400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Геометриялық диктант-7 сынып. Тақырып: Геометрияның алғашқы ұғымдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге геометрияда сабағында оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тексеруге арналған геометриялық диктант
Материалдың қысқаша нұсқасы

Геометриялық диктант. 7 сынып.

Тақырып: Геометрияның алғашқы ұғымдары.


  1. ......-өте кішкентай нысандар бейнесі. (нүкте)

  2. Нүктелер латынның ................белгіленеді. (бас әрпімен)

  3. Түзулер латынның....................белгіленеді. (кіші әрпімен)

  4. Нүкте берілген түзуге тиісті болуы мүмкін, бұл жағдайда түзу...............

деп атайды. (нүкте арқылы өтеді)

  1. Нүкте түзуге тиісті болмауы мүмкін, бұл жағдайда түзу..................деп атайды. (нүкте арқылы өтпейді)

  2. Дәлелдеусіз қабылданатын қасиеттер..........деп аталады. (аксиомалар)

  3. Логикалық ойлау арқылы, аксиомаларды пайдалана отырып,............деп аталатын геометриялық фигуралардың қасиеттері алынады.

  4. Кез келген екі нүкте арқылы........................түзу өтеді. (тек қана жалғыз)

  5. Екі түзудің бір ортақ нүктесі болса, түзулер сол нүктеде.....................деп айтамыз. (қиылысады)

  6. Бір жазықтықта жататын және ортақ нүктелері болмайтын екі түзу........

түзулер деп аталады. (параллель)

  1. Түзудегі әрбір нүкте осы түзуді.......... бөлікке бөледі. (екі)

  2. ............деп берілген нүкте мен барлық нүктелер сол берілген нүктенің бір жағында жататын түзудің бөлігін айтады. (сәуле)

  3. Берілген нүкте...................деп аталады. (сәуленің басы)

  4. Екі нүкте мен олардың арасында орналасқан нүктелерден құралатын түзудің бөлігің..............деп атайды. (кесінді)

  5. Берілген нүктелер кесіндінің.....................деп аталады. (ұштары)

  6. Кез келген сәуленің төбесінен бастап берілген кесіндіге тең.........салуға болады. (бір ғана кесінді)

  7. Кесіндіні тең екі бөлікке бөлетін нүкте...................... деп аталады.

(оның ортасы)

  1. ...........................-бірлік кесіндіні берілген кесіндінің бойына неше рет орналастыруға болатынын көрсететін оң сан. (кесіндінің ұзындығы)

  2. Тең кесінділердің ұзындықтары......................... (тең болады)

  3. Кесінділердің қосындысының ұзындығы олардың..............................тең.

(ұзындықтарының қосындысына )

  1. Түзудің бір жағында жататын және сол түзу мен нүктелерден құралған жазықтықтың бөлігі.........................деп аталады. (жартыжазықтық)

  2. Төбелері ортақ екі сәуледен және осы сәулелермен шектелген жазықтықтың бір бөлігінен құралған фигура.......деп аталады. (бұрыш)

  3. Сәулелердің ортақ төбесі.............төбесі, ал сәулелер бұрыштың.......деп аталады. (бұрыштың, қабырғалары)

  4. Бұрыштың қабырғалары түзу құраса, ол......................бұрыш деп атала ды. (жазыңқы)

  5. Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал басқа екі қабырғасы бір түзуде жатса, онда бұл бұрыштарды......................бұрыштар деп атайды.

(сыбайлас)









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.01.2018
1550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі