Материалдар / "Географиялық эстафета" кіріктірілген ашық сабақ 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Географиялық эстафета" кіріктірілген ашық сабақ 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен беретін мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
1018
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ

Күні:15.04.2021

Пән мұғалімдері: Каримбаева.А.Б география пәнінің мұғалімі

Кунпеисов.Е.А дене шынықтыру пәнінің мұғалімі


Сынып:9 А


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Географиялық эстафета» география мен дене шынықтыру пәндерінің кіріктірілген ашық сабақ

Сабақ мақсаттары

Білімалушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,  алған білімдерін жүйелеу, география пәніне деген қызығушылықтарын   арттыра отырып,бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой- тұжырымы бар, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу.

1-жүргізуші: «Білімді мыңды жығар» демекші, алдағы уақытта тек білімнің биігінен көріне беріңдер деп «Географиялық эстафета» атты сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші. Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық.
1. Директордың ғылыми-ісінің орынбасары - Оразалина.Ф.Т

2. Директордың тәрбие ісінің орынбасары- Софинов.А.С
3. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі – Салхаев.А

Санақ комиссиясы:

1.Жұмағали Аяжан 11 сынып

2.Тұрар Дариға 11 сынып

1-жүргізуші: Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.Таныстыру. Топты таныстыру кезеңінде топ басшысы топтың атауын, құрамын және ұрандарын атап өтеді.

1-топ «Сарыарқа» тобы Топ басшысы Серікбаева Іңкәр

2-топ «Ұлытау» тобы Топ басшысы Рашид Томирис

2-жүргізуші.

Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер.
Білім-білікті тексеріп,
Қатысып ойынға көріңдер!
«Кім жүйрік ойға, сол алда
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу

Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!

Сайыстың барысы:

1-жүргізуші: Жоспары:

1.Географиялық эстафета

2. «Қазақстан таулары» Сәйкестендіру

3. «Кім жылдам?»

4. «Географиялық есептер әлемінде»

5. Көрерменге сұрақ



2-жүргізуші.

Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Өз кезегін сайыскерлерге берелік.,- деп қазір сайысымыздың бірінші кезеңі «Географиялық эстафета» береміз.

1-жүргізуші: Ойынның шарты. Сайысқа қатысушылар қойылған кеглдерден өтіп, «Эстафета» алаңындағы географиялық нысандарға сәйкес келетін географиялық атауларды анықтап, табады. Дұрыс тапқан оқушы тобына 1балл әкеледі. Эстафетаны бұрын аяқтаған топқа қосымша 5 балл беріледі. Мысалы Бұғаз- Гибралтар

ЭСТАФЕТА

Географиялық нысандар


Географиялық атаулар

СКАНДИНАВИЯ

Мұхит

БЕРИНГ

Арал

ГРЕНЛАНДИЯ

Түбек

ҮНДІ-ҚЫТАЙ

Көл

ГИБРАЛТАР

Шығанақ

НІЛ

Бұғаз

ЛАБРАДОР

Өзен

БИСКАЙ

Теңіз

БАЙКАЛ

СОМАЛИ

МАДАГАСКАР

АТЛАНТ


2-жүргізуші.

Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Сараланар сайыскерлер білімі
География, денешынықтыру пәндерінен.
Білімділер озар бүгін ілгері,- дей отырып келесі кезекте «Қазақстан таулары» сайысына кезек береміз.

1-жүргізуші: Ойынның шарты. Жұппен жұмыс. 2 оқушының бірі скейтбордта отырады, екінші оқушы скейтборттағы оқушының тез жетуіне көмектеседі. Ептілік пен жылдамдылық қажет ететін бұл ойында тауларды, олардың шыңдары мен биіктіктерін сәйкестендіреді. Әрбір дұрыс жауап 1 балл (Тау-шыңы- биіктігі 3 балл) Сайысты бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай беріледі.

Сәйкестендіру

Тау

Шыңы

Биіктігі

1. Тянь-Шань тауы. Хантәңірі шыңы 6995 метр

2.Сарыарқа. Қызыларай (Ақсораң 1565 м)

3. Сауыр Мұзтау (3816 м)

4.Тарбағатай Тастау (2992 м)

5.Жетісу Алатауы Бесбақан (4622 м)

6.Алтай тауы Мұзтау 4506м

2-жүргізуші. Санақ комиссиясы 2 кезеңнің нәтижесімен таныстырады.

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың.

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

 Қиындықтан өткізер , – деп сайысымыздың келесі кезеңін бастаймыз.

2-жүргізуші. «Кім жылдам?» «Кенгуру» ойынына допты аяқпен ұстап, секіріп тапсырма алаңына барып, сұрақтарға жылдам жауап беріп, қайтарда допты алып, тобына қосылады. Әрбір дұрыс жауап 1 балл. Сайысты бірінші аяқтаған топқа 5 балл беріледі. «КІМ ЖЫЛДАМ?» ойыны

1.Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті кім болды? Қ.И.Сәтбаев

2.Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын зерттеген кім? Әл-Фараби

3.Елімізде бірінші рет қай мұнай кен орны анықталды? 1899 жылы Қарашүңгілдегі Эмбі

4. Ұзындығы 1 000 км-ден асатын өзендерді ата. Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария,Іле, Шу

5. Қазақстандағы ең үлкен мұздық қалай аталады? Корженевский мұздығы

6.Қазақстанның табиғат зоналарын ата? Орманды дала, дала, шөлейт, шөл

7.Қазақстан қорықтарын ата. Ақсу Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжың, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау

8.Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорықты ата. Ақсу-Жабағылы

9. Малиус боката алмасы қай қорықта өсіріледі? Наурызым қорығында

10Атақты Аққұм-Қалқан «әнші тауы» қай өзен бойында орналасқан? Іле өзенінің

11.ЮНЕСКО тізіміне кірген қорықты ата. Қорғалжың қорығы

12.Марқакөл қорығы қай жылы, қай жерде ұйымдастырылған? 1976 жылы Алтайда

  1. жүргізуші. «Географиялық есептер әлемінде» сайыста екі оқушы шығыршықпен тапсырма алаңына келіп, есептер картасынан дайындаған есептерді шығарып, тақтаға іледі. Әр дұрыс шығарылған есеп 5 баллмен есептеледі. Ойынды бірінші аяқтаған топқа 5 балл беріледі.

1 е с е п

Биіктігі 3700м тау шыңындағы атмосфералық қысымды анықтау керек.

2 е с е п

Егерде барометр төбенің табанында 754 мм с.б. ал басында 709 мм с.б. көрсетіп тұрса, төбенің биіктігін анықтау керек.

3 е с е п

Биіктігі 4300м таудың шыңындағы атмосфералық қысым 425 мм с.б. тең. Тау етегіндегі қысымды анықтау керек.

4 е с е п

Ұшақ 5300 м биіктікте ұшып барады. Егерде жер бетіндегі ауа температурасы 210 С - ға тең болса, ұшақ бортының сыртындағы ауа температурасы нешеге тең?

5 е с е п

Теңіз деңгейінде ауа температурасы +140С. 4км биіктіктегі температура қандай болады?


6 е с е п

Биіктігі 3347м тау етегіндегі ауа температурасы

-90С-ға тең болса, тау шыңын-дағы ауа температурасын анықтау керек.



2-жүргізуші. Санақ комиссиясы соңғы 2 кезеңнің нәтижесімен таныстырады. Барлық топтардың жалпы ұпайын есептейді.

1- жүргізуші. Көрермендерге сұрақ

1. Толқын, қауіп - қатер, жылдамдық, апатты құбылыс, жер сілкіну. Цунами
2. Өзен, теңіз, булану, бұлт, жауын-шашын, күн.
Дүние жүзілік су айналымы
3. Ессентуки, Анталия, Майами, Көкшетау
Курортты жерлер
4. Москва, Дели, Мадрид, Вильнюс, Осло.
Астаналар
5. Теңіз, көл, өзен.
Су қоймалары
6. Игуасу, Анхель, Виктория
Сарқырамалар
7. Гольфстрим, Солтүстік Атлант, Бразилия
Жылыағыстар
8. Мариана, Ява, Пуэрто - Рико.
Шұңғымалар
9. Гренландия, ОттыЖер, Мадагаскар, Хонсю
Аралдар
10. Атлас, Аппалач, Декан, Анд, Карпат.
Таулар

2-жүргізуші.

Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
Жарайсың айналайын, сайыскерім!
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып сөз әділқазыларға беріледі.

1- жүргізуші. Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!
Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, сынып жетекшілеріне, оқушыларға көп-көп рахмет.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!