Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғарыш дегеніміз не? 4-класс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№4 жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Камышева Сағираш Жангалиевна
Класы:4 «А»
Пәні: дүниетану
Тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?
Мақсаты: 1. Ғарыш туралы ұғым қалыптастыру.
2. Танымдық ой – өрісін, әңгімелете отырып сөздік қорын дамыту.
3. Табиғаттағы жайларды бақылауға, зейінділікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, “Сен білесің бе?”, “Түртіп ал”, “Тексеріп көр!”, көрініс, тізбектеп оқу, білгенге маржан.
I.Психологиялық дайындық.ПсиПсихологиялық дайындық.
Аспан-аспан арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын
Көктің жүзін барлайын.
II.Ой толғау. ( Қозғалмалы жұлдыздар, түнгі аспан, сарқыраған су т.б интерактивті тақтадан көрсетіле отырып сезіндіру)
Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған жұлдызды көресің. Олардың кейбірі солғынжарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отты елестетеді. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан.Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. (1-слайд)
III. Көрініс. «Ғаламшарлар»
IV. Жаңаны мағынаны тану. (Слайдтан қозғалмалы Күн, Жұлдыз, 9 планетаны, кометаны көрсете отырып түсінік беру)
Жұлдыз – газдан тұратын аспан денесі. Ол өз қуаты нәтижесінде өзі жарық шығарады. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Жерге ең жақын жұлдыз-Күн. (2-слайд)
Күн – балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердің ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннің бетіндегі температура -6000 мың градусқа тең. Күннің жылуы мен жарығы адам, өсімдіктер, жануарлар үшін өте қажет екенін өздерің білесіңдер. Күннің төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар ғаламшарлар (планета) деп аталады.
Ғаламшарлар-«адасушы жұлдыз» деген сөз. Ғаламшар-өздігінен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздігінен жарық шығару мүмкіншілігі жоқ, күн сәулесінің шағылысуынан
жарқырап тұрады. Енді планеталарға тоқталып өтейік.(3-слайд)
Шолпан– Күннен 108 млн шақырым қашықтықта орналасқан екінші ғаламшар. Аудан жағынан Жерден сәл кіші. Күнді 225 тәулікте айналып өтеді.Шолпандағы температура +464 градус. Мұнда бірде бір мақұлық өмір сүре алмайды. (4-слайд)
Марс – төртінші ғаламшар. Оның диаметрі жерден екі есе кіші. Күнді 687 тәулікте айналып өтеді. Марстың екі серігі бар – Фобос және Деймос. Серіктер Марсты айнала қозғалумен қатар Күнді де Марспен бірге айналып өтеді. (5-слайд)
Юпитер - күн жүйесіндегі бесінші ең үлкен ғаламшар. Диаметрі жағынан Жерден 11,5 есе үлкен. Күнді 11,9 жылда айналып өтеді. Юпитердің 16 серігі бар. Соның ішінде Ганимед Күн жүйесіндегі ең үлкен серік. (6-слайд)
Сатурн – алтышы ғаламшар. Ғаламшардың ерекшілігі сансыз көп тастардың кесектерінен, мұздан және шаң – тозаңнан тұратын жалпақ жарқыраған сақина тәрізді болып келуі. Диаметрі Жерден 9,5 есе үлкен Күнді 29,5 жылда айналып өтеді. Айналасында 17 серігі бар. (7-слайд)
Уран–жетінші ғаламшар. XVIII ғасырда ашылған. 1781 жылы неміс астрономы Вильгелм Гершель ашты.Оның Күннен алыстығы соншалықты, Күннен бөлініп шыққан жылуды Жерге қарағанда 400 есе кем алады. 15 серігі бар. Күнді 84 жылда айналып өтеді.(8-слайд)
Нептун – сегізінші ғаламшар.1846 жылы ғылымға белгілі болды. Оны француз Урбен Леверье және ағылшын Джон Адамс ашты. Құрылымы жағынан уранға ұқсас. (9-слайд)
Плутон – Күн жүйесіндегі ең кішкентай және ең алыста орналасқан ғаламшар. Күннен 6 млрд шақырым қашықтықта орналасқан. Күнді 247,7 жылда айналып өтеді. Ғаламшардың жалғыз серігі Харон 1930 ж американдық астроном Клайд Томбо ашты. (10-слайд)
Комета – құйрықты жұлдыз. Тастардан, шаң – тозаңдармен араласқан алып мұздардан тұрады. (11-слайд)
Жер- Күннен санағанда 3-ші ғаламшар. Күннің айналасындағы өзінің жолын жер секундына 30 км жылдамдықпен өтеді. Жер бетінің жалпы ауданы 510 млн км кв, оның 70% - ы су, қалған 29% -ін құрлық алып жатыр. (12-слайд)
Ай - Жердің табиғи серігі, оған ең жақын аспан денесі. Ай -біздің ғаламшарымыздың жалғыз серігі. Айдың диаметрі жердікінен 4 есе кіші.Сағатына 28000 км жылдамдықпен ұшатын ғарыш кемесімен Айға 13 сағат 43 минутта жетуге болады. Күн және оны айналып жүретін ғаламшалар мен олардың серіктері күн жүйесін құрайды Сансыз жұлдыздардың жарқырап көрінетінін және көрінбейтінін жинақтап адамдар ғарыштық кеңістік деп атайды.Ғарыш кеңістігінде шек жоқ.Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 мың км жылдамдықпен таралады. Ол жерге Айдан 1,3 секундта,Күннен 8 минуттан астам уақытта жетеді. (13-слайд)
Ғарыштың құрамдас бөліктеріне:
Жұлдыздық жүйелер – галактикалар;
Олардың аралықтарында бос кеңестіктер;
Әлемдік шаң – тозаңмен газ шоғырлары;
Әлемнің түкпір – түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер.
Жерді қоршаған бүкіл дүние-Әлем немесе Ғарыш деп аталады. (14-слайд)
V. «Кім біледі?» (15-слайд)
(Оқушылар өз білетіндерін айтады. Мұғалім ғарышкерлердің суреттерін тақтадан көрсете отырып толықтырады) Ғарышқа жол қай жылы ашылды? (1957 жылы 4 қазан)
Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ғарышкерлерді ата.
Тоқтар Әубәкіров – алғашқы қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының батыры, КСРО – ның еңбек сіңірген сынақшы – ұшқышы , 1991ж 1 қазанда Ғарышқа зерттеуші ғарышкер ретінде ұшты.
Юрий Гагарин – тұңғыш ғарышкер. Ғарышқа 1-ші болып барып қайтқан Кеңес Одағының азаматы, ғарыштық сапарына 1961ж 12 сәуірде ұшты
Талғат Мұсабаев – ұшқыш ғарышкер. Қазақстан Халық Қаһарманы. 1994, 1998, 2001 жылдары халықаралық ғарыш экипажының командирі ретінде
3 рет ғарышқа ұшты.
VI. Білгенге маржан.
а) Ғарыш құрал –жабдықтарының суреттерін көрсете отырып атауларымен таныстыру.
ә) Ғарышкерлер алған ақпараттардың халық шаруашылығы үшін маңыз туралы әңгімелету. (16-слайд)
VII. Оқулықпен жұмыс.
а) Балаларға жартылай дауыста өз бетінше оқыту;
ә) Мәтінде айтылмай қалған материал болса толықтыру.
VIII. «Түртіп ал!» (17-слайд)
Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе Ғарыш Ғаламшар-адасушы жұлдыз.
Күн жүйесі-Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оны серіктерін айтамыз.
Әлем немесе Ғарыш-Жерді қоршаған бүкіл дүние.
Галактика-миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.
VIII. «Сен білесің бе?»
1. «Ғаламшар» грекше қалай аталады?
2. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер?
3. Жердің серігін ата.
4. Жарық секундына неше км жылдамдықпен таралады?
5. Бұл ғаламшар-алыптардың алыбы, ол ғаламшарлардың барлығын біріктіріп, қараған
мөлшерден де үлкен.
6. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар?
7. Жердің дүние жүзіндегі бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды?
8. Қазақ ғарышкерлерін ата.
9. Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады
IХ.Тексеріп көр!
1.Адасушы жұлдыз
2. Ғаламшар (планета)
3. Ай
4. 300 мың км
5. Юпитер
6. Жер
7. 1957 жылы 4 қазан
8. Т. Әубәкіров және Т. Мұсабаев
9 Әлем немесе Ғарыш
Х. Қорытындылау.
ХII. Үйге тапсырма:
1.Ғарыш дегеніміз не? Ғарыш туралы іздену.
2.Ғарышқа ұшу және ғарышкерлер жайында фотосуреттер жинақтау.
ХII. Бағалау