География зерттеулердің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері.Қ.Рысқұлбеков атындағы №33ЖОББМ КММ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

География зерттеулердің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері.Қ.Рысқұлбеков атындағы №33ЖОББМ КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
география ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблемаларын анықтайды;9-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

География пәні бойынша 9 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: 2

Сабақтың тақырыбы: География зерттеулердің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері

Мақсаты: география ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблемаларын анықтайды;


Қысқаша конспект

География-құрамына қоғамдық-гуманитарлық (экономикалық, әлеуметтік, саяси география, халықтар географиясы, еңбек ресурстары және туризм, демография мәселелері және т.б.) және жаратылыстану (климаттың өзгеруі, гидрология, геоморфология, ландшафтану, геоэкология мәселелері) салаларын біріктіретін жалғыз ғылыми пән.

Ең ірі географиялық ғылыми мекемелер-География институты, Сейсмология институты, Қазақстан Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметі, Қазақ Географиялық қоғамы.

Кесте-1. Географиялық ғылыми мекемелердің құрлымы мен жұмыс істеу бағыттары


Ғылыми мекемелер

Құрлымы

Зерттеу жұмысының бағыттары

География институты

1983 жылы Қазақ КСР ғылым академиясы құрамындағы секторы негізінде құрылған. 9 мамандандырылған лаборатория және 6 далалық ғылыми станционар (Тянь-Шань тауларында, Арал, Балқаш маңында) жұмыс жасайды.

-Қауіпті, апатты құбылыстар кезінде әлеуметтік-экономикалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

-Криосфера зонасының құрамдас бөліктеріне бақылау жасау;

-атласты картографиялау мәселелері;

-мұнай-газ игерумен байланысты практикалық бағыттағы жұмыстар

Қазақстан Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметі

1922 жылдың қаңтар айында құрылды. «Қазгидромет» құрамына Қазақстан Республикасының әр облысындағы және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы 15 филиал кіреді. Еліміздегі желі 328 метеостансыдан тұрады, олардың 83-і халықаралық мәртебеге ие және жаһандық желі құрамында

-география саласындағы өндіріс пен ғылымның тоғысуын ұйымдастыру;

-түрлі ведомстволар жүргізетін география саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына бағдар көрсету;

--Отандық география тарихын зерттеу, таныту;

-География ғылымы саласындағы жетістіктерді насихаттау

Сейсмология институты

1976 жылы Геология ғылымдар институты мен Математика және механика институтының бірқатар лабораториялары негізінде Сейсмология институты ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта институт құрамында сейсмологияның негізгі мәселелері бойынша іргелі зерттеулер жүргізетін 6 ғылыми лаборатория  және физикалық процестер мен табиғат құбылыстарының мониторингін жүзеге асыратын сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік экспедиция жұмыс істейді.

-жердің ішкі құрылымы мен жер сілкінісі физикасын зерттеу;

-сейсмикалық режим мен сейсмикалық қауіпті бағалауды зерттеу;

-аумақты жалпы, микросейсмикалық аудандастыру;


Қазақ Географиялық қоғамы

1902 жылы Верный қаласында Орыс география қоғамының бөлімшесі ретінде құрылды.1939 жылы КСРО ҒА құрамында Бүкілкеңестік Географиялық қоғамының Қазақ Филиалы ұйымдастырылды, ал 1968 жылы Қазақ Географиялық қоғамы мәртебесін алды.

-Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі мен геосаясаттың халықаралық жүйесіне ену;

-Экологиялық мәселелерді шешу;



Кесте-2. Қазіргі кезеңдегі зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары




Оқушыларға арналған тапсырмалар:

1 тапсырма: 1 кестеге талдау жасай отырып, кез-келген географиялық ғылыми мекеменің жобасына таныстырылым жасау. (ғылыми мекемелердің сайтарын қолдану арқылы https://ingeo.kz/, https://www.kazhydromet.kz/, http://www.seismology.kz/, https://kazgeo.kz/ )

2 тапсырма: 2 кестеге талдау жасай отырып, өз ойыңнан қазіргі таңда қандай бағыттағы зерттеу жұмыстарын дамытуға болатындығын толықтыр.

3 тапсырма:Оқулықтағы тақырып соңындағы тестті сұрақ жауапқып орындау.

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды поштама nsubebaeva@bk.ru немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.00.2020
4800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі