Материалдар / "География сабағында диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" тақырыбында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"География сабағында диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп оқушыларына қосымша көмекші құрал бола алады. Жұмыс Әдебиет, тарих сабақтарында қолданылуға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2021
325
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әулиеата өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліс


Тарихы мыңжылдықтардың мұратымен үндескен, түркі өркениетінің інжу-маржаны саналатын киелі Әулиеата өңірінің еліміздің тарихында,мәдени, ғылыми, рухани өмірінде алатын орны бөлек. Сақ, ғұн, түркі мемлекеттерінен бастап, күні кешегі республика деңгейінде тойланған Қазақ хандығының 550 жылдығына дейінгі барлық кезеңдерде тарихи оқиғалардың саяси орталығы болып келген Әулиеата өңірінің тек отандық емес, әлемдік тарихқа да қосар үлесі зор.

Екі мыңжылдық тарихы бар киелі қала саяси жағдайларға байланысты сан рет қирап, қайта бой көтерді. ХІХ ғасырда Қазақстанның оңтүстік өңірі Қоқан хандығының қоластында болған тұста қала қайта бой көтерді. 1821-1827 жылдары қоқандықтар тұрғызған бекініс маңына тұрғындар қоныстана бастады. Алғашқы қоныстанушылар Наманганнан келгендіктен, қала біраз уақыт Наманган-коче деп аталды. Қала Қарахан кесенесінің іргесінде орналасқандықтан, әулиелі қаланы 1856 жылдан Әулие-Ата аталды.

Қазақстан түгелдей Ресей қарамағына өткен соң, Патша үкіметі 1867-1868 жылдары бірқатар әкімшілік реформалар жасады. Қазақ жері Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір болып үш үлкен генерал-губернаторлыққа бөлінді. Әкімшілік-территориялық бөлініс бойынша уез атанған Әулиета уезі Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Сырдария облысына қарады. Кейіннен кеңес өкіметі орнаған соң Қазақ АКСР-іне енді. 1928 жылы жаңа әкімшілік-территориялық аудандастыру шаралары жүзеге асырылуына байланысты Әулиеата уезі жойылды.

Әулиета уезі елде орын алған саяси оқиғалардан тысқары қалмады. Уез тұрғындары мен қайраткерлері ХХ ғасырдың басында Ресей отарлық саясатына қарсы ұлттық сипаттағы наразылық пен қарсылықтардың белсенді қатысушылары болды. 1916 жылы Патша үкіметінің маусым жарлығына қарсы көтерілістің ірі ошақтарының бірі Әулиеата уезінде өтті.

Халықтың санасында пісіп-жетілген наразылықтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс түрінде сыртқа шығуына 1905-1907 жылдардағы Бірінші орыс революциясы өз әсерін тигізді. Әулиеата уезі бұл саяси қозғалыстың бел ортасында жүрді. 1905 жылдың көктемінде патша үкіметінің Министрлер комитетінің төрағасы М.Б.Виттенің атына Сырдария облысының Әулиеата уезінің қазақтары әзірлеген, 50 адам қол қойған петиция телеграф арқылы жөнелтілді.

Бұл петицияның ұйымдастырушысы әулиеаталық қайраткерлердің жарқын өкілі Әзімхан Кенесарин еді. Ә.Кенесарин - қазақ ұлтының дербес ел болуын аңсаған Қасым, Ғұбайдолла, Саржан, Кенесары, Наурызбай, Сыздықтардың ісін жалғастырушы, атақты Кенесары ханның ұрпағы, Кенесарының бәйбішесі Күнімжаннан туылған Ахмет сұлтанның ұлы. Өмірінің үлкен бөлігін Әулиеата уезінде өткізіп, уездік басқармада аудармашы, хатшылық, кеңесші қызметтерін атқарып, қоғамдағы саяси үрдістерге белсене араласқан. Өте сауатты түрде хат тануына байланысты патша үкіметінің кезінде-ақ көзге түскен Ә. Кенесарин патша билігі тұсында бірқатар саяси және қоғамдық істерді атқарады.

Уездің жергілікті тұрғындарының отаршыл саясатқа қарсы жаңа формадағы азаттық күресі осы құзырхаттан басталды. Патша үкіметі қазақ халқының пікірімен санасуға мәжбүр болды. Құзырхаттағы талаптар орындамады, себебі талаптар Патша үкіметінің отаршылдық саясатына сай емес еді. Бұл халықтың отаршылдыққа қарсылығының жаңа толқынының тууына әсер етті.

1916 жылғы Маусым жарлығына сәйкес, халықтан «окоп қазатын жұмысшылар» алуға қарсылықтың арғы жағында отарлық езгіге, теңсіздікке және әділетсіздікке қарсылық жатты. Бұл Жарлық қазақ даласына шілде айының орта тұсына қарай келіп жетті. Шілденің орта тұсынан бастап бүкіл қазақ даласында өте ауыр жағдай қалыптасты. Бір жағынан, әскерге адам бермеймін деп қарапайым халық көтерілсе, екінші жағынан қайтсем де аламын деп үкімет орындары күшке көшуге дайындалып жатты.

Патшаның озбырлығы мен бай-манаптардың қорлығы жанына батқан кедей шаруалар қолына түскен нәрсенің бәрімен қарулана отырып күреске шықты. Патша өкіметінің сүйеніші болған жергілікті феодал-байлар да қарапайым халықтың жауына айналды. Қордаланған ашу-ыза ұлттық сипат алып, бүкіл қазақ даласын қамтыды.

Еңбекші халықтан құралған қозғалыс топтары ұйымдастырылып, саяси ошақтар пайда болды. Мұндай көтеріліс орталықтарын Торғай даласында Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында Әділбек Майкөтев, Жетісуда Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.

Маусым жарлығына сәйкес, Әулиеата уезінен майданның тыл жұмысына 22675 жұмысшы алынуы тиіс болатын. Бұйрықты орындауға кіріскен губерния мен уезд басшылықтары тыл жұмысына алынатындардың тізімін жасап, жинастыру жұмыстарын қауырт жүргізе бастады. Тамыз айында 3 мыңға жуық адам майданның тыл жұмысына жөнелтілді. Патша өкіметінің бұл әрекетіне қатысты ашынған халық арасында толқулар басталды.

Әулиеата уезіндегі көтеріліс шілде айында басталды. Алғашқы толқу  Әулиеатадан 60 шақырым жерде Күшеней* болысындағы 50 адамның Шу приставының Карач деген орман қараушысын өлтіріп, содан кейін жергілікті әкімдерге шабуыл жасауынан басталды. Шілденің соңы мен тамызда бүкіл Шу-Ыстықкөл аймағы жаппай толқуға түседі. Көтерілістің алғашқы ошағы Меркіде болды, кейін Аса, Шу бөлімдері де қосылды.

Меркі Әулиеата оязындағы көтерілістің алғашқы әрі үлкен ошағы еді. Көтеріліске шыққан халықтың жүйелі жоспары мен ұйымдасқан іс-әрекетінің болмауы шығындарға алып келетінін түсінген Т.Рысқұлов көтерілістің бастапқы кезеңінде халықпен бірге болды. Ұйымдастырушылық қабілеті зор, саяси сауатты Т.Рысқұлов көтерілісшілер арасында тез бедел мен сенімге ие болып, көп ұзамай көтерілісшілердің саяси басшысына айналды.

Т.Рысқұлов көтерілісшілерді ұйымдасқан іс-қимыл жасауға, ұсақ топтармен әрекет істемеуге шақырды. Ашық түрде патша әкімшілігіне қарсылық көрсетпеуге және орыс шаруаларына тиіспеуге кеңес береді. Ол көтерілісшілер көп шоғырланған жерлерде жиындар өткізіп, Патша өкіметінің, жергілікті билік орындары басшыларының саясатын әшкерелеп, халықты түрліше арандатушы тыңшылардан сақтандырып отырды.

Қазақ-қырғыз наразылығының күшейуінен сескенген Түркістан губернаторлығы Ташкеннен Әулиеата-Пішпек көтерілісін басуға едәуір күш жібереді. Күшті қаруланған жазалаушы қосындар оқ жаудырып, жазықсыз жандарды аяусыз қырды. Жазалаушы отрядтардың саны барған сайын өсе түсті. Сондай-ақ жергілікті орыс мұжықтарын да қаруландырылады. Тіпті Пішпектен Меркіге жазалаушы қосындарды тез жеткізу мақсатында автокөліктер де пайдаланылған. Сөйтіп Меркіде үлкен әскери лагерь пайда болды.

Үрейленген халық жұмыстарын тастап, көтерілісшілерге қосылу үшін Меркіге қарай ағыла түсті. Ызаға булыққан қалың елдің дүрлігуі Меркі, Новотройцк (қазіргі Төле би ауылы), Шалдауар, Ақыртөбе, Әулиеата секілді елдімекендерде орын алды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыс күш жинай берді. Тамыздың 20-на қарай Үшбұлақ, Ақыртөбе, Шалдауар бекеттеріндегі пошта тасушы қазақтар мен Меркі-Бішкек теміржол желісін салуға қатысып жүрген жұмысшылар өздерінің жұмыс орындарын тастап кетті. Мойынқұмның жиегінде отырған Қорағаты болысының ауылдарынан да көптеген шаруалар Меркіге қарай бет алды. Бірақ, бұлардың алдынан шыққан патша әскері оларды қанға бөктірді. Қалғандары көтерілісшілерге барып қосылды.

Меркі өңіріне жиналған қазақ жасақтары Меркі селосы мен болысындағы басқа да орыс елдімекендеріне шабуыл жасап, қарулы қақтығыстарға барды. Бұл қозғалысты екі мыңға жуық көтерілісшімен бірге Ақкөз Қосанұлы бастады. Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-қимылына Т.Рысқұлов саяси бағыт-бағдар сілтеп отырды. Меркідегі осындай көтерілістің өршіген кезінде Т.Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқынға алады. Бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай, босатып жіберуге мәжбүр болады. Саяси қызметпен айналысуға оған қатаң тыйым салынады. Түрмеден босаған Т.Рысқұлов бір айдай қатты науқастанып, көтерілісшілерге көмегін бере алмай қалды.

Найза, шоқпар, айбалта, сойыл, аңшы мылтығы секілді қарабайыр қарулармен жасақтанған екі мыңдай сарбаздардың Меркіге жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады. Жеңіліске ұшыраған көтерілісшілер Шуға, құмға қарай бас сауғалап қаша бастайды. Көтерілісшілер Шалдуар мен Меркі арасындағы телеграф линиясын, кейіннен Меркі-Пішпек телеграф линияларын үзіп тастады. Жағдайға қатысты Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің Кавказ майданының бас қолбасшысы кн. Николай Николаевичке: «беспорядки... перекинулись в Смиреченскую область, захватывая обширный район. Почтово-телеграфное сообщение между Ташкентом и Верным прервано. Несколько станций разрушено» [4, 171-б.] деп берген жеделхаты оқиғалардан нақтылы хабар береді. Бірақ патша әскерлері жақсы қарумен жасақталғандықтан, көтерілісшілердің шегініс жасауына тура келді. Шабуылды жалғастырушылар кеңесе келіп, учаске приставының жазалаушы қосынына қарсы мыңдаған жылқы табындарын айдап, таптап өту туралы шешім қабылдайды.

Шу приставының аймағы да көтерілістің ошағына айналды. Көтерілісшілер Әулиеатадан 300 шақырымдай жерде тұрды. Негізгі құрамы Әулиеата, Ақмола, Аса  болысының қазақтары, жалпы саны үш мыңға жуық болатын. Шу бойына шоғырланған қазақтар Меркі бөлімі қазақтарының  Новотроицкі, Кузьминка, Меркі, Мөңке және Луговойға жасаған шабуылдарын сәтті өткен және орыстардың әлсіздігін көрсеткен оқиға деп санады. Сондықтан да олар пристав бастығын қолға түсіріп, Әулиеата бағытында жүрді. Олардың Әулиеатаға шабуыл жасау жоспары жөнінде хабар алған Шу приставының бастығы Урбанек көтерілісшілермен келісімге келудің мүмкін еместігін түсініп, оларға қарсы 65 төменгі шендегі әскермен 3 офицерді аттандырды. Көтерілісшілер мен Урбанек әскері арасындағы шайқас 16 қыркүйекте Әулиеатадан 70 шақырым жердегі Аманқұл деген жерде болды.

Меркі көтерілісшілері 20 қыркүйекте Мойынқұмға қарай шегініп, күш жинау, жаңа шабуылдарға дайындық жасауға кіріседі. Көтерілісте қазақ кедейлері барынша белсенділік танытады. Мойынқұмға қарай тереңдеп енген көтерілісшілердің басшылары Жетісудің өзге аймақтарына өз елшілерін жіберіп, бірлесе күресуге шақырады. Қаншалықты қарсыласқандарымен қыркүйек айының ақырында Меркі көтерілісшілері жеңіліс тапты.

Меркі көтерілісіне қатысушылар Аршынбай, Сатыпалды, Ақылбай, Жылқыбай, Шынбатша, Құсмолла, Қыдырбай, Әлімжаныс, Ақкөз батырдың жары Қымбат ана, Ә. Аталықұлы, Ө. Бұланұлы, А. Нартайұлы, Ү. Иманбекұлы, Ш. Қамбарұлы, Б. Әбейқызы, және т.б. атап өтсек, тәуелсіздік жолында күрескен, жылдар бойы есімі тасада қалып келген жерлестеріміздің рухын ғана көтеріп қоймаймыз, келер ұрпақ ата-баба ерлігіне қарап бой түзері анық. Жоғарыда есімдері аталғандар 1916 ж. көтерілістің куәгерлері ғана емес, оған тікелей араласқан, сол үшін патшалық билік жүйесі тарапынан кезінде қуғын-сүргін көрген жандар еді.

Көтерілістің өзге аймақтармен сабақтастығының және зардаптарының көрінісі ретінде, 1916 ж. көтерілістің Торғай ошағының сардарбегі Амангелді Имановтың туысқандары, атап айтқанда, немере ағасы Иманқұлдан тараған Мақаш әулеті сол нәубетті жылдары жазалаудан қашып, көтеріліс басылғаннан кейін жер ауа көшіп келіп, қазіргі Т. Рысқұлов ауданының «Жаңатұрмыс» ауылында тұрақтап қалуын айтуға болады.

Жалпы айтқанда, бұл көтерілістің қазақ халқына берген зияны да пайдасы да болды. Зияны сол, ел қырылып, өз жерінен ауа көшіп босып кетті. Еріксіз туған жерлерін тастап, өзге елдерге үдере көшуге мәжбүр болды. Халық күйзеліске ұшырап, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында қатты тежеуге ұшырады. Ал, пайдасы болса, халық өзінің күш-қуатының бар екендігін, рухты ел екенін көрсете білді. Бай-манаптар мен патша озбыршыларына өздерімен санасу керектігіне көздерін жеткізді. Айбалта, күрек, найза, қылыш сияқты жалаң құралдармен қаруланып-ақ мықты әскери техникасы бар қызыл империяға қарсы шығып, революцияның болуы мен патшалық империяның құлауына үлес қосты. Ел мен жер тұтастығын сақтап қалуға негіз болды. Қырылып жатса да туған ел, туған жері үшін әрқашан атқа қона алатынын, тұтастығы мен тәуелсіздігінен оңай айрыла салмайтынын, көне Сақ, Ғұн, Түркі елінің асыл текті ұлт екенін дәлелдеді.

Әулиеата өңірі 1917 жылы орын алған екі бірдей төңкеріс кезінде орын алған саяси процестерге бел шеше араласты. Патша үкіметі билігі тұсында демократиялық, әсіресе ұлт-азаттық ұйымдар мен қоғамдастықтардың кең етек ала алмағандығы белгілі. Жалпы қазақ өлкесіндегідей, Әулиеата уезі зиялыларының азаттық күрес жолындағы қызметі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін жалғасты.

Патша үкіметін құлатқан жаңа өмірмен бірге келген өзгерістер тұсында өлкеде құрылған тағы бір жергілікті қоғамдық-саяси ұйым Т.Рысқұловтың басшылығымен дүниеге келді. 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде әдбен кедейленген қазақ халқының арасында кулактық террор мен жергілікті байлардың сатқындық әрекеттері жағдайында, қазақ бұқарасын дұрыс революциялық жолмен жүргізу үшін «Қырғыз (қазақ) жастарының революциялық одағы» құрылды.

Ақпан революциясы басталған кезде және патшаның тақтан құлағаны туралы хабар жетісімен Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі оқуын тастап, Әулие-Ата уезіндегі Мерке ауданына келді. Ол мұнда жергілікті кулактардың бейбіт қазақ халқынан 1916 жылғы көтеріліс шығындарын өтеуін талап етіп отырғанының куәгері болды. Жергілікті халыққа Керенскийдің телеграммасы бар екенін, онда орыс тұрғындарына көтеріліс шығындары қазынадан төленетіндігі және жергілікті халықтың бұған еш қатысы жоқ екендігін айтып түсіндіру барысында орыстардың тарапын әбден қысым көрді.

1917 жылы көктемде құрылған одаққа ұлт-азаттық көтерілістің от-жалынынан өткен 30-ға жуық революциялық пиғылдағы қазақ және қырғыз жастары кірді. Олардың ішінде: азаматтар - Сарымулдаев, Нуршановтар, кырғыз Турдалы Токбаев, мұғалім Андреев, Асимов, Мамыров және басқалар, ал сәл кейінірек одаққа Әулие-Аталық Қошмамбетов, Абланов, Жүзбай Мыңбаев және басқалар кірді. Одақтың жарғысы мен ережелерінің негізіне - Уақытша үкіметтің комитеттеріне, кулактар мен байлардың езгісіне қарсы күрес жүргізу, революциялық жастардың және қазақ еңбеккерлерінің еңбекшілердің мүддесін қорғау үшін жүргізілетін жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру үшін бірігуі мақсат етіп қойылды. Сондай-ақ ашыққан қазақ кедейлеріне көмек көрсету мақсатында азық-түлік комитеті құрылды.

1917 жылы 12 қарашада Әулиеата уездік Ұлттық кеңесінің ұйымдастыруымен Әулиеата уезі қазақтарының съезі болып өтті. Съезде халықтың саяси-әлеуметтік жағдайы, жер, тіл, дін, білім мәселелері кеңінен қарастырылды. Осылардың ішінде білім мәселесі мен жер мәселесі ең даулы тақырыптардың бірі болды. Жалпы Әулиеата өңіріндегі білім беру мен сауат ашу ісі бүкіл өлкедегі халық ағарту ісінің құрамдас бөлігі ретінде ғана дамыды. Қазан төңкерісіне дейінгі уақытта Әулиеата өңірінде қазақ балаларын мұсылманша оқытқан жиырмадан астам мектеп болды. Алғашқы мектептерді Керімбай Бұралқыұлы, Дербіс Қалабаев сынды болыстар өз қаржысына ашты. Сонымен бірге Әзімхан Кенесарин, Сыдық Абланов, Қарабай Әділбеков сынды оқыған азаматтар үкіметтің ара түсуімен бірқатар орыс және мұсылман тілдерінде оқитын мектептер ашты.

Съезде көтерілген тағы бір өзекті мәселе - азық-түліктің уездегі халықтар арасында дұрыс бөлінуі туралы болатын. Бұл турасында қазақтар үшін өз алдына бөлек азық-түлік комитетін құру керектігін алға тартылып, Түркістан өлкесін жайлаған аштықтан уезд қазақтарын құтқару жолдары қарастырылды.

Мемлекеттік құрылымды қайта қалпына келтіру жолындағы немесе халықтың азаттығы жолындағы күрес қазақ топырағында бірнеше ғасыр бойы жүргізіліп келді. Бұл азаттық күрестердің әрқайсысың бүгінгі қол жеткізген тәуелсіздігіміздің тарихында алатын өз орындары бар. Бүгінгі тәуелсіздікке жетудегі, азаттық жолынғы күресімен Әулиеата уезінің де қосқан үлесі маңызды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!