Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

География пәнінен МОДО тапсырмалары жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен МОДО тапсырмалары жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы



ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

30 нұсқа

  1. Негізгі климат қалыптастырушы факторлардың ішінде қатесін табыңыз

  1. Күн радиациясы

  2. Атмосфералық циркуляция

  3. Атмосфералық қысым

  4. Жердің төсеніш беті

  1. Биіктікке қарай температураның жоғарылауы

  1. биіктік амплитудасы

  2. биіктік конверсия

  3. буланушылық

  4. температура инверсиясы

  1. Суық ауаның жылы жаққа қарай ауысуынан пайда болатын ауа массасы:

  1. Жылы ағыс

  2. Суық ағыс

  3. Жылы фронт

  4. Суық фронт

  1. Орталық бөліктегі төменгі қысымды изобараның тұйықталған жүйесі:

  1. Циклон

  2. Антициклон

  3. Тұман

  4. Цирк





















ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

  1. Күннің сәулеленуі немен анықталады:

  1. жылу ағындарымен

  2. суық ағыстармен

  3. күн сәулесімен

  4. атмосфералық циркуляциямен

  1. Орталық бөліктегі жоғары қысымды изобара жүйесі:

  1. Тұман

  2. Антициклон

  3. Үсік

  4. Циклон

  1. Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массалары:

  1. жергілікті, экваторлық

  2. экваторлық, тропиктік

  3. субэкваторлық, субтропиктік

  4. қоңыржай,арктикалық;

  1. Аридті климат сипаттамасы

  1. абсолют ылғалдылығы жоғары

  2. абсолют ылғалдылығы төмен

  3. тұрақты

  4. қысқы температура тұрақты

















ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

31 нұсқа

Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді. Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады. Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары – Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы – Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары – Орта Азиядан келеді.

  1. Қазақстанға қоңыржай белдеудің қай бөлігі кіреді?

  1. Солтүстігі мен оңтүстігі

  2. Батысы мен шығысы

  3. Оңтүстігі мен орталығы

  4. Шығысы мен орталығы

  1. Күн радиациясына не жатады:

  1. Радиация, ылғалдылық

  2. Буланушылық, конденсация

  3. Инверсия, циркуляция

  4. Жылу, жарық

  1. Қазақстанға ене алмайтын ауа массалары:

  1. Солтүстік Мұзды мұхитынан

  2. Барлық мұхиттан

  3. Тынық мұхиттан

  4. Атлант мұхитынан

  1. Аридті климат сипаттамасы

  1. абсолют ылғалдылығы жоғары, абсолют ылғалдылығы төмен, тұрақты

  2. жазғы температура жоғары, жауын-шашын аз, абсолют ылғалдылығы төмен

  3. қысқы температура тұрақты, жауын-шашын мол, жазғы температура төмен

  4. абсолют ылғалдылығы тең, жауын-шашын мол, қысқы температура тұрақсыз

























ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді. Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады. Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары – Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы – Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары – Орта Азиядан келеді.

  1. Ауылшаруашылық өндірісінің даму факторы ретіндегі климатты зертейтін арнайы ғылым

  1. Акклиматизация

  2. Биогеография

  3. Геоэкология

  4. Агроклиматология

  1. 1969ж ШҚО-дағы ең төменгі температура тіркелген елдімекен:

  1. Бессаз

  2. Орлов

  3. Атбасар

  4. Белуха

  1. Суық ауаның жылы жаққа қарай ауысуынан пайда болатын ауа массасы:

  1. жылы ағыс

  2. суық ағыс

  3. жылы фронт

  4. суық фронт

  1. Қостанай облысы, Пресногор метеорологиялық бекетіндегі температура:

  1. -10ºС

  2. -5ºС

  3. 0ºС

  4. +5ºС



























ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

32 нұсқа

Қазақстан желдері

Қазақстан аумағында соғатын бірнеше жел түрлері бар. Қазақстан жерінде соғатын желдерге Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Ебі мен Сайқан желін, Жамбыл облысындағы Арыстанды қарабас желін, Ақтөбе облысындағы Мұғалжар желдерін т.б. жатқызуға болады. Ебі желі – Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында, Қытай жеріндегі Ебінұр көлінде жоғары қысым орнағанда пайда болатын жел. Ебі желі оңтүстік шығыстан, яғни Ебінұр көлінен солтүстік батысқа қарай, яғни Алакөлге қарай соғады. Желдің жылдамдығы 60-80 м/с жетеді. Сайқан желі солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа, Орта Азияға қарай соғатын жел. Сайқан желі сәуір мен қырқүйек айларының аралығында қатты соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Сайқан желі соққанда, Алакөлдің деңгейі бір метрге көтеріледі. Балық аулауды қиындатып, мал шаруашылығын шығынға ұшыратады.

  1. Алғашқы қазақстандық жел электростансы орналасқан облыс:

  1. Орталық Қазақстан

  2. Алматы

  3. Жамбыл

  4. Қызылорда

  1. Шелек таулы-аңғарлық желдің жылдамдығы

  1. 1-2 м/с

  2. 2-4м/с

  3. 4-6м/с

  4. 8-10 м/с

  1. Тауларда соғатын жылы және құрғақ жел

  1. Самум

  2. Муссонды

  3. Пассат

  4. фен

  1. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізетін жел:

  1. шаңды дауыл

  2. муссон

  3. экваторлық

  4. Мұғалжар























ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

Қазақстан желдері

Қазақстан аумағында соғатын бірнеше жел түрлері бар. Қазақстан жерінде соғатын желдерге Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Ебі мен Сайқан желін, Жамбыл облысындағы Арыстанды қарабас желін, Ақтөбе облысындағы Мұғалжар желдерін т.б. жатқызуға болады. Ебі желі – Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында, Қытай жеріндегі Ебінұр көлінде жоғары қысым орнағанда пайда болатын жел. Ебі желі оңтүстік шығыстан, яғни Ебінұр көлінен солтүстік батысқа қарай, яғни Алакөлге қарай соғады. Желдің жылдамдығы 60-80 м/с жетеді. Сайқан желі солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа, Орта Азияға қарай соғатын жел. Сайқан желі сәуір мен қырқүйек айларының аралығында қатты соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Сайқан желі соққанда, Алакөлдің деңгейі бір метрге көтеріледі. Балық аулауды қиындатып, мал шаруашылығын шығынға ұшыратады.

  1. Ауа қысымының төменгі мөлшері байқалады:

  1. Жазықтарда

  2. Белдеулерде

  3. Таулы аудандарда

  4. Шыңдарда

  1. Ұзақ мерзім бойы жауын-шашынның жаумауы:

  1. Үсік

  2. Құрғақшылық

  3. Найзағай

  4. Шаңды дауыл

  1. Орташа есеппен жылына 70-100 күн соғатын жел:

  1. Ебі

  2. Сайқан

  3. Шелек

  4. Қордай; e)Мұғалжар;

  1. Қазақстанның жел туындау себептері:,

  1. географиялық ендік, жердің төсеніш беті, бойлық бағыт

  2. биіктігі, шатқалдар бағыты, тау жотасының созылу бағыты

  3. күн сәулесінің түсу бұрышы, жер бедерінің әркелкілігі

  4. географиялық ендік, шатқалдар бағыты, жер бедерінің әркелкілігі

























ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

33 нұсқа

Қазақстанның жерінде жауын-шашын әркелкі түседі. Жауын-шашын Батыс Алтайдағы Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысына көп түседі, ондағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1600 мм. Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар. Қазақстанның ең суық жері Атбасар өңірі, ол жерде бір жылдары -57°C-ға дейін төмендеген. Қазақстандағы ең жылы ай – шілде. Ең жоғарғы температура солтүстікте 41°C, оңтүстікте 47° C-тан аспайды. Өсіп-өну кезеңі дегеніміз өсімдіктің көктеп, гүлдеп, жеміс беруіне кететін уақыт. Қазақстанның оңтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 180 күн. Оңтүстіктегі өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы мақта, темекі, күріш, жүзім, қант қызылшасын өсіруге мүмкіндік береді. Республикамыздың солтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 130-135 күнге созылады. Мұнда агроклиматтық қорлар жаздық бидай, зығыр, көкөніс, бау-бақша өсіруге мүмкіндік береді.

  1. Қазақстандағы климаттың қолайсыз құбылыстары:

  1. Үсік, көктайғақ, құрғақшылық

  2. Су тасқыны, кемпірқосақ

  3. Тасқын, сел, күннің тұтылуы

  4. Cел, үсік, кемпірқосақ

  1. Жоғары тұмандылық байқалатын қалалар:

  1. Қарағанды, Өскемен, Алматы

  2. Теміртау, Шымкент, Нұр-Сұлтан

  3. Павлодар, Ақтөбе, Тараз

  4. Ақтау, Атырау, Семей

  1. Ең ұзақ болатын шаңды дауылды күндер тіркелген:

  1. Мұғалжар, Шағырай үстірті

  2. Үлкен Борсық құмы, Шалқар көлі

  3. Нарын құмы, Арал маңы Қызылқұмы

  4. Маңғыстау, Үстірт

  1. Үсік ауа қауіпті боп табылатын дақылдар:

  1. Бұршақ, қатты дақылд

  2. Мақта, астық

  3. Темекі, жемістер

  4. Қант,қауын-қарбыз


























ІІІ бөлім.

Физикалық география

Атмосфера

Қазақста

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2024
590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12