Күні: 12.04.18ж
Сынып: 1м
Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат
Мақсаты:
а) Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
ә) Ғарыш әлемі жайлы және 12сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру. Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлеріне тоқталу. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту. Адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
б) Оқушыларға үш тілді меңгерту, олардың ағылшын, орыс тілдеріне деген қызығушылықтарын артыру.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру,АКТ, топтық жұмыс, сөзжұмбақ.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру:
-
Амандасу
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат – анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз!
Саламатсыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Ғарыш әлеміне саяхат» атты ашық тәрбие сағатымды ашық деп жариялаймын. Балалар, сендер қазір қайда тұрып жатсындар?
Қазақстан жерінде, яғни жер атты планетада мекен етіп жатырмыз. Тек қана Қазақстан мемлекеті емес, сонымен қатар басқа да шет мемлееттер осы жерді мекендейді, олар біздің көршілес елдеріміз.
Балалар, ғарыш әлеміне саяхат жасауға дайынбыз ба? Ендеше, мына видео роликке назар аударайық.
«Жер-біздің планета» видеоролигі ұсынылады.
-Балалар, біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
-Жер планетасы біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.
Балалар, біздің мемлекетіміз басқа мемлекеттер сияқты жер шарында орналасқан, яғни жер планетасында. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.
Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.
Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады.
2-оқушы: Жер,Жер күн жүйесінің аймағы қай қалашықта орналасқан?
1-оқушы: Галактика деп аталатын қалашықта. Галактикада менің ауданым сияқты мекендер көп, біз солардың біріміз.
Мұғалім: Ендеше балалар, тақтаға назар аударайық.(Планеталар қозғалысы)
Бұл балалар, ғаламшарлардың түрлері көп, олар 18 мың ғалам әлемінде орналасқан. Олардың саны, ш егі жоқ. Аспан әлемін ойша аралау, шолу жасау мүмкін емес, ол сондай алып мекен. Ғарыш әлемі осы.
-Балалар, бұл әлемді зерттейтін адамдарды кім дейді?
Аспан денелері туралы ғылымды-астрономия деп атайды. Ал адамдарды астрономдар дейді. Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу.
Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам.Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.
12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді. Ғарышкердің денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек. Ғарышқа ұшып, аспан денелерін бақылауда алдымен иттер ұшырылды. Ит адамның- ақылшы досы деп сенім артқан.
Сөзжұмбақ шешу
Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
Мұғалім: Оқушылар ерекше тор көзден ғарыш сөзі шықты. Ғарышкер киімі скафандр туралы және зымыранның қалай ұшатындығы туралы мәліметтерді бейне баяннан бірге тамашалайық.
Мақтанамын ерлігіңмен ағаларым! Өлең шумақтары
1-оқушы:
Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
2-оқушы:
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.
3-оқушы:
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
4-оқушы:
Бабасындай асауға,
Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға,
Артқан еді құмарлық.
5-оқушы:
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп
6-оқушы:
Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
7-оқушы:
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарышқа,
Ғарышкер де боламыз.
8-оқушы:
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
9-оқушы:
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.
10-оқушы:
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
11-оқушы:
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
Қызықты мәлімет.Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.
Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.
Топтық жұмыс.Постер
*Ғарышкер қандай болу керек?
*Ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде?
*Ғарыш айлағы
Жұмбақ шешу
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/
Етегім толы сөк, Ерте тұрсам жоқ. Жұлдыз
Көлде жүрген ақ үйрек, Түнде бар да, күндіз жоқ. Ай
Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. Күн
Не басы, не аяғы жоқ
Не алды, не арты жоқ Жер
Мекені көкте екі ару Бір-бірін көруге зәру. Күн мен ай
Рефлексия. Егер мен ғарышкер болсам...?
Қорытынды:
Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен менің ғарышқа саяхатымыз аяқталды.
“Сіздерден бізге бір тілек…” Келген қонақтардың тілегін тыңдау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғарыш əлеміне саяхат

шағым қалдыра аласыз