Ғарифолла Құрманғалиев өмірі мен шығармашылығы "Оралым" әні

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ғарифолла Құрманғалиев өмірі мен шығармашылығы "Оралым" әні

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі ән өнеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары ______ С.Ғ.Ибраева

«___» _____________ 2020 ж.



Пән аты : Халық әні-терме

Оқытушының аты-жөні : Идирова Жадыра Саматқызы

Оқушының аты –жөні : Базарбай Руфина

Сыныбы : 5


Сабақтың тақырыбы: Ғ. Құрманғалиевтың өмірі мен шығармашылығы

«Оралым» әнін талдау.

Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру. Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.


Білімділік: Оқушыға қазақ жеріне танымал жез таңдай, күміс көмей,арқалы әнші- Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығы туралы мағлұмат беру.


Дамытушылық: Қазақтың біртуар өнер иелерінің ән -термелерін үйрете отырып, оқушының ой -өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, домбырада саусаққа қарап үйрету әдісі, ойландыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілігі: Портрет, кітаптар, домбыра, үнтаспа, ноутбук.

І.
Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а / Сәлемдесу.

б /Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

Дауысқа арналған жаттығу жасау . (Әндету)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


1.Халық әні «Асыл қарға» әнін жатқа сұрау.
2.Әннің мазмұн мағынасын сұрап, қате кеткен жерін түзету.

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тақырыбы: Ғарифолла Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығы Оралым әнін талдау.
Жоспары:

  1. Ғ.Құрманғалиевтің өмірбаянымен таныстыру. 2. Ғ.Құрманғалиевтың шығармашылығымен таныстыру. 3. . Ғ.Құрманғалиевтің орындауында Оралым әнін үнтаспадан оқушығы тыңдату.

4"Оралым" әнін талдау.

Жаңа сабақ: Ғарифолла Құрманғалиев 1909 жылы Орал облысы Қаратөбе ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.Әкесі Құрманғали – кедей ,шаруа болған адам. 4 жасында әкеден ,10 жасқа жетер – жетпестен анасынан айрылып, жетім қалады да, әкесімен бірге туған Ғұбайдолла, Хамидолла деген кісілердің қолында өседі.10 жасынан бастап домбыра тартып, ән салады. Әкесімен бірге туықан адамдардың өз балаларындай етіп, қарағанының арқасында жас шағында кемдік көрмей, өнер қууға мүмкіншілігі болады.Сөйтіп, 1927 жылы Ғарифолла Ойыл ауданында,Бөрте болыстарында, Орынбор қаласында болып, ән салады.Одан кейін Гурьев облысында, Қарағашта, Табында болады. Қай жерде жүрмесін Ғарифолланы халық құрметті, өтімді де, сүйкімді өнерпаз ретінде қабылдайды.Көбіне Мұхит әндерін шырқайтын болады. 1929 жылы Қаратөбе қызмет істеп, 1930 жылдан бастап Ақкөл, Құлшық колхоздарындатөраға болып еңбек етеді. 1934 жылы Жымпидыдағы, одан кейін Оралдағы халық өнерпаздарының слетіне қатысады.Онда ылғи бірініші орындарға ие болады.1934 жылдың маусым айында Алматыға келеді.Мұнда Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне қатысып, қазылар алқасының шешімі бойынша музыка театрында әртіс болып қалдырылады.Театрда “Қыз Жібек””Жалбыр”, “Ер Тарғын”,”Айман-Шолпан”,”Абай”, “Біржан-Сара”, ”Аманкелді” сияқты және басқада операларда басты рольдерде ойнаған.Ұлы Отан соғысы кезінде Ғарифолла Үш рет майдандағы жауынгерлер арасына барып,өнер көрсетіп қайтқан.Ол Мәскеуде, Санк-Петербургте, Киевте, Орта Азияның барлық қалаларында сан мәрте концерт қойып қайтқан.Қазақ өнерін дамытудағы үздік еңбегін ескеріліп, үкімет оған 1939 жылы Республиканың еңбек сіңірген әртісі атағын, 1954 жылы “Халық әртісі” атағын берген. Ғарифолла кеңес музыка төрінде Мұхиттың ән дәстүрін үгіттеуші болды.Ол-халықтан шыққан үлкен өнер иесі бола жанынан ондаған әндер де шығарған ерекше дарын иесі. Оның жаңа әндерінің өзінде жастайынан қанына сіңген халықтық негіз тұратын. Өз өнерінде Мұхит және басқа да қазақтың батыс өлкесінің ән дәстүрін шынайы түрде үгіттеп, таратушы.Ал, енді осы Ғарифолладан дәріс алып, ән айту шеберлігін үйренген шәкірттер қаншама . Соның бірі: Сәуле жанпейісова, Мекес Төрешов, Айгүл Қосанова, Қайрат Байбосынов, Қаламқас Орашева, және т.б. Ғарифолланың әндеріне келетін болсақ «Сүйген жар» ,«Жас өмір», «Нұржамал», «Әнші дауысы», «Оралым»,«Сәлем», «Кел құрбым» және т.б. әндері бар. Бүгінгі өтетін әніміз

«Оралым» әні

1 . Оралым – туған жерім , даңқты қалам

Тарихын шолған сайын өнеге алам .

Түбінен әр көденің бір мал өрген ,

Кең – байтақ , ақ селеулі жазық далам .

Қ- сы

оу , Оралым , менің , оралым ,

Сен дегенде жанымның

Әсері де бір басқа .

Сен деп салған әнімнің

Нөсері де бір басқа .

Қоңыр белің , жібек желің ,

Неткен ыстық жаныма

Қайран елім , туған жерім .

Сен аман бол бағыма .

2 . Жымпиты – шаруа ауданы малын баққан.

Бірігіп бірнеше ұлт теңін тапқан.

Бұлдырты Өреңті мен Шідертідей

Үш өзен – ел ырысы жарып аққан .

Қ – сы

3 . Елімді мақтан етем Жайық атты ,

Ел сүйер ер жігітті серті қатты .

Тау болсын , орман болсын , теңіз болсын .

Әркімнің туған жері балдан тәтті .






ІІІ. Қорытындылау:



Кім білімпаз айдары . Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Е.Брусиловский «Дударай» спектаклінде Степан рөлін сомдаған Қай әртіс ? ( Жауабы: Ғарифолла Құрманғалиев)

  2. Меруерт Құрманғалиева Ғарифолла атасының 100 жылдығына арнап қандай кітп шығарды ? (Жауабы: Әнімен елін тербеген)

  3. Ғарифолла Құрманғалиев қай облысында дүниеге келген?

(Жауабы Орал облысы)

  1. Ғарифолла Құрманғалиевтің ұстазы кім?

(Жауабы : Мұхит Мералыұлының немересі Шайхы Мұхитов)

  1. Ғарифолла Құрманғалиев қай елге ән арнап шығарды?

(Жауабы : Қазақстан )

  1. Ғарифолла Құрманғалиев Кеңес музыка төрінде қай әртістің ән дәстүрін шынай түрде үгіттеп таратты.

(Жауабы. Мұхит Мералыұлы)



Үй тапсырмасы

1.Оралым әнін жаттау. 2.Бағалау.























Дамбы өнер мектебі







Shape1



Тақырыбы: Ғ.Құрманғалиев өмірі мен шығармашылы

« Оралым » әні





Орындаған: Халық әні-терме мамандығының

мұғалімі Идирова Ж.С


Оқушы : Базарбай Руфина 5-сынып











Атырау-2020ж

27 қараша

Салеметсіздерме әріптестер.


Бүгінгі Халық әні терме мамандығы бойынша Ашық сабағымызға Қош келдіңіздер.

Өзімді таныстырып өтсем мен Идирова жадыра Саматқызы Дамбы өнер мектебінің халық әні терме мамандығының 1 санатты мұғалімімін. Алдарыңызда отырған Осы Халық әні-терме мамандығының 5 сынып оқушысы Базарбай Руфина Есенқызы.

Ашық сабақтың бүгінгі тақырыбы:

Ғ.Құрманғалиев өмірі мен шығармашылы

« Оралым » әні


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға қазақ жеріне танымал жез таңдай,күміс көмей,арқалы әнші- Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығы туралы

мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Қазақтың біртуар өнер иелерінің

ән-термелерін үйрете отырып, оқушының ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелілігі: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.


Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

(амандасу,оқушыны түгендеу,сабаққа дайындық)

2.Үй тапсырмасын тексеру (Асыл қарға )

3.Жаңа сабақ. ”Ғ.Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

4.“Оралым”әнін талдау .

5.Кім білімпаз айдары.

6.Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма.


Бірінші сабақ алдында әндету арқылы дауысымызды ашып аламыз.

Сол себепті қазіргі дамыған заманда электронды түрде аудио жазбаға сүйене отырып даусымызға жаттығу жасап алайық.Мұқият тыңдап аламыз Руфина. Дауысымыз ашылған сон үй тапсырмасын тексеріп алайық


Үй тапсырмасына қандай ән алып едік?

Асыл қарға әні

Асыл қарға әнін баланың даусына қарай құлақ бұрауын келтіріп алайық. _________нотасына келтіреміз.

Асыл қарға Әнін орындап шыға ғой Руфина.


Жаңа сабақ бойынша


Қазақстанның халық әртісі, әнші композитор Ғарифолла Құрманғалиев атамыз туралы бейне баянға назар аударсақ.

Экранда көрсетілгендей

Ғарифолла Құрманғалиев 1909 жылы Орал облысы Қаратөбе ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.Әкесі Құрманғали – кедей ,шаруа болған адам. 4 жасында әкеден ,10 жасқа жетер – жетпестен анасынан айрылып, жетім қалады да, әкесімен бірге туған Ғұбайдолла, Хамидолла деген кісілердің қолында өседі.10 жасынан бастап домбыра тартып, ән салады. Әкесімен бірге туықан адамдардың өз балаларындай етіп, қарағанының арқасында жас шағында кемдік көрмей, өнер қууға мүмкіншілігі болады.Сөйтіп, 1927 жылы Ғарифолла Ойыл ауданында,Бөрте болыстарында, Орынбор қаласында болып, ән салады.Одан кейін Гурьев облысында, Қарағашта, Табында болады. Қай жерде жүрмесін Ғарифолланы халық құрметті, өтімді де, сүйкімді өнерпаз ретінде қабылдайды.Көбіне Мұхит әндерін шырқайтын болады. 1929 жылы Қаратөбе қызмет істеп, 1930 жылдан бастап Ақкөл, Құлшық колхоздарындатөраға болып еңбек етеді. 1934 жылы Жымпидыдағы, одан кейін Оралдағы халық өнерпаздарының слетіне қатысады.Онда ылғи бірініші орындарға ие болады.1934 жылдың маусым айында Алматыға келеді.Мұнда Бүкіл Қазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне қатысып, қазылар алқасының шешімі бойынша музыка театрында әртіс болып қалдырылады.

Театрда Евгени Онегин операсында Трике ролін, Біржан-Сара операсында Естай ,Даиси операсында Тито, Дударай операсында Степан,Қз-Жібек операсында Шеге сияқты және басқада операларда басты рольдерде ойнаған.Ұлы Отан соғысы кезінде Ғарифолла Үш рет майдандағы жауынгерлер арасына барып,өнер көрсетіп қайтқан.Ол Мәскеуде, Санк-Петербургте, Киевте, Орта Азияның барлық қалаларында сан мәрте концерт қойып қайтқан.Қазақ өнерін дамытудағы үздік еңбегін ескеріліп, үкімет оған 1939 жылы Республиканың еңбек сіңірген әртісі атағын, 1954 жылы “Халық әртісі” атағын берген. Ғарифолла кеңес музыка төрінде Мұхиттың ән дәстүрін үгіттеуші болды.Ол-халықтан шыққан үлкен өнер иесі бола жанынан ондаған әндер де шығарған ерекше дарын иесі. Оның жаңа әндерінің өзінде жастайынан қанына сіңген халықтық негіз тұратын. Өз өнерінде Мұхит және басқа да қазақтың батыс өлкесінің ән дәстүрін шынайы түрде үгіттеп, таратушы.Ал, енді осы Ғарифолладан дәріс алып, ән айту шеберлігін үйренген шәкірттер қаншама . Соның бірі: Сәуле жанпейісова, Мекес Төрешов, Айгүл Қосанова, Қайрат Байбосынов, Қаламқас Орашева, және т.б. Ғарифолланың әндеріне келетін болсақ «Сүйген жар» ,«Жас өмір», «Нұржамал», «Әнші дауысы», «Оралым»,«Сәлем», «Кел құрбым» және т.б. әндері бар.

Бүгінгі өтетін әніміз «Оралым» әні

Бұл ән Ғарифолла атамыз өз туған жеріне Орал қаласына арнап шығарған әні. Ән 3шумақтан 1қайырмадан тұрады. ____________диапазонда орындалады. Бұл әнді қара қағыспен үйретемін . 2 төмен 1 жоғары қағыспен. Қазір Дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы дүлдүл әншіміз Қайрат Кәкімов ағайымыздың орындауында бейне баянға назар аударайық. Енді біз әннің сөзін анықтап айту үшін әнді тақпақтап орындау керек. (Әнді оқып шығады) Әннің нотасын үйренейік. Бірінші орындап көрсетейін содан соң қолыма қарап ән нотасын үйренеміз.

(Әнді үйреніп алады)

Осылай нақышына келтіріп әнді толығымен орындап шығуымыз керек.

Сабағымызды қорытындылай келе Кім білімпаз айдарына назар аударайық. Саған бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтар беріледі.Сол сұрақтың жауабы арқылы мына тақтада тұрған өнер талының иесін табайық.

  1. Е.Брусиловский «Дударай» спектаклінде Степан рөлін сомдаған Қай әртіс ? ( Жауабы: Ғарифолла Құрманғалиев)

  2. Меруерт Құрманғалиева Ғарифолла атасының 100 жылдығына арнап қандай кітп шығарды ? (Жауабы: Әнімен елін тербеген)

  3. Ғарифолла Құрманғалиев қай облысында дүниеге келген?

(Жауабы Орал облысы)

  1. Ғарифолла Құрманғалиевтің ұстазы кім?

(Жауабы : Мұхит Мералыұлының немересі Шайхы Мұхитов)

  1. Ғарифолла Құрманғалиев қай елге ән арнап шығарды?

(Жауабы : Қазақстан )

  1. Ғарифолла Құрманғалиев Кеңес музыка төрінде қай әртістің ән дәстүрін шынай түрде үгіттеп таратты.

(Жауабы. Мұхит Мералыұлы)



Қазіргі кезде бізде интернет жүйесі көптеген каналдар, сайттар бар.Сол каналдар, сайттар арқылы дәстүрлі ән өнерінің майталмандарын көріп тыңдауға болады.Үнемі осы дәстүрлі ән өнерінің әншілерін айтып таныстырып отырамын.



Үй жұмысы бойынша



Оралым әнін жаттап келеміз.

Бағалау :



Сабағымыздың соғын жүрегіме жаұын Ғарифолла Құрманғалиев атамыздың рухына Әнші Қатимолла Бердіғалиев ағамыздың сөзімен арнаймын.

Сырлы сөзбен әсем әнді төктіңбе,

Нұр шуақ боп әр жүректі өптің де,

Ән сарайы қазына едің қаншалық,

Қойғандайын көмейіне бал салып,

Ән уызға алмаған сәбидей ,

Халқың қалды таңдай қағып тамсанып.

Өрнек еттің өміріңді ән қылып,

Бір өзіңде жарастық та сәнділік.

Асқақ әннің құлақтарда тұрғанда,

Санамызда сіз тұрасыз МӘҢГІЛІК!


Құрметті әріптестер алтындай уақыттарыңызды бөліп зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көптен көп Рахмет.Осы Ашық сабағымыздың Естелігі ретінде шағын Күнтізбемізді қабыл алыңыздар.


Сау саламатта болыңыздар.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі