Ғарышты игерудегі Қазақстанның мүмкіншіліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарышты игерудегі Қазақстанның мүмкіншіліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру. • Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу. • Тәрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ғарышты игерудегі Қазақстанның мүмкіншіліктері

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру.

·        Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу.

·        Тәрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин презентация. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар видео.

.

І. Жаңа сабақ.

         Сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.

         Тақырыптың жоспары.

1. Ғарышқа алғашкы қадам.

2. Қазақ ғарышкерлері.

3. Ғарышты игерудің маңызы.

          Сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

Ғарыш дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

  Оқушылардың ойын білгеннен кейін   планеталар суретін көрсетіп жалпы ғарыштық кеңістік туралы қыскаша түсінік беріп өтемін.

         Ары қарай  жоспардың бірінші бөлімін ауызша баяндап беремін.

Бағыты:

·        Ғарышқа талпыныс.

·        Адам баласының алғаш рет ғарышқа ұшуы. Ю.А. Гагарин.

·        Байқоңыр.

         Оқушыларға негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазғызамын.

Адам баласының алғаш ғарышқа ұшқан мерзімі - 1961 жылғы 12 сәуір.

         Жоспардың екінші бөлімі жайында да осылай түсіндіріп өтемін.

   Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Бұл әрине коммунистік саясаттың кесірі. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.

         Енді сол ғарыш көгіне самғаған қазақ азаматтары жайлы айта кетемін.

1. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.

2. Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады.

         Олар жайлы оқушыларға қысқаша мәлімет беремін.

         Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушылармен пікір алысамын. Ғарышты игерудің маңызын аша отырып, қандай пайдасы бар екенін оқушылардан сұрап кетемін.

           О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» поэмасын оқушыларға оқыту.

Қорытынды кезең

         Сабақты бекіту мақсатында   төмендегідей сұрақтарды қоямын.

1.  Ғарышты игерудің ғылымға тигізер пайдасы қандай деп ойлайсың?

2.  Қазақстанның ғарышты игеруге кандай мүмкіндіктері бар?

3. Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің? т.б.

   Жаңа сабақтың негізгі мәселелеріне тоқтала отырып, тақырыпты қорытындылаймын. Ғарышты игерудің адам баласы үшін қаншалықты маңызды екеніне оқушылардың көзін жеткіземін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
745
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі