400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

География ҰБТ 2024 Жер сілкінісі бойынша ең керекті мағлұматтар

Материал туралы қысқаша түсінік
География ҰБТ 2024 Жер сілкінісі бойынша ең керекті мағлұматтар
Материалдың қысқаша нұсқасы
ЖЕР
СІЛКІНІСІ
чек-лист

Жер сілкінісі – жер қыртысында және Жер
бетіндегі қауіпті және жойқын
құбылыстардың бірі. Оның тигізетін
зардабы жергілікті жердің жер
бедеріне,топырағына,ғимараттың
жағдайына,халықтың орналасу
тығыздығына байланысты.
Сейсмологтардың басқауы бойынша,
бірінші сілкіністен кейін арасына 15-20
секунд салып, ғимараттарды қозғалтуға
дейін шамасы жететін екінші сілкінісі
болады.
Жер қыртысының терең қойнауындағы
кенеттен күш алып қозғалған жерін жер
сілкінісінің ошағыдеп атайды.
Жер сілкінісі 12 балдық сейсмикалық
шкаламен өлшенеді. Ол халықаралық
MSK-64 (Медведев-Шпонхойер-Карник)
шкаласы
Жер сілкіністерін зерттейтін ғылым
сейсмология, өлшейтін құрал –
сейсмограф

СЕЙСМИКАЛЫҚ ШКАЛА
Халықаралық MSK-64 (Медведев-ШпонхойерКарник) шкаласы
Балл Жер сілкіну күшінің қысқаша
сипаттамасы
1 Тербелістер аспаптар арқылы тіркеледі
2 Тербелістерді тыныштық жағдайдағы
адамдар сезеді
3 Тербелістер кейбір адамдарға сезіледі
4 Тербелістерді көптеген адамдар сезеді, терезе
әйнектері дірілдеуі мүмкін
5 Аспалы заттар тербеледі: ұйқыдағы адамдар
оянады
6 Үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда
болады, аздаған зақым келуі мүмкін
7 Үй қабырғаларының жеке бөліктері құлауы
мүмкін
8 Үйлердің қабырғаларында үлкен жарықтар
пайда болады; мұржалар құлайды
9 Үйлердің қабырғалары,төбелері құлайды
10 Жеке құрылыстар құлап, жер бетінде ені 1
метрге жететін жарықтар пайда болады
11 Жер бетінде көптеген ірі жарықтар пайда
болып,тауларда опырылу орын алады
12 Жер бедері күрделі өзгерістерге ұшырайды

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Ғимараттан тез шыққанда,төбеден құлаған ағаш,тас және
үзілген электр желілерінен абай болыңдар

✓

✓ Егер де сендер жоғары қабаттарда тұратын болсаңдар,
лифтке немесе баспалдаққа қарай жүгірмеңдер. Жүгіріп
шығуға уақыт жетпейді. Сондықтан да бөлмедегі қауіпсіз
жерлердің бірін тасалаңдар

✓ Бөлмедегі қауіпсіз жерлер: берік үстелдің асты, ваннаның
іші, негізгі көтергіш арка. Ең бастысы қабырға,үйдің төбесі
құлаған жағдайда оны тіреп қалатындай зат болу керек.

✓ Терезенің жанына,балкон және бөлме қабырғасының
жанында тұрмаңдар.Сыртқа шыққан жағдайда биік
ғимараттарың жаны, көпір, электр желісінің маңына
жоламаңдар.

✓ Айналаңда зардап шеккен адамдар болса, тез арада
мүмкіндігіңше көмек беріңдер және арнайы құтқару
бөлімдеріне хабарласыңдар

✓ Егер көлікпен жолда келе жатқан болсаңдар, көлікті жол
жиегіне тоқтатып, есігін ашып, жер сілкінісі басылғанша
көліктің ішінде отырыңдар.

✓ Қоғамдық орындардағы басты қауіптің бірі – адамдардың
көп жиналатын жері. Олардың арасынан құламай сытылып
шығуға тырысыңдар
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 сәуір
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі