400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гесс заңы және оның салдарына есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Гесс заңына есептер шығару үлгілері көрсетілген. Пәндік олимпиадаларға дайындық үшін пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есептер шығару

«Гесс заңы және оның салдарын қолдану»


1. Анықтамалықтағы мәліметтерді қолданып реакцияның стандартты энтальпиясын есептеңдер:

2Н2(г)+5О2(г)=4CO2(г)+2H2О(г)

2. Анықтамалықтағы мәліметтерді қолданып реакцияның стандартты энтальпиясын есептеңдер:

Ғе3О4(кр)+4СО(г)=3Ғе+4CO2(г)

3. Берілген мәліметтерге сүйеніп, Т=298К болғандағы жай заттардан кальций гидроксидінің түзілу

жылуын есептеңдер. (Са+О22=Са(ОН)2)

a) 2СаО(кр) =2Са+О2, ∆Н°1=1271 кДж;

б) 2Н2(г)+О2(г)=2Н2О(с), ∆Н°2= -571,6 кДж;

в) СаО(кр)+Н2О(г)=Са(ОН)2, ∆Н°3= -65,3 кДж;


Гесс заңын пайдаланып есептер шығарудың үлгілері

1-есеп. Анықтамалықтағы мәліметтерді қолданып реакцияның стандартты энтальпиясын есептеңдер:

СаН2(кр)+2Н2О(с)=Ca(OH)2(қ)+2H2(г)

Шешуі:

Оқулықтың 120-бетіндегі 28-кестені бойынша

Н°(СаН2(кр))=-188,7 кДж/моль

Н°(Н2О(с))= -285,8 кДж/моль

Н°( Ca(OH)2(қ))= -986,6 кДж/моль

Н°(Н2(г))=0 анықтап аламыз.

Гесс заңының 1-салдары бойынша реакцияның стандартты энтальпиясын есептеу формуласын жазып,

есептеуді жүргіземіз:

Н°р=(∆Н°( Ca(OH)2)+ 2*∆Н°(Н2))-( ∆Н°(СаН2)+ 2*∆Н°(Н2О))=

=(-986,6+2*0)-( -188,7+2(-285,8))=-986,6-(-188,7-571,6) =

= -986,6+760,3=-226,3 кДж

Жауабы: ∆Н°р=-226,3 кДж

2-есеп. Берілген мәліметтерге сүйеніп, Т=298К болғандағы жай заттардан мырыш сульфатының түзілу

жылуын есептеңдер.

a) ZnS(қ)=Zn(қ)+S(қ), ∆Н°1=200,5 кДж;

б) 2ZnS(қ)+3О2(г)=2ZnО(қ)+2SО2(г), ∆Н°2=-893,5 кДж;

в) 2SО2(г)+О2(г)=2SО3, ∆Н°3= -198,2 кДж;

г) ZnSО4(қ)=ZnО(қ)+SО3(г), ∆Н°4=235,0 кДж.

Шешуі:

Zn+S+2O2=ZnSO4

«а» теңдеуінде Zn теңдік белгісінен кейін жазылған, жай заттардан мырыш сульфатын алу теңдеуінде,

Zn теңдік белгісінен алдын жазылған, теңдіктің қарама қарсы жағында орналасқан, демек «-а»

болады.

«б» теңдеуінде О2 теңдік белгісінен алдын жазылған, жай заттардан мырыш сульфатын алу

теңдеуінде де О2 теңдік белгісінен алдын жазылған, теңдіктің бір жағында орналасқан, демек «+б»

болады. «а» теңдеуіндегі ZnS мен «б» теңдеуіндегі 2ZnS коэффициенттері тең емес,

коэффициенттерді теңестіру үшін «б» 2-ге бөлеміз, яғни «1/2б» болады.

«в» теңдеуінде О2 теңдік белгісінен алдын жазылған, жай заттардан мырыш сульфатын алу

теңдеуінде де О2 теңдік белгісінен алдын жазылған, теңдіктің бір жағында орналасқан, демек «+в»

болады. «б» теңдеуіндегі 2SО2 мен «в» теңдеуіндегі 2SО2 коэффициенттері тең,

«б» 2-ге бөлінген, демек, «1/2в» болады.

«г» теңдеуінде ZnSО4 теңдік белгісінен алдын жазылған, жай заттардан мырыш сульфатын алу

теңдеуінде, ZnSО4 теңдік белгісінен кейін жазылған, теңдіктің қарама қарсы жағында орналасқан,

демек «-г» болады. Коэффициенттері де тең.

Жалпы теңдеу -а+1/2б+1/2в-г ие болады.

Н°= - ∆Н°1 +1/2*∆Н°2 +1/2*∆Н°3 - ∆Н°4=

= -200,5+1/2*(-893,5)+1/2*(-198,2)-235,0=

= -200,5-446,75-99,1-235,0=-981,35 кДж

Жауабы: ∆Н°= -981,35 кДж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
05.10.2025
74
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі