Материалдар / «География пәнінен олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«География пәнінен олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан алтын ғасыр жаңашылдыққа толы, әрі жаңашылдыққа бейім ғасыр деп айтсам, асылық айтқаным емес. Сол себепті де жаңашылдыққа жаны құмар тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілер осы «жаңалық» сөзін қалай қолданысқа енгізуде. Осы тақырыпта үңіле кетсек, жаңашылдықтың біздің ғылым саласында орны ерекше. Оның дәлелі жаңа технологиялар мен жаңа білім бағытына арналған жобалар. Нарық заманы бізе қатал талаптар қойып отыр. Ендігі кезеңде қоғам енжар жалқауларды, бәсекеге қабілетсіз адамдарды көтермейді. Осы орайда, әрбір мұғалім жаңалықты жатсынбай түсіністікпен қабылдай білуі шарт. Қазірде мұғалім өз адал еңбегі арқылы республикалық, халықаралық деңгейде өз білімімен де, шығармашылығымен де, оқушыларымен де жақсы жетістіктерін көрсете алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Тамыз 2021
819
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мақала тақырыбы: «География пәнінен олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары»

Қазіргі біз өмір сүріп жатқан алтын ғасыр жаңашылдыққа толы, әрі жаңашылдыққа бейім ғасыр деп айтсам, асылық айтқаным емес. Сол  себепті де жаңашылдыққа жаны құмар тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілер осы «жаңалық» сөзін қалай қолданысқа енгізуде. Осы  тақырыпта үңіле кетсек, жаңашылдықтың біздің ғылым саласында орны ерекше. Оның дәлелі жаңа технологиялар мен жаңа білім  бағытына арналған жобалар. Нарық заманы бізе қатал талаптар қойып отыр. Ендігі кезеңде қоғам енжар жалқауларды, бәсекеге қабілетсіз адамдарды көтермейді. Осы орайда, әрбір мұғалім жаңалықты жатсынбай түсіністікпен қабылдай білуі шарт. Қазірде мұғалім өз адал еңбегі арқылы республикалық, халықаралық деңгейде өз білімімен де, шығармашылығымен де, оқушыларымен де жақсы жетістіктерін көрсете алады.

«Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану-білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы»–деп орыс ғалымы Л.В.Зенков айтқандай,  расында да жаңа технологиялар өз пайдасын беруде деп айтуға болады. Күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғанабіз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сол себепті де жаңа әдіс-тәсілдердің өзімізге қажеттісін таңдап, білім беруге ыңғайлы жолын насихаттауға тиіспіз. Оның бір дәлелі қазіргі күндегі жүргізіліп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттырып, әдіс-тәсілдерді үйретуде мол үлес қосып жатқан Кембридж университетімен «Назарбаев зияткерлік мектебі» арасындағы жасалған жобаны айтуға болады.

Географиядан берілетін білім мақсаттары:  
Негізгі мектепте географияны оқыту төмендегідей мақсаттарға жетуге бағытталған:

  • негізгі географиялық ұғымдар, географиялық қабық және оның түрлері;

  • жердің көлемі мен пішіні, оның географиялық маңызы;

  • жер шарының халқы, адамзаттың негізгі нәсілдері;

  • өзінің туған өлкесі мен Отанына деген патриоттық тәрбие;

  • оқушылырдың табиғат заттары мен табиғи құбылыстар туралы көзқарасы;

  • әлеуметтік- экономикалық міндеттерді географиялық білім негізінде шешу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық есептерді шешу. 

