Материалдар / География пәні бойынша олимпиада
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География пәні бойынша олимпиада

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәні бойынша олимпиада
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2023
684
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География пәні бойынша олимпиада

8-сынып,2022-2023 оқу жылы





Тестілік айналым

Жұмысты орындау жөніндегі нұсқаулық

Әр тапсырманы мұқият оқыңыз

Сіз дұрыс деп тапқан жауапты немесе жауаптарды таңдаңыз

Тапсырманы орындау уақыты – 100 минут

Барлығы-26 ұпай

1-тапсырма. Төмендегі ұғымдарға анықтама беріңіз:

Антициклон, топырақ эрозиясы, реликттер, кар көлдері, креолдар (әр дұрыс жауап үшін 1-ұпайдан.) Барлығы 6 ұпай.

2-тапсырма. Еуразия материгінің табиғат зоналары. Еуразияда қандай табиғат зоналары кездседі, олар қандай аумақты алып жатыр, жануарлар мен өсімдік әлемі және басқада ерекшеліктеріне сипатамма беріңіз. (10 ұпай).

3-тапсырма. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан. Барлығы 10 ұпай.)

1.Алтай тауларының тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан көлі:

A)Марқакөл

B)Сасықкөл

C)Язовое

D)Алакөл

E)Тұраңғыкөл


2.Сауыр-Тарбағатайдың негізгі құрылымы қалыптасқан кезең:

A)Каледон

B)Герцин

C)Байкал

D)Мезозой

E)Альпі


3.Іле Алатауының қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы болып қалыптасқан кезеңі:

A)Каледон

B)Герцин

C)Байкал

D)Мезозой

E)Альпі


4.Табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан аумағы табиғат аудандарына бөлінеді

А) 6

В) 7

С) 8

D) 9.

Е) 10.


5.Каспий маңы ойпаты кіретін жазық

А) Шығыс Еуропа

В) Сарыарқа

С) Батыс Сібір

D) Тұран

Е) Солтүстік Қазақ


6.Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін алып жатқан жазық


А) Шығыс Еуропа

В) Каспий маңы

С) Батыс Сібір

D) Тұран

Е) Сарыарқа


7.Солтүстік Қазақ жазығының ең ірі өзені

А) Сырдария

В) Есіл

С) Жайық

D) Ертіс

Е) Тобыл


8.Сарыарқаның ең биік тауы

А) Қарқаралы

В) Қызыларай

С) Шыңғыстау

D) Баянауыл

Е) Кент

9.Мұғалжар таулары пайда болды

А) Герцин қатпарлығында

В) Каледон қатпарлығында

С) Байкал қатпарлығында

D) Мезозой қатпарлығында

Е) Альпі қатпарлығында


10.Алтайдың қазақстандық бөлігінің климаты

А) Қоңыржай

В) Шұғыл континентті

С) Қоңыржай континентті

D) Қоңыржай теңіздік

Е) Қоңыржай тропиктік

















Жауаптары: 1. Антициклон-(грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі.


Топырақ эрозиясы- (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы.

Реликт[1] (лат. relіctum — қалдық) — геологиялық замандарда кеңінен таралған, осы кезде тек шағын алқаптарда сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер.


Кар көлдері — карлардың ойыстарын толтырып тұратын биік таулық көлдер. Кар көлдері жағалық сызығы нашар тілімделген формасы көбінесе дөңгелек немесе сопақша болып келеді.


Креолдар (ис. crіollo, crіor – жаса деген сөзден шыққан) — Америкадағы испан, португал, француз отарларында туған еуропалық отаршылдардың ұрпақтары


2.Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Еуразияның жер құрылымдары — ежелгі платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Үнді, Араб) аралықтарын жас платформалар бөліп жатады.Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жауып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі, жағалаулары жазда құс базарына айналады.















Тест жауаптары: 1-А,2-В,3-Е,4-Д,5-А,6-д,7-Д,8-В,9-А,10-с

География пәні бойынша олимпиада

8-сынып,2022-2023 оқу жылы

II-тур

Жұмысты орындау жөніндегі нұсқаулық

Әр тапсырманы мұқият оқыңыз

Сіз дұрыс деп тапқан жауапты немесе жауаптарды таңдаңыз

Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут

Барлығы-35 ұпай

1-тапсырма. Төмендегі терминдеріне анықтама бер.

Гилея, льянос, пампа, прерий, самум, терая

2-тапсырма. Төмендегі сандарының қандай обьектілерге сәйкес келетінін анықтап жаз.

8848 м, 7723 м, 7690 м, 4807 м, 6960 м, 7439 м, 6193 м.

3-тапсырма. Төмендегі астаналар қандай мемлекеттің астаналары екенін тауып жаз.

Бразилиа, Мехико, Антананариву, Джакарта, Джорджтаун, Веллингтон.

4-тапсырма.Қазақстанды зерттеген ғалымдардың кестесін толтыр.

1.П.С.Паллас



2.П.И.Рычков



3.В.Н.Татищев



4.Г.Ф.Миллер



5.Г.С.Карелин



6.А.Левшин



7.А.Бутаков







5.Боялған ауданның географиялық нысандарын,климатын,топырағын сипаттап жаз.

Жауаптары:

Гилея — Оңтүстік Америкада, негізінен, Амазонка өзенінің алабында өсетін ылғалды тропиктік ормандар. Көп жікқабатты алуан түрлі, эпифитті және шырмауық өсімдіктердің көп өсетіндігімен ерекшеленеді. Гилеяда көп- теген бағалы ағаштар (мысалы, какао, гевея) өседі. Гилея үнемі ыстық және ылғалды климат жағдайында қалыптасады. Сондықтан мұнда биологиялық ырғақтың маусымдылығы аз болады. Кең мағынада гилея барлық континенттердегі ылғалды тропиктік ормандар болып табылады



Льянос(ис. Папос — жазық) — Оңтүстік Американың солтүстік-шығысындағы, Ориноко өзенінің сол жақ жағасындағы өзіне тән өсімдік жамылғысы бар жазықтар. Бұл теңіз бетінен 400 м жоғары орналасқан. Льянос нағыз саванна типіне жатады.



Пампа (ис. pampa, кечуа тілінде - жазық, дала) – Оңтүстік Америкада Аргентина мен Уругвайдың едәуір бөлігін алып жатқан лесстен құралған субтропиктік жазық дала;
Прерия[1] (француз тілінде praіrіe, латын тілінде partum — шалғындық) — Солтүстік Американың орталығы бөлігіндегі үстіртті жазық өңір. Теңіз деңгейінен 500 — 1500 м биіктікте



Самум (құм бораны) — шаңтозаңдарды аспанға көтеріп, күнді мұнарландырып бірнеше сағат соғатын (бірақ құйын есебінде соғуы бірнеше минутқа ғана созылатын) Аравия мен Солтүстік Африканың тропиктік шөлдерінде соғатын өте ыстық, құрғаң жел.



Терай [1] (парсы тілінде «ылғалды жер» немесе «тау етегі») — Гималайдың оңтүстік етегінде, Үнді-Ганг жазығының солтүстік-шығысында, шығыс және солтүстік-батыста батпақты ағаштар мен бұталар (джунгли) [2] Пәкістан, Солтүстік Үндістан, Бутан және Непал, батыста Ямуна өзенінен шығыста Брахмапутра өзеніне дейін.



Джомолунгма, Улугмузтаг,Гурла-Мандхата, Монблан,Акокагуа,Жеңіс шоқысыы,Мак-Кинли



Бразилия,Мексика,Мадагаскар,Индонезия,Гайана,Жаңа Зеландия



1• ͘1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады.



• ͘1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» еңбегін жазды.

2• ͘Еңбектері: «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»

• ͘1769-1772 жылдары баласы Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып,»Капитан Н.Рычковтың 1771 жылдардағы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» еңбегін жазды (1772).



В.Н.Татищев (1686-1750)

• ͘Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы, географ.

• ͘Орынбор өлкесін зерттеді.

• ͘Қазақ тарихын, тұрмыс тіршілігін және мәдениетін зерттег



4• ͘Еңбегі: «Сібір патшалығының тарихы».

• ͘Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан.

• ͘Қазақстан туралы бағалы мәлімет қалдырған.

• ͘1848-1489 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізіне, А.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады:

• ͘Сырдария өзенінің жағалауларын суртке түсірді;

• ͘Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі.



• ͘XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс тарихшысы А.Левшин болды.



• ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің «Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу» атты еңбегі.

Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр

Климаты тым континенттік және өте құрғақ. Негізгі климат түзуші факторлардың бірі — күн сәулесінің ұзақтығы, ол жылына 2300-2500 сағат; ең жоғары орта айлық мәні шілдеге келеді. Жылдық жиынтық радиация мөлшері 110-120 ккал/см2, шашыранды радиация 45-50 ккал/см2. Облыс аймағы негізгі үш түрлі ауа массалары ықпалында болады: арктикалық, полярлық (қоңыржай белдеу ауасы), тропиктік.



Қарағанды облысының солтүстігіндегі дала белдемінде оңт-тің карбонатты қара және күңгірт қоңыр, қоңыр топырақтары қалыптасқан. Қарқаралы, Кент, Бақты, Қу, т.б. тауларда таудың қара топырағы тараған. Облыстың орталық өңірін алып жатқан шөлейтті белдемде сортаңды карбонатты қоңыр, ашық қоңыр топырақ басым. Облыстың оңтүстік шөл белдемінде сұр және сұрғылт қоңыр топырақ тараған. Өзен аңғарларында шалғынды қоңыр топырақ түрлері кездеседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!