Материалдар / география сыныптан тыс іс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

география сыныптан тыс іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
ойын география пәнін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2024
232
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылы

«№44 орта мектебі» МКМ





«Үздік география пәні мұғалімі-2024 байқауына»

Интеллектуалдық ойын



ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА ӘЗІРЛЕМЕСІ

7 сынып оқушылары





Дайындаған: география пәні мұғалімі

Сүлейменова Мейрамгүл Жұмабайқызы







2023-2024 оқу жылы



Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?»


Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру. Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету. Жолдастарына көмек беру, табиғатты суюге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.


Барысы:

Оқушыларды топтарға болу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.

І кезең. «Бәйге» топ басшылар сайысы

ІІ кезең. «Ойлан, тап!» сұрақтарға жауап беру
ІІІ кезең. «Сәйкестігін  табыңдар»

IV кезең. «Полиглот» жұмбақтарды үш тілде шешу

V кезең. Семантикалық   картаны  толтыру

кезең. Қима қағаздарды құрастыру


География пәні-өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық-жер бетін, планетамызды, табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір ерекшелігі-оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олай болса, осы мектептің 8,9 сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» айдарымен ұйымдастырылған географиялық сайысымызды бастаймыз.

І тур «Бәйге» топ басшылар сайысы. Жауап тез - тез берілу керек. Әділқазылар алқасы әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беру арқылы оқушылардың білім -дәрежесін бағалайды. Жіберілген кемшіліктерді ескертіп отырады. https://wordwall.net/ru/resource/68209113

1-топқа

  1. Экватордың ұзындығы (40 000км)

  2. Жер бетінің ауа қабаты (атмосфера)

  3. Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы( климат)

  1. География ғылымының дамыған жері .... (Ежелгі Грекия)

  2. Су қабығының латынша атауы        (гидросфера).

  3. «География ғылымының атасы» атанған грек оқымыстысы ... (Эратосфен)

  4. Дүние жүзіндегі  ең терең шұңғыма  (Мариан).

  5. Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы   (мұхит).

  6. Азимуты 90˚ болатын көкжиек тұсы ... (шығыс)

  7. ... ең ұзын параллель (экватор)


2-топқа

  1. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз. (Темірқазық)

  2. Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. (горизонтальдар)

  3. Салыстырмалы биіктікті ... құралымен өлшейді. (деңгейлегіш)

  4. Жердің сыртқы қатты қабығы  (литосфера).

  5. Жердің ішкі құрылысы ... тұрады. (жер қыртысы, мантия, ядро)

  6. Ең терең көл  (Байкал).

  7. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар (минералдар)

  8. «Жол» деген мағынаны білдіретін араб сөзі (азимут)

  9. Масштабтың неше түрі бар? (үш)

  10.  Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында  түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат       (магма).



ІІ тур "Ойлан, тап!"

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай

1-сұрақ:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.
Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.
Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.
Жауап: Сарымсақ

2-сұрақ:
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай


3-сұрақ:
Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте "даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы.
Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауап: Лавр жапырағы.

ІІІ тур Сәйкестігін  табыңдар. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай

1.Арал                           а)Биіктен  төмен  қарай құлай  аққан  су

2.Арасан                       ә)Құрлық  үстіне  жинақталған  мұз.

3.Архипелаг               б)Айналасын  сумен  қоршалған  құрлықтың кішігірім бөлігі. 4.Шұңғыма                  в)Судың  газ күйінен  сұйық  күйге  ауысуы.

5.Сарқырама                с)Минералды  немесе  жылы  сулар.

6.Шығанақ                   д)Жер  бетінде табиғи  ойыстарға жинақталған  су.

7.Мұздық                      г)Бір-біріне жақын,  жалғас  аралдар  тобы.

8.Көл                              е)Мұхиттардың  ең  терең  жері.

9.Конденсация             ж)Құрлыққа  сұғына  енген көл,  теңіз,  мұхит суларының  бір  бөлігі.

                                          

Жауабы:1-б, 2-с, 3-г, 4-е, 5-а, 6-ж, 7-ә,  8-д,  9-в.



 IV кезең “Полиглот”
Жұмбақтар жасырылынады жауаптарын қазақша , орысша , ағылшынша айтуларыңыз керек
 

Әділқазылар алқасы 5 балдық жүйемен оқушылардың білім дәрежесін бағалайды. Жіберілген кемшіліктерді ескеріп отырады.


1.Барма жоқ па оны білмейсін,
Ол жоқ жерде өмір сүрмейсін
( ауа, воздух,air )


2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн, солнце , Sun)


3.Қараңғыда жымындайды , жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады.
(жұлдыз. Звезда, Star)


4.Гүлгүл жайнап жер аспан,
Гүрілдейді сай өзен,
 
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең
( Көктем, весна, spring )
5. Жыл –жылт еткен жырадан өткен
(Су , вода, water)
6. Қол аяғы жоқ болсада қақпа есік ашады
( Жел , Ветер wind )
7. Көтеріп орман тоғай , тастын бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.
(Тау , гора mountain )

8.Ешбір тірексіз күмбез,

Ешбір сүйексіз күмбез.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (Аспан, небо, the sky)

9.Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер (карта, карта, map)

10.Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. (кітап, книга, book)

11.Қонақтап күнде қонар су бетіне, 
Сүйсінер барлық адам келбетіне. 
Тұлғасы су ішінде көрінеді, 
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (ай, луна, moon)

12.Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді.   (жаңбыр, дождь,rain)

13.Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.   (күз, осень, autumn)



V тур. Семантикалық   картаны  толтыру:

Әділқазылар алқасы әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беру арқылы оқушылардың білім дәрежесін бағалайды.


Семантикалық   картаны  толтыру:

 

 р/с

 

 Тақырып

 

 Грен ландия

 

 

 

 

Байкал

Саргасс

Үнді

Ертіс

Беринг

Мадагаскар

Қара

Солтүстік  мұзды

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Теңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Мұхит

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Өзен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Арал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Көл

 

 

 

 

 

 

 

 

 



VІ тур. Қима қағаздарды құрастыру. Тарсия әдісі

Қима қағаздарды тез, әрі дұрыс құрастыру керек. Соңында қандай сурет шығады? Геометриялық фигура

VII. Марапаттау. Ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады және марапатталады.

VIIІ.Қорытынды. 

«Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді География сырына», - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.







Shape2

Shape1







Shape3















6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!