Географиялық білімнің мазмұны:  
Мектепте географиялық білім берудің мазмұндық құрылымы:

  • жер заңдылықтарын нақты түсіндіретін ғылыми білім беру;

  • географиялық қабық және табиғат кешендері туралы ілім;

  • географиялық зерттеу әдістері: бақылау, далалық зерттеулер;

  • табиғиобъектілер, жер, оныңқабықтары;

  • материктер мен мұхиттар;

  • әлеуметтік-экономикалықобъектілер;

  • аймақтар, елдер, облыстар, аудандар;

  • жердегі тіршілік барысын анықтайтын процестер мен құбылыстар;

  • табиғи процестер; табиғаттағы су айналымы;

  • ауа райы мен климаттың өзгерісі;

  • жер бетіндегі тараған негізгі нәсілдер мен халықтар;

  • жер шары халқының өсуі;

  • демографиялық саясат;

  • адамзаттың өмір сүруі мен өмірлік танымы;

  • адамның шаруашылық әрекеті, оның қоршаған ортаға бейімделуі;

  • қазіргі заман географиясы;

  • әлемдік шаруашылық пен ұлттық шаруашылықтың өзара байланысы;

  • адамзаттың жаһандық проблемалары.

Географиялық білім беру жолдары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені баршамызға мәлім. Жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4 бағытты қамтиды. Олар модульдік технология, рейтинг жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне, қарап іріктеп қолданылады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным – түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады.

География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық – жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, география пәні мұғалімі болу деген сөз – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, мазмұн – табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді.

Географиялық білім беру жолдары:

Әрбір пән мұғалімінің мақсаты – оқушыларға сапалы білім беру. Сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі әдістері оқушылардың білім сапасын арттыруда және пәнге қызығушылығын, сонымен қатар әр баланың іскерлігін, ізденімпаздығын, байкау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сабақта қай тақырыпта болса да ғылыми – теориялық әдебиеттер, оқу- әдістемелік құралдар, көрнекіліктер, электронды материалдар, т.б. пайдалануға болады. Басқа пәндерге қоса географиядан да тиянақты білім берудің негізі – географиялық білім түрлерін жүйелі оқыту. Географиялық білім түрлерін атап айтар болсақ: геологиялық, климаттық, картографиялық, номенклатуралық, топонимикалық, тарихи, экологиялық және экономикалық білім деп бөлуге болады.

1.Геологиялық білім арқылы оқушылар жер қыртысының тұрақты және тұрақсыз түрлерімен танысып, соған байланысты табиғаттың бірнеше ғасыр бойы табиғи жолмен даму тарихынан білім алады. Бұл теориялық білімдерін танымжорық кезінде өз өлкесінен жинап алған тау жыныстарының түрлерін анықтауға тапсырма беру арқылы практикалық дағдыларымен ұштастыра аламыз.

2.Климаттық білім жер бетіндегі климаттың климат туғызушы факторларына тәуелділігін, ауа-райы құбылыстарының шаруашылықты ұйымдастыруға әсерін үйрете отырып, картаны пайдалану және оны оқи білуге баулу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру арқылы беріледі.

3.Картографиялық білім оқушылар картамен жұмыс істеу кезінде беріледі. География сабағында жер бедерінің формасын анықтауда, масштабты қолдана отырып қашықтықты есептеуде, климаттық картаның көмегімен әр материктің климатын оқи біліп, климатты қалыптастырушы факторларды анықтауда, елдердің физикалық – географиялық жағдайын сипаттауда және экономикалық географиясына, т.б. сипаттама беруде географиялық картаның маңызы зор.

4.Номенклатуралық білім оқушы картамен жұмыс істеп, географиялық атауларды меңгеріп отырса беріледі. Мысалы, 6 сыныптың литосфера тарауында ең биік 10 тау, ең ірі 10 жазық, гидросфера тарауында ірі 10 теңіз, ең ұзын 10 өзен, ең ірі 10 көлді картаға түсіріп жаттау арқылы білімін арттырса, дүние жүзінің әлеуметтік – экономикалық географиясы сабағында жер көлемі ірі елдер, халқының саны көп 10 ел, экономикасы дамыған елдерді анықтап, есте сақтаулары арқылы номенклатуралық білімдерін арттырамын.Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар картамен жұмыс істеуге төселіп,олардың танымдық білімдері мен есте сақтау қабілеттері артады. Егер оқушы өзінің оқыған географиялық атауларының шығу тегімен танысып, тоқталып, мән беретін болса, топонимикалық білімі бекітіледі. География сабағында оқушыларға өздерінің қалауы бойынша үш сөздің тарихын тауып келуге тапсырма беру арқылы оларға шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасаймыз.

