Материалдар / Гальваникалық элементтер. Практикалық жұмыс №3 «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гальваникалық элементтер. Практикалық жұмыс №3 «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Электрондарды беру процесі ол .... Электронды қабылдау процесі ....... Катодта ........... процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану) Анодта ............. процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану) Электродтардың арасында кернеу пайда болады, оны .......... атайды Электродты потенциалының мәні үлкен металдар кернеу қатарында .......... тұрады Электродты потенциалының мәні кіші металдар кернеу қатарында ......... тұрады, Электродты потенциалының мәні кіші металдар ... (тотықтырғыш/ тотықсыздандырғыш ) болып келеді Литий (тотықтырғыш/тотықсыздандырғыш) болып келеді, себебі ....... (электродты потенциалдың мәнін пайдаланып айту қажет) Мырыш мысқа қарағанда электрондарды онай/қиын жоғалтады, себебі .......
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2023
1058
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

10.3 A Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Педагогтің аты-жөні:

Тумишева Алия Айтбаевна

Мектеп: М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Күні:

24.01.2023ж

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Гальваникалық элементтер. Практикалық жұмыс №3 «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру»

Оқу

бағдарламасына

сәйкес оқу

мақсаты

10.2.3.4 сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;

10.2.3.5 гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну;

10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;

10.2.3.7 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Гальваникалық элементтердің түрлерімен танысу

Гальваникалық элементтің жұмыс істеу принциптерін білу

Химиялық энергияның электр энергиясына айналатынын түсіну

ЭҚК есептеу үшін стандартты элетродты потенциалын пайдалану

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Топтарға бөлу Гүл құрастыру арқылы бөліну.Гүл күлтешелерін таратып,олардан гүлдер құрастырады. Әр күлтешесіне оқушы өз атын жазып,бір топ болады.Гүлдер бір формада , түстері ғана ажыратады.




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын, күндеріне сәттілік тілеймін. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады.



Электрондарды беру процесі ол ....

Электронды қабылдау процесі .......

Катодта ........... процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану)

Анодта ............. процесі жүреді (тотығу/тотықсыздану)

Электродтардың арасында кернеу пайда болады, оны .......... атайды

Электродты потенциалының мәні үлкен металдар кернеу қатарында .......... тұрады

Электродты потенциалының мәні кіші металдар кернеу қатарында ......... тұрады,

Электродты потенциалының мәні кіші металдар ... (тотықтырғыш/ тотықсыздандырғыш ) болып келеді

Литий (тотықтырғыш/тотықсыздандырғыш) болып келеді, себебі ....... (электродты потенциалдың мәнін пайдаланып айту қажет)

Мырыш мысқа қарағанда электрондарды онай/қиын жоғалтады, себебі .......

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Қалыптастырушы бағалау

Мадақтау


http://avto-blogger.ru/akb-avto/kak-rabotaet-akkumulya tor-avtomobi lya-krat koob-ustrojstve-video.html

Жаңа сабаққа кіріспе


Әр түрлі батарейкалардың суреттері көрсетіледі. Осы заттарды біз не үшін пайдаланамыз? Батарейкалар қандай талаптарға сай болу керек? Батарейкаларда электр энергия қалай пайда болады? Аккумулятор мен батарейканың қандай айырмашылығы бар?


Тапсырма: мырыш-мыс гальваникалық элементтің мысалында, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Гальваникалық элементтің сызба нұсқасын құрастыру үшін қандай мәнді пайдаланасыз?

  2. Берілген гальваникалық элементтің сызба-нұсқасын құрастырыңыз.

  3. Анодта өтетін үдерістің сызба нұсқасын жазыңыз.

  4. Катодта өтетін үдерістің сызба нұсқасын жазыңыз.

  5. Гальваникалық элементте өтетін жалпы тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін жазыңыз.

  6. Мырыш-мыс гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз ЭҚК= Екатод анод

Тапсырманы орындауға қиналып отырған оқушыларға сурет беріледі


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Мұғалімнің бақылауы, кері байланыс ұсынуы



Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылау-ға белсенді-лікпен қатысқан оқушыға «Жарай-сың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы


Тапсырманы орындап болған соң, тапсырманы орындауын талдайды. Мұғалім оқушылар бұрыс орындаған жерлерді түсіндіреді.



Метатанылымды дамытатын сұрақтарды қояды: Неліктен мырыш анод болады? Неліктен катод ролін мыс атқарып тұр? Катодта қандай процесс өтіп жатыр? Анодта қандай процесс өтіп жатыр? Тұз көпіршесі не үшін қажет? Қалқа не үшін қажет? ЭҚК –ні қалай пайдаланады?


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Топтық жұмыс



Мәтін таратылады.

Дөңгелек гальваникалық элементті - "button" cell, кардиостимуляторда, басқа медициналық аппараттарда, сағаттарда, калькуляторларда пайдаланады. Литий немесе мырыш - теріс полюс, йод, марганец(ІV) оксиді немесе күміс оксиді – оң зарядталған полюс ретінде пайдаланады.

Артықшылығы: ұзақ сақтау мерзімі, 12 жылға дейін, температура тұрақсыздығына шыдамдылық, сұйық немесе паста түрінде электролит жоқ, бұл ағып кетуден сақтайды.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Жеке жұмыс


Тапсырма: сіздің алдыңызда литийлік гальваникалық элемент, литий – теріс полюс ретінде пайдаланады.


  1. Суретте берілген батарейканың кернеуі нешеге тең?

  2. Неліктен литий батарейкаларда жиі пайдаланады? (ең төмен электродты потенциал, жоғары тотықсыздану қасиетті, литий ионы төмен тотықтырғыш қасиетті)

  3. Сізге литий-иодты батарейка берілген:

Li+ + ē→ Li Eө= -3.04V

½ I2 (s) +ē → I- (ag) Eө= +0.54 V

  1. Электрохимиялық ұяшықтың ЭҚК есептеңіз.

  2. Электролитті ұяшықтың сызбанұсқасын жазыңыз.

  3. Практикалық литий/йодты гальваникалық элементте практикалық кернеуі 2,87V тең. Неліктен сіз есептеген теориялық және практикалық кернеудің арасында айырмашылық бар? (жауап: стандартты жағдай емес)

  4. Литий/йодты батарейканың басқа батарейкалармен салыстырғанда екі артықшылығын атаңыз.




Оқушылардың жұмысын бақылау, оларға сұрақтар қою, кері байланыс беру, ынталандыру. Оқушылар комментарий арқылы бірін-бірі бағалайды.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Рефлексия

Мен өзімнің ұялы телефоныма ..... батарейка тандар едім, себебі ........

Үй жұмысы: 1-топ автокөліктің аккумуляторы жұмысымен танысу








«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!