Материалдар / Гендерлік теңдік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гендерлік теңдік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал гендер жайлы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК-ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТІРЕК»



Мұратқызы А., «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі - Джумабаева Қ.А., PHD докторы., қауымдастырылған профессор,

«Тұран» Университеті., Алматы қ., Қазақстан Республикасы



Аннотация: Мақала гендерлік теңдік тақырыбының ауқымын қамтиды. Мақалада гендерлік теңдіктің әлемге тұрақтылық пен баланс әкелетіні туралы толық түсіндіріледі. Мақалада гендерлік теңдіктің қоғам дамуында қосатын үлесі анықталады. Мақалада басты зерттелетін тақырып- гендерлік теңдік және оның қазіргі әлемге әсері. Мақаламен танысу барысында сіздер гендерлік теңдік бойынша толығырақ танысатын боласыздар.

Кілт сөздер: Гендерлік теңдік, мемлекет, қоғам, тұрақтылық, әлем, баланс, құқық, әсер ету, дискриминация.

Аннотация: В статье раскрыта тема гендерного равенства. В статье подробно объясняется, как гендерное равенство может принести стабильность и баланс в мир. В статье определен вклад гендерного равенства в развитие общества. Основная тема исследования в статье – гендерное равенство и его влияние на современный мир. Прочитав статью, вы узнаете больше о гендерном равенстве.

Ключевые слова: Гендерное равенство, государство, общество, стабильность, мир, баланс, закон, влияние, дискриминация.

Abstract: the article covers the scope of the topic of gender equality. The article explains in detail how gender equality brings stability and balance to the world. The article defines the contribution of gender equality in the development of society. The main topic under study in the article is gender equality and its impact on the modern world. In the course of familiarization with the article, you will learn more about gender equality.

Keywords: Gender Equality, State, Society, stability, World, balance, law, influence, discrimination.



Тәуелсіз Қазақстан үшін қашан да елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік болуы өте маңызды. Зайырлы мемлекет ретінде қоғам үшін барлық адамның құқығы теңдей. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан жылдан-жылға үздіксіз даму үстінде. Әділетті, дамуға ұмтылатын, мүмкіндіктерді кеңінен ашуға талпынатын мемлекет үшін әрдайым гендерлік теңдік басты назарға алынуы қажет. Гендерлік теңдігі бар қоғам қашан да дамуға, түрлі мүмкіндіктер мен жан-жақтылыққа бейім тұрақты қоғам болады.

Гендерлік теңдік – қай жынысқа жататынына қарамастан, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін және саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өмір салаларына қатысуға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе[1].

Гендерлік теңдік- бұл әділ және тұрақты қоғамның негізі болып табылатын принцип. Бұл жынысына қарамастан барлығына тең құқықтарды, мүмкіндіктерді және құрметті білдіреді. Гендерлік теңдік неғұрлым әділ және үйлесімді әлем құруға ықпал етеді және оның тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өту маңызды.

Гендерлік қоғам құру кезінде денсаулық сақтау, білім, ғылым секілді түрлі салаларда немесе мемлекеттік лауазымды жұмыстарда ер мен әйелге бірдей мүмкіндіктерді қарастыру әділетті қоғам құруға үлкен септігін тигізеді. Тіпті, заң алдында барлығының құқығы тең болғандықтан, тең құқылы гендерлік қоғам құру әбден дұрыс. Ол сөзіме дәлел:

Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының, 2-тармағында: « Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.[2]

Гендерлік теңдік қағидаттары сақталатын қоғамдарда адамдар білімге, денсаулық сақтауға, экономикалық мүмкіндіктерге және саяси өмірге қатысуға тең қол жеткізе алады. Бұл теңсіздікті азайтуға, әл-ауқат деңгейін арттыруға және әлемнің дамуына ықпал етеді. Гендерлік теңдікті сақтай отырып, біз тұрақтылықты нығайтуға және әлеуметтік қақтығыстарды азайтуға ықпал етеміз. Сондықтан кез келген гендерлік теңдікке ұмтылатын адам үшін жасалған әрекет өте маңызды. Оған дәлел ретінде Элисон Вудвардтың кітабынан үзінді: Ұмтылатын кез келген адам

Гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізуде одан әрі алға жылжуда, әрекет жасамас бұрын жағдайды талдау керек. Бұл сөз мәдениетті, оның ішінде ұйымдастырушылық мәдениетті де айтады, бұл балыққа арналған су сияқты. Тек судан шыққаннан кейін, балық судың (мәдениеттің) не екенін түсінеді.[3].

Яғни, жағдайды талдау, жан-жақты саралау бізге сол нәрсенің құнын, теңдіктің мәнін түсінуге көмектеседі.

Гендерлік зорлық-зомбылық пен кемсітушілік қоғамдағы тұрақсыздық пен қақтығыстардың көзі болуы мүмкін. Сондықтан олармен күресу және гендерлік теңдікті ілгерілету бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Қоғамдағы гендерлік сәйкестікті еркін анықтау құқығы өтініштер санының көптігінде емес, сонымен қатар туу туралы куәліктерде, жүргізуші куәліктерінде, паспорттарды және басқа да ресми құжаттарда міндетті гендерлік сәйкестіктің жойылуында көрінеді. Мұндай тәжірибелер гендерлік теңдікті анықтауда Канадада, Үндістанда, Бангладеште, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Пәкістанда, АҚШ-тың кейбір штаттарында бар.[4]. Осы арқылы гендерлік сәйкестікпен құқықты теңдікті реттеп отыруға болады. Бұл мемлекет үшін едәуір пайда әкеледі. Сондай-ақ әлемнің дамыған елдерінде жүзеге асқан әдіс болып табылады.

Гендерлік теңдік сонымен қатар тиімді шешім қабылдауға ықпал етеді. Шешім қабылдау процесінде әртүрлі дауыстар мен пікірлерге ие бола отырып, қоғам мәселелердің әртүрлі аспектілерін толығымен қарастырып, ең жақсы шешімдерді таба алады. Бұл тұрақтылықты нығайтуға және қоғамның дамуына ықпал етеді.

Гендерлік теңдік тек моральдық және этикалық мәселе ғана емес, сонымен қатар қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады. Гендерлік теңдікті ілгерілету әділетті және тұрақты болашаққа ұмтылатын барлық елдер мен қоғамдар үшін басымдық болуы керек.

Тағы қарайтын болсақ, Симона де Бовуар өз сөзінде: Әрі қарай әйелдердің көзқарасын елемеу, байқаусызда болса да ерлердің пайдасына бұрмалануға әкелетінін көрсетуге тырысатынын айтты. Ер адамдар өздерінің жеке көзқарастарын абсолютті шындықпен шатастыруға бейім екенін жазған кезде дәл осылай айтқан.[5].

Тіпті, осы үзіндіден де ер адамдардың басымдылық танытып өз жеке құқықтарымен әрқашан басып алғысы келетіні байқалады. Шынында да кез келген дамуға ұмтылған тең құқылы қоғам болуы үшін де көзқарастар мен мәселелер қашанда екі жақты ескерілуі керек. Әділетті қоғам үшін бұл өте маңызды аспект болып табылады.

Гендерлік теңдік әділетті, мүмкіндікке толы, тең құқылы қоғамның нағыз бейнесі. Сондықтан да кез келген мемлекет үшін, заң жүзінде де әйел мен еркектің тең құқылы екенін толық қамту-ол міндет. Барлық қоғамның бөлінген салаларында жоғары деңгейге жету үшін де екі жаққа да мүмкіндік беріп, құқықты шектемеу қажет. Осындай аспекттерге акцент беру арқылы біз әлемді дамытамыз. Әрқашан сапалы қоғам құруға ұмтылу- осындай тәуекелдерге бел буудан тұрады. Сондықтан да, гендерлік теңдік- тұрақтылыққа қашанда тірек болып табылады. Тұрақты қоғамда, тең құқылы өмір сүру- жаңа деңгейдің көрсеткіші!





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



[1].Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 223-IV Заңының 1-бабы.

[2].ҚР Конституциясы 14 бап, 2 тармақ.

[3].«Как достичь гендерного баланса» Элисон.Е.Вудвард.

[4]. «ГЕНДЕРНЫЕ АСПЕКТЫ языка, сознания и коммуникации. Коллективная монография».Марина Владимировна Гаранович, А. В Кирилина, Андрей Александрович Анков, Елена Сергеевна Гриценко, И. Т Вепрева.

[5].«Невидимые женщины: Почему мы живем в мире, удобном только для мужчин. Неравноправие, основанное на данных». Кэролайн Криадо Перес.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!