"Ғашықпын қазақ тіліне"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ғашықпын қазақ тіліне"

Материал туралы қысқаша түсінік
Асан қайғы, Жиренше, Сөйлеп өткен қазақ тіл. Әз Жәнібек,Қойлыбай Сыйлап өткен ғажап тіл. Бағаласаң шынымен Баба тілің- асыл- дүр...- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілінжырға қоспаған ақын жазушылар кемде -кемшығар. Мен де ана тілім туралы "Ғашықпын қазақ тіліне" атты эссе жаздым. Қазақ тілі - ғажап тіл. Сөздік қорға бай тіл.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғашықпын қазақ тіліне

Анамыздын ақ сүтімен боймызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б. Момышұлы

Қазақ тілі – шұрайлы, бай тіл. ХІХ-ХХ ғасырларда ана тілімізді зерттеген ірі түркітанушылар мен саяхатшылар тіл байлығына қызығып, өз таңданыстарын жасырмаған. Орыс ғалымы П.М. Мелиоранский: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл деп куәландырып отыр» десе, француз ғалымы А.Жарри де Мансе: «Қазақ тілі – түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі» деп, қазақ тілінің тазалығы мен байлығы туралы жарыса жазған. Ал бүгінгі күнде салғыртсыздығымыз бен немқұрайлығымыздың салдарынан тіліміздің көркемдігін өзге түгіл өзімізге дәлелдей алмай жүрміз. Өз елінде, туған жерінде жүріп, өзге тілде сөйлеуге намыстанбаған бауырларымыз туралы не айтуға болады. Бұдан бір жарым ғасыр бұрын Мұрат Мөңкеұлы бабамыз «Алашұбар тілің болады, Дүдәмалдау дінің болады» дегенде, қазақ қара сөзінің осындай күйге ұшырарын біліп айтты ма екен. Арада бір жарым ғасыр өтіп, еліміз, халқымыздың бірнеше рет жаңарғаның ескерсек, ана тіліміздің қолдану үрдісі де заманға сай өзгергені рас. Бірақ тәуелсіздік алған егемен елімізде тіліміз дәл бұлай жетім қыздың күйін кешеді деп кім ойлаған.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар – деп, ақын Дихан Әбіл атамыз туған тіліміздің ғажаптығын өлеңмен жеткізген. Бүгінгі таңда да тіл жанашыры боп, тіліміздің мәртебесін арттыру үшін еңбек етіп жүрген азаматтарымызда баршылық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бәрімізде ана тілімізді сақтауға, дамытуға, мәртебесін асыруға ат салысайық.

- Сөз түзелді, тыңдаушым сенде түзел,- деп хакім Абай айтқандай еліміз егемен, жеріміз кең байтақ, көк аспан астында бейбітшілікте еркіндікте, тыныштықта өмір сүрген қазағым ана тілімізді сақтайық, сан ғасыр бойы бабалардан жеткен баға жетпес асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа бізде аманаттайық.

«Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. ...Ғашықпын қазақ тіліне! Осындай «майса» тілді қалай өгейсітуге болады» деп жазған Н. Ондасынұлы. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді құрметтеу - әрбір қазақтың міндеті.

Жанатаева Айгүл Әлімханқызы Х.А.Яссауи мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ана тілі – анам тілі

Қазақтың бір туар ақыны Абай атамыз: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады» деп тегін айтпаған. Қазақ тілінің байлығы мен тіл тазалығы және таңғажайып қасиеттері жайында пікір айтушы ақындар мен жазушылар, зерттеуші ғалымдар өте көп. Сонымен қатар ана тіліміз туралы өзге ұлт өкілдері де тамсана жазған. Осындай дуалы ауыздардан шыққан есті сөздер топтамасын оқырмандар назарына ұсынып отырмын.

Ыбырай Алтынсарин: «Қазақтың тілі соншалық мол. Ләкін қазақтың тілімен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалық жатық әм анық болар еді, егерде біздің қазақтараңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе».

Халел Досмұхамедұлы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек».

Міржақып Дулатов: «Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәрімізде айтамыз. ...бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді бай да, таза да болған. Бірақолар көрші жұрттардың сөзі қосыла – қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық... Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдарда оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр... Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымыз қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі «Тіл құралы» екенің ұмытпасқа керек».

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата – бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым – білім де осында, әулиелікте осында. Солай болғаны үшін бұрыңғы өткен ата – бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті», «Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі ең гауһары – қазақ тілі».

Мағжан Жұмабаев: «Тіл – адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт,тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауыұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары счайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ».

Мұхтар Әуезов: «Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты».

Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі- халық болып жасалғанан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі».

Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін құрметемеу ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Тілден биік асқар жоқ».

Ғабиден Мұстафин: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам сияқты».

Бауыржан Момышұлы: «Осы күнде ана тілімізді білмейтін оқымыстыларымыз аз емес. Бұл біз үшін жетістік пе? Өз басым жетістік деп айта аламаймын. Себебі анасын сыйламайтындардан қандай мейірім күтуге болады?». «Анамыздын ақ сүтімен боймызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту». «Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт – санасын, жауынгерлік дәстүрінің қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері».

Нұртас Ондасынұлы: «Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десең де сияр.Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң небір алуан –шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне! Осындай «майса» тілді қалай өгейсітуге болады».

М. Әлімбаев: «Менің анам жақсы десем, бұдан өзгенің анасы жаман деген ұғым тумақ емес, бұл өзгенің шамына тимейтін сөз болса керек.

Қазіргі қазақ тілі – не бары керемет философиялық толғаныстарды да, күрделі терең ойларды да, қылдан нәзік, жібектен биязы, аяулысезім – тебреністерінде емін-еркін әсерлі жеткәзетін көсілмелі, кең құлашты көркем тіл, «толқының жүрегінің хаттай танытар» ғажап тілдердің бірі. Бұған барша қазақ баласы мақтана алады».

Қабдеш Жұмаділов: «Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып – қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп – былдырау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтыра айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден щыққан қара сөдің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да, сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің».

Француз ғалымы А.Жарри де Мансе: «Қазақ тілі – түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі».

Орыс ғалымы П.М. Мелиоранский: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл деп куәландырып отыр».

Хасан Туфай татар ақыны: «Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл – қазақ тілін ғасырлар бойына қастерлеп сақтағандарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рақмет».

Дудек Гржебичек чех ғалымы: «Сіздердің (қазақтардың) тіліңіз синонимге өте бай».

А.Саади татар ғалымы: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрыңғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол –қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек».

С.Е.Малов орыс ғалымы: « Қазақ тілі өзінің бейнелілігі,суреттілігі жағыннан басқа түрік немесе түркі тілдерінен әрдайымбөлекшеленіп тұрады. Қазақ – өзінің ауызекі көркем тілімен, ашықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық. Қазақ тілі бұрын да, кейбір реттерде бүгін де сомдалған және біртұтас тіл деп танылып келеді».

Герольд Бельгер неміс жазушысы: «Қазақтың қазіргі әдеби тілі жолында тосқауыл, бөгет кездеспей, сары далада қанат жайып, сарқырап аққан алапат тасқын сияқтанады. Қазақ тілінің дәстүрі әрі бай, әрі ұлттық топыраққа тамыры терең бойлап кеткен».

В.В.Радлов орыс ғалымы: «Қазақтардың тілі жатық та, шешен әрі өткір, көбіне іліп – қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен саутсыздарының өзі ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстар дәрежесінде сөйлей біледі».

Жанатаева Айгүл Әлімханқызы Х.А.Яссауи мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі