Материалдар / Ғарыш дегеніміз не?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғарыш дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Жаратылыстану Мектеп:О.Шонаев атындағы орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жер және ғарыш»

Мұғалім: Хафизова Ардақ Нағимбековна

Күні: Қатысқандар саны: 21

Сыныбы:1 Қатыспағандар саны:0


Сабақтың тақырыбы:

Ғарыш дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізеткізілетін оқу мақсаттары:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:Ғарышты анықтайды.

Астрономия- ғарышты зерттейтін ғылым екенін атайды.

Көптеген оқушылар:Шоқжұлдыздарды сәйкестендіреді.

Шоқжұлдыздарды ,ғарыш денелерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар:Шоқжұлдыздардың ерекшеліктерін анықтайды.Шоқжұлдыздарды ретімен орналастырады.

Бағалау критерийлері:

Ғарышты анықтайды.

Астрономия- ғарышты зерттейтін ғылым екенін атайды.

Шоқжұлдыздарды,ғарыш денелерін сипаттайды.

Шоқжұлдыздардың ерекшеліктерін атайды.

Шоқжұлдыздарды ретімен орналастырады.

Тілдік мақсаттары:

Астрономия,ғарыш,шоқжұлдыз.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану.Ерте замандағы адамдардың өмір салты.Көшпенділер.

АКТ қолдану дағдылары:

Ғарыш туралы слайд

Бастапқы білім:

Мектеп алды даярлық тобынан ғарыш, ай,жұлдыз,күн,зымыран туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Кіріспе тапсырма. Ғарышқа саяхат. Оқушылардан ғарышты қалай елестететіндерін сұрау. Суретке назар аударту.

Анықтау:

Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)





Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.









Ғарыш жайлы видео.

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Оқушыларды топтарға күн,ай суреті арқылы 3топқа бөлемін.

Сабақта қолданатын әдіс-тәсіл:




https://www.youtube. com/watch?v=HRmMe5NuBpA


Сабақтың ортасы

Ежелгі астрономия.

Топтық жұмыс: Топтарға Ежелгі адамдар астрономиямен неге айналысты? деген сұраққа жауап беруге талқылау беремін.


Сабақ барысында қазақтардың көшпенді өмірі бейнеленген суретке назар аударту. “Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?”

Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қойылады:

Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)

Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)

Зерттейік. Топтық жұмыс жасау үшін түрлі түсті қағаз, картон, А4 форматты ақ парақ, желім, түрлі түсті қарындаштар, шоқжұлдыздар туралы аңыз кітаптар қажет болады.

Таңдап алынған шоқжұлдыздар туралы аңыздардан үзінді оқып беру. Бұл шағын мәтіндер болуы керек. Тапсырмаларды күрделендіру мақсатында оқи алатын оқушыларға оны өз бетінше орындауды ұсынуға болады.

Жұлдыз тобы|:Шоқжұлдыздар,ғарыш денелері туралы мәліметтер жазу

Күн тобы:Шоқжұлдыздардың суретін салу.

Ай тобы:Ғарыш денелерін


Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын сыныптың талқылауына ұсына алады.

Зерттеу барысында мынандай сұрақтар қойылады:

Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алынды?

Ол несімен қызықты?

Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет болды? “Астрономия” сөзінің аудармасы жайлы айтып беру.

Топтар бірін-бірі жұлдызшалар арқылы бағалайды

Дескриптор: Мәтінді оқиды.

Мәтінің ішінен тірек сөздер табады.

Шоқжұлдыздардың суретін салады.

Кітап мұқабасын жасайды.








Кітаппен жұмыс

















Сабақтың соңы

Жеке жұмыс:Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойша ғарыштамыз деп елестетеді. “Айналадан не көріп тұрсыңдар?” — деп сұралады. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш ту ралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін білу үшін: “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұралады.


Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғаламшар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.



Рефлексия:Жетістік пойызы.

Тапсырма орындауды қатесі жоқ болып,түсінсе стикерлерін жасыл вагонға,

1-2 қатесі болып,әлі де көмек керек болса сары вагонға,

3-тен көп қатесі болып,түсінбедім десе қызыл вагонға жабыстырады.




Дәптермен жұмыс















Дәптермен жұмыс

Саралау-оқушыларға қалай көмек көрсетесіз.Қабілеті жоғары оқушыларға

Қандай міндетті

Қоюды жоспарлап отырсыз.

Бағалау-оқушыларды материал меңгеру деңгейін текскруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Қабілеті жоғары оқушыларға мәтін ішінен тірек сөздерді тауып жазу.




Бірін-бірі жұлдызшалар,өзін-өзі күлегештер арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

Саяхатшы дара





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!