Материалдар / Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Географиялық нысандардың зерттеу әдістерінің түрлерін білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2018
12525
103 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Мектеп: Амангелді ат.ж.о/м

Күні: 10-12-13.09.2018
Мұғалімнің аты-жөні:Тойлыбаева Э.К.

Сынып:
Қатысқандар:
Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы
Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
8.1.1.3. Далалық, картографиялық, теориялық, географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады.

Сабақтың мақсаты
Барлығы: далалық, картографиялық, теориялық, географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсінеді
Басым бөлігі: аймақ сипаттамасын жасауда бірнеше зерттеу әдістерін анықтайды
Көпшілігі: географ зерттеуші ғалымдардың зерттеу әдістерін саралап, талдайды

Бағалау критерийі
Қолдану: Географиялық зерттеу әдістерін қолданады.
Талдау: Жер бедерін сипаттауда бірнеше зерттеу әдістерін талдайды.
Жинақтау: далалық, картографиялық, теориялық, географиялық зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқылым: мәтінді оқи отырыпзерттеу әдістерін зерделейді
Айтылым: өз ойларын ортаға салады
Тыңдалым: бейнероликті бақылай отырып талдайды

Құндылықтарға баулу


Өзін-өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: Оқушы топтық жұмыста – ұжымшылдық пен ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау. Жеке жұмыс – тәжірибеде қолдана алу, өзін-өзі реттеу.
Ұлттық құндылықтар: Қоршаған табиғи ортаны қорғау, аялау, ластаудан қорғай білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс
Әдебиет – Жоңғария очерктері мәтіні
Тарих – ғалымдар саяхаты
Биология – тіршілік дүниесі

Алдыңғы білім

Миға шабуыл әдісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут





8 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды кезекші көмегімен түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көз жүгірту. Сабақты сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында бір-біріне Ауада түрлі сыйлық сыйлау тренингінен бастаймын.
Топтастыру: зерттеу әдістерінің атауымен топқа бөлемін.
1топ – далалық әдіс
ІІ топ – географиялық сипаттау әдісі
ІІІтоп – салыстырмалы-географиялық әдіс
Қима қағаздарға әдістер жазылған қағаздар таратылады, қимада жазылған әдіс атаулары бойынша топқа орналасады.
Уй тапсырмасына кері байланыс:
Миға шабуы әдісі бойынша:
1.Географиялық зерттеу әдістері дегеніміз не?
2. Зерттеу әдістерінің түрлерін атаңдар?
3.Далалық зерттеу әдісі мен салыстырмалы әдіс арасындағы байланысты атаңдар?
4.Географиялық сипаттау әдісі қалай жүреді?
5. Картографиялық әдіс қай кезде қолданылады?
Осы жерде сабақ мақсаты мен тақырыбы айқындалады.
Топтарға тапсырма беру:
1топ. Зерттеушілер
ІІ топ. Географтар
ІІІтоп. Бақылаушылар


Сабақтың ортасы
25 минут



1 тапсырма Ойлан-жұптас-бөліс
Оқушылар оқулық бойынша оқиды, топта талқылайды, пікір алмасады, бір-біріне айтады. Мұғалім бақылайды.
1 топ. Далалық зерттеу әдісі
ІІ топ. Географиялық-сипаттау әдісі
ІІІ топ. Салыстырмалы, картографиялық әдіс
Десриптор

1
Далалық зерттеу әдісі ережесін біледі

2
Зерттеу барысын жазады

3
Географиялық сипаттау әдісі талаптарын саққтайды

4
Салыстырмалы зерттеу жасайды

5
Картография әдісімен жұмыс жасайды

Өзара топтық бағалау: Бас бармақ арқылы топтар өзара бағалайды
2-тапсырма Галереяда ой бөлісу әдісі Сынып бөлмесі қабырғаларына 6 сұраақ жазып ілінеді. Әр қабырғада 2 сұрақ (галереяның үш бөлмесі бар)
1.Н.Н.Баранскийдің Біреуі басқаның орнына емес, біреуі басқалармен бірге тұжырымын қалай түсіндіңдер?
2.Далалық зерттеулер мен экспедициялар өткізу барысында қандай ақпарат көздері маңызды болып табылады?
3.Ғалымдар өз еңбектерінде мәнерлі сипаттау тілін қолдану себебі неде деп ойлайсыңдар?
4. Жоңғария очерктері шығармасы қандай табиғат элементтерін бақылады?
5.Салыстырмалы географиялық әдіс қалай жүреді?
6.Л.Н.Гумилевтің Көне түріктер шығармасында ғалым қандай табиғат нысанына сипаттама жасады?
Дескриптор

1
Н.Н.Баранскийдің тұжырымдамасын дәлелдеп айтады

2
Бақылау жасайды

3
Ғылыми еңбектерден әдеби суреттеулерді анықтай алады

4
Ш.У алиханов еңбегіндегі бақылау элементтерін ажырата алады

Өзара топтық бағалау "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы баға береді.





Оқулық
АКТ
Карта
Атлас














Сабақтың соңы
7 минут
Сабақты қорытындылау:
Плюс, Минус, Қызықты әдісі
Әр кіші топқа 3 бағанды плакат беріледі, оған тақырып мазмұны бойынша жазады: Плюс, минус, қызықты әдісі арқылы кері байланыс аламын.
Плюс - алған, білімдері жайлы жазады;

Минус- түсініксіз болып тұр деген ойларын
жазады.
Қызықты-не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.

Плюс
жаңа білім
Минус
өзіме түсініксіз
Қызықты
алдағы уақытта білсем






Үйге тапсырма: Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Есте сақтау қабілеті төмен, тез ұмытатын, зейіні шоғырланбаған оқушылар Миға шабуыл әдісінде негізгі сөздерді еске түсіріп айтады.
Топта белсене араласып, өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды орындай алатын қабілеті орта оқушыларға Галереяда ой бөлісу әдісі кезінде оқушылар топта талқылап, өз ойын жеткізеді.
Өзіндік ойлау қабілеті жоғары, креативті оқушылар әлеуметтік компоненттілігі, психомоторлық қабілеттілігі жоғары оқушыларға Плюс, Минус, Қызықты әдісі кезінде тапсырмалар беріледі, Тапсырмалар жеңілден қиынға қарай күрделеніп
отырады.дарынды оқушылар өз ойымен қорытындылайды
Критерий бойынша бағалау оқушылардың алдын- ала белгіленген критерийлер мен дискрипторлармен бағаланады. Критерий бағалаудың тиімділігі оқушының құзырттілігін(бір нәрсені жасай алу қабілеті) қалыптастыру үшін қолданылады.
НЕМЕСЕ
Бас бармақ әдісі
"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі
Өзара бағалау әдісі
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!