Гальстер Мария Эмануиловна 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гальстер Мария Эмануиловна 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсізідік -тірегім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік – тірегім


Менің отаным – тамаша ел. Менің ата-бабам Тәуел­сіз елде өмір сүрген. Ұлтым орыс болса да осы елде туып өскеніме мақтан етемін. Бұл ел – біздің құндылығымыз. Оның маңы­зын сараптап, қадірлей алу біздің ұлттық пары­зымыз.

Тәуелсіздік кез-келген ұлттың ең басты мұраты, асыл арманы. Әлемде өз мемлекеттігін құраған, өз дербестігін алған титулды ұлттар аз. Керісінше, өз тәуелсіздігін жоғалтқан қанша ұлттар бар. Бұл біздің мемлекетіміздің ең ұлы жетістігі. Бұл - біздің саяси тарихымызда жеке ұлт, халық ретінде біздің кім екендігімізді айғақтайтын үлкен дәлел. Қазақ халқының Тәуелсіздігінің басты факторын әлем мойындаған. Ол 130 ұлтты ұйыстырып отырғаны осының дәлелі. Тіпті өзге ұлттарға еркіндік беріп, бақытты өмір сүруге қолайлы жағдай жасаған. Үнемі әке-шешем ас үстінде айтып отырады, біз осындай елде өмір сүріп отырғанымызға бақыттымыз деп. Сондықтан «Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде бойымды мақтаныш тербейді. Қазақстан тарихын оқығанда еліміз түрлі кезеңдерді бастан кешкенін, тәуелсіз ел болу үшін қаншама ғасырлар бойы ерліктерін, тарихи деректерді оқу арқылы біліп келемін. Әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктерін ешқашан ұмытуға болмайды.

Қазақстандықтар тарихи дамуда, айрықша серпіліс жасап, қуатты, серпінді, қазіргі заманауи мемлекет құру жолында барынша еңбек етіп келеді. Адамзат тарихында әлем халықтары мемлекеті егемендігін алуға ұмтылуда. Сондықтан қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп-өркендеу үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек деп ойлаймын. Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір сүріп келе жатқан, тәуелсіздігін ала алмаған қаншама мемлекет бар. Сондықтан тәуелсіздігіміз баянды болу үшін, тірегіміз мықты, діңгегіміз қатты болу керек деп ойлаймын. Біз сияқты өскелең жастар елі үшін пайдалы нәрсе істей алса, әрі қарай биіктерге жете береміз.

Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен қатар өсіп келемін. Сондықтан қазіргі біз сияқты жастар бақытты. Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Ендігі алаңдайтын мәселе, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білуге үйрету. Әрқашан көк байрағымыз желбіреп, елімізде тыныш болсын деп тілеймін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2024
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі