Материалдар / ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНАЛОГИЯЛАР


Мектепке дейінгі білім беру – бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы.

Мектепке дейінгі білім берудің мақсаты – баланың іс-әрекеті үшін кеңістік құру және оның жеке дамуын, қолайлы әлеуметтенуін қамтамасыз ету.

Балабақша – балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым - қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру мазмұның жаңарту. 2025 жылға қарай мектепке дейін тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын қайта құру, қажеттіліктерін қамтамасыз ету, білім мазмұның жаңарту шеңберінде жоспарланған.

Мақсаты: Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында тиімді заманауи әдістер мен техналогияларды қолдану.

Міндеті: Баланың әрекетін бақылау; ұйымдастырылған оқу қызметінде сыни ойлау қабілетін және қызығушылығын байқау. Баланың үнін ескеру. Баланың жеке даму картасы арқылы бақылау.

Топпен жұмыс (командамен) мектепке дейінгі ұйымдардың заманауи әдістер мен техналогияларды қолдану тәсілі.

Басымдықтарды анықтау: жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламасының түйінді идеясы 4К моделі, себебі бұл идея балалардың бойында ерте жасынан дамуы тиісті креативтілік, коммуникативтілік, сыни ойлау, командада жұмыс жасау дағдылармен тығыз байланысты.

Осы мақсатта педагогтердің білімі мен тәжірибесі маңызды рөл атқарады.4К моделін жүзеге асыра отырып қандай нәтижелерге жетуге болады деген сұраққа жауап іздеп көрсек.

Бұл моделді ашып көрсетейік.

Білім беру үдерісіне 4К моделін қолдану.

Креативтілік

Командалық жұмыс

Коммуникативті

Сыни ойлау

Креативтілікді, коммуникабельдікті, сыни ойлауды жене командада жұмыс істей білуді дамытуға арналған әлеуметтік тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру. Бала өзіндік әлеуетін байқауы, өзінің күш жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа жетуді дағдыландыру.

Креативті оқыту Әдісі деген не?

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көпфункционалды вариативтік желісі болып табылады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында белсенді инновациялық әдістерді қолдану маңызды.

Кретивтілік-қоршаған ортаға қызығушылық, туындаған сұраққа өздігінен жауап іздеу, жаңа өз идеясының туындауы, ұсынылған ресурстарды таңдау арқылы кедергілерден өту.

Белсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар, рөлдік ойындар, шығармашылық жұмыстар т.б. Сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы баланың креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға болады.


Ойлан тап әдісі Егер де. Теориялар құрастыр Гипотезалар әдісі Болжау әдісі

Белгілі бір ақыл ой әрекетінің нәтижесінде балаларға бұрын белгісіз өнім жасау тәсілі Тапсырмалар балалардың қиял қабілетін дамыту. Балалар нақты әлем жаңалықтардан тұратының түсінуге үйренеді. Олар түсініктеме беруді немесе теориялық жалпылауды орындауды үйрену керек Балаларға қойылған сұраққа жауап нұсқаларын құрастыру ұсынылады. Нұсқаларды құрастыру үшін негіздерді таңдау болып табылады Балалар бұрынғы бақылауларға, анықталған заңдылықтарға, өзінің болжамдық қабілеттеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды. Талқыланады қорытындылар жасалынады


Топпен жұмыс әдісі деген не?

Командамен жұмыс жасау арқылы

1.Мақсат қоюға, оған қол жеткізу

2.Ынтымақтастықта жұмыс жасау

3.Жауапкершілікке тәрбиелеу

Креативті әдісті пайдала отырып ойын тапсырма әзірлеу

1 топ - сурет салу

2 топ - жапсыру

Сыни ойлау әдісін қалай түсінесіз?

Сыни ойлау әдісі дегеніміз не?

Балалардан біз қалай көреміз?

Ақпаратты алу. Алынған ақпаратты ой санадан өткізіп талдау жасау және өзін өзі реттеу, қортынды жасау және қортындысын түсіндіре алуды сыни ойлау дейміз.

Сыни ойлау – іс - әрекетті бағалау, логикалық қабілетінің дамуы, жеке іс - тәсілдерінің, көзқарасының қалыптасуы, іс - әрект арасындағы себеп -салдарлық байланысты қабылдау, жүзеге асыру, өз тұжырымдамасын түсіндіре алу, іс - әрекет барысында мақсатқа жете алмаған жағдайда да өзінің жетістігін және жеңе алмаған кедергісін түсіне білу.

Коммуникативтілік пен командада жұмыс істеу өзара тығыз байланысты. Іс - әрекет барысында өзара тілдік қарым - қатынасқа түсу, өз пікірін топпен келісе отырып, ортаға салу, топтың құндылықтарымен бөлісу, топ мүшелерін түсіне тыңдай білу, кедергіден топпен бірге өтуге әрекет ету. Қазіргі балаларымыздың жақын достары смартфондар, сүйікті ісі тәрбие мақсаты айқын емес ыммен сөйлесетін мультфильмдер болған кезде,балалар топтарын топтарға біріктіру таптырмайтын әдіс.

Бұл балаларды өзара жағымды қарым - қатынас орнатуға, бірлесе жұмыс істеуге, өзара жанашырлыққа итермелейді.

Бала үні

Идеяның басты бағдары балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың жас ерекшеліктерін, дербестіктерін қамтитын «Бала үнін» ескерумен тығыз байланысты және баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына бағытталған.

Сонымен қатар бала үнін ескеру балалардың келешекте демократиялық әлемнің толыққанды азаматтары болып қалыптасуы үшін ғана емес, балалар қазірдің өзіңде қоғам азаматтары ретінде өз ойын еркін айту құқығын бала кезден пайдалана білуге дағдылануы үшін қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы дамытуда тиімді тәсілдері

1. 4К моделіне сәйкес танымдық шығармашылықтарын дамытатын оқу қызметі.

2. Воскобовичтің дамыту ойындары

3. Геокант немесе шегелері бар тақтайша ойыны (4К моделіне сәйкес)

4. Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы» әдісі

5. «Вен диаграммасы»

6. Ұлттық құндылықтарды дамытатын ойындар М. Мантесоридің педагогикалық әдісі.

Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық үрдісінде жиі қолданатын әдістердің бірі - Ойын

Ойын - мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі.

Воскобович дамыту ойындары: бас қатырғыш, конструктор мен логикалық математикалық есепті шешуге арналған құрал.

Геокант ойыны: түрлі - түсті резенкелерді шегеге тағу кезінде мүсіндер, геометриялық пішіндер, сандар, әріптер шығады.

Эдвард де Бононың «Ойлаудың алтпы қалпағы» әдістемесі «Алты ойшыл қалпақ» әдісі.

Мағынаны ұлғайту «Вен диаграммасы» әдісі балалар жұпта жұмыс жасайды. Ақ қағазға немесе ламинатталған қағазға сызылған қос шеңберге жануарлар мен төлдерін орналастырады.

Жұптар суреттерді неліктен осылай жұптастырғаның дәлелдейді. Ұқсастығы мен айырмашылықтарын айтады.

Мектепке дейінгі ұйымның білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында тиімді заманауи әдістер мен техналогияларды қолдану.

Мектепке дейінгі білім беру үдерісіне 4К моделін жүзеге асыра аламын.

Креативті коммуникабельдікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуңа бағытталған әлеуметтік - тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып «Тұтас бала» бейнесін құруға мүмкіндік береді.

Бала өзіндік әлеуетін байқауы, өзінің күш жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа жетуіне дағдыланады. Ойымды аяқтай келе, 4К моделі жан -жақты, зияткерлікті бойына сіңірген,игі мақсатына жету жолында батыл қадамдар жасайтын ел болашағы, яғни балаларды тәрбиелеу мен оқытудың терең тамыры деген тұжырым жасадым.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі