Геометриялық фигуралар туралы түсінік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Геометриялық фигуралар туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
материалды математика пәнінен көмекші құрал ретінде пайдаланған өте тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: №44 «Жаңа дала» ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джакипова Клара Айдаралиевна


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Геометриялық фигуралар туралы түсінік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1. Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу;

8.3.1.2. Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару.

Сабақ мақсаттары

  • Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын біледі, көпбұрыштардың бұрыштарының қосындысын табады.

  • Дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытады.

  • Дөңес көпбұрыш бұрыштарының қосындысының теоремасын дәлелдейді.


Бағалау критерийі

  • Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерін ажыратады.

  • Көпбұрыштардың бұрыштарының қосындысын табады.

  • Дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындасының формулаларын қорытады.

  • Дөңес көпбұрыш бұрыштарының қосындысының теоремасын дәлелдейді


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері ажыратады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Сынық сызық, көпбұрыштар, дұрыс көпбұрыштар, дөңес көпбұрыш

Диалогқа/жазылымға қатысты қажетті тіркестер:

  • ......... көпбұрыштар деп аталады

  • Дөңес көпбұрыштар.......

  • Планиметрия деп нені түсінесіңдер, оның негізгі фигураларын атаңдар?

  • Қандай түзулер перпендикуляр деп аталады?

  • Қандай түзулер параллель деп аталады?

  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?

  • Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштарды атаймыз?

Құндылықтарды

дарыту



Оқушылардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана – сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиеттер мен сапаларды жетілдіру.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, сызу

Бастапқы білім


Нүкте, түзу, кесінді, периметр, ішкі бұрыш, сыртқы бұрыш, диагональ.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеймін. Зейінді шоғырландырып, жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында оқушыларды «Шаттық шеңбер» бойымен тұрғызып, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілек айтқызамын. Тақырыптағы тірек сөздер негінде көпбұрыштар, дөңес көпбұрыш, дұрыс көпбұрыш ұғымдары туралы сабақ тақырыбымен байланыстыру мақсатында «Пазл» тәсілі арқылы оушыларды көпбұрыштар, дөңес көпбұрыш, дұрыс көпбұрыш деп үш топқа бөлемін.

Оқушыларға өткен тақырыптан «Ой қозғау» әдісі арқылы Ширату сұрақтарын қоямын:

  • Планиметрия деп нені түсінесіңдер, оның негізгі фигураларын атаңдар?

  • Қандай түзулер перпендикуляр деп аталады?

  • Қандай түзулер параллель деп аталады?

  • Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?

  • Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштарды атаймыз?

Дұрыс жауап берген оқушыларға ынталандыру мақсатында смайликтер беріп, қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын.








Сабақтың ортасы

30 мин

«Көпбұрыштар» тақырыбына арналған видеоролик көріп, тақырыпты анықтау мақсатында

Бұл бейне жазбада не көрсетілді?

Бұл бейнежазбаға байланысты қандай тақырыпты бүгін қозғаймыз? Проблемалық сұрақтар қоямын.

Проблемалық сұрақтың жауабын табу мақсатында оқушылар тақырыпты оқиды. Оқушылар «Бумеранг» әдісі бойынша жұмыс жасайды. Әр оқушы бір сұрақтан құрастырады, құрастырған сұрақтарын бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа, үшінші топ бірінші топқа береді, қарсы топ оқушылары сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қолдау мақсатында смайликтер арқылы бағалаймын және кері байланыс жасау арқылы оқушыларды дұрыс жауапқа бағыттаймын..

Топтық жұмыс. Оқулықтағы №1.3 №1.4 №1.4 есептерді топпен талдап шығарады. Дұрыс жауабын интербелсенді тақтадан тексеріп отырады. Бағалау критерийлері арқылы қалыптастырушы бағалауды жасап отырамын.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерін ажыратады, көпбұрыштардың бұрыштарының қосындысын табады.


1.Дөңес онбұрыш, дөңес он екібұрыш сызады

2. Қабырғалар санын анықтайды.

3.Дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысының формуласына жіктейді.

4. Есептің жауабын жазады




Бағалау критерийі

Дескриптор

Дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындасының формулаларын қорытады.


1.Дөңес көпбұрыш сызады

2.Дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысының формуласына жіктейді.

4. Есептің жауабын жазады




Бағалау критерийі

Дескриптор


Дөңес көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындасының формулаларын қорытады.


1.Дөңес көпбұрыш сызады

2.Дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысының формуласына жіктейді.

3. Есептің жауабын жазады


Есептердің дұрыс жауабын интербелсенді тақтаға жазып қоямын. Дұрыс жауаптарын тақта арқылы әр топ өздері белгілеп отырады. Ынталандыру мақсатында жарайсын, керемет деген сөздерді пайдаланып қалыптастушы бағалауды жүргіземін.

Сұрақты таңда” деңгейлік тапсырмасы арқылы оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, саралаудың тапсырма тәсілін қолданамын.

Тақтаға деңгейлік тапсырмалар жазылған кестені ілемін.

1

1

2

1

3

3

4

2

5

2

6

3

7

3

8

3

9

1

10

2

11

2

12

3

13

1

14

2

15

2

16

2

17

2

18

1

19

2

20

3

Жоғарғы бұрышта сұрақ нөмірі, төменгі бұрышта сұрақтың деңгейі жазылған. Алдын ала үш деңгейде сұрақтар дайындаймын. Оқушы өзі деңгейді таңдап, сұрақ нөмірін айтып, жауабын береді. Білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға тапсырмалармен жұмыс жасаймын.

«Диалог және қолдау көрсету» арқылы оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар қоямын.

Бағалау критерийлеріне сай қалыптастырушы бағалау жүргіземін.

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыту мақсатында «Бір минуттық әңгіме» тәсілімен жұптық жұмыс жүргіземін.


Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.




АКТ














Оқулық «Атамұра » баспасы















































Тірек – сызба плакат

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушыларды бағалау критерилері арқылы смайликтермен бағалаймын. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін білу мақсатында «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын.

Үй тапсырмасы:№ 1.12 және № 1.13 есептер


Оқушылар рефлексия парағын толтырады:

Мен білдім______________________________

Мен үйрендім____________________________

Маған ұнады_____________________________

Мен қиналдым____________________________

Менің көңіл-күйім_________________________

Мұның нәтижесінде оқушылардың қаншалықты сабақтың мазмұнын меңгергендігін байқаймын.





Интербелсенді тақта















Оқулық

«Атамұра» баспасы



Рефлексия парақшасы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


«Тапсырма»-оқушыларға білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға тапсырмалармен жұмыс жасауды, яғни “Сұрақты таңда” деңгейлік тапсырмасы арқылы оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, саралаудың тапсырма тәсілін қолданамын.


«Диалог және қолдау көрсету» арқылы оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар қойдым.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Бағалау критерийлері арқылы смайликтермен бағаладым.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Нұсқаулық бойынша жүргізіледі.




Сабақ бойынша рефлексия








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
965
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі