Материалдар / География сабақтарында туризмді дамыта оқыту әдістерін қолдану тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География сабақтарында туризмді дамыта оқыту әдістерін қолдану тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа материалды берік және түсініп оқуына; • білімін өз бетімен оқып толықтыруға; • жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге; • сол талапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Тамыз 2022
384
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География сабақтарында туризмді дамыта оқыту әдістерін қолдану тиімділігі»

Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ.Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын құндылыққа тәрбиелеу керек.Рухани жан дүниесі бай,халқын сүйген,ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.Білімділерді аялап тербетер,баптап өсірер тәрбие керек.Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет.Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті,оқушының жалпы психикалық дамуына,мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады.Оқу әрекеті-күрделі,жан-жақты үрдіс.Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады.Оқыту әдістері мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі.Көптеген авторлардың пікірінше оқыту әдісі-оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі. География сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып кіріктіріп оқыту арқылы қызығушылықтарын дамыту. Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Ал, бұл мақсатқа жету оқытудың көптеген міндеттерін шешуге мүмкіндік береді, яғни:

жаңа материалды берік және түсініп оқуына;

білімін өз бетімен оқып толықтыруға;

жоғары оқу орындарына жақсы дайындалған талапкерлерді беруге;

сол талапкердің таңдаған мамандығын шығармашылықпен игеруге.

Мұғалімнің барлық қабілеті - оның шығармашылық жұмысынан көрінеді. Бұл тұжырым - психологияның негізгі принциптерінің бірі. Оқушының білім алудағы жоғары белсенділігін қалыптастыру үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін жаңа ғасырда мектептегі география сабағына мынадай талаптар, мақсаттар жүктейді.

Дайындық барысында мен әрдайым оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуін, көзден тыс қалдырмаймын, үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмасын деп, қосымша ақпарат іздеп, зерттеп келуге арналған тапсырмаларды ұсынамын.Осы орайда биология тарих сабақтарымен кіріктіріп яғни интеграция арқылы оқыту.

Міне, бұл сабақта оқушылардың бәрі де ізденісте болып, бәрі де қызу жұмыс жасап, сабақтың өн бойында қызығушылық танытты. Сондықтан да оқушының айтқан көзқарасын қолдайтын немесе оны жоққа шығаратын элементтері бар сабақ - өзінен өзі оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тудырады.

Бір сарынды сабақ түрлері,ең алдымен оқушының ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығын төмендетеді.Ойлау белсенділігін,танымын тежейді.Географиядан білім дағдыларын меңгерту,қызықтыру,ойлау,жеткізіп айту,есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер іздестіріледі.



-картаны оқу және беттестіру;



-оқулықпен жұмыс жүргізу;



-кесте,график-диаграмма,тірек-сызба құру;



-диктант;



-тесттік  жүйе;



-өмірлік материал;



-баспасөз,ақпарат материалдары;



-реферат,дәріс дайындату;



-халық педагогикасы жолдарын пайдалануға болады.



Оқушыларға ынталандыру,географиялық білімдердің құндылығын түсіндіру,оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы зор.Оқушылардың ынталарын қалыптастыратын қосымша материалдарға мыналарды жатқызуға болады:

-Географиялық білімнің адам өміріндегі рөлі;

-Табиғат компоненттері мен табиғат кешендерінің адам тіршілігі мен шаруашылығындағы маңызы,табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жолдары.Қосымша материалды пайдалану арқылы оқушылар жергілікті жер материалдарын пайдалануды керек етеді.Географиялық білімді күнделікті тиімді қолдана білу,өз жеріндегі табиғатты шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалауға септігін тигізеді;

-Туған өлкеге дүниежүзінің географиялық бөлігі ретінде қарау.Өз өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге өздерінің үлесін қосу;

-Ақпараттың алуан түрлі көздерін картамен ,географиялық суреттемелермен,сипаттамалармен баға бере білу іскерлігін шыңдау.

Географиялық білімнің маңызды көзі-географиялық картаны оқып,үйрену,георафиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту,қалыптастыру.

Қазір қай сауда орталығына бар­саңыз да қаптаған балалар әткен­шектері орналасқан алаңды немесе қабатты көресіз. Әрине, қала тұр­мысында мұндай орындардың болғаны ата-аналар үшін қолайлы. Бірақ бұл ойын алаңдары жабық ғимараттарда орналасқандықтан жеткіншек денсаулығына кері әсері барлығын ата-аналардың барлығы байыптай бермейді. Өйткені онда ауа айналымы аз, ал келуші саны көп. Санитарлық талаптардың сақталуы да әркелкі. Бұл алаңдар – ең алдымен табыс көзі, яғни қалтаны қағады. Осындайда елімізде балалар туризмінің жеткілікті деңгейде дамымай отырғаны ойға оралады. Өйткені балаларды таза ауа аясындағы түрлі саяхаттарға, туристік нысандарға жібергенге жететін дүние жоқ. Кеңестік кезеңде оқыған буынның көпшілігі ымырт үйіріле алқақотан отырып, ортаға от жағатын жазғы лагерлерді ұмытпаған болар, сірә...



«Kazakh tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев балалар туризмін насихаттауда біріншіден, өңір­аралық, еларалық байланыстың тиімділігін, екіншіден, кез келген киелі орындарды таныстыруда нысан туралы жай ғана әңгімелеп қоймай, аңыздар мен ертегілерді кіріктіре отырып түсіндірудің, яғни әдістемесін жетілдірудің маңыздылығын жеткізді. Бұл ұйым былтыр оңтүстік өңір­лерден келген балаларға ор­талық Қазақстанды аралатса, биыл 2 мыңнан астам баланы қам­титын жаңа бағыттарды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ киелі жерлер тура­лы мәліметтерді бала танымы мен қызығушылығына сай электронды форматта қызықты етіп ұсынудың тетіктерін қарас­тыруда. Озық елдерде ішкі туризм бюджет түсімінің 80 пайызына дейінін береді. Оның үстіне баладан ешбір ата-ана аянып қалмайды. Сондықтан балалар туризмімен бірге отбасылық туризмді де ұмытпауымыз керек, дейді

Егеменді еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда ауыл мектебінің де қосар үлесі зор.Өркениетті елдер деңгейіндегі білім мен тәрбие беру,ойлау қабілеті,рухани байлығы жоғары мәдениетті,бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мектеп мұғалімінің де басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Туризм географиясының білім беру жүйесіндегі орны маңызды. Туризм географиясы болашақтағы туризм мамандарына туризмнің аумақтық жүйелері жөніндегі білім беріп, осы білімін өндірісте, ғылымда, аудандық жоспарлауда қолдануына мүмкіндік туғызады.



Қорыта келгенде: Қазіргі таңда оқушыларды құндылыққа негізделген сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруде электронды оқу құралдары, дидактикалық тапсырмалар мен оқыту секілді заман талабына сай әдіс тәсілдерді қолданып жүрміз. Бұлардың ұрпақ тәрбиесі мен білім беруде маңызының зор екенін қазіргі тәжірибе көрсетіп отыр. Біздің кіріктіру тәжірибелердің негізі оқушы білімін саралап, қабілетіне, бейімділігіне байланысты бағдарлы сыныптарды ұйымдастыруға негізделген және де пәннің, ғылымның маңызды бағыттары бойынша өз білімдерін тереңдете түсуіне ықпал ететіні ақикат. Осы жағдайды ескере келе интеграцияланған мақсатағы дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтарды жиі өткіземін, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын байқадым.



 



 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!