5.Экологиялық білім табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеуде, туған жерге деген перзенттік адамгершілік борышын сезінуге көмектеседі. Түрлі экологиялық тапсырмалар, яғни өз ауылындағы бұлақтар немесе өзеннің табиғат компоненттерінің ерекшеліктерін сипаттау, жыл мезгілдері бойынша өзгерістерін бақылау, ауыл халқының тұрмысы мен шаруашылығында алатын орнын анықтау, адам әрекеті нәтижесінде болатын табиғаттағы өзгерістердің себебі мен оны жою жолдарын табуда оқушыларға тапсырма беру арқылы экологиялық білімдерін өз беттерінше арттыруларына көмектесе аламыз.Мысалы, ауыл жанындағы « Маралды » көлінің экологиялық ерекшелігі зерттеліп көл табиғатына сипаттама берілді. Оқушылар көлдің геологиялық, биологиялық, экологиялық , шаруашылық сипаттамасын жасады.Көлдің өсімдіктер дүниесі шөпті және бұталы өсімдіктерден тұрады. Өсімдіктері көп түрлі, жиі және тығыз өскен.Бұлақ жануарлар дүниесіне бай.Сүткөректілерден қоян және сарышұнақ мекендейді

6.Экономикалық білім де экономикалық білім жүйесін игеру барысында, экономикалық есептеуде, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, өндірістегі іс- әрекет экономикасын талдау арқылы меңгеріледі.Оқушыларға нарықтың құрылымы мен кәсіпкерлік жүйесін ұғындыруда, нарықтық білім берудің бағыттары мен кәсіпкерлікке баулудың әлеуметтік педагогикалық қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, оқушыларға нарықтық ұғымдарды оқыту барысында экономикалық білімдерін қалыптастырады. Оқушыларға ауыл халқының өсу динамикасын анықтау, әр шаруа қожалықтарының шаруашылықты ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу, қорытынды жасау, өнімнен түсетін қаржыны болжау жұмыстарын үйрету арқылы экономикалық білім беруге болады.

Мұғалім жоғарыдағы білім түрлері арқылы география пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық деңгейін арттырады. Яғни, оқушылар өз беттерімен тапсырма орындап, оқу материалдарының мазмұнын жақсы меңгеріп, өз ойларын толық және дәлелді жеткізуге төселеді. Олардың ойлау және сөйлеу қабілеттері артады. Өз беттерімен керекті материалды тауып, тапсырмаларды дұрыс орындауға үйренеді.

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл – ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.

Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл – амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады. Танымдық әрекеттің үш дәрежесі болады.

География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т.б.көптеген себептерге байланысты.

География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
Осы негізде география пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс–әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып алады.

Мектеп оқушыға жыл бойы нені үйретеді, нені оқытады деген сұраққа педагог мамандар «Табиғатты» деп жауап береді. Адам өмірге келгеннен өмірден озғанынша табиғатпен біте қайнасып, табиғатты зерттеп, табиғатты өлшеп, табиғатты жырлаумен күн кешеді. Демек, табиғат адам өміріндегі бітпейтін өлшеусіз лаборатория болып табылмақ.

Осы алып лаборатория — «табиғатты» география пәнінен ажыратып тастау мүмкін бе? Жоқ. Адам ұғымындағы бұл екі сөз атауы жағынан айырмашылық жасағанымен бірлескен біртұтас дүние. Мысалы, «План және карта», «Атмосфера» тараулары оқушымен бірлесіп, әр сабақта картамен, географиялық алаңды пайдалана отырып саамандық жүйеде жұмыс жүргізуге болады. Мұнда топтық, серуен, картаны оқу, георафиялық алаңмен жұмыс жүргізу оқушының география пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі.

Жетінші сыныпта география пәнін оқытуды күрделендіре түсу керек. Мысалы, әр тақырыпты мұғалім картадан оқып түсіндіреді. Бұл оқушының одан әрі қарай сол жаңа сабақты оқып түсінуіне жағдай туғызады.Осы жүйені қалыптастыру үшін пән мұғалімінің теориялық білімі жеткілікті болуы керек.

География пәнінен олимпиадаға дайындық кезінде оқушыға қойылатын талаптар:

  • «Шың», «География» оқулығы арқылы жұмыс жүргізуі (6-11 сынып);

  • ҰТО нұсқаларын мейлінше көбірек талдап, түсінік алуға дағдылану;

  • ҰТО –ның нұсқаларын дайын сұрақ-жауап түрінде жаттап оқу;

  • Оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше іздену;

  • Мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін орнату;

  • Интернет ресурстарынан тақырыптарға шолу жасап дайындалу;

  • Әр оқушыда географиядан жұмыс дәптерінің болуы;

  • Әр оқушыда атлас пен контур картаның болуы;

  • Географиялық есептер мен тапсырмаларды орындай білуі;

  • Мұғалім мен оқушының тақырыптарға сай тиімді жұмыс кестесін құруы.

Осы орайда, оқушыларды олимпиадаға дайындауға көмек ретінде тоқсан сайын өтілетін мектепішілік «марафон» тест тапсырмалары мен байқау сынақтарының пайдасы мол. Бұл ретте пән мұғалімінің сабақ беретін сыныбының білім деңгейі көрініп-ақ тұрады. Әрине, сыныптың жоғары не төмен көрсеткіш беруі, бұл мұғалімнің шеберлігі және оқушылармен үзбей тынымсыз жұмыс жүргізуінің арқасында болып отырады. Бір жағынан мұғалімдер арасында бәсекелестікті көрсетіп, оқу барысында жаңаша көзқарас пен ұмтылыс қалыптастырып отырады.

 2017-2018 оқу жылындағы география пәнінен сабақ берген сыныптар бойынша

көрсеткіштерді сараптайтын болсам:

  1. Облыстық экономикалы-географиялық пән олимпиадасында (қос пән)

  1. сынып ІІ орын (1-оқушы).

  2. сынып ІІІ орын (3-оқушы).

  1. Республикалық экономикалы-географиялық пән олимпиадасында (қос пән)

  1. сынып (1-оқушы) Ректор Грант иегері, Алматы қаласы.

  1. ОЖСБ қорытындысы бойынша (таңдау пәндері)

9-сыныптар І орын (І ауысымдағы 4 оқушы; ІІ ауысымдағы 5-оқушы).

  1. Республикалық ғылыми жоба Алматы қаласы, журналға басылым,

  1. сынып ІІ орын (2-оқушы).

  1. Республикалық ғылыми жобаға қатысу сертификаты Тараз қаласы,

9-сынып (4-оқушы).

  1. І жарты жылдық «Марафон» бағдарлама қорытындысы бойынша

  1. сынып І орын.

  1. ІІ жарты жылдық «Марафон» қорытындысы бойынша

    1. сыныптар І орын.

  1. Глоссарий. Әлеуметтік және экономикалық география 9-сыныптар үшін (мемлекеттік тіркеу номері арқылы).

Қорыта келгенде, география пәнін таңдаған оқушылардың жоғары нәтиже беріп, тиімді жолдарын арттыруда мұғалімді үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуге міндеттейді. ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры. Ендеше, бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі,жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт естен шығармағанымыз жөн.

Ұлы Абай «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- дей отырып болашақ ұрапқтан арлы, білімдар, ақиқатшыл әрі еңбекқор, көпшіл, жақсылықты жанқиярлықпен жақтаушы, қайратын жалындатқан, ақыл-парасатын көрегендікке бағыттаған азаматты аңсады. Лайымда, әр жас өрен ұлы Абай аңсағандай азамат атанса, халқымыз адамзат көшінде әркез ардақты орында болары хақ.

Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет-ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру.

Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады. Заман талабына сай тәрбие беру-мұғалімнің басты міндеті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!