«Геометриялық пішіндер еліне саяхат»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Геометриялық пішіндер еліне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Екінші кіші тобының қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық сабақ.

Білім беру саласы:Таным,Шығармашылық.

Білім беру бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Пішіндер әлеміне саяхат».

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып,қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту.

Міндеттері

Білімділік: Пішіндерді ажыратып айта білуге,оларды қоршаған ортамен салыстырып,түр-түсін,заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін,қол моторикасын,логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту,зейіндерін,белсенділіктерін арттыру.Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын арттыру.Денсаулық шараларын дамыту.

Тәрбиелік: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ұжыммен жұмыс істеуге,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Аралас сабақ: Айналамен таныстыру,сөйлеуді дамыту,құрастыру сабағы.

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, сергіту сәті,Дьенеш блоктарымен логикалық ойын.

Билингвальды компонент: көк-синий-blue, қызыл-красный-red, сары-желтый-yellow, пішін- фигура-shapes,шеңбер-круг-round,үшбұрыш-треугольник-triahqle

Қажетті құрал-жабдықтар: геометриялық пішіндер сурет үлгі,балапан сызбасы,үйдің суреті,үлкен-кішкентай шелектер.

Сабақ барысы:

1) Ұйымдастыру.

Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Амандасу:Музыка әуенімен әндетіп:

-Үлкенге де сіз,сіз

Кішіге де сіз,сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз,біз.

-Балалар,жылу шеңберіне тұрайық.

Жылулық шеңбері: (балалар қимылмен көрсетеді)

-Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық.

2.Негізгі бөлім.

(Музыка әуенімен интерактивті тақтадан дыбыс естіледі,орман перісі көрінеді.Балалар бұрылып амандасады)

Орман перісі:


-Сәлеметсіздер ме,балалар?

Балалар:

-Сәлеметсіз бе?

Орман перісі:

-Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.

Тәрбиеші:

-Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?

Балалар:

-Иә.

Тәрбиеші:

-Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

Балалар:

-поезбен

Тәрбиеші:

-жарайды.Ендеше,поезбен барайық.Ал кеттік.

Бәрі шеңбер бойымн жүріп,музыка әуенімен:

Қимылды ойын:

«Поезд» тіл ұстарту жаттығу.

Пыш-пыш,пыш-пыш біз кеттік,

Жүрісті үдеттік.

Гу-гу,гу-гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.

Тәрбиеші:

-Қане,балалар,тоқтайық.Пыш-ш-ш.

-Балалар,біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық.

-Ой,балалар әртүрлі пішіндерді қараңдаршы.Сиқырлы пішіндер қандай пішіндер жатады екен,айтайықшы.

Алдарыңдағы үлестірмелі материалдардан менің қолымдағы пішіндерді тауып беріңдерші.

Жарайсыңдар балалар.

-Дөңгелектің түсі қандай?

-Мынау қандай пішін?

-Жарайсыңдар дұрыс айтасыңдар,балалар!

-Ұшбұрыштың түсі қандай?

1. Тәрбиеші

-Балалар,осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (итереактивті тақтадан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап,таяқшамен көрсетеді)

Д-о «Айналадағы заттардың пішіні»

Шарты:Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

2.Тәрбиеші

Балалар,Орман перісінің «Кеңістікті бағдарлау» деген тапсырмасы бар.

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау.Ақ жапсырғыштың бетіне жоғары жағына шаршыны,төменгі жағына шеңберді,оң жағына үлкен үшбұрыш,сол жағына кішкентай үшбұрыты жапсыру.

Тәрбиеші тексереді.

Тәрбиеші

-Ал,балалар,тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көңілденіп біз енді

Бой сергітіп алайық.

«Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып,қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал,қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

3.Тәрбиеші.

-Балалар,Орман перісінің тағы тапсырмасы бар, «Ойыншықтардың үйін табу» деген.

Шарты:Мына жерде биік және аласа үй бар.Ойыншықтарды көлеміне қарай,биік үйшікке үлкен ойыншықтарды,аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою керек.

4. Балалар,Орман перісінің тапсырмасы бар екен, «Дьенеш блоктарымен балапанды құрастыр»

Шарты:Алдымызды балапанның сызба-суреті жатыр.Осы сызба-суретке қарап Дьенеш блоктарынан балапанды құрастырып шығамыз.

-Балапанның денесін қандай пішіннен құрадық?

Ал құйрығын ше?

Басын бөлігін қандай пішіннен құрадық?

Д-о «Сиқырлы қапшық»

Шарты:Балалар қолымен ұстап,сезу арқылы қандай пішін екенін айту.

5.Тәрбиеші: -Балалар,біз мына пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.

Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

Тәрбиеші: -Балалар,құрастырып көрейікші.Ол үшін үш топқа бөлінейік. (Балалар үш топқа бөлінеді.Дьенеш блоктарн алып, )

1 –топ : Пішіндерден үй құрастырады.

-Үй қандай пішіндерден тұрады?

-Шаршы,үшбұрыштан тұрады.

2-топ: Құрт.

-Құрт қандай пішіндерден тұрады?

-Дөңгелектен тұрады.

-Үлкен,кішкентай дөңгелектен тұрады.

Тағы не құрастыруға болады?

Орман перісі:

-Балалар,барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар.Рахмет.

Тәрбиеш:

-Жарайды,балалар.Ханшайыммен қоштасып,поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:

-Пыш-пыш,пыш-пыш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу,гу-гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.


Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта не жасадық?

  • Ақ жапсырғыштың бетіне пішіндерді жапсырдық.

  • Ойыншықтарды көлеміне қарай орналастырдық.

  • Дьенеш блоктарынан балапан,құрт,үй құрастырдық.


Рефлексия: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру). Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.

Тәрбиеші: Балалардың ашық түсті, сары күнді таңдадық. Өз көңіл – күйлерінен алған сабақтың әсерін байқаттыңдар. Біздің сабақ өте қызықты, әсерлі болды. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2018
760
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі