Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Геоэкологияның теориялық және методологиялық негіздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Геоэкологияның теориялық және методологиялық негіздері
Геоэкология – экологиялық заңдылықтардың географиялық құбылыстарда қолданылуына негізделген география мен экологияның пән аралық байланысы ретінде қарастырылады.
Геоэкология немесе ландшафтты экология ХХ ғасырдың 30-40 ж.ж. экологияда (географияда) белгілі геожүйемен шектелген адамды қоршаған ортаны сипаттау мақсатындағы ғылым түрінде қалыптасты. «Геоэкология» терминін 1939 жылы неміс ғалымы, географы Карл Тролль ұсынған. К.Тролль бұл түсінікті тірі ағзаның ландшафтты ортамен өзара әсерлесуі сферасындағы географиялық зерттеулердің приоритетті міндеті ретінде пайдаланды.
Геоэкология Германияда эколог-ландшафттанушылар мектебінде белсенді дами бастаған. Ландшафттық экологиялық көзқарастар: Э.Неефа, Б.Хазе және басқалардың еңбектерінде зерттелді. Геоэкология саласындағы жалпылама жазылған еңбек Л.Байнхауэр мен Х.Вайничко «Забота о ландшафте и охрана природы» (1971) болды.
Геоэкологиялық идеяларды отандық географияда В.Б.Сочава (1971), В.М.Котляков (1987), С.Б.Лавров (1989), В.С.Преображенскийлер (1988, 1992) дамытты.
«Геоэкология» термині Н.Ф.Реймерстің «Табиғатты пайдалану» («Природопользование») (1990) сөздігіне енді. Сонан соң «Экологиялық энциклопедиялық сөздікке» («Экологический энциклопедический словарь») (1999) қосылды. Термин Қазақстан Республикасының ғылыми мамандықтары тізімінің номенклатурасында 25.00.36 - геоэкология деп белгіленді. Бұл геоэкология ғылымының географиялық профилі ретінде тағайындалғанын көрсетеді. 25.00.36 - Геоэкология шифры бойынша ғылыми диссертациялар қорғалады. «Геоэкология» термині «геологиялық экология» орнына да қолданылады.
«Геоэкология» терминін пайдалану географтардың приоритетін ескере отырып, ландшафтты немесе географиялық экология деп тек географиялық ғылымдарда айтылады.
Геоэкологиялық зерттеулер әсіресе ХХ және ХХІ ғасырда ерекше қарқынды дами бастады. Геоэкологиялық ойлар А.Г.Исаченко, Т.А.Демина (1996), Б.В.Виноградов (1998) және т.б. авторлардың еңбектерінде көп келтіріледі.
ЖОО-ның студенттеріне арналған Х.М.Петров (1994), Г.Н.Голубев (1999), Н.Н.Редзевич (2003), Н.Г.Комарова (2003), И.А.Карлович (2005) монографиялары мен оқу құралдары бар. Қазақстан зерттеушілерінен А.В.Чигаркин (1995, 2000, 2003), М.Е.Белгібаевты (2001) атауға болады.
Ғылыми әдебиеттерде геоэкология синонимдері ретінде ландшафтты экология, адам экологиясы, географиялық экология, кейде геоэкологиялық экология түсініктері қолданылады.
Геоэкология ландшафттың және басқа да физико-географиялық аудандастырылған ірі токсономиялық бірліктердің экологиялық жағдайларын оқып-зерттейді. Геоэкологияның міндетіне адамдардың белгілі геожүйемен шектелеген өндірістік еңбегі мен өмір сүру жағдайын оқып-зерттеу жатады. Геоэкология үшін антропогендік әсерлерге ландшафтты табиғи ортаның орнықтылығын оқып-зерттеу маңызды. Антропогендік нақты формаларға қоршаған ортаның жауабы – ландшафттар мен басқа да географиялық жүйелердің толық табиғи қасиеттерімен анықталған. Геоэкологиялық зерттеулердің мақсаты табиғи және антропогендік геожүйелердің қоршаған ортасының экологиялық кеңістіктік аясын және олардың сақталуы немесе қалпына келуін зерттеу. Геоэкология үшін биологиялық жоғары өнімділікті және геожүйенің тұрақтылығын сақтау, ландшафтпен шектелген қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздық құбылысын болдырмау приоритетті болып табылады.
Бұл мақсаттарды іске асыру үшін белгілі геожүйелерде әртүрлі өнеркәсіптік өндірістерді орналастыру мүмкіндіктері мен іс-шараларын жан-жақты экологиялық бағалаулар жүргізу арқылы ұйымдастыру қажет. Геоэкологиялық зерттеулердің ғылыми-практикалық мүмкіндіктері ландшафттармен шектелген табиғи ортаның және табиғи-антропогендік геожүйенің экологиялық тұрақтылығының бұзылуы ықтималдылығын анықтаумен белгіленеді.
2. Геоэкологияның мақсаттары мен міндеттері.
Геоэкологияның міндетіне адамдардың белгілі геожүйемен шектелген өндірістік еңбегі мен өмір сүру жағдайын оқып-зерттеу жатады. Геоэкология үшін антропогендік әсерлерге ландшафтты табиғи ортаның орнықтылығын оқып-зерттеу маңызды. Геоэкология жоғары иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейінгі) экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы.
Геоэкологияның қазіргі кездегі алдына қойған міндеттері:
-
Ландшафтты сауықтыру, яғни табиғи ландшафты әртүрлі аурулардың таралуы нәтижесінде болатын адамның науқастану қауіпін жоюға бағытталған шараларды белгілеу; Аурулардың табиғи ошақтарын зерттеу; Ауру қоздырушы және таратушы түрлердің (микроағзалар, вирустар және т.б.) экологиясын зерттеу және олардан қорғану.
-
Бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру, яғни адамның іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарынан ландшафттың бүлінген бөліктерін халық шаруашылығына пайдалануға қайтару. Бүлінген және шаруашылық айналымнан шығып қалған жер алқаптарын шымтезек (торф) өндірілген шұңқырларды, террикондарды (шахтаның жанындағы бос жыныс үйінділер) және пайдалы қазбаларды ашық әдіспен алу кезінде пайда болған үйінділерді рекультивациялау; Мал жаю нәтижесінде пайдалануға жарамай қалған жайылымдарды, эрозияға ұшыраған топырақ жамылғысын, тозған топырақтардың құнарлылығын, антропогенді факторлар әсерінен бүлінген су қоймаларын қалпына келтіруді; бүлінген (ағаштары жаппай кесілген, өртенген т.б.) орман алқаптарына жаңадан ағаштар отырғызуды қолға алу.
2. Геоэкологияның методологиялық принциптері.
Бүгінгі ғылым табиғатты барлық құбылыстар мен пәндерді бір-бірімен тығыз байланысқан толық біртұтас жүйе түрінде қарастырады. Біртұтастық концепциясы, яғни табиғи ортаның бөлшектеуге келмейтіні геоэкологияның методологиялық негізін анықтайды. Геоэкологияда экологиялық мәселелерді шешуші негізгі қағидалар олардың өзара табиғи байланысқан құбылыстарынан құралатынын көрсетеді. Табиғаттың табиғи немесе антропогендік факторлар себебінен қандай да бір бөлігінің өзгерісі табиғи орта құрылымының әр түрлі бүлінулеріне әкеліп соғады. Яғни, табиғи ортаның қандай да бір компонентінің өзгерісі географиялық жүйенің басқа компоненттеріндегі өзгерістерге себепші болады.
Маңызды қағиданың бірі: қарама-қайшылыққа қарсы күрес және біртұтастық заңы. Бұл қағида табиғаттағы қарама-қайшылықты туғызатын элементтерді анықтау қажеттілігін меңзейді. Табиғи ортаның қозғалмалы (өзгермелі) элементтерін анықтау және оқып-зерттеу табиғи ортаның дамуы мен территорияның экологиялық жағдайларын дәл мерзімінде анықтауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Соның негізінде маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға ұсыныстар жасалынады.
Келесі қағида: сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өзара ауысу заңы. Бұл заң экожүйенің экологиялық жағдайындағы кез-келген өзгерістерді ескеруге ұсыныс жасайды. Қоршаған ортаның экологиялық аясында (фон) сандық өзгерістердің туындауы – табиғат кешені құрылымындағы табиғи-антропогендік жүйені түбегейлі өзгертіп жіберетін, анықталған сапалы өзгерістердің пайда болуын болжауға мүмкіндік жасайды. Геоэкологияның методологиялық негізін «терістеуді терістеу» заңы толықтырады. Жаңаны ескісіз қарастырудың мүмкін еместігін, табиғи орта элементінің консервативті (кертартпа) өмір сүретін бөлігінің жойылатынын айтады. Табиғатта болашақ пен өткен шақта дәлме дәл қайталанатын жағдайларды мүмкін емес деп көрсетеді. Табиғаттың өзгерісін туғызатын себеп-салдарлар да үнемі өзгертіп отырады. Осы аталған геоэкологияның метедологиялық принциптерін анықтайтын қағидалар ғаламдық, территориялық және нақты кешенді сипаттамалар бойынша географиялық зерттеулер барысында ашылады. Ерекше метедологиялық принцип ретінде табиғатты қорғаудың ландшафттық принципі және адамзаттың қоршаған ортаға әсерлерінің себеп-салдарларын алдын-ала болжау қарастырылады. Бұл принцип нақты табиғи-тарихи аймақтарға қолданылатын өзара әсерлесетін барлық табиғи компоненттерді кешенді ескеру қажеттілігін ұсынады. Атап айтқанда, физика-географиялық аймақтар, облыстар, провинциялар, ландшафттар және олардың категориялары. Белгілі бір ландшафт құрылымындағы кез-келген бүліну ландшафты сырттай (физиономиялық) және іштей (литогендік, гидроклиматогендік, биоталық) өзгерістерге ұшыратады.
Геожүйе құрамындағы экологиялық өзгерістер зиянды және пайдаланушы болуы мүмкін. Бұл өзгерістерді ескеру және дер кезінде болжап отыру қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану процестерін басқаруға мүмкіндік жасайды. Геоэкологиядағы маңызды методологиялық мағынаны келесі фундаментальды заңдар мен заңдылықтар толықтырады:
-
Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңы табиғи ортаның кез-келген өзара тығыз байланысқан компоненттің өзгерісі оның қарсы тұру қабілетін оятады. Сондықтан кез-келген экологиялық өзгерістер эволюциялық көбінесе қайта қалпына келмейтін жағдайларды туғызады. Бұл заң «табиғаттың түрленуі» мүмкіндігін және табиғат қорларының түрленуден пайда болған кез-келген түрін қабылдауға тура келетінін ескертеді.
-
Табиғат қорларының шектелгендігі (сарқылатындығы) туралы заң. Барлық табиғи қорлар және адамды қоршаған орта міндетті түрде сарқылады. Бұл заң табиғи қорларды экономдаудың және оларды пайдаланғанда қалдықсыз технологияларды қолданудың қажеттілігін айқындайды.
-
Өмір сүрудің барлық түрлерінің маңызының бірдейлігі туралы заң. Адамның өмір тіршілігіне және қоғамға толық қажет табиғи орта жай күйінің биосферадағы қызметі бірдей екенін анықтайды. Адамның экологиялық өмір-тіршілік қауіпсіздігі қоршаған ортаның барлық компоненттерін қорғау арқылы қамтамасыз етіледі.
-
Қалдықтардың жойылмайтыны немесе өндірістің зиянды әсерлері туралы заң. Өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтары жойылмайды. Олар бір физико-химиялық күйден екіншісіне түрленіп отырады. Өнеркәсіптік өндірісте қалдықсыз абсалюттік таза өндірістің болуы мүмкін емес. Сондықтан табиғатта өнеркәсіптік тұрмыстық қалдықтардан құтылу мүмкін емес.
-
Б. Коммонердің «экологиялық заңдары» табиғатты пайдалану табиғаты мен практикасында адамзат басшылыққа алуға тиіс келесі ережелер бар:
-
барлығы бір-бірімен байланысқан;
-
барлығы бір жаққа жоғалуы тиіс;
-
табиғат бәрін «біледі»;
-
ешнәрсе жайдан-жәй берілмейді.
Яғни адамзаттың табиғатпен өзара қарым-қатынасы табиғи ортаның барлық компоненттерімен өзара тығыз байланыста болатынын ескерту қажет; өнеркәсіптік өндірісте қалдықтарсыз өндірістің болуы екіталай.
Табиғаттың «түрленуіне» аса сақтықпен қарау қажет. Табиғат процесіне кез-келген әсер міндетті түрде өзгеріс туғызады :
-
Табиғат қорларын пайдалану шеңберінің өсуі заңы (заңдылығы ). Тарихи процесте әлемдік шаруашылықтың дамуы табиғи қорлар (екінші, үшінші ретті және т.б.) айналысының үздіксіз өсуі негізінде олардың қоғамдық өндіріске тартылу көлемін салыстырмалы түрде азайтуды қажет етеді .
-
Табиғатты пайдаланудың энергетикалық тиімділігінің төмендеуі туралы заңдылық. Тарихи даму процесінде табиғи жүйеден пайдалы өнімді алу үшін энергия шығыны үздіксіз өсіп келеді. Бұл адамзатқа қауіп төндіретін энергетикалық дағдарысты жоюға бағытталған табиғатты пайдаланудың негізі болып табылады.
-
Табиғат қорларын алмастыру ережесі. Табиғи қорлардың кейбір түрлерінің сарқылуы немесе тапшылығының туындауы осы қорларды осы тарихи кезең үшін анағұрлым экономикалық рентабельді басқа заттармен алмастыруға көшудің тиімділігін көрсетеді.
-
Табиғаттағы тізбектелген «қатаң» техногендік басқару ережесі. Табиғи процестерді техникалық әдістермен басқару тізбектелген экологиялық жағымсыз реакцияларды туғызады. Табиғи процестердің жүруіне техногендік әсер ету экологиялық апаттар туғызуы мүмкін. Сондықтан кез келген экологиялық жағдайларды мұқият болжау қажет.
-
Гео- және экожүйелер туралы ақпараттың толық еместігі туралы принцип. Қорлардың түрлері және қоршаған ортаның экологиялық күйі туралы білім үнемі толықтырулар мен түзетулерді қажет етеді.
Геоэкологияның табиғатты қорғау функциясы.
Геоэкология табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау барысындағы практикалық мәселелерді шешуге маңызды қызмет атқарады. Табиғатты пайдалану дегеніміз – адамзат қоғамының табиғат ресурстарын тиімді пайдалануының жалпы принциптерін зерттейтін кешенді ғылыми пән болып табылады. Адамды, қоршаған ортаны қорғау барысында геоэкология келесі ғылыми мәселелерді шешуге қатысады:
-
табиғатты қорғау және тиімді пайдалану. Табиғатты пайдаланудың аймақтық заңдылықтарының теориялық негіздерін зерттеу;
-
қоршаған ортаға антропогенездің әсерлері және «қоғам табиғат» жүйесіндегі өзара әсерлесудің географиялық нысандарын оқып-зерттеу;
-
техногенездің әсерлеріне геожүйелердің экологиялық орнықтылығын оқып-зерттеу;
-
геожүйелердің табиғи ресурстық потенциалын тиімді пайдалану әдістерін зерттеу;
-
табиғи антропогендік геожүйелер шекарасында антропогенездің әсерінен қоршаған ортаның өзгерістерінің экологиялық модельдеу және болжау әдістері мен принциптерін оқып-зерттеу;
-
табиғатты қорғау іс-шараларының сондай-ақ геожүйелер шекарасындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартатын бағыттардың географиялық негіздерін зерттеу;
-
қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығын әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан бақылау және зерттеу;
-
ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен нысандарды ұйымдастырудың ландшафттық экологиялық негіздері;
-
табиғи антропогендік геожүйелер шектеуіндегі халықтың өмірін қамтамасыз ету үшін экологиялық қауіп-қатерді бағалау;
-
табиғи антропогенді геожүйелерді қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздану процестерін зерттеу әдістерін жетілдіру және жасау;
-
табиғатты қорғауды басқару және қоршаған ортаны сауықтыру барысында ғылыми негіздерге шешімдер қабылдау мақсатында геожүйелердің экологиялық және табиғи ресурстық потенциалын зерттеу;
-
геоэкологиялық карталарды құрастыру және геоэкологиялық аудандастыру сұлбаларын жасау.