Материалдар / Геодезия пәнінен сабақ жоспары Тахеометриялық түсірісті жасау

Геодезия пәнінен сабақ жоспары Тахеометриялық түсірісті жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсірістің алдында әр станцияда тексерілген аспапты алдымен центрлейді, горизонтальдайды, вертикаль дөңгелектің нөл орнын анықтайды, аспаптың биіктігін өлшейді, өлшеу нәтижелерін арнаулы журналға жазады, аспаптың биіктігін рейкаға белгілеп, лимбаны таңдап алынған бастапқы бағытқа қарай бағдарлайды. Содан соң лимбаны бекітеді де жұмысты орындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2020
973
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Пән: «Геодезия»

Топ: 31 Жерге орналастыру

Тақырып: Тахеометриялық түсірісті жасау

Сабақтың мақсаты: Теориялық мәліметтермен қатар тахеометриялық түсіріс нәтижелерін камералді түрде журналда өңдеуді түсіндіру, орындалу жолын нұсқау.


Тапсырма

1. Теориялық мәліметпен танысу.

2. Тахеометриялық түсіріс журналын толтыру.

3. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.


ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1.1. Жоқ оқушыларды белгілеу

1.2. Арнайы киімді тексеру, студенттердің сыртқы келбеті колледжде орнатылған тәртіпке сай болу керек.

1.3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе (өткен сабақты қайталау):

Сұрақ-жауап (ия немесе жоқ деп жауап беру керек жазбаша)

1. Геодезиялық –өлшеу-түсірулерді жүргізу қағидасы «жалқыдан-жалпыға»

2. Екі жақтың рейканың тақасы 1200 тең

3. Горизонталь жүргізе отырып нүктелер жағдайын анықтауды интерполярлау деп атайды

4. Ак=Ат+1800+γ формуласындағы γ меридиандардың жақындасуын білдіреді

5. Тахеометриялық түсірісті жасау кезінде абрис сызылып, планға түсіріледі

6. Тахеометрлік түсіріс планын салуына қолданылатын аспап - масштабтық сызғыш

7. Жер бетіндегі сызықтың горизонталь жазықтықтағы ортогоналды проекциясы горизонталь ұзындық деп аталады

8. Ситуация - контурлардың жиынтығы

9. Жиілендіру жүйелері мемлекеттік жүйеге негіз ету үшін қажеттілігі

10. Геодезиялық аспаптардың жұмыс істеу мерзімі бұрыштарды дұрыс өлшеуіне байланысты


ІІІ. Жаңа тақырып:

1. Тахеометриялық түсірісті жасау жолы

2. Тахеометриялық түсіріс журналы


1. Түсірістің алдында әр станцияда тексерілген аспапты алдымен центрлейді, горизонтальдайды, вертикаль дөңгелектің нөл орнын анықтайды, аспаптың биіктігін өлшейді, өлшеу нәтижелерін арнаулы журналға жазады, аспаптың биіктігін рейкаға белгілеп, лимбаны таңдап алынған бастапқы бағытқа қарай бағдарлайды. Содан соң лимбаны бекітеді.

Алидаданы босатып, рейка қойылған түсірілетін пикеттік нүктелерді жүйелі түрде нысаналайды. Дүрбіні рейкаға тордың вертикаль жібі рейканың осімен, ал горизонталь жіпті рейкадағы аспаптың биіктігіне сәйкес белгімен беттесетіндей етіп нысаналайды. Жіпті қашықтық өлшеуіштен, горизонталь және вертикаль дөңгелектерден есептеулер алып, оларды арнаулы журналға (11-кесте) жазады.

Станциядағы жұмыстар аяқталғаннан кейін тексеру мақсатымен дүрбіні қайтадан бастапқы нүктеге нысаналайды. Осы кезде есептеулер айырмашылығы 2՛ минуттан аспауы тиіс.

Пикеттік нүктелерді түсірумен қатар сұлбасы (абрис) сызылып, онда бұл жағдайдың көрінісі салынады және жер бедерінің сызықтары (арналар, суайрықтары, беткейдің ойлы-қырлы жерлері және т. с. с.) көрсетіледі. Сондай-ақ аспаптың тұру нүктесі мен түсіріс жүйесінің шектес (бұрынғы және келесі) нүктелері көрсетіліп, олар тұтас сызықтармен қосылады. Арасында бірқалыпты көлбеулігі бар пикеттік нүктелер беткейдің бағытын көрсететін стрелкалармен қосылады. Планды салғанда стрелкалармен қосылған пикеттер арасында интерполяция жасалады.


2. Тахеометриялық түсіріс журналы


Кесте

Тахеометриялық түсіріс журналы

II станция 13 қазан 2017жыл

Н=8, 10, 43 м, i=1.41м Т30 теодолиті

НО=0֯02՛ № 04485

Лимб ОД кезінде I нүктеге бағдарланған


Нысаналау нүктелерінің номерлері

Горизонталь

Вертикаль

Арақашық

тық, метр

Көлбеу бұрыш

Горизонталь ұзындық, метр

Салыстырмалы биіктік, метр

Абсолют биіктік белгісі Н, метр

Ескерту

Дөңглектегі есептеулер

Н. І

1

2

0֯01՛

13֯41՛

30֯53՛


03֯09՛

05֯29՛


49,3

87,2


+03֯07՛

+05֯27՛


49,2

86,5


+2,70

+8,28

810,43

807,73

802,15



Түсірілетін жердің планда кескінделу дәлдігі көбіне абристі дұрыс жүргізуге байланысты болады, сондықтан абристағы жағдайлар жазулармен түсіндіріледі, одан басқа күрделі жерлердің жер бедері схематикалық түрде көрсетіледі.


ІV. Бекіту: тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Ара қашықтықты, салыстырмалы биіктікті, көлбеу, тік бұрыштарды өлшеуге арналған аспап

А) ТС

В) Н -05

С) ТК

Д) ТМ

Е) ТВ

2. Жер бетінің әр түрлі кедір-бұдырының жиынтығы

А) рельеф

В) контур

С) схема

Д) абрис

Е) ситуация

3. Жиелендіру жүйелерінің қажеттілігі

А) орта масштабты карталарда жер бедерін кескіндеу үшін

В) мемлекеттік жүйеге негі ету үшін

С) ірі масштабты карталарда жер бедерін кескіндеу үшін

Д) мемлекеттік жүйе құру үшін

Е) ұсақ масштабты карталарда жер бедерін кескіндеу үшін

4. Бұрыштардың теориялық қосындысы мен өлшенген бұрыштардың қосындысының айырмасы

А) ұзындық сәйкессіздік

В) бұрыштық кемшілік

С) биіктік сәйкессіздік

Д) бұрыштық артықшылық

Е) бұрыштық сәйкессіздік

5. Дүрбінің нысаналау осі теодолиттің тік осімен сәйкес келуі

А) теодолитті тексерудің шарты

В) ауданды анықтау

С) теодолит құрылысы

Д) нивелерді тексерудің негізі

Е) теодолиттің негізі

6. Геодезиялық тірек нүктелерін жер үстінде көріну үшін қолданылады

А) бағаналармен белгілейді

В) пирамида, тур, сигналдан

С) ескерткіштермен

Д) қоралармен

Е) үйлермен

7. Контурлық план жасау үшін далалық жұмыстар жиынтығын көрсет

А) мензульдық түсіріс

В) тахеометриялық түсіріс

С) топографиялық түсіріс

Д) жергілікті түсіріс

Е) теодолиттік түсіріс

8. Тахеометриялық түсірісті жасау кезінде атқарылады

А) репер, маркалар орнатылады

В) маркалар орнатылады

С) өлшеу нәтижелері журналға жазылып,абресслада

Д) ештеме жасалынбайды

Е) абрес сызылып,планға түсіріледі

9. Тахеометрлік түсіріс планын салуына қолданылатын аспап

А) планиметр

В) масштабтық сызғыш

С) тахеограф

Д) транспортир

Е) циркуль

10. Тау шоқысынан қазан шұңқырды айыру үшін қолданылады

А) бергштрихтар

В) негізгі горизонтальдар

С) нуль пункттер

Д) жартылай горизонтальдар

Е) қалыңдатылған горизонтальдар


V. Орындалған тапсырмаларды тексеріп, бағалау.

VІ Үй тапсырмасы: Маслов А.В. 250-252



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