Материалдар / География сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бағдарламасында оқушының функционалды сауаттылығын қалыптастыра отырып, қарастырылған материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтыру мен қатар, оқушының кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйренулеріне мүмкіндік жасаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
386
9 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1 Алматы облысы, Ұйғыр ауданы

Үлкен Дихан ауылы

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар,

З.Батталханов атындағы орта мектеп»КММ

Шормакова Анар Салимовна

География пәнінің мұғалімі

23 жылдық пед. өтілі бар педагог-сарапшы

anara.shormakova @mail.ru


География сабақтарында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту



«Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,

ол үнемі жаңаны табатын өнер»

Ж.Аймауытов

«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» Барлық дамыған елдерде сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың маңыздылығы айтылады. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда тұлғаны шығармашылыққа баулуда, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәнінің ролі өте зор! География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Мектеп үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше нәрсе-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атына лайық болу,оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкірттерін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Оқушы оқу процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының дамуына, оның ойлау стилінің тәуелсіздігіне аударылады.Педагогикалық инновацияның мұғалімдер алдына қоятын талаптарының бірі оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап үйренуін қалыптастыру. «Innovatio»-латын сөзі; «novis»-жаңалық, «in»- енгізу, жаңарту, жаңалық, өзгерту-дегенді білдіреді. Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Сондықтан да мен оқулықтағы материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтыру мен қатар, оқушының кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйреніп жаттығуларына мүмкіндік жасаймын. Жаңа білім беру мақсатында оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырамын. География пәнінің ерекшелігі сол сарамандық жұмыстар мен өзіндік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады.Оқушының өз бетінше орындалуына берілетін әрбір тапсырма түсінікті, көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі болуын қадағалаймын. Өз бетімен жұмыс істеу оқушыларды тиянақтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін оқушы еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштің бірі. Мысалы оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:

1.Оқулықпен жұмыс істеу-әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді.(көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді)

2.Атласпен, кескін картамен жұмыс істеу: география пәнінде атлас, кескін картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады.«Карта-географияның тілі» деп тектен текке айтылмаған. Атлас және кескін картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.

3. Географиялық есептер шығару, диктанттар орындау: Географиялық диктант жазу мен есептер шығару арқылы оқушылардың қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады. т.с.с

4.Географиялық сөздік, анықтамалық, қосымша материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп, кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс дәптерлеріне жазып отырса ол оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

5.Кестелерді толтыру. Кесте толтыру арқылы оқушылардың салыстыру, нақтылау, ойлау қабілеттері дамиды.

6. График, профиль, диаграммалар сызу: 6-сыныптан бастап температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту-оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ 9-шы сыныпта статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік болады.

7.Қосымша әдебиетпен интернетпен жұмыс. Қосымша әдебиет пен интернеттен саяхатшылардың өмір- тарихы, зерттеулерін, қызықты әңгімелерін іздеп, оқу арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына, дүниетанымының артуына мүмкіндік туындайды.

8.Табиғатқа бақылау: (топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына күнделікті бақылау жүргізу)

9. Карта-сызба нұсқаларды қарау,Филвордтарды шешу:

10.Әңгіме, синквейн құра білу

11. Туған жердің табиғаты әсем жерлеріне саяхат сабақтар мен танымжорықтарды ұйымдастыру

Оқушылардың өз бетімен жасаған нәтижесі білім ұстанымының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуций: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді түсінемін»[1,45б.] дегендей оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастырады.Қазіргі кезде білім беру технологияларының негізгі бағыттарының бірі саралап оқытуға көп көңіл бөлінуде.Оқушыларды саралап оқыту(деңгейлік тапсырмалар беру арқылы) америкада бастауыш сыныптардан, ал Жапония мен Франция елдерін ортаңғы және жоғарғы сыныптарда жүзеге асырылуда. Ал бізде күнделікті сабақтарда әсіресе 5-7 сынып оқушыларымен деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралап оқыту технологиясын пайдаланған өте тиімді. Себебі бұл сынып оқушыларының жас ерекшелігіндегі психологиялық жағдайларын пайдаланып, олардың бір-біріне деген қызығушылығын, еліктеу қасиеттерін ескере отырып дамытуға мүмкіндік туындайды. Айта кететін жағдай: бұл технологияны пайдаланғанда сынып оқушыларын білім,білік дағдыларының қалыптасуына, зейіні мен есте сақтау қабілеттеріне қарай бірнеше топқа бөлу қажет. «А», «Б», «С» тобы деп немесе І, ІІ және ІІІ-топ деп бөлуге болады. Тағы бір ескеретін жағдай білім алу барысында оқушылар бір топтан екінші топқа даму қабілетіне қарай көшіп отырады.

Жалпы «технология» деген ұғым гректің techne-өнер, кәсіп, шеберлік, ал logos-ғылым, ілім деген сөздерінен құралған, «мағынасы-шеберлік туралы ілім» дегенге келеді.

Технология: өндірістің, мысалы, металдардың, химиялық және т.с.с. құрылыс жұмыстары процесінде өңдеу, әзірлеу, күйінің өзгеруі, қасиеттері, шикізат, материал немесе жартылай фабрикат әдістерінің жиынтығы; сәйкес өндіріс жабдықтарымен шикізатқа, материалға немесе жартылай фабрикатқа әсер ету тәсілдері туралы ғылым.

Шетелдік басылымдар бойынша «технология» дегеніміз - «қағидаларды анықтау және құрастыру, тәсілдерді және материалдарды қолдану жолымен, сонымен қатар қолданылатын әдістерді бағалау көмегімен білімдік тиімділікті жоғарлататын, білім процесінің тиімді тәсілдерін, фактілерді талдау жолымен жасау мақсатында зерттеу»

Педагогикалық технология – психологиялық-педагогикалық нұсқауларды білім беру процесінде қолданылатын оқытудың және тәрбие құралдарының арнайы формалары, әдістері, құралдары және тәсілдер жиынтығы, ол болжанған білім беру нәтижесіне алып келеді.

М.В. Кларин, Г.М. Құсайынов, В.П. Беспалько, Ж. Қараев еңбектеріне сүйенсек педагогикалық технология дегеніміз - өнер, шеберлік, білік, білімді меңгерудің жаңа жолы (оқытуды ұйымдастырудың жаңаша формалары, әдіс-тәсілдері), оқыту процесін ұйымдастырудың, өткізудің жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі; оқытуда мақсатты нәтижеге жетудің кепілдік беретін жазбаша үлгі жоспары, оқыту процесінде адамның іс-әрекетімен техниканың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану т.б

Біздің пікірімізше, педагогикалық технология дегеніміз – белгілі бір тәрбиелеу немесе оқыту мақсатында тиімді нәтиже алу үшін ұсынылатын технологияның бір түрі.

Әдіс - білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы. Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғалім (оқытушы) мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекет тәсілдері.

Педагогикалық технология құрылымы: Оқу үдерісін ұйымдастыру; оқушылардың оқу-іс әрекетіндегі әдістері мен құралдары; материалды меңгеру барысында ұстаздың қызметі;оқыту үдерісінің диагностикасы. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі: Дәстүрлі технологиялар; инновациялық технологиялар

Пассивті оқыту –оқушылар мен пән мұғалімі оқытушылардың өзара әрекеттесу формасында, сабақ барысында мұғалім негізгі қызмет атқарады, ал оқушылар пассивті тыңдаушылар рөлінде болады. Оқушы «оқытудың нысаны» рөлінде болады: - тыңдайды; - көреді, қарайды.

Пассивті сабақтар келесі жолдар арқылы жүзеге асырылады: сұрақ қою; өз бетінше және бақылау жұмыстары; тестік тапсырмалар және т.б.

Белсенді әдістерді пайдалану: оқытушы мен оқушы сабақ барысында бір-бірімен өзара әрекеттеседі: оқушылар енді пассивті тыңдаушылар емес, олар оқыту процесінің белсенді қатысушылары; пассивті сабақ барысында негізгі фигура ол оқытушы болды, ал мында оқушы мен мұғалім бірдей құқыққа ие – оқушы оқытудың «субъектісі» ретінде болады; пассивті сабақтар оқытудың авторитарлы стиліне негізделеді, ал белсенді сабақтар демократиялық стильге негізделеді.

«Интерактивті» - ағылшын «interact» (« inter» - «өзара», «act» - «әрекет ету») Интерактивті оқыту Интерактивті әдістер белсенді әдістерге қарағанда оқушылардың тек мұғаліммен белсенді әрекеттесуге ғана негізделмеген, онда оқушылар бір-бірімен белсенді түрде әрекеттеседі.

Педагогикалық мүмкіндіктердің арасында ең жемістісі – ол интерактивті оқыту!

Интерактивті оқыту: білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуі диалогты формаға негізделген тәсіл; өзара араласуға (сөйлеуге) негізделген оқу, оның барысында оқушылардың жұмысты бірлесе орындау дағдысы қалыптасады; «барлығы әр қайсысын зерттейді (таниды) және әркім барлығын зерттейді» .

Интерактивті оқытудың мақсаты – мұғалім оқушының өзі білім алуға және құрастыруға жағдай жасау.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: - тұлғаның еркіндігі мен құқықтарының сақталуы; - тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; - педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрете бiлу. Оқушылар кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, проблемалы сұрақтарды шешу барысында келесіге жол беріледі: -өздеріне деген сенiмдері тәрбиеленеді; - шешендiк өнерлерi жетiледi; - танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын); - сыни ойлау дағдыларын дамытады; - өз пiкiрлерiне деген құқығын түйсiнуi артады; - пiкiрлердiң көптiгiн ұғынады және т.б.

Интерактивті әрекеттесу біреумен (адаммен) бір затпен (компьютермен және т.б. техникалық құралдар.

Интерактивті оқытудың негізгі варианттары:

Модерация

«Ми штурмы» (шабуылы)

Case-study (нақты практикалық жағдайларды талдау)

Ситуациялық міндеттерді шешу.

Сахналау

Мозайка

Рөлдік ойындар

Wordwall,The Hat платформалары

Мини-жобалар жасау

Іскерлік ойындар

Инсерт

Дебат және т.б. әдіс-тәсілдерден көрінеді.

Қорыта келгенде: Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді құралы-ол ұстаздың шығармашылық идеясы.

Абай Құнанбаевтың сөзімен айтсақ «толық адам» [2,35 б.] дайындауға, қоғамдық ортаға қажет адамзат тәрбиелеуде креативті құралдармен оқытудың маңызы зор. Оқу мен білімге деген қызығушылықты арттыруда креативті тәсілдер арқылы оқушының ынтасын арттыру ұстаздың басты мақсаттарының бірі. Демек оқушының жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға тәрбиелеу мен оқытуда ұстаздың методикасы мықты болу керек. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше, бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт естен шығармағанымыз жөн.

География сабағында функционалды сауаттылықты қалыптастыру барысында біраз оқушыларым жетістіктерге де жетіп жүр. Оның дәлелінің бірі 9 сынып оқушысы Тургунбек Айбын «Үлкен Дихан ауылының географиясы» тақырыбындағы жобасын ұсынып, «Kreativti Qazaqstan» халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы жариялаған «Ең үздік ғылыми жоба» Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының «Ең үздік креативті ғылыми жоба» номинациясының І дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталды. Бұл менің ең үлкен жетістігім деп білемін.


























ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Әлімов А.Қ. Оқудағы Интербелсенді әдіс-тәсілдер: Оқу құралы- Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.-188 бет.

  2. БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОЗЫҚ ТӘЖІРБИЕ Білім беру қызметкерлерінің облыстық ғылыми-практикалық жаңаша іс-тәжірбие материалдары: Алматы 2023 жыл

  3. Шардарбеков Д.Ш «ХХІ ғасыр мұғалімі» Панорамалық сайыс сабақтар жинағы: Алматы 2010 жыл -223 бет

  4. География және табиғат: Ғылыми-педагогикалық журнал №2 (74), 2015

  5. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ Білім беру қызметкерлерінің озық іс-тәжірбиелерінің облыстық жинағы: Алматы, 2017 жыл- 80 бет

  6. Жанпейісова М.М. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ОҚУШЫНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ:Алматы, 2006.- 180 бет.

  7. Қасенов С.Қ. Географиялық қабық туралы ілім пәні бойынша зертханалық жұмыстар: Алматы, 2001.-21 бет

  8. Карпеков Қ., Бейсенова Ә., Қалиев М., Молдағұлов Н. Қазақстанның физикалық географиясы: Орта мектептің 8 сыныбына арналған оқулық.

Алматы «Рауан» 1998.-160 бет.

  1. Асубаев Б., Сүлейменова Г., Ысқақова К., Көбенқұлова С. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ: Оқыту әдістемесі: Алматы «Атамұра» 2016.-136 бет.

  2. Есназарова Ұ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУ:

Алматы, «Рауан»1996.-116 бет.

  1. Нүсіпұлы Ерғали,Айдарханұлы Жәлел. Тәңір тауы аясы Атақоныс сипаты.-Алматы: «Luxe Midia Group», 2012.-256 бет

  2. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі-білім сапасының негізі-

Алматы, 2019.-261 бет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!