Материалдар / Географиялық есептерді шығарудың тиімді жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Географиялық есептерді шығарудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәні мұғалімдеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2019
3794
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспары:

  1. Кіріспе бөлім...............................................................................

  2. Негізгі бөлім

1.1 Географиялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері

1.2 География пәні бойынша тест тапсырмалары жинағы

  1. Қорытынды бөлім......................................................................

Әдебиеттер бөлімі.......................................................................

Жаңартылған білім беру жағдайында географиялық есептерді шығаруға жаттықтырудың тиімді жолдары

І. Кіріспе бөлім. Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады.

Ғылым мен техника, ақпараттандыру технологиясы күшті қарқынмен өсіп отырған кезде оқушыларды даярлауға қойылатын талаптар да дами түседі. Берілетін білім көлемін ұлғайта отырып, оның терең игерілуін қамтамасыз ету керек. Ұстаздың мақсаты-оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары оқушының іскерлігін, іздемпаздығын, жан-жақтылығын дамытады. Мәселен, географиялық есептерді шығара білу теориядан алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Географиялық есептер шығару оқушылардың логикалық ойын, шығармашылық қабілетін дамытады, пәнге деген қызығуын арттырып, өзін-өзі тексеруге, білімін жан-жақты толықтыруға көмектеседі. «Географиялық есептерді шығарудың әдіс тәсілдерін» үйретудің, оқытудың мақсаты оқушыларға әлемді, олардың бойында қазіргі заманға лайық кіріктірілген ойлау қабілеттерін қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады.

Оқытудың осы мақсатына сәйкес төмендегі:

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіру;

  • Кіріктірілген математикалық танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын айқындау;

  • Практикалық тұрғыда оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алу дағдыларын жетілдіру тәрізді міндеттер анықталады.

Географиялық есептер шығару математикамен есептеуге арналған практикалық жұмыстарды орындау, карталармен, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, диаграммалармен жұмыс істей алуға қалыптастыру. Оқушыларды табысты, нәтижелі білім алуға бағыттау, білім, білік, дағдысын дамыту, географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.1 Географиялық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарастарының қалыптасуы, ой- өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады.

Ұстаздың әдістемелік жұмысы – бұл кешенді практикалық шара, мұғалімнің өз шеберлігін жан- жақты дамытуы. Ол оқушының білім сапасы мен білім деңгейінің өсуіне бағытталған.

География пәні- өзіндік ерекшелігі бар пән. Соның бірі география сабағындағы пәнаралық байланысты үйлестіре білу. География пәнінен сабақ беру барысында мұғалімдер географиялық есептерді өте сирек пайдаланады. Ал географиялық есептердің оқушының теориялық білімін тереңдетуде маңызы зор. Соңғы кезде география пәні бойынша ҰБТ - тестерінде географиялық есептер көптеп кездесуде.

Қазақстан Республикасының әрбір білім беру мазмұны тың көзқарас қалыптасып келе жатқан маңызды кезеңде жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат – мүдделеіне сай оқытып, тәрбиелеудің өзіндік өзектігігі күн сайын арта түседі. География пәнінің білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыазаматтық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады. Баламен тікелей қатынаста отырған мұғалім қауымға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әр маман иесінің өзінің саласы бойынша білімін тәжірибемен тиімді ұштастыра білуінің өзектілігі ешқашан мәнін жойған емес. Өйткені оқушыға берілетін білімінің ғылыми негізгі жан-жақты айқындалып, өзіндік бағытын нақты ұстанатын болса, онда әр маман өзінің алдына қойған мақсат – міндеттерінің игі нәтижесін көретін болады. Оған жету білім мазмұнын жаңартып отырған жағдайда ғана ұтымды жүзе асатыны тәжірибеде дәлелденіп келеді. Оқушының танымдық деңгейін көтеру, өмірге көзқарасын қалыптастыру, логикалық ойлауын жетілдіру күн тәртібінен түспеген мәселе ретінде болашақ мектептің де үлесіне тиеді. Ондағы оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын өмір талабына сай жаңарту арқылы жеке тұлғаның бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру әрбір пән иесінен, яғни педагогтан тың тәжірибе мен шығармашылық ізденісті күтеді. География пәні мазмұнының бірнеше ғылым негіздерімен байланыстылығы, оқыту жүйесінің басқа пәндермен сабақтастығы, білім мазмұнының жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей бағдарлануы әлемдік тәжірибеге негізделген сияқты. Мұндағы тың идеялар жаңа технологиялардың жүйесін құруға, ұтымды дидактикалық ұстанымдарға бағыттайды. География пәнінің негізгі құрылымы мен мазмұны жоғарыда атап көрсеткеніміздей бірнеше білім саласын қамтиды. Әсіресе математикалық ұғымдар мен есептер шығарудың жолдарын көрсетуді талап ететін материалдар көптеп берілген. Бірақ оларды игерудің әдіс-тәсілдері мен орындау жолдары айқындалмаған. Мәселен, география пәнінің мазмұнда мынадай сипаттағы есептер жиі кездеседі: материктің көлемін анықтау, профиль түсіру,картографиялық проекция, өзен жиелігі, жылдық жауын-шашын мөлшері, су шығыны, ағыс жылдамдығы, ұзындығы, қоректенуі, ылғандану коэфиценті, өзен еңістігі, халықтың тығыздығы, демографиялық есептеулер, экономикалық даму деңгейі, ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры, халықтар тығыздығы, миграция ағымы, халықтың өсімі, жүк айналымы, түрлі диаграммалар және т.б. Бұл айтылған мәселелердің әдістемелік негіздері айқындалмағандықтан, тиімді жолдары арнайы қосымша оқу құралдарында көрсетілмегендіктен, тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім мен оқушыға едәуір қиындық туғызады. Сонықтан оқушының өз бетімен іздене білуі үшін, өзіндік пікірін еркін жеткізе білуге талаптануы үшін оқу –әдістемелік кешенінің ішінде әдістемелік нұсқаулық ретінде географиялық есептер жинағы болуы шарт. Мұғалімдер өз тәжірибесіне сүйеніп жинақтаған түрлі бағыттағы топтамаларын ғана пайдаланып келеді. Егер жаратылыстану ғылымының салалары бойынша арнайы, әр пәннің ерекшеліктеріне сәйкес топастырылған есептердің жинағы жасалып, оқу құралы ретінде даярланатын болса, оқушының болашақ бағдарын айқындауына мүмкіндік туатын болады. Сонымен қатар оқушының танымдық қызығушылығын арттыруда өмір тәжірибесін қолдануына үйрететін ұлттық педагогика негіздері маңызды рөл атқарады. Математикалық дәлдік пен астрономиялық өлшемдердің ерте заманнан бері халықтық тәжірибеде қолданылып келе жатқанын білеміз. Болашақ оқу бағдарламасы мен оқулықтарды даярлау кезінде оқушының жеке өзіндік көзқарасының дамуына, айналасындағы құбылыстарға өз бетінше зерттеу жүргізуге ықпал ететін бұл материалдар назардан тыс қалмағаны жөн. Ал баланың ерте жастан айналасына сергек қарауына үйрететін, адам мен табиғаттың үйлесімділігін сезінуіне игі ықпал ететін халықтық өмір сүру тәсілдерінің ойы жүйрік, жедел дамып келе жатқан жасөспірім үшін жөні бөлек. География пәнінен оқушылардың териялық білімдерін есеп шығарту, картамен жұмыс істеу сияқты практикалық іс-әрекеттермен дамытып, бекітіп отырған жөн. Осы орайда оқыту бағдарламасы бойынша географиялық есептерді ұсынамын.

Жер қабықтары

Литосфера және жер қыртысы

Жер қыртысының температурасы 100 метрге тереңдеген сайын +3°С көтеріледі.

Жер қыртысы тереңдігіндегі температура өзгерісіне байланысты есептер:

  1. Тас көмір өндірілетін шахтада 1000 тереңдікте тау жыныстарының температурасы қандай, егер жер бетіндегі температура +10° С көрсетсе? Шешуі: 1000:100=10

10·3°С =30°С

30°С+10°С=40°С жауабы: 40°С

Атмосфера. Ауа температурасы мен атмосфера қабаттары

Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6 °С төмендейді. (1 км-де -6°С өзгереді.)

  1. Тау етегіндегі ауа температурасы +18°C, ал шыңында -6 °С. Таудың биіктігін анықтаңыз. Шешуі: +18°С – (-6°С)=24°С

24°С:6°С=4·1000=4000

Жауабы: таудың биіктігі 4000 м немесе 4 км

Атмосфералық қысым

Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм төмендейді.

  1. Альпенистер 3000 м тау басына көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 450 мм екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең?

Шешуі: 3000:10=300

300+450=750 мм

Жауабы: жер бетіндегі атмосфералық қысым -750мм

Ауадағы су буының температурасымен байланыстылығы 1 м 3 ауада түрлі температурада болатын су буының мөлшері

Температура (С°)

Су буы (грамм)

-30

0,5

-20

1

-10

2

0

5

+10

9

+20

17

+30

30





Ауа температурасындағы ылғалдылыққа байланысты тапсырмалар:

1.Ауаның температурасы 0°С, салыстырмалы ылғалдылық 30%, абсолюттік ылғалдылықты табу.

Шешуі: 0°С температурада 5 г/м3 суы бар.

5г/м3-100% х=5г/м·30 = 1,5г/м3

х-30% 100

жауабы: абсалюттік ылғалдылық -1,5г/м 3

Ауа массасы мен салмағын есептеу

Ауа массасы мен салмағын есептей білу үшін 1 см 2-1 кг 33 г қысым түсетінін білу керек.

  1. Сынып бөлмесінің ұзындығы -7м, ені -5м, биіктігі-3м болғанда, сынып бөлмесіндегі ауаның массасы мен салмағы нешеге тең болады?

Есептеу жолы: 7м·5м·3м=105м3 (ауа көлемі)

105м3·1кг33г=139 кг 65 г (ауа массасы)

Гидросфера

Гидросфера бөлімінде географиялық есептерді 6,7,8 сыныптарымен шығаруға болады.

  1. Каспийдің солтүстігінде тұздылық 14 промилле, 1 тонна теңіз суынан қанша тұз алынады?

Шешуі: 1000л х 14=14000 г

  1. Кемеден жіберілген эхолот дыбысы теңіз түбіне 3 минутта жетіп, қайттып келсе, теңіздің терңдігі қанша?

Шешуі: 1500 м/с- эхолоттың жылдамдығы

1500×3=4500 м

4500 :2= 2250 м теңіздің тереңдігі

Өзен еңістігін табу

Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығыны секунтына ағып өтетін текше метр (м3/с) есебімен өлшенеді.

1.Қаратал өзенінің бастауының абсалюттік биіктігі (h1) 3300 км, сағасының биіктігі (h2) 341 км, өзеннің құламасын тап.

Ескерту: өзеннің бастауы мен сағасының биіктік айырмасын құлама дейміз. (J-еңістік мөлшері, h1-абсолюттік биіктік, h2- саға биіктігі)

Шешуі: h1- h2= J

3300-341=2959 м

Қорыта келсек,мектептен алған географиялық білімдерін оқушылар күнделікті өмірде пайдаланып, тереңдетіп отырмыз. Табиғатқа саяхатқа шыққанда өзбеттерімен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, дамыта түседі әрі ақыл-ойы жетіліп теориялық білімдерін іс- жүзінде асыруға үйретеді.

Сағаттық белдеулер

Жергілікті уақытты анықтаудың әдістері: Екі нүктенің уақыт айырмасын табу үшін Жердің өз білігінен айналып шығатын уақытты жер шеңберінің меридиан санына бөлсең 360º:24=15º бір сағаттық белдеуде қанша меридиан бар екені шығады. 1º меридиан бір-бірінен қанша уақытқа айырма жасайтынын табу үшін 60 мин: 15º=4 мин. Екі нүктенің арасындағы уақыт айырмасын білу үшін кез-келген екі нүктенің орналасқан бойлықтарын градус есебімен ара-қашықтығын 4 мин-қа көбейтіп, 60 мин-қа бөлсе екі нүктенің арасындағы ауқыт айырмасы шығады. Ескерту: егер нүктелер батыс және шығыс бойлықтарда орналасса градустарын бір-біріне қосасың. Бір бойлықта орналасса бір-бірінен аласың.

1.2 География пәні бойынша тест тапсырмалары жинағы

Атмосфера

1.Жердің ауа қабығы- Атмосфера

2Ауа қандай негізгі газдардан тұрады? - 78% азот, 21оттегі,1% басқа газдардан тұрады.

3.Атмосфераның төменгі қабаты- Тропосфера.

4.Ауаның 80% қай қабатта- Тропосфера.

5.Тропосфераның орташа қалыңдығы - 11км.

6.Атмосфераның "әсірекүлгін "сәулелерді өткізбейтін қабаты- Озон қабаты.

7.Тропосференың полюстегі шекарасы- 9 км.

8.Тропосфераның экватордағы шекарасы- 18км.

9.Стратосфера қабатының жоғарғы шекарасы- 50-55км.

10.Жердің ауасын ұстап тұратын күш- Жердің тартылыс күші.

11.Атмосфераның биік қабаттарын зерттейтін – Радизонд.

12.Ауаның жер бетіне түсіретін күші- Атмосфералық қысым.

13.Жер бетінің әр шаршы см-не түсетін ауаның салмағы- 1кг 33г.

14.Қалыпты атмосфералық қысым- 760 мм с.б.

15.10м биіктікке көтерілген сайын қысым төмендейді- 1мм.

16.Атмосфера қысымын анықтайтын аспап-Барометр.

17.Қысымы бірдей жерлерді қосатын сызық-Изобара.

18.Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық -Изотерма.

19.Ауаның температурасы әрбір 100м биікке көтерілгенде - 0,6 С0

20.Тәулік ішіндегі жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасы- Температураның тәуліктік амплитудасы.

21.Тәулік ішіндегі ең төмен температура – Күн шығар алдында.

22.Ауа температурасын өлшейтін аспап-Термометр.

23.1м³ аудағы су буының мөлшері -Абсолюттік ылғалдылық.

24. 1м³ ауадағы су буының мөлшерінің сол t-ғы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы.-Салыстырмалы ылғалдылық

25.Су буларының сұйық күйге айналуы -Конденсация.

26.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал- Гигрометр.

27.Мақтаға,үйіліп жатқан жүнге ұқсайтын бұлт- Будақ бұлт.

28.Өте биікте майда мұз кристалдарынан тұратын бұлт- Шарбы.

29.Жер бетінде су тамшыларының шоғырлануы- Тұман.

30.Ауаның жер бетіне таяу қабатына түсетін ылғал- Шық.

31.Ауның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы- Жел.

32.Желдің соғу себебі- Қысымның айырмасы.

33.Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал- Желбағар(Флюгер).

34.Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал-Анемометр.

35.Жедің өлшем бірлігі- м/сек.

36.Тәулік ішінде бағытын өзгертіп тұратын жел- Бриз.

37.Теңіз жағасында пайда болатын жел- Бриз.

38.Күндізгі бриз қай бағытта соғады.- Теңізден құрлыққа қарай.

39.Жерге жауын-шашын әкелмейтін бұлт- Шарбы.

40. Жыл бойында бағытын өзгертіп тұратын тұрақты жел - Муссон (маусымдық жел)

41. Адам желдің күшін пайдаланады – Электр қуатын алуға

42. Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімдік жай күйі – Ауа райы

43. Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық қайталануы – Климат

44. Ауа райын бақылап отырады – Метеорологтар

45. Ауа райының негізгі элементтері – Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым

46. Грек тілінен «климат» сөзінің мағынасы – «Еңкіш»

47. Температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі бірдей зор көлемдегі ауа – Ауа массасы

48. Ауа массаларының түрлері – 4 (экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық)

49. Ауа райы картасы – Синоптикалық карта

50. 66,5 с.е және 66,5 о.е. – Поляр шеңбері

51. 23,5 с.е және 23,5 о.е – Тропик шеңбері

52. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күн – 22 маусым

53. Күзгі күн теңелуі – 23 қыркүйек. Күн экваторда қақ төбеден түседі

54. Көктемгі күн теңелуі – 28 наурыз. Күн экваторда қақ төбеден түседі.

Гидросфера

1.Жердің су қабығы-Гидросфера

2.Гидросферадағы тұщы су мөлшері-2,5%

3.Гидросфераның қандай бөлігін әлемдік мұхит сулары құрайды-96,5%

4.Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысуы – Дүниежүзілік су айналым

5.Дүниежүзілік мұхит бөліктері –мұхиттар,теңіздер, шығанақ,бұғаз.

6.Құрлықтың барлық жағын су қоршап жатса- арал. мысалы:Греландия,Мадагаскар.

7.Құрлықтың суға қарай шығып жатқан бөлігі- түбек. Мысалы:Аравия,Лабрадор.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!