап, жікте.


Етістіктер

Болжалды келер шақ

Мақсатты

Келер шақ

Ауыспалы келер шақ

Келу

Табу

Бастау





Бару

Жүру




ІІІ-деңгей

4-тапсырма.

Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

- Қорқыт осы сөзді өңінде естігендей болып оянса, көкірегі күйге толып, көмейінен сөз саулағандай халде екен.

- Қазақстанда барлық ұлттар салт-дәстүрлерін сақтап,

Өз діндерін ұстап, бір шаңырақ асатында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.


«Әлеуметтік желілер»

ІІІ топқа постер:

І топ: «Ғаламтордың пайдасы» кластер

ІІ топ: «Ғаламтордың зияны» постер

ІІІ топ: «Әлеуметтік желілер пайдасы мен зияны»



IV. Сабақты бекіту

Бағалау. Жұлдызшалар арқылы бағалау.




6 сынып оқулығы






























































Сабақтың

соңы









Рефлексия

«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұраққа жауап жаз.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Қандай көмек бердім?.

Ортан терек – Ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?


Үйге тапсырма: 8-тапсырма























































1. Өткен шақ

 

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.

1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.

Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді.  Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.

 

 

жақ жекеше көпше

I Мен оқыдым Біз оқыдық

II Сен оқыдың Сіз оқыдыңыз Сендер оқыдындар Сіздер оқыдыңыздар

III Ол оқыды Олар оқыды

 

2) Бұрынғы  өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.

Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары

1.   -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.

2.   -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.

3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді

Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары 

1) -атың -етің -итың -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы:

 

жақ жекеше көпше

I Мен оқитынмын Біз оқитынбыз

II Сен оқитынсың Сіз оқитынсыз Сендер оқитынсыңдар Сіздер оқитынсыздар

III Ол оқитын Олар оқитын

 

2) -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы:

жақ жекеше көпше

I Мен   барушы едім Біз барушы едік

II Сен барушы едің Сіз барушы едіңіз Сендер барушы едіндер Сіздер барушы едіңіздер

III Ол барушы еді Олар барушы еді

 

2. Осы шақ

 

Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.

1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.

 

жақ жекеше көпше

I Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын) Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)

II Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз) Сендер отырсыңцар (жүрсіңдер, түрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар)

III Ол отыр

(жүр, түр, жатыр) Олар отыр

(жүр, түр, жатыр)

 

Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр  етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.

жекеше көпше

Мен оқып жатырмын Біз оқып жатырмыз

Сен оқып жатырсың Сіз оқып жатырсыз Сендер оқып жатырсындар Сіздер оқып жатырсыздар

Ол оқып жатыр Олар оқып жатыр

 

3. Келер шақ

Келер шақ - сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы: 1. Кітапханага ертең барамыз. 2. Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.

1) Болжалды келер шақ іс-әрекеттің кейін болатын, болмайтынына болжам, жорамалды білдіреді. Мысалы: Апам бір ақылын табар.

Болжалды келер шақ етістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, -с жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

2) Мақсатты келер шақта етістік арқылы іс-әрекеттің өту, болу мақсаты айтылады. Мысалы: 1. Оқуға баруға ниет етпекпін. 2. Кітапты бугін-ертеңдер бітірмекпін.

Мақсатты келер шақ етістік түбіріне -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтарына жіктік жалғау жалғануымен жасалады. Шақтың басқа да түрлері сияқты мақсатты келер шақта құрамына қарай дара және күрделі болады. 

3) Шақтық мағына сөйлем ыңғайына қарай айқындалатын келер шақ түрі ауыспалы келер шақ деп аталады. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады.

33.Морфологиялық талдау үлгілері.

Сөздерді тұлғасына қарай талдағанда мына шартты белгілер қойылуы керек.

-түбір

-жұрнақ

-жалғау

 Мысалы: Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты.

1.Сөйлемдерге  морфологиялық талдау жаса.

Мен хайуанаттар саябағында көптеген аңдарды көрдім. Піл өте үлкен екен. Менің бір кішкентай күшігім бар. Мысығым мен күшігім жақсы достар. Мен күшігіме әр түрлі тамақ беремін. Менің мысығым ұйықтағанды жақсы көреді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі