0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 30 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу Күніне 2 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу30 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 150 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 10 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу90 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 300 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 50 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
Материалдың қысқаша нұсқасы
7-10
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы
СЫНЫП
НЕГІЗГІ МЕКТЕП
ГЕОГРАФИЯ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы –
NIS-Programme
НҰСҚА 2.0
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
NIS-Programme білім беру бағдарламасы
«География» пәні бойынша оқу бағдарламасы
Негізгі мектеп
(7-10 сынып)
Нұсқа 2.0
Астана 2023
Негізгі мектеп деңгейіндегі 7-10-сыныптарға арналған «География» пәнінен оқу бағдарламасы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен 2023 жылдың «10»
тамызында (№ 37 хаттама) бекітілді.
Оқу бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2023 жылғы 10
тамыздағы (№37 хаттама) шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ NISProgramme білім беру бағдарламасына (бұдан әрі – NIS-Programme) сәйкес әзірленді.
2023 жылы оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістер
Бұл оқу бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру
бағдарламасын негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру тұрғысынан жетілдіру шеңберінде қайта
қаралды және өзгертілді.
2.0-нұсқа – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Кембридждің халықаралық білім беру
мәселелері жөніндегі бағалау кеңесімен (Cambridge Assessment International Education) бірлесіп
әзірлеген алдыңғы нұсқаға негізделген оқу бағдарламасының жаңа нұсқасы.
2
МАЗМҰНЫ
1 ЖАЛПЫ АҚПАРАТ ............................................................................................. 4
1.1 NIS-Programme білім беру бағдарламасында «География» пәнін оқудың
маңыздылығы ...................................................................................................... 4
1.2 «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттары ..................... 4
1.3 Негізгі мектептегі «География» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері ........ 5
1.4. Қалыптастырылатын негізгі құзыреттіліктер ................................................ 5
1.5 Географияның басқа пәндермен интеграциясы ............................................ 16
1.6 Білім беру ортасына және «География» пәнін оқу мен оқыту үдерісін
ұйымдастыруға қойылатын талаптар ................................................................. 16
2 МАЗМҰНЫ ....................................................................................................... 20
2.1 «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны, ұйымдастырылуы
және бөлімдерінің реттілігі ................................................................................ 20
2.2 Оқу мақсаттарының жүйесі .......................................................................... 21
2.3 Ұзақ мерзімді жоспарлар.............................................................................. 37
7 сынып ............................................................................................................. 37
8 сынып ............................................................................................................. 88
9 сынып ............................................................................................................136
10 сынып ..........................................................................................................181
3 ПЕДАГОГИКА (ОҚУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ)..............................................................231
3.1 «География» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер ...231
3.2 Оқушылардың ғылыми-зерттеу және жобалау әрекеттерін жүзеге асыру ...232
3.3 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту ..................................233
3.4 Үштілде білім беру саясатын жүзеге асыру .................................................234
3.5 Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану ..235
3.6 Мәдениет пен көзқарастардың алуандылығын құрметтеуді үйрету .............237
3.7 Экология және тұрақты даму саласындағы сауаттылықты қалыптастыру ...238
4 БАҒАЛАУ .........................................................................................................239
4.1 Критериалды бағалау жүйесі .........................................................................239
4.2 Қалыптастырушы бағалау ..............................................................................239
4.3 Жиынтық бағалау ..........................................................................................240
4.3.1 Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау .....................................240
4.4 Критериалды бағалау бойынша нормативтік-құқықтық және әдістемелікнұсқаулық құжаттар ............................................................................................241
3
1 ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

маңыздылығы
«География» – табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды,
үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Ол табиғи және антропогендік
нысандардың арасындағы кеңістіктік-уақыттық өзара байланыстар мен өзара
тәуелділіктерді зерттейді. Табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың өзара
әрекеттесу мәселелерінің кең ауқымын қамтиды.
«География» пәні түрлі географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру
деңгейі, шаруашылығының жүргізілуі жайлы деректермен таныстыра отырып,
адамзаттың өмір сүру ортасын (кеңістікті) кешенді қарастырады.
«География» пәні физикалық, экономикалық, әлеуметтік, саяси география
туралы білім мен түсініктер жүйесін меңгеруге ықпал етед.
«География» пәні оқушылардың табиғатта болып жатқан үдерістерге өз пікірін
білдіре отырып, олардың себептерін анықтауына және болжам жасауына мүмкіндік
береді.
«География» пәні оқушылардың әлемді белгілі бір заңдылықтар бойынша
қалыптасып, дамитын біртұтас аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің иерархиясы
түрінде қабылдауына көмектеседі.
«География» пәні оқушыларды отансүйгіштікке, өзге халықтардың мәдениетін
құрметтеуге баулиды, рухани-адамгершілік, эстетикалық, экономикалық және
экологиялық тәрбие береді.
Географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді қамтитын көптеген
геосаяси, саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипатқа ие мәселелердің
шешімін, географиялық заңдылықтарды түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ қоғамның
аумақтық бөлінісін ұйымдастырудың және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын
дәлелдеуге, қоғамның қауіпсіз даму стратегияларының негізін жасауға, белгілі бір
уақыт пен кеңістікте қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану және сақтау
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
1.2 «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттары
«География» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – дүниенің
географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған,
географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті
бар тұлға тәрбиелеу.
Тұлғаның географиялық мәдениеті – тұлғаның бойындағы Жер, қоршаған орта,
табиғат туралы, оның алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті
туралы білім мен «адам – табиғат – қоғам – мәдениет» жүйесіндегі өмірлік
құндылықтарды меңгеруінің көрінісі.
Дүниенің географиялық бейнесі – аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің
қасиеттері мен заңдылықтары туралы адам көзқарастарының жиынтығы.
Географиялық ойлау – географиялық нысандар, үдерістер мен құбылыстарды,
олардың арасындағы байланыстарды тану және олардың маңызды қасиеттерін
бейнелеу.
4
«География» пәнінің міндеттері:
географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат
мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге
мүмкіндік беру;
•
табиғи және антропогендік нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды
кіріктіретін дүниенің географиялық бейнесін ашу, қоршаған ортаның аумақтық
айырмашылықтарын, олардың нақты сипаты мен адам өмірі үшін маңыздылығын
түсіндіру;
•
оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға,
осындай байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды
қалыптастыру;
•
қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен тиімді пайдаланудың табиғи,
әлеуметтік экономикалық негіздерін ашу;
•
оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне
ықпал жасау;
•
оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне
ықпал жасау;
• оқушылардың бойында кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды
қалыптастыру;
• ресми және сенімді ақпарат көздерімен жұмыс жасау, ақпаратты іздеу және
сұрыптау, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, нәтижесін түрлі
формада ұсынуды меңгеру;
•
оқушылардың географиялық білімін күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде
пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
•
1.3 Негізгі мектептегі «География» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
•
географиялық ұғымдарды; географияның қазіргі өмірдегі рөлін; география
ғылымының қалыптасуы мен дамуын; географиялық зерттеу әдістерін;
географиялық нысанның, үдерістің, құбылыстың не екенін, олардың
ерекшеліктерін, орналасуы мен таралуын; геоақпараттық жүйелерді және
олардың қолданылу аясын; географиялық қабықтың және географиялық
ортаның құрамын, қасиеттерін, құрылымын, заңдылықтарын және негізгі даму
кезеңдерін; географиялық карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін;
материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және
Қазақстан
Республикасы
табиғатының
ерекшеліктерін,
физикалықгеографиялық жағдайларын; дүниежүзілік шаруашылықтың, аймақтардың,
елдердің және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және
салалық құрылымын және оның дамуын; халықаралық экономикалық
қатынастардың мақсаттарын және түрлерін; елді мекендердің түрлерін,
құрылымын, мәселелерін; ғаламдық және аймақтық демографиялық
мәселелерді,
жекелеген
аймақтардағы,
елдердегі
және
Қазақстан
Республикасындағы демографиялық саясаттың ерекшеліктерін; Қазақстан
Республикасының және басқа да елдердің экономикалық және саясигеографиялық жағдайларын, әкімшілік-аумақтық бөлінуін; дүниежүзілік
5
•
•
•
•
•
шаруашылықтың модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін;
елдердің типологиясын; қоршаған орта мәселелерін, тұрақты дамуды және
табиғатты сақтау шараларын біледі;
жаһандық және жергілікті экологиялық мәселелерді; адамның қоршаған ортаға
әсерін; Жердегі биоалуантүрлілікті сақтау маңызын, Қазақстандағы
биоалуантүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін; табиғи және әлеуметтікэкономикалық заңдылықтарды, үдерістер мен құбылыстарды; қазіргі
географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерекшеліктерін; географиялық
нысандардың, үдерістер мен құбылыстардың өзара байланысын; географиялық
қабықтағы және географиялық ортадағы үдерістердің себептерін, кезеңдерін,
салдарын, маңыздылығын; геосаяси үдерістерді, олардың рөлі мен әсер ету
саласын түсінеді;
географиялық нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды сипаттау үшін негізгі
географиялық ұғымдар мен терминдерді; күнделікті өмірде, оқу үдерісіне
қажетті географиялық ақпарат көздерін (картографиялық, статистикалық,
мәтіндік материалдар, бейнебаяндар мен фотосуреттер, компьютерлік деректер
базасы); зерттеу әдістерін; географиялық қабық пен географиялық орта
компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін;
картографиялық әдісті, бағдарлау дағдыларын; географиялық деректер базасын
құрастыруда, географиялық деректерді визуализациялауда, картасызбалар,
карталар жасау кезінде АКТ-ны қолданады;
тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар нәтижесінде алынған деректерді;
графикалық және кестелік түрде берілген ақпараттарды; географиялық
карталар бойынша құбылыстарды, үдерістерді; географиялық қабық пен
географиялық ортада жүретін үдерістер мен құбылыстар арасындағы себепсалдарлық
байланыстарды;
географиялық
нысандарды
орналастыру
факторларын; дүниежүзі және Қазақстанның табиғи ресурстарының таралуын
және олардың маңызын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістерін,
модельдерін; Қазақстан Республикасының дүниежүзілік шаруашылықтағы
орнын, географиялық және геосаяси жағдайын; Қазақстан Республикасының
саяси, экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері мен факторларын,
әлемдегі рөлін және орнын; Қазақстанның даму бағыттарын талдайды;
ғалымдардың география ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін;
антропогендік факторлардың дүниежүзі және жергілікті табиғат кешендеріне
әсерін; дүниежүзінің, жекелеген аймақтардың, елдердің, Қазақстан
Республикасының
табиғи-ресурстық
әлеуетін;
табиғи
ресурстарды
экономикалық және экологиялық тұрғыдан; дүниежүзіндегі және Қазақстандағы
урбандалу үдерісін; дүниежүзінің және Қазақстанның табиғи ресурстарының
шаруашылықта қолданылуын; инфрақұрылымның маңыздылығын; Қазақстан
Республикасының дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын; дүниежүзі елдерінің
және Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саясигеографиялық жағдайын бағалайды;
географиялық ақпаратты әртүрлі формаларда (карта, картасызба, кесте,
график, инфографика, географиялық сипаттама түрінде); зерттеу нәтижелерін
графикалық түрде; антропогендік ландшафтарды жақсарту және тиімді
пайдалану тәсілдерін, шаруашылықтың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту
6
тәсілдерін; Қазақстандағы табиғатты пайдалану мәселелерін шешу жолдарын;
дүниежүзіндегі және жергілікті жердегі табиғи апаттардың алдын алу және
сақтану шараларын; Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына
қатысты болжамды, Қазақстан Республикасы экономикасының даму жолдарын;
елдегі түрлі мәселелерді шешу жолдарын; Қазақстан экономикасының тұрақты
даму жолдарын; қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өмір салтының негізгі
қағидаттарын ұсынады.
1.4. Қалыптастырылатын негізгі құзыреттіліктер
NIS-Programme білім беру бағдарламасы құндылықтар, білім, сауаттылық
түрлері мен дағдылар тізімін қамтитын негізгі құзыреттіліктер шеңберін анықтайды.
Негізгі құзыреттіліктер шеңбері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру және
дамыту үшін негіз болады.
NIS-Programme білім беру бағдарламасында білім берудің маңыздылығын
анықтайтын құндылықтар белгіленген. Құндылықтар оқушылардың үйлесімді дамыған
интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуында, олардың дүниетанымын және қоршаған
әлеммен қарым-қатынасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар
оқушылардың қоғамда өзінің рөлін түсінуге және жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті азамат болуға көмектеседі. «География» пәні бойынша негізгі мектептің оқу
бағдарламасын жүзеге асыру барысында келесі құндылықтар қалыптасады (тізім
басым құндылықтардан басталады):
• жаһандық азаматтық
• отансүйгіштік және жауапкершілік
• еңбекқорлық және шығармашылық
• ашықтық
• құрмет
• адалдық
• денсаулық және әл-ауқат
• отбасы құндылықтары мен дәстүрлері
Жаһандық азаматтық. География сабақтарында оқушылар түрлі ғаламдық
мәселелерді, олардың ішінде климаттың өзгеруін, биоалуантүрліліктің азаюын,
теңсіздікті, кедейлікті және т.б. қарастырады. Осы мәселелерді және олардың әлемнің
түрлі аймақтарына әсерін талдау арқылы оқушылар өздерінің жаһандық
қауымдастықтағы рөлін түсінуді және осы мәселелерді шешу үшін шаралар
қабылдаудың маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар география сабақтарында түрлі
халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрыптарын қарастырады. Бұл өз кезегінде
оқушыларды
мәдени
айырмашылықтарды
құрметтеуге,
өзге
ұлттармен
ынтымақтастықта өмір сүруге үйретеді. Мұның барлығы оқушылардың бойында
жаһандық азаматтық құндылығын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Отансүйгіштік және жауапкершілік. География сабақтарында оқушылар өз
елінің географиялық ерекшеліктерін қарастырады. Оқушылар өз елінің географиялық
орналасуы, табиғи ресурстары, шегаралары, климаты, жер бедері, өзендері және
басқа да ерекшеліктерін зерттейді. Бұл оқушыларға өз елінің бірегейлігі мен
әртүрлілігін түсінуге, өз еліне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш пен отансүйгіштік
сезімін дамытуға көмектеседі. География сабақтарында оқушылар геосаяси жағдай
7
және халықаралық қатынастарды қарастырады. Оқушылар өз елінің басқа
мемлекеттермен, аймақтық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуі туралы
біледі. Бұл оларға өз елінің әлемдегі маңыздылығы мен рөлін түсінуге көмектеседі.
Әлемдегі және Қазақстандағы қоршаған орта мәселелерін қарастыру арқылы
табиғатты сақтаудағы өзінің рөлін және өзінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті
түсінеді.
Еңбекқорлық және шығармашылық. География сабақтарында оқушылар
түрлі практикалық жұмыстарды орындайды. География сабақтарында практикалық
жұмыстар мен жобалық жұмыстар оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын
практикада қолдануға мүмкіндік береді. Жобалармен жұмыс істеу уақытты, күш пен
еңбекқорлықты қажет етеді, бұл оқушыларға нәтижеге жету үшін көп жұмыс істеудің
маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар оқушылар география
сабақтарында түрлі географиялық нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді
модельдейді, картасызбалар мен карталар әзірлейді, кескін карталармен жұмыс
жасайды, деректерді түрлендіріп, түрлі графикалық материалдарды әзірлейді. Мұның
барлығы географиялық деректермен жұмыс жасау дағдыларын және оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін де дамытады.
Ашықтық. География сабақтарында оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді
және өз бетінше ақпарат іздестіреді. Бұл оқушылардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа
идеяларға ашықтықты дамытуға, әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастарды түсінуге
көмектеседі. Сабақ барысында қолданылатын топтық жұмыстар, пікірталастар,
жобалық жұмыстар оқушыларға оқу үрдісіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Бұл
оқушыларға сұрақтар қоюға, пікірлерімен алмаса отырып, адамдармен қарымқатынасқа ашық болуға, жаңа білімдерге ашық болуға үйретеді.
Құрмет. География сабақтарында әлемнің мәдениеттері мен халықтарының
алуантүрлілігі қарастырылады. Әртүрлі елдер, олардың географиялық орналасуын,
мәдени ерекшеліктері, тарихы, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері зерттеледі. Оқушылар
әртүрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен бірге өмір сүруі туралы түсінік ала
алады, бұл әртүрлілікті құрметтеуге және толеранттылықты түсінуге ықпал етеді.
География ғылымының дамуына үлес қосқан саяхатшылардың, зерттеушілердің,
ғалымдардың еңбектеріне баға беру оқушылардың бойында осы тұлғаларға және
олардың еңбектеріне деген құрметті қалыптастырады. География сабақтарында
дүниежүзінің және туған жердің табиғатын, көрікті жерлерін, экологиялық
мәселелерді, соның ішінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, үнемдеу, табиғатты
қорғау жолдарын қарастырады. Мұның барлығы оқушылардың табиғи орта және оның
заңдылықтары туралы білімдерінің тереңдеуіне және табиғатқа, оның компоненттеріне
құрметпен қарауды үйретеді. Сонымен қатар география сабақтарында оқушылар түрлі
мәселелер бойынша өзара пікір алмасады. Әрбір оқушының сөйлеуге, өз ойлары мен
идеяларын білдіруге, сондай-ақ басқалардың пікіріне құрметпен қарау керек екенін
оқушыларға түсіндіру маңызды.
Адалдық. География сабақтары географиялық мәселелер мен құбылыстарға
қатысты этикалық мәселелерді талқылауды қамтуы мүмкін. Оқушылар әртүрлі
жағдайлардың моральдық аспектілерін талдай алады, табиғатқа, қоршаған ортаға
және басқа адамдарға қатысты әділеттілік пен адалдық мәселелерін талқылай алады.
Бұл олардың адалдықтың маңыздылығы туралы хабардарлығы мен түсінігін дамытуға
көмектеседі. Сонымен қатар география сабақтарында оқушылар зерттеу нәтижелерін
8
түрлі академиялық формаларда ұсынады. Осы орайда зерттеу жұмысында
қолданылған ақпараттарға сілтеме бере отырып, оқушылар өзге зияткерлік
жекеменшікке деген құрметтерін көрсетеді. Бұл оқушылардың бойында академиялық
этиканы, адалдықты дамытады. Мұғалім де өзінің сөзімен және іс- әрекеттерімен
адалдықтың өзінің өмірінде маңызды рөл атқаратынын көрсете отырып, үлгі бола
алады.
Денсаулық және әл-ауқат. География сабақтарында географиялық
жағдайлар мен адамдардың денсаулығы арасындағы байланыс қарастырылады. Бұл
климатты, су ресурстарын, топырақты, экожүйелерді және олардың адам
денсаулығына әсерін зерттеуді қамтиды. Оқушылар салауатты ортаның денсаулық
үшін маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар география сабақтарында климаттың
аурулардың таралуына әсері қарастырылады. Бұл оқушыларға географиялық
факторлар мен өмір салты халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына қалай әсер ететінін
түсінуге көмектеседі.
Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері. География сабақтарында түрлі
ұлттардың мәдени ерекшеліктерімен танысу барысында қазақ халқының да
құндылықтары мен дәстүрлеріне үлкен көңіл бөлінеді. Сонымен қатар қазақ халқының
тұрмысы мен шаруашылығына әсер ететін құбылыстарды қарастыру барысында қазақ
халқының дәстүрлері қарастырылады. Мұның барлығы оқушылардың бойында отбасы
құндылықтары мен дәстүрлері құндылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
NIS-Programme
білім беру бағдарламасында ғылымды жан-жақты түсінуде
маңызды рөл атқаратын білімнің бірнеше түрі айқындалған. Олар:
• пәндік
• пәнаралық
• эпистемологиялық
• процедуралық
Пәндік білім. Географиядағы пәндік білімге географиялық кеңістік және оның
компоненттерін зерттеуге байланысты негізгі ұғымдар, фактілер және теориялар
жатады. Бұл физикалық география (климат, гидрология, геология және т.б.),
әлеуметтік география (демография, халық, қалалар және т. б.), экономикалық
география (сауда, инфрақұрылым, аймақтарды дамыту және т. б.) және т.б. Пәндік
білім оқушыларға географиялық құбылыстар мен заңдылықтарды түсінуге көмектеседі.
Пәнаралық білім. Географиядағы пәнаралық білім географияның басқа
ғылымдармен және пәндермен байланысы мен өзара әрекеттесуін білдіреді. География
геология, астрономия, химия, биология, физика, қазақ тілі, әлеуметтану, экономика,
саясаттану және т.б. салалармен байланысты.
Пәнаралық білім оқушыларға
географиялық үдерістер мен факторлардың білімнің басқа салаларымен қалай
әрекеттесетінін және олардың бір-біріне қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.
Эпистемологиялық
білім.
Географиядағы
эпистемологиялық
білім
географиялық ақпарат пен деректерді зерттеудің әдістері мен тәсілдерін зерттеумен
байланысты. Бұған географиялық ақпаратты жинау, талдау, оқу және ұсыну кіреді,
географиялық құралдарды қолдану, географиялық зерттеулерді сыни тұрғыдан ойлау
және бағалау дағдыларын дамыту кіреді.
Процедуралық білім. Географиядағы процедуралық білімге географиялық
ақпаратпен жұмыс істеу және географиялық зерттеулер жүргізу үшін қажетті
практикалық дағдыларды білдіреді. Бұған картография, графикалық модельдеу,
9
географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолдану, географиялық карталарды
түсіндіру, деректерді жинау және талдау, статистикалық әдістер мен географияда
қолданылатын басқа құралдар мен әдістерді қолдану дағдылары кіреді.
NIS-Programme
білім беру бағдарламасында сауаттылықтың келесі түрлері
қалыптасады (тізім басым сауаттылықтан басталады):
• Функционалдық сауаттылық
• Деректермен жұмыс істеу сауаттылығы
• Экологиялық сауаттылық
• Тұрақты даму сауаттылығы
• Медиа және ақпараттық сауаттылық
• Цифрлық сауаттылық
• Кәсіпкерлік сауаттылық
• Денсаулық сақтау сауаттылығы
Функционалдық сауаттылық. География сабақтарында оқушылар АКТ
көмегімен түрлі тапсырмаларды орындайды, есептеулер жүргізеді, графикалық
материалдармен жұмыс жасайды, мәтіндермен жұмыс жасайды, сыныптастарымен
сабақ барысында диалогқа түсіп, әрекеттеседі. Мұның барлығы оқушылардың бойында
функционалдық сауаттылықтың дамуына ықпал етеді. Функционалдық сауаттылықтың
негізгі бағыттарының бірі жаратылыстану сауаттылығы. Жаратылыстану сауаттылығы
география сабақтарында табиғи құбылыстарды, үдерістерді ғылыми тұрғыдан
түсіндіру, географиялық зерттеу әдістерін қолдану, географиялық деректерді талдау,
түсіндіру және тиісті қорытынды жасау, оларды түрлендіру және т.б. тапсырмаларды
орындау барысында қалыптасады. Тапсырмалардағы жағдайлар жеке тұлға, қоғам
(жергілікті және ұлттық мәнмәтін) және ғаламдық деңгейде қарастырылады.
Тапсырмалардың мәнмәтіні денсаулық, табиғи ресурстар, қоршаған орта, қауіпқатерлер, ғылым мен технологиямен байланысты болады. Жаратылыстану
сауаттылығы дағдыларын бағалау барысында үш құзыреттілік қолданылады:
І. Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;
ІІ. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулерінің ерекшеліктерін түсіну және әдістерін
қолдану;
ІІІ. Деректерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді қолдану.
Деректермен жұмыс істеу сауаттылығы. География сабақтарында
деректермен жұмыс істеу сауаттылығын қалыптастыру географиялық деректерді
жинау, талдау және түсіндіру барысында дамиды. Оқушылар карталар, статистика,
географиялық зерттеулер және ғаламтор-ресурстар сияқты әртүрлі дереккөздерден
деректерді жинауды үйренеді.
Экологиялық сауаттылық.
География сабақтарында экологиялық
сауаттылықты қалыптастыру оқушылардың экологиялық мәселелерді, табиғи
жүйелерді түсінуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға
бағытталған. Оқушылар экожүйелердің әртүрлі түрлерін, олардың құрамын,
функцияларын және табиғаттың басқа элементтерімен өзара әрекеттесуін зерттейді.
Олар өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әртүрлілігін, соның ішінде олардың жойылу
қауіпін, биоәртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру әдістерін зерттейді. Оқушылар
гидросфера мен атмосфераның ластануы, ормандардың жойылуы, климаттың өзгеруі,
биоәртүрліліктің жойылуы және т.б. сияқты әртүрлі экологиялық мәселелерді
талдайды. Олар осы мәселелердің себептері мен салдарын зерттейді, сондай-ақ
10
олардың алдын алу және шешу жолдарын ұсынады. Сонымен қатар су, топырақ,
минералды, ормандар және т.б. сияқты табиғи ресурстарды, олардың маңызын,
пайдалану жолдарын және осы ресурстарды тұрақты басқару мүмкіндіктерін зерттейді.
Олар сондай-ақ ресурстарды тиімсіз пайдаланумен байланысты мәселелерді зерттеп,
балама шешімдерді ұсынады. Оқушылар өздерінің қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
мен жауапкершілігі туралы түсініктерін дамытады. Олар тұрақты даму, тұтынушылық
ережелер
және экологиялық этика принциптерін зерттейді. Мұның барлығы
экологиялық сауаттылықты қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қараудың
маңыздылығын түсінуді және тұрақты дамуға саналы мінез-құлықты дамытуға
көмектеседі.
Тұрақты даму сауаттылығы. География сабақтарында тұрақты даму
сауаттылығын дамыту оқушылардың тұрақты даму саласындағы жауапты шешімдерді
түсіну және қабылдау үшін қажетті білімдерін, дағдылары мен құндылықтарын
қалыптастыруды көздейді. Оқушылар болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін түсіну, қазіргі
ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру сияқты тұрақты дамудың негізгі
принциптерін меңгереді. Дамудың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық
аспектілерін есепке алу, биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау және т.б., сонымен
қатар әлемнің әртүрлі аймақтарындағы тұрақты даму мысалдарын зерттейді.
Оқушылар климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің жоғалуы, теңсіздік, табиғи
ресурстарды тиімсіз пайдалану және т.б. сияқты тұрақты дамуға байланысты әртүрлі
экологиялық және әлеуметтік мәселелерді талдайды. Мұның барлығы оқушылардың
бойында тұрақты даму сауаттылығын қалыптастырады.
Медиа және ақпараттық сауаттылық. География сабақтарында медиа және
ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру оқушылардың әртүрлі медиа-ресурстармен
және ақпараттық көздермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл
оларға әртүрлі форматтарда берілген географиялық ақпаратты сыни тұрғыдан
бағалауға, талдауға және пайдалануға көмектеседі. Оқушылар мәтіндер, мақалалар,
кітаптар, журналдар, газеттер сияқты әртүрлі географиялық ақпарат көздерін, сондайақ веб-сайттарды, блогтарды, әлеуметтік желілерді және бейнебаяндарды, ғаламторресурстарды зерттейді. Олар ақпарат көздерінің авторлығын, сенімділігін, дәлдігін
және біржақтылығын ескере отырып, сыни оқу және талдау дағдыларын дамытады.
Оқушылар географиялық ақпаратпен жұмыс істеу кезінде әртүрлі ақпараттық
технологиялар мен құралдармен танысады. Бұл ақпаратты іздеу үшін іздеу жүйелерін
пайдалануды, деректерді талдау және визуализациялау үшін геоақпараттық жүйелерді
(ГАЖ) пайдалануды, мультимедиялық презентацияларды құруды және өңдеуді және т.
б. қамтуы мүмкін. Оқушылар географиялық ақпаратты ұсыну үшін қолданылатын
карталарды, графиктерді және диаграммаларды сыни талдау дағдыларын дамытады.
Мұның барлығы оқушылардың бойында медиа және ақпараттық сауаттылығын
дамытады.
Кәсіпкерлік сауаттылық. География сабақтарында кәсіпкерлік сауаттылықты
қалыптастыру оқушылардың географиялық кеңістік контекстінде кәсіпкерлік қызметті
түсіну және жүзеге асыру үшін қажетті дағдылары мен білімдерін дамытуға
бағытталған. Бұл оларға кәсіпкерлік тәсілді, шығармашылықты, тәуекелдерді
қабылдауды және география саласында тиімді шешімдер қабылдауды дамытуға
көмектеседі. Оқушылар әртүрлі аймақтардың географиялық ерекшеліктерін, нарықтық
жағдайларды, экономикалық үрдістерді және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді зерттейді.
11
Олар нарықтық сұранысты, ресурстық әлеуетті, бәсекелестікті және кәсіпкерлік
идеялар мен жобалардың сәттілігіне әсер ететін басқа факторларды талдайды. Мұның
барлығы кәсіпкерлік сауаттылықты дамытуға ықпал етеді.
Денсаулық сақтау сауаттылығы. География сабақтарында оқушылар
климат, ландшафт, ресурстардың қолжетімділігі, инфрақұрылым және экологиялық
жағдайлардың адам денсаулығына әсерін зерттейді. Олар бұл факторлардың
адамдардың әл-ауқатына қалай әсер ететінін талдайды. Сонымен қатар география
сабақтарында урбандалудың, қалалық ортаның және қала құрылысының, өнеркәсіп
пен өндірістік үдерістердің қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына әсері
қарастырылады. Мұның барлығы оқушылардың бойында денсаулық сақтау
сауаттылығын дамытады.
NIS-Programme білім беру бағдарламасында дағдылардың келесі түрлері
қалыптасады (тізім басым дағдылардан басталған):
Танымдық және метатанымдық дағдылар:
• сыни ойлау
• зерттеу дағдылары
• жүйелі ойлау
• мәселелерді шешу және шешім қабылдау
• креативті ойлау
• есептік ойлау
• үйренуді үйрену
• өзін-өзі реттеу
Сыни ойлау. География сабақтарында оқушылар статистика, мәтіндер,
графиктер және басқа материалдар сияқты әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен
жұмыс істейді. Олар осы дереккөздердің шынайылығын, сенімділігін, дәлдігін талдауға
және бағалауға үйренеді. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды танып білуді,
әртүрлі факторларды салыстыруды және олардың географиялық құбылыстарға әсерін
бағалауды үйренеді.
Зерттеу дағдылары. География сабақтарында оқушылар далалық зерттеу
әдістерін қолдана отырып, түрлі бақылаулар, өлшеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл
деректерді жинауды, географиялық құрал жабдықтарды пайдалануды, жиналған
үлгілер мен деректерді талдауды қамтиды. Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша
зерттеулер жүргізеді, онда олар зерттеу сұрақтарын тұжырымдайды, деректерді
жинау және талдау әдістерін таңдайды, нәтижелерді талдап, қорытынды шығарады.
Бұл оларға зерттеуді жоспарлау және жүргізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Жүйелі ойлау. Оқушылар география сабақтарында географиялық құбылыстар
мен үдерістерді, олардың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін зерттейді. Олар
күрделі географиялық жүйелерді, олардың компоненттерін және бір-біріне әсерін
анықтауды және түсінуді үйренеді. География сабақтарында жүйелі ойлауды дамыту
оқушыларға географиялық әлемнің күрделілігі мен өзара байланысын жақсы түсінуге
мүмкіндік береді.
Мәселелерді шешу және шешім қабылдау. География сабақтарында
оқушылар географиялық нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды, қоршаған ортаның
мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын орындайды. Бұл далалық зерттеулер
жүргізу, мәліметтер жинау, карталар мен статистикалық деректерді талдау және
12
географиялық мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды қамтуы мүмкін. Мұның барлығы
мәселелерді шешу және шешім қабылдау дағдысының дамуына ықпал етеді.
Креативті ойлау. География сабақтарында оқушылар географиялық
нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді модельдейді, сонымен қатар географиялық
деректерді графикалық түрде ұсынады, зерттеу нәтижелерін түрлі формаларда
ұсынады, карталар әзірелейді, кескін карталарға географиялық нысандарды,
үдерістерді түсіреді, белгілі бір мәселелердің шешу жолдарын ұсынады. Осындай
тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерінің креативті ойлауын және
ойлау қабілетінің біргейлігін көрсете алады.
Есептік ойлау. География сабақтарында оқушылар географилық деректерді
талдауға, карталар жасауға мүмкіндік беретін ГАЖ технологияларымен жұмыс
жасайды. Оқушылар халыққа байланысты, климаттық көрсеткіштерге, экономикалық
көрсеткіштерге және т.б. қатысты статистиканы талдап, есептеулер жүргізеді.
Сонымен қатар климаттың өзгеруін, халықтың динамикасын және т.б. модельдейді,
карталар бойынша географиялық координаталарды, нысандар арасындағы
арақашықтықты, уақыт айырмашылықтарын және т.б. есептейді. Мұның барлығы
есептік ойлауды дамытады.
Үйренуді үйрену. Бұл оқуды жақсарту және өмірдегі жетістіктер деңгейін
арттыру үшін әртүрлі оқыту стратегиялары мен әдістерін саналы және тиімді
пайдалану мүмкіндігі.
Өзін-өзі реттеу. География сабақтарында оқушылар күрделігі әртүрлі
тапсырмаларды орындау барысында қадамдарды алдын ала жоспарлайды,
тапсырманы сапалы орындап үлгеру үшін уақытты басқарады, кедергілерге
қарамастан тапсырмаларды орындауға күш салады. Оқушылар өзара қарым-қатынас
жасау барысында мінез-құлықтары мен эмоцияларын басқаруды үйренеді. Мұның
барлығы оқушылардың өзін-өзі реттеуін қалыптастырып, дамытады.
Әлеуметтік және эмоциялық дағдылар:
• коммуникация
• әлеуметтік жауапкершілік
• эмпатия
• ынтымақтастық
• білуге құштарлық
• табандылық пен төзімділік
Коммуникация. География сабақтарында оқушылар әртүрлі географиялық
тақырыптар бойынша өзара талқылаулар жүргізеді. Оқушылар өз пікірлерін білдіреді,
өз көзқарастарын дәлелдейді және басқалардың пікірлерін тыңдайды. Оқушылар
топтарда жобалар, зерттеулер немесе тапсырмаларды орындайды. Жұмыс барысында
олар ақпаратпен алмасады, идеяларды талқылайды, жоспарлар құрады және
бірлескен іс-әрекеттер туралы келіссөздер жүргізеді. Мұның барлығы оқушылардың
комминакативтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар сынып алдында
презентациялар немесе баяндамалар жасайды, онда олар өз ойларын нақты білдіруі
қажет, аргументтер мен көрнекі материалдарды қолдануы керек. Бұл көпшілік
алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Әлеуметтік жауапкершілік. География сабақтарында оқушылар әлемнің
әртүрлі халықтары мен аймақтарының әртүрлі мәдениеттерін, әдет-ғұрыптары мен
өмір салтын оқып үйренеді. Олар эмпатия мен мәдени әртүрлілікті түсінуді дамытады,
13
сонымен қатар басқа адамдарға және олардың құқықтарына құрметпен қарау
қажеттілігін түсінеді. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің қалыптасуына және басқа
адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеру қабілетіне ықпал етеді. Оқушылар
климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның бұзылуы, теңсіздік, көші-қон және т.б. сияқты
жаһандық мәселелерді қарастырады. Олар бұл мәселелердің адамдарға, қоршаған
ортаға және қоғамға әсері туралы біледі, осы мәселелерді шешудегі өз рөлін түсінеді.
Мұның барлығы әлеуметтік жауапкершілік сезімін дамытады.
Эмпатия. География экологиялық дағдарыстар, әлеуме

ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Төлеуғажина ПеризатШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Географияны НИШ-та оқыту бағдарламасы
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Географияны НИШ-та оқыту бағдарламасы
Материал туралы қысқаша түсінік
а

Файл форматы:
pdf
04.03.2024
255
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз