Тақырып бойынша 11 материал табылды

Газ құбырлары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж студентері мен жоғары оқу орындарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Газ құбырлары.

Газбен қамтамасыз ету жүйесінде негізгі элемент газ құбырлары болып табылады. Олар газдың қысымына, арналуына және орналастыру әдісіне байланысты жіктеледі. Тасымалданатын газдың ең жоғарғы қысымына байланысты келесі түріне бөлінеді.

  • Жоғары қысымды І санаттағы газ құбырлары – газдың жұмысшы қысымы 0.6МПа (6 кгк/см²) – 1.2 МПа (12 кгк/см²)

  • Орташа қысымды ІІ санаттағы – газдың жұмысшы қысымы 0.3 МПа (3 кгк/см²) - 0.6 МПа (6 кгк/см²)

  • Төменгі қысымды газ құбырлары – газдың жұмысшы қысымы – 0.05 Мпа (0.05 кгк/см²)

Төменгі қысымды газөткізгіштері тұрғын үйлерге , қоғамдық ғимараттарға, қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне, сонымен қатар қоғамдық ғимараттарға қосалғы салынған үйлерде, жылыту қазандақтарына, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріне газды тасымалдау үшін қолданылады. Төменгі қысымдағы газ құбырларына ұсақ тұтынушыларды, ішкі жылыту қазандықтарын да қосуға болады. Ірі коммуналдық тұтынушыларды төменгі қысымды жүйеге жалғауға бомайды, өйткені онымен жоғары жинақталған газдарды тасымалдаған экономикалық жағынан тиімсіз.

Орташа және жоғары қысымды газөткізгіштері қаладағы төменгі және орташа қысымды тарату жүйелері (ГТЖ) арқылы қоректендіреді. Сонымен қатар олар газды газ тарату бекеттері ГТБ және жергілікті ГТҚ (газ тарату қондырғылары) арқылы өндірістік және коммуналдық мекемелерінде газ жүргізгіштеріне береді.

Қалалық жоғары қысымды газ құбырлары ірі қалаларды қоректендіретін артерия болып табылады. Оларды сақина, жартылай сақина және сәуле шашақтары түрінде орындайды. Олар арқылы газ, газ тарату бекеттері мен орташа және жоғары қысымды жүйелерге, сонымен қатар 0.6 МПажоғары қысымды қажет ететін технологиялық үдерісті ірі өндірістік мекемелерге беріледі.

Газ қысымын сатылар санына байланысты анықтайды. Қала және елді мекендердің газбен қамтамасыз ету жүйесінің газ құбырлары бір – екі, үш және көпсатылы болып бөлінеді.

Бірсатылы газбен қамтамасыз ету жүйесінде тұтынушыларға газ төменгі қысымды бір желіде беріледі.

Екі сатылы газбен қамтамасыз ету жүйесі тұтынушыларға газды орташа, төменгі және жоғары қысымды газ құбырлары арқылы таратады.





Үш сатылы газбен қамтамасыз ету жүйесі газдың тұтынушыларға жоғары, отраша және төменгі қысыммен таратуға мүмкіндік береді.



Көпсатылы газбек қамтамасыз ету жүйелері – газы жоғары І санаттағы (1.2 МПа); жоғары ІІ санаттағы (0.6 МПа); орташа (0.3 МПа дейін) және төменгі (0.005 МПа) қысыммен таратуды қарастырады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12