Ғарыш әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарыш әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ғарыш әлемі туралы түсініктерін кеңейту. Тұнғыш ғарышкерлер туралы мағлұматтарын кеңейту. Уақыт пен кеңістікке және қоршаған орта құбылыстарына назар аударту.Бір-бірін тындай білуге, ұйымшылдық, достыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:Балалардың ғарыш әлемі туралы түсініктерін кеңейту. Тұнғыш ғарышкерлер туралы мағлұматтарын кеңейту. Уақыт пен кеңістікке және қоршаған орта құбылыстарына назар аударту.Бір-бірін тындай білуге, ұйымшылдық, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жер шары, зымыран құрастырылымы.

Шаттық шеңбері.

Армысың, шапағатты Күн-ана,

Армысың, шапағатты Аспан-ана.

Армысың, мейірімді Жер-ана.

Құт дарыт бар әлемді жарылқа.

-Ал, балалар, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме,қонақтар.

Тәрбиеші:Рахмет балалар, орындарыңа отырыңдар.

-Балалар,бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын кім айтып береді?

-Аспан әлемінде. Күн, Ай және жұлдыздар бар.

-Біздің төбемізде не бар?

-Аспан әлемі бар.

-Ал, аспан әлемінде не бар?

-Ғарышқа кімдер ұшады?

-Ғарышқа ғарышкерлер ұшады.

-Олар ғарышқа немен ұшады?

-Зымыранмен ұшады.

-Ең алғаш ғарышқа Юрий Гагарин ұшқан.

-Ал, ең алғаш қазақ ғарышкерлері Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров.

-Жерден басқа планеталарда тіршілік жоқ, ауа жоқ, сондықтанда ғарышкерлер арнайы киім киеді. Оны скафандыр деп атайды.

Ғарышкерлерге арналған бұл киім арнайы жабдықталған,бұл киімнен ыстық та,суықта өтпейді және арнайы сөйлесу үшін радирмен жабдықталған.бұл киімнен ыстық та, суық та өтпейді және арнайы сөйлесу үшін радиомен жабдықталған.

Тосын сәт: Ортаға астраном келеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сендер бүгін ғарыш туралы айтып жатсыңдар ма?

-Мен де ғарышқа ұшып,ғарышты зерттегім келеді.

Тәрбиеші: Ендеше саған кедергі болып тұрған не нәрселер?

-Маған ғалымдар тапсырмалар берді,соны орындасам ғана рұқсат етеді.

-Мен сендерге тапсырмалар алып келдім, сол тапсырмаларды орындаймыз ба?

-Иә.

«Қатынас»

Астраном: Екі тілде айту.

Зымыран-ракета,ғарышкер-косманафт, жер-земля, ғаламшар-планета, ай-луна,жұлдыз-звезда.

Жұмбақ жасыру:

1.Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. (жер аспан)

2.Күндіз бәрі қашады, түнде аспанда босады.( жұлдыз)

3.Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.(жұлдыздар,ай)

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.(Күн)

4.Әдемі түнде мен жүрсем жүреді.(Ай)

5.Үй үстінде ұсақ тас.(жұлдыз)

«Таным»

а) Геметриялық пішіндерден ,,зымыран,, құрастыру.

ә)Топтастыру,,Артық затты тап,,

б)Топтастыру. ,,Күн мен жерді тап,,

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық,

Зымыранға ұқсайық.

Зымыран боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Ойын: «Зымыран»

Музыка ойналады

-Балалар алдымен жылдамдықты арттыру үшін маторды қосайық.

Балалар жұдырықтарын жұмып,екі қлдарын айналдырады.,,Ұшты!,, дегенде екі қолдарын айналдырады .,,Ұштық,, дегенде екі қолдарын артқа, төмен жіберіп жүгіреді,тоқтағанда орындарына келіп отырады.

«Шығармашылық»

Сиқырлы сурет.Күннің суретін салады.

Қорыту.

Шеңберге тұру.

-Балалар, бүгін не туралы , кімдер туралы айттық?

-Тұнғыш ғарышқа ұшқан кім екен?

-Қазақтың ғарышкерлері кімдер?

-Біз қай ғаламшарда тұрамыз?

-Біздер нелерді шештік?

-Не құрастырдық?

-Қандай сурет салдық?

-Қандай ойындар ойнадық?

-Балалар, бүгін барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Мен енді ғарышқа баратын болдым.Менің сендерге сыйлығым бар,сендерге сыйлыққа жұлдызша әкелдім.

-Қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
749
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі