«География сабақтарында қалыптастырушы танымдық кері байланысты ұйымдастырудың тиімді жолдары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«География сабақтарында қалыптастырушы танымдық кері байланысты ұйымдастырудың тиімді жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. сабақта кері байланысты ұйымдастыру арқылы оқушы білімінің дамуымен қатар, сараптама жасау, өзін-ө
Материалдың қысқаша нұсқасы

«География сабақтарында қалыптастырушы танымдық кері байланысты ұйымдастырудың тиімді жолдары»

Утесинова АйнагульЕсеновна ІТ мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі


Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан.

Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға.

Тақырыптың өзектілігі сабақта кері байланысты ұйымдастыру арқылы оқушы білімінің дамуымен қатар, сараптама жасау, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға машықтайды. Жасалған әрекет негізінде өзіне есеп бере отыра, қалай білім алу керектігін, өзінің қалай оқып жатырғандығын түсінеді. Сондықтан сабақтарда кері байланыстың орны ерекше маңызды.

Тақырыпты таңдаудағы негізгі мақсатым: сабақты жоспарлауға сабаққа нақты мақсат қою, оқушылардың ерекшеліктерін анықтауға, сабақтарға өзгеріс енгізу мақсатында кері байланысты кеңінен ұйымдастыру қажеттілігінің туындауы.

Тақырыптың маңыздылығы:

  • Сабақта кері байланыс жүйелі қолданылатын болса, оқу мақсатына жету өлшемі айқындала түседі.

  • Мұғалімнің кері байланыс берудегі дағдыларын шыңдай түседі;

  • Сабақтың сапасы мақсат және оған жету жолдарының тиімді ұйымдастырылуына мүмкіндік береді;

Қазақстан Республиасының білім берудегі басты мақсаты – жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игерудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Білім алуда сеніді, өзіне есеп бере алатын тұлға қалыптастыру үшін оқушылармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі туындап отыр.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.

Рефлексияның мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі деп көрсеткен.

Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің дұрыс не бұрыс болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.
Кері байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.

Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері:

  • Мұғалім кері байланысы уақытылы болуы тиіс, туындаған даудың әрқайсысына қолдау көрсете отыра тоқтату керек;

  • Айтылған ой түсінікті, нақты болуы қажет;

  • Ой талқылауға ашықтығы;

  • Мәселені жан-жақты талқылауға жеткілікті уақыт берілуі тиіс;

Алынған білімді өлшеу жолдарының бірі – тиімді кері байланыс орнату. Кері байланыс аспектілерінің бірі танымдық кері байланыс орнату. Танымдық кері байланысты орнатуда төмендегі қағиданы ұстаныңыз:

  • Бағыттаушы сұрақтардың маңыздылығын ескеру;

  • Кері байланыс үдерісінде қолданылған әдістер жаңа және тың идеяға әкелуге бағытталсын. (джиксо, сана аллергеясы, пікірлер сызығы т.б.)

  • Әдістердің оқушылардың қалай оқу керектігін түсінуге бағытталуы;

  • Ойларын жинақтау, зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында графикалық органейзерлерді қолдану (дара диаграмма, қос диаграмма, Венн диаграммасы т.б.)

  • Берілген әдістер мақсатты өлшеуге бағытталсын;

  • Кері байланыс тұлғаны бағалауға емес, жұмысты түзетуге бағытталсын.

Топтық жұмысты ұйымдастыруда кері байланыстың жағымды және жағымсыз түрі бар. Жағымды кері байланыс топтың ахуалын немесе қатысушының жеке қанағаттанушылығын жақсартып қана қоймай, олардың топтық әрекеттегі белсенді болуына жағдай жасайды.

Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: Ауа райы, Бағдаршам, Алма ағашы. Мысалы Алма ағашы әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. Бір сөзбен әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
8 сыныптағы «Сауыр – Тарбағатай» тақырыбын өзін-өзі тану кіріктірілген сабақ ретінде өткізілді. Сол кезде Бас. Жүрек. Қол рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Сауыт – Тарбағатай тауының тарихтағы орнын, аңыз арқылы жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.

2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: Табыс сатысы әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
7 сыныптағы Атмосфера және оның құрамдас бөліктері туралы түсінік тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін атмосфераның маңыздылығын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.
Таңдау әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.

1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.

5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады.

3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: Плюс, Минус, Қызықты. Плюс-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. Минус-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
Қызықты - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.
Мен бүгін білдім....

Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат.

Кері байланысты ұйымдастыруда оқушыларға арналған тапсырамалар оқушылардың бойында төмендегідей дағдыларды дамуына мүмкіндік береді:

  1. Дәлелдеу дағдылары;

  2. Мазмұны бойынша сұрақтар қойюы;

  3. Шеберлік деңгейіне жетуге;

  4. Терең ойлауына;

  5. Анализ жасау дағдылары;

  6. Креативтілікті дамыту;

  7. Тіл мен лексика;

  8. Айтылым және жазылым дағдыларын;

  9. Өзіндік бағалауын;

  10. Нақтылық пен ұқыптылықты дамуына мүмкіндік береді.


Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Сабақ барысында жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін әдістерге тоқталсам: БББ кестесі (білемін, білгім келеді, білдім); Серіктесіңмен сөйлес (Үш оқылған жаңа нәрсе; оларға не жеңіл болды, оларға не қиын болды), Жақсы сұрақтың негіздері (неге? Егер де...? Сен қалай ойлайсың... ),Бәрі менің қолымда! (бас бармақ – тақырыпты әлі қарастырар едім, балаң үйрек- тапсырма маған нақты берілді, ортан терек – маған бұл ақпарат мүлдем түсініксіз, шылдыр шүмек – психологиялық атмосфера, кішкен бөбек-маған жетіспеді), өзіме хат, ЖҚБА (жақсы, қызықты, бөгет жасады, алып кетер едім), нысана, мейрамхана т.б. қолданамын. Қорытындылай келгенде, кері байланыс - көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады.
Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ:
Оқушылар үшін:

  • Оқушының өз-өзіне есеп беруге баулиды;

  • Кері байланыс арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

  • Оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;

  • Білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;

  • Кері байланыстың нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады;

  • Өз-өзіне баға бере алады.

Мұғалімдер үшін тиімді жағы:

  • оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды;

  • келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді;

  • уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.

Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

1) Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарды;

2) Оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етті;

3) Оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырды;

4) Мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталды;

Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын.


Пайданылған әдебиеттер тізімі:


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Алматы. Үшінші басылым-2017 жыл
2. Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі - Зулкашева Ш.М. Орал 2016 жыл
3.География және табиғат журналы №8-9 2018 жыл

4.Қалыптастырушы танымдық кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары. Астана-2016 жыл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
112
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі