Материалдар / география пәнін оқытуда топтық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

география пәнін оқытуда топтық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнін оқытуда топтық жұмыстардың ерекшелігін айта келе, өз сабақтарымдағы тәжірибемнен бөліскем келді. География пәні ұстаздары үшін көмегі болса, деп ойлаймын.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



















«География пәнін оқытуда топтық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру»


Куракова Жанар Жумакуловна


Мақат ауданы, Доссор кенті, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты,

география пәні мұғалімі




















2017 жыл






Мазмұны



І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім. Қазіргі білім беру жүйесіндегі топтық жұмыстардың ролі


2.1. Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

2.2. Топтық жұмыстар арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу


ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер





























Кіріспе


Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасында «...біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөлініп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді.

Олай болса, ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Ендеше география пәнінің мұғалімі де басқалар сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Олай болмаған жағдайда, мына ақпарат ғасырында ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда әлемдік даму кешінен қалып қоярымыз сөзсіз. Сондықтан қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенді болып өздігінен шығармашылықпен білім алуы керек.

Қазақстанда қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұшқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына парапар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Оқушылар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқушы жастардың өздерін барынша көрсете біліп және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Осы жағдайда оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, дағдыны енжар алушы ролінен танымдық көрінісінің белсенді субъектісіне өзгерту қажеттігі бар.

Оқу процесінде өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде қатысу үшін оқушының танымдық әрекетін белсендендірудің үлкен маңызы бар.[3;125]

Белсенділік (қарқындылық, беріктік, төзімділік) - білім алушының іс-әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды.Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсенділік іс-әрекеттің сапасын аса ерекше жағдайда яғни, субъектінің іс-әрекет процесіне қатынасы арқылы анықтайды. Қатынас өзіне іс-әрекетке деген ұмтылысты, даярлықты, тезірек, қарқындырақ жасау, шығармашылық және дербестік көрсету талпынысын қамтиды. Біз белсенділікті тұлғаның сапасы ретінде анықтап отырмыз,ол өз кезегінде жаңа білімді табу іскерлігінде, танымдық іс-әрекеттің жаңа әдістерін меңгеруде, еріктіктің негізінде кез-келген өмірлік мәселені шешуде көрінісін табады. Бұл ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалудан сақтайтын, жігерлік, мақсатты бағытталған жүйе. Белсенділіктің негізгі мақсаты-оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру [5;78].

. География сабақтары балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай,оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең

білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқыту үрдісі оқушының танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекеттерін дамытуына жол ашуы қажет.


Сабақта дәстүрлі емес сабақ түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы белсенділігін артырады.

1. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми – зерттеу жұмыстарына араластыру, дарынды оқушылармен жұмыс.

2. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен интернет арқылы қашықтықтан өздігінен білім алуға үйрету.

3. Оқу үрдісін ізгілендіре отырып оқытудың дамыту функциясына басты назар аудару жаңа технологиямен пайдалану

5. Топтық сабақтар өткізу

6. Экономикалық – экономикалық білім беру, танымды кеңейту.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасырында география сабағы да ақпараттануы керек.

География пәнінің мұғалімі информатикадан хабары болуы шарт. Компьютер, интернет жүйесімен байланысқа түсу керек. Бұл жүйе әлемді ғылыми орталықтандыруға, кітапхана ақпараттарына кіруге, өздігінен білім алуға, ой - өріснің өсуіне, квалификацияның жоғарылауына жағдай туғызады. Оқытудың жаңа технологиясы оқушының іс - әрекетінің жоспарланған нәтижесіне жетуді қарастыратын жаңа әдістердің жиынтығынан туады. Оның бұрынғы белгілі дәстүрлі оқыту технологиясынан айрықша ерекшелігі мынандай: оқушының интеллекуталды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;: оқушы мен оқытушының белсенділігі сайма – сай болуы; мұғалім мен шәкірттің өзара қарым – қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі; алдыңғы қатарлы ойшылдардың зерттеу жұмыстарын сабақта тиімді пайдалана білу, дамыта оқыту арқылы оқушының ғылымды игеруіне дербестік қасиетін қалыптастыру.[14. 30-32 б]

Оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуі, мұғалімнің әдістемелік көмек көрсетуі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмай, қосымша білім көздеріне сүйенуі керек.




ІІ. Қазіргі білім беру жүйесіндегі топтық жұмыстардың ролі


Инновациалық оқу орындарының пайда болуы, жеке мектептердің дамуы, тәжірибеге әртүрлі қосымша білім беруді енгізу, ауылдық шағын комплектілі мектептердегі білім беру процесін ұйымдастыру қазіргі уақытта шағын топтағы оқытуды өзекті етіп отыр(2-3-тен 10-15-ке дейінгі адамдар).

Топтық оқытудың өнімділігі В.В. Гузеевтың пікірінше келесі факторлармен анықталады [10]:

1 ) қазіргі міндеттердің көпшілігін тиімді шешу үшін бірнеше адамдардың күш жігерін біріктіру талап етіледі, сондықтан мектеп түлегі топта нәтижелі жұмыс жасауды үйренуі тиіс;

2 ) мектептің негізгі контингентінің-жасөспірімдердің - жетекші іс-әрекеті тұлғалық қарым-қатынас болып табылады, ал ол нәтижелі қарым-қатынасқа топ тиімді жүзеге асырылады;

3 ) топта өзара әрекеттесуге қатысушылардың аз саны оқушы тұлғасының өзін-өзі көрсетуіне барынша қолайлы жағдай жасайды;

4 ) топтық жұмыс педагог пен оқушылар арасындағы байланыстарды бекітеді, мектептік білім беруде жеке және бір уақытта ұжымдық рухын күшейтеді, оқушылар арасында сапалы ынтымақтастық туындайды;

5 ) топ оқушыларға еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігін береді, бұл оқушылардың оқу үрдісіне белсенді, тұлғалық тұрғыдан араласуына жағымды жағдай жасайды. Сонымен бірге, топ-қазіргі адамның қоғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті болып табылады.

Сондықтан оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу ой таласын туғызумен қатар сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру – оқыту үрдісінің ең маңызды мақсаты.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін география пәні бойынша оқушылардың шығармашылығын арттырып, зерделі, дарынды оқушыларды дамыта оқыту үшін жоғарыда айтылған оқытудың дәстүрлі және жаңа технология түрлерін қолданып, сабақты барынша түрлендіріп өткізуге болады.[5. 15-16 б]

Әрине, бұл жерде мұғалім мен оқушының мүмкіндіктері толық ескерілуі қажет.

Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға ерекше назар аудару қажет.

Сонымен бірге топқа келесі белгілер де тән:

1) қатысушылардың өздерінің топтың мүшесі екендігін ұғынуы;

2 ) олардың арасында белгілі бір қатынасты орнату;

3) іштей ұйымдасу, яғни міндеттерді бөлу, лидерлік, иерархиялық орны және т.б.бөлу;

4 ) топта талаптың қысымның орын алуы, яғни қатысушыларды топта қалыптасқан күтілетін жағдайлар мен нормаларға байланысты өздерін ұстауына мәжбүрлеу ;

5 ) кейбір қатысушылардың көзқарастары мен іс-әрекеттерінің өзгеруі сол топқа қатынастылығымен шарт болады.


2.1 Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістіктікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен.

Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.

Топтық оқыту сабақтарын ұйымдастыруда топ басшысын сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет жағдайға байланысты топ басшылары жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда сабақтарымда топтық жұмыстар ұйымдастырып отырамын. Әсіресе, 7-сыныптың «Материктер мен мұхиттар географиясы» бойынша топтық жұмыстарда оқушылардың белсенділігі жоғары.


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушыларды қоңыржай белдеудің субтропиктік дала және шөлейт зоналарымен таныстыру, “Андының биіктік белдеулері” деген ұғымды қалыптастыру.

  2. Тәрбиелілігі: Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршілік дүниесін қорғау және сақтаушараларын түсіндіру барысында экологиялық тәрбие беру.

  3. Дамытушылығы: СТО әдісі арқылы ой-танымын дамыту, оқулықпен, дәптермен, картамен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

  4. Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО, топпен жұмыс, картамен,терминдер мен жұмыс.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 минут) топқа бөлу, әр табиғат зонасындағы өсімдік, жануарлардың аттары арқылы, 4 топқа бөлінді. Мысалы, орхидея, гевея, жалқауаң, капибара, анаконда деген атаулары бар жазуы бар оқушылар «Гилея»тобына;

  2. льянос, кампос, кактус, акация,кебрачо деген жазуы барлар «саванна»тобына;

  3. пампа мысығы, оцелот, пума,пампа шөбі, жазық дала деген жазу тигендер «Пампа»тобына ;

  4. гаруа, гуана, гуанако, пума, кондор деген жазуы барлар «Анд» тобына бірігеді. Әрқайсысы топтардың аты жазылған столдарға барып жайғасады.

  5. Өткен сабақты сұрау кезеңі.

Тест тапсырмалары.

  1. Оңтүстік Америка географиялық орны мен климаттық жағдайларына

сәйкескең таралған табиғат компоненті:

а) ормандар        ә) қыраттар    б) шөл

2. Гилея деген не?

а) ауыспалы ылғалды ормандар       

ә) сирек ормандар   

б) ылғалды экваторлық ормандар

3. Амазония ормандарын не себептіғаламшардың «өкпесі» депатайды?

а) ылғалдылығына        ә) таулыөлкесіне      б) ну ормандарына

4. Қандай орманда ағаштардың биіктігі 80 м жетеді, ағаш тәрізді папоротниктер мен орхидеялар кездеседі?

а) гилея        ә) сельвас    б) саванналар

5. Аса бағалы ағаш түрі: а) гевея       ә) папоротник    б) кебрачо

6. Әлемдегі ең кішкентай құс: а) тукан     ә) колибри    б) гаоцин

7. Қылқан жапырақты араукария ағашы мен парагвай шайы Оңтүстік

Американың қай бөлігінде өседі?

а) Анд тауларында

ә) Мексика таулы қыраттарында

б) Бразилияның шығыс жағалауында

8. Ориноко саваннасы қалай аталады? а) льянос    ә) кампос    б) муссон

9. Бөтелке ағаштары қай табиғат зонасында кездеседі?

 а) гилея   ә) саванна    б) ауыспалы ылғалды ормандар

10. Тікенекті кактус, мимоза,  сүттіген бұталары өсетін саванналар:

 а) льянос    ә) кампос    б) муссон

1. а)    2. б)  3. б)  4. ә)   5. а)  6. ә)  7.б)   8.а)   9.ә)   10. 

 Терминдер мен жұмыс:

  1. ылғалды экваторлық ормандар

Амазония – Оңтүстік Америкадағы ну ормандар

Селвас – Амазониядағы ну орманды жергілікті халық осылай атайды

  • табиғи каучук алынатын бағалы ағаш

  • дәрілік шикізат беретін ағаш

  • ең ірі су шошқасы

  • ең кішкентай құс

  • ұзындығы 12 метрге жететін ең ұзын жылан

Араукария – Бразилияның шығыс жағалауындағы ауыспалы ылғалды ормандардағы қылқан жапырақты ағаш

Саванна – ағаштары сирек, шоғыр болып орналасқан шөптесінді табиғат зонасы

Льянос – солтүстік жарты шар саваннасы

Кампос – оңтүстік жарты шар саваннасы

Кебрачо – Бразилия таулы үстіртінде өсетін бұтағы өте қатты, қабығынан теріилеуге қажетті шикізат алынатын ағаш

  1. Картаменжұмыс:

1.Табиғат зоналарын картадан көрсету.  

2 .Амазония ормандары

3. Бразилия қыраттары, үстірттері 


Жаңа сабақты игерукезеңі.

Жаңа ақырыпты СТО әдісінің көмегімен оқушылар мұғалімнің бағыт беруі мен топтық жұмыста игереді. Сынып санына байланысты 4 топқа бөліп, әр топқа ат берілді. Топтағы әр оқушыға жалпы тақырыптан тақырыпшалар беріледі. Өз тақырыпшасын толық меңгерген оқушы өз тобына (жанұясына) өз тақырыпшасын түсіндіреді. Бұл міндетті топтағы әр оқушы атқарады. Нәтижесінде сыныптағы барлық оқушылар өз бетімен тақырыпты игереді. Әр топ жұмыс барысында міндетті түрде дәптермен жұмыс, картамен жұмыс, терминдермен жұмыс жасайды. Қорытындысында, бекіту сұрақтарына топ 5 сұрақтан ақылдаса отырып дайындап, қарсыластырана сұрақтар қояды. Тақырыпты меңгеруін немесе түсінбегенін түсіндіру мақсатында мұғалім терминдермен, картамен жұмыс жасатып тексереді.

Сабақты бастамас бұрын жаңа тақырып бойынша қысқаша түсінікті мұғалім беріп өтеді.

Әр топ мүшелерінің тақырыпшалары:

«Гилея» тобы Оңтүстік Американың ылғалды экваторлық ормандары туралы,

«Саванна» тобы Ориноко және Бразилия саванналары , оның табиғаты, өсімдік, жануарлары туралы,

«Пампа» тобы субтропиктік дала мен шөлейт зонасы туралы,

«Анд»тобы Анд тауындағы биіктік белдеулік туралы түсіндіріп, қорғап шығады.

Бекіту сұрақтары:

Әр топ 5 сұрақтан ақылдаса отырып дайындап, қарсыластарына сұрақтар қоюы қажет.

Қосымшасұрақтар:

  1. Субтропикті дала зонасы орналасқан жазық.

  2. Дала зонасының өсімдіктер дүниесінің таралуы

  3. Пампаға тән топырақты ата

  4. Шөлейт зонасы материктің қай бөлігін қамтиды?

  5. Шөлейт зонасының ірі жануарлары

  6. Экватордан 300 с. дейінгі аралықты қандай зона алыпжатыр?

  7. Анд тауларының биіктік белдеулі ауысуы

  8. Қазіргі кезде дүниежүзіне тарап кеткен мәдени өсімдіктердің қалыптасқан орталығын ата.

  9. Оңтүстік Америка материгінің қайталанбас табиғи ерекшеліктері қаншалықты зардап шегіп отыр, оны қорғау мен қалпына келтіруде адамзат баласы қандай әрекет жасауда?

  10. Біздің елімізде осындай проблемалар барма?

  11. Терминдерменжұмыс:

Пампа – субтропиктік дала зонасын жергілікті халықтың атауы, «жазық дала» деген ұғым.

Гуано – құс  саңдырықтарнан  қалыңдығы 30 метрлік  аса бағалы азоты тыңайтқыш

Картамен жұмыс:

  1. Табиғат зоналары

  2. Ла-Плата жазығы

  3. Патагония

  4. Атакама жағалық шөлі

Қорытынды:

  1. Жаңа тақырып бойынша оқушылар критериалды бір-бірін бағалайды

  2. Өткен тақырып бойынша бағалау.

Бұл сабаққа сыныптағы оқушылардың барлығы дерлік атсалысты. Үлгерімі төмен оқушылар да топтағы жұмыстарға белсене қатысып, жануарлардың суретін салып, осы суреттері бойынша жұмыстарын қорғады.Мысалы, Жұмабай Бағытжан, Жәрдемов Ернар, Нұрланұлы Ерасыл т.б оқушылар ерекше қызығушылықпен қатысты. Бұдан байқағаным, топтар арасындағы бәсекелестік оқушыларды белсенділікке ұмтылдырады.

Осы сабақ нәтижесінде 6 оқушы –«5», 8 оқушы –«4», 3 оқушы –«3» алып, барлығы 17 оқушы бағаланды.

Осындай топтық сабақтарды жиі өткізу арқылы оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын арттыруға болады.

2.2. География пәнін оқытуда топтық жұмыстар арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім, күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. /Мұғалімдерге арналған нұсқаулық/

 Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады.

Сабақ процесінде топтық жұмыстарды ұйымдастырғанда, тақырыпқа байланысты алдын-ала тапсырмалар беру оқушыларды шығармашылыққа баулиды. 10-11 сыныптардағы география сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа баулуға мән беріп отырамын. Осындай мақсатпен өткізген 11-сыныпта «Канада мемлекеті» тақырыбындағы сабақтың жүру барысы:


Сабақтың тақырыбы: Канада мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Канаданың халқы, экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекет тарихы, геосаяси жағдайы, Канаданың өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде білім беру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Канаданың мемлекетімен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: топтық жұмыс.Топқа бөлу: 1-топ «Ванкувер», 2-топ «Оттава», 3-топ «Торонто»

Сабақтың әдісі:1. Қызығушылықты ояту

2. «Ой қозғау»

3. «Ойлан, жұптас , талқыла»

4. Флипчарт (постер)қорғау

5. Шығармашылық жұмыстар(слайд, буклет,қосымша

мәліметтер

6. «Ойлан,тап»

7. «Ыстық орындық»

8. Рефлексия

9. Бағалау

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта, постер , маркерлер,бағалау парағы, үлестірмелі материалдар т.б.

Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру:

топқа бөлу : қолдарына берілген номерлер арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

АҚШ-тың шаруашылығы. «Ой қозғау» (топтарға жедел сұрақтар)
1.Темір кені-
2. Автомобилдер астанасы –
3. АҚШ-тың автомобиль жасау саласындағы әйгілі корпорациялар –
4. Ғарыштық техника жасау орталығы –
5. «Боинг» фирмасының алғашқы авиациялық зауыты –
6. «Мұнай химиясының астанасы» —
7. Елдегі ең сапалы маталар өндірісі –
8. Тоқыма өнеркәсібінің орталығы –
9. Көмір өндіретін орталық-
10. АҚШ-ғы ең биік ғимарат –

11. АҚШ-тың әскери- өнеркәсіп орталығы –
12. «Кока-кола» фирмасы-
13. Әйгілі Голливуд «Кино фабрикасы» —
14. Ірі көл маңы мегаполисі –
15. Мұнай байлығымен әйгілі –
16. Қазақстанға ең алғаш қандай Американдық компания келді?
17. Қазақстанға ең алғаш Американдық компания қай өнеркәсіп саласына келді?
18. Қазақстанның мұнай өнеркәсіп саласында АҚШ-тың қандай компаниясы жұмыс істейді?


Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларды «үш шапалақ» әдісімен бағалайды.


3. Жаңа сабақ: СТО стратегиялары, «Ойлан, жұптас, талқыла»

1-топ мемлекеттің қалыптасу тарихы, табиғаты

2-топ Табиғат байлықтары, халқы

3-топ шаруашылығы , экономикалық байланыстары

Топпен жұмыс жасап, тақырыптың мазмұнынын айтады,постер қорғайды, топтар бір-бірін тыңдайды, ақылдаса отырып, сабақтың мақсатын айқындайды. Бірін-бірі «бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Тапсырма берілген оқушылар тақырып бойынша өздерінің шығармашылық жұмыстарын қорғайды: слайд, буклет

Топтарға тапсырмалар: «Ойлан, тап» әдісі бойынша «сандар сөйлейді» тапсырмасы.

1-топқа : 30-40 жылдары, 1763 жылы, 1867 жылы, 70 жылдары

2-топқа: 1956 жылы, 31 ұлттық, 34,1млн, 2009 жылы

3-топқа: 4 млн, 161,3 млрд, 20-25 млн, 900

Топтар ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды. Дұрыс орындаған топты «бас бармақ» әдісімен бағалайды.

«ыстық орындық» әдісі.Топтардан кез келген бір оқушыны орындыққа отырғызады, оқушылар жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды. Оқушы орындыққа отырады да, оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді.

Одан кейін өзім сабақты қорытындылап, алдын ала берілген бағалау парақшасы арқылы топтарды бағалау үшін , топ басшыларына сөз бердім.

Сабақтың қорытындысы бойынша 4 оқушы «5» деген баға, 8 оқушы «4», 3 оқушы «3» бағаға ие болды.

Сабақ соңында оқушылар тақтадағы «білім ағашына» сабақ туралы ой-тілектерін жазып жапсырды. Оқушылардың ой-тілектерін оқи отырып, топтық сабақтардың оқушыларға ұнайтындығын, нәтижеге жетелейтініне көзім жетті.

Сабақтарымда топтық жұмыстарды пайдаланудағы нәтижем:

Оқушы қызығушылығы артты
– Бей – жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс – әрекетте
– Тіл байлығы артып, ойлау қабілеті дамиды.
– Дүниетанымдық көзқарасы қалыптасады.
– Бір – бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.
– Топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыланады.

Оқушыларды жаңа технология элементтері арқылы сабаққа қызықтыра отырып, өткізу нәтижесінде білім сапасы да көтеріліп келеді.

География пәні бойынша І тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 51,2%болса, ІІ тоқсан бойынша білім сапасы 53,2% -ға көтерілді, ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша 55,1% көрсеткішке жеттім.

Осындай жаңа әдіс-тәсілдердің бірі топтық жұмыстарды пайдаланып, сабақтар өткізу арқылы,оқушыларды шығармашылыққа баулып, олардың өз бетімен ізденулеріне, қосымша білім көздерін пайдалана білулеріне жол ашып отырамын.

Өзім сабақ беретін 10-11 сынып оқушылары география пәнінен алған білімдерін көрсетіп, жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Мысалы, 10-сынып оқушысы Қайырғали Қызғалдақ, 11-сынып оқушысы Орынбасар Салтанат биылғы оқу жылында аудандық пәндік олимпиадада екеуі де жүлделі ІІ орын алды.

11-сынып оқушылары Орынбасар Салтанат пен Нұрланқызы Әсима Халықаралық «Алые паруса» қашықтық олимпиадасынан география пәнінен І орын алып, дипломдармен марапатталды. Осындай жетістіктерге жетуде топтық жұмыстар арқылы оқушыларды пәнге қызықтыра білудің жемісі деп білемін.






Қорытынды


Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.[1]

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар жаңа технологиялар және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Бұл тығырықтан шығудың бірден - бір жолы оқу - тәрбие процесінде жаңа технолгиялардың әдіс - тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Жаңа технологиялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.

Жаңашылдық білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасының 2016-19 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.[2]

Осыған байланысты білім беру сапасы бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына қажетті және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін құруға бағытталуы қажет.






















18 Желтоқсан 2017
1642
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